Аса жұқпалы тері аурулары туралы



жүктеу 35.48 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі35.48 Kb.

Аса жұқпалы тері аурулары туралы
Дерматомикоздар – тері саңырауқұлақ қоздырғышы арқылы туындайтын инфекциялық ауру  болып табылады. Бұл негізінен тері және  оның қосалқыларын,  яғни шаш, тырнақты, сирек жағдайда басқа ағзалар мен тінді зақымдайды.

Тері саңырауқұлақтардың негізгі қоректену ортасы -адам мен жануар. Олар өмірге қажетті қоректену заттарын- эпидермис, шаш, тырнақ, және тер- майдан табады. Саңырауқұлақтар адам немесе  жануардың ағзасынан тыс жерде  өмір сүру  қабілеттілігін және жұғымтал қасиетін бірнеше жылдар бойы сақтай алады, сол себептен жұғу тек қана ауру адамнан емес, сонымен қатар тікелей емес жолмен құрамында саңырауқұлақ элементі бар- қабыршақпен, тырнақ  қалдықтары немесе шаш  сынықтарымен  тұрмыстық жағдайда жұғуы мүмкін.

  Инкубациялық кезеңі- аурудың бастапқы сатысынан  бірінші симптомның пайда болуы, яғни  орташа уақыты  8 -14 күнді, кейде бір айды құрайды.

  Трихофития (лишай, таз аурулары)- адам үшін өте қауіпті ауру болып саналады. Инфекция көзі- ауру  адам және  үй  жануарлары (ірі қара мал). Трихофитон туындысы саңырауқұлақпен  шақырылып, адамның терісін, бастың шашты бөлігін және тырнақ пластинкасын зақымдайды. Ауру жануарды кутумен және ауру адаммен  тікелей  қатынаста немесе киім, тұрмыстық заттар (бас киім, жүнді жаға, тарақтар, төсек жабындысы, ойыншықтар) арқылы жұғады.

Сонымен қоса зарарланған жануардың (қабыршақ, шаш, жүн және шөпте, топырақта, астауындағы қалған қалдық) заттары арқылы жұғады. Бұдан басқа шаштаразда-шаш қысқартқанда, сақал қырғанда, тырнаққа маникюр жасағанда  жұғуы мүмкін. Негізгі  клиникалық көріністері: бастапқыда тек  бастың шашты бөлігінде, бір, кейіннен көптеген d 1-2 см-дей айқын емес ,шекарасы анықталмаған  оқшауланған , бір-бірімен қосылмаған ошақтармен көрінеді. Ошақ аймағындағы тері аздап ісінген, қызғылт түсті , беті  ақшыл-сұр түсті қабыршақпен  қоршалған ,сонымен қоса көпіршік, іріңді бөртпе және шеткерлі қабыршықтануымен көрінуі мүмкін. Шаш тері беткейінен немесе түбінен 2-3 мм деңгейінде сынады.

  Жазық тері өздігімен оқшаулануы немесе қосымша бастың шаш бөлігімен бірге зақымдануы мүмкін. Ошақ терінің ашық аймақтарында, яғни бет,мойын, дене, білек бөлімінде  орналасады. Бір немесе бірнеше ісінген , аздап тері бетінен көтерілген, ашық-қызыл түсті, дұрыс шеңберлі,  шекарасы  анық   дақтардың бетінде құрғақтанған қабыршық және ұсақ көпіршіктер пайда болады. Ошақтың жазылуы орталықтан басталып, сақина түрді құрайды.

Тереңдік трихофития (инфильтративті- іріңді түрі) көбінесе ауылды жерде кездеседі. Жұғу көзі- малшы, тышқан, лабораторлық егеуқұйрық  , сиыр, бұзау, жылқы және  қой болып  табылады. Клиникалық симптомы- қабыну көрінісі айқын көрініп, іріңдеуге дейін барады. Денедегі жазық теріні, бастың шашты бөлігін және сақал-мұртты зақымдайды , олар айқын шектелген  жартылай шарды немесе көкшіл –қызыл түсті тығыздылған түйіндермен, бұдырлы беткейлі іріңдікпен қапталған ойықтанумен, қабыршақтанумен, шаш түсумен сипатталады. Шаш фолликуласы сағасының түбі іріңмен толып, кеңейіп, басқанда ірің сорғалап ,не тамшылап бөлінеді. («бал сотасы» симптомы).

Соңғы кезде денедегі қасағалық аймақтың терісі және оның қосалқыларының зақымдануы жиі кездеседі. Инфекция көзі- ауру адам, «тері теріге» принципі бойынша жыныстық  қатынас арқылы да  жұғады.



Егер сіз  осы аурудың симптомдарына  күдіктенсеңіз, онда мына шараларды орындау қажет:

- Сау адамдарды, аурудан (баланы балабақшаға, не мектепке баруды тоқтату)  оқшаулау керек, себебі қоршаған ортаға өте жұқпалы ауру  болып табылады.

- Дененің басқа бөлімдері зақымданбауы үшін, ошақты сулауға, ванна не

душ қабылдауға болмайды.

- Өздігімен ошақты (әртүрлі маймен, кремдермен немесе басқада заттармен жағуға) емдеуге болмайды, себебі микроскопиялық анализде (саңырауқұлақшаға қырнау) дұрыс талдау  бермейді. Егерде өздігімен емделген жағдайда, майды немесе кремді сабынмен жуып, не спиртпен сүртіп, алдыңғы 3-4 күн ішінде ошақты суламай, ештеңе жақпай, бірден дерматолог-дәрігеріне, мүмкіндігінше аурумен қарым - қатынаста болған адамдарды қарауға алып келу керек.

Ағымдағы зарарсыздандыру ауруханаға жатқызылудан бұрын және сырқаттанудың барлық кезеңі ішінде жүргізіледі.

Науқас тұратын бөлме арнайы құралдармен жуу заттарын қолдану арқылы күнделікті ылғалды жинау жұмыстары жүргізіледі.

Сырқаттану кезінде бөлмедегі кілемдер шығарылады. Жұмсақ жиһаз щетка немесе шщаңсорғыш арқылы тазаланады. Жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін жинау құралдары зарарсыздандыру ерітінділеріне салып қояды.

Ішкі киім және төсек – орын тысы, орамал, шұлық және басқа киімдері қайнату немесе зарарсыздандыру ерітінділеріне салып қою арқылы зарарсыздандырылады. Қолданылған таңу материалдары өртенеді.

Сырт киім, жиһаз, төсек-орын тыстары ылғалды щеткамен тазаланады. Кейіннен киімдер 5 рет көлемінде үтіктеледі. Патогендік материалдарда дерматофиттер 1,5-10 жылға дейін өмір сүре алады. Олар биологиялық, физикалық және химиялық қолайсыз факторларына төзімді.

Сондықтан дерматомикоздармен күрес үшін науқасты уақытылы анықтау, оқшаулау, емдеумен қатар санитариялық-эпидемияға қарсы шараларын жүргізу қажет.

Медициналық көмекке дер кезінде қаралмауы және өздігімен емделу аурудың асқынуына әкелуі мүмкін !



 
Каталог: wp-content -> uploads -> sites
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №3 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 26 қараша Өткізу формасы
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №4 хаттамасы павлодар қ. 2014 жылғы 22 желтоқсан Өткізу формасы
sites -> Измененмия объема крови и гематокрита при различных патологическия процессах
sites -> I. Общая характеристика учреждения
sites -> Башкортостан Республикаһы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет