Аса-талас өзендері алабында суармалы жерлердің экология-мелиоративтік жағдайы



жүктеу 119.98 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі119.98 Kb.

ӘОЖ 502.3:626.87(574)
АСА-ТАЛАС ӨЗЕНДЕРІ АЛАБЫНДА СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІҢ
ЭКОЛОГИЯ-мелиоративтік ЖАҒДАЙЫ

Н.Р. Бекбаев

Г. Сопбекова

А-ш.ғыл.докт. Ә.Ә. Жұмабеков

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз



Аса-Талас өзендері алабындағы суармалы жерлердің эколого-мелиоративтік жағдайлары мен өнімділігі, су ресурстарының қоры мен олардың сапасына тікелей байланысты екендігін анықталды.

Түйін сөздер: суармалы жер, топырақ, тозу, су сапасы.
Қазіргі кезде Қазақстанның ирригациялық жүйелерінде топырақ және су ресурстары ластанып, суармалы жерлерінің экологиялық жағдайлары нашарлауда. Сондықтан, суармалы жерлерде орын алған экология-мелиоративтік жағдайларға байланысты, 1 млн.га астам жер айналымнан шығып қалған. «Жамбыл облысы суармалы жерлерінің 2012 жылғы мелиоративтік жағдайы» 1 мәліметтерін сараптау топырақ ресурстарының тозуы мен суармалы жерлердің экология-мелиоративтік жағдайларының нашарлауына әсер ететін негізгі факторлар анықталды:

- ауыл шаруашылығы дақылдарын суару кезеңдерінде су тапшылы-ғының орын алуы;

- суландыру жүйелерінің тозуына байланысты су шығынының көп болуы;

- су ресурстары сапасының нашарлауы;

- суармалы топырақтардың тұздануы мен сортаңдануы;

- топырақ қабатындағы қоректік элементтердің шектен тыс азайып кетуі.

Мұндай экология-мелиоративтік жағдайлар Аса-Талас өзендері алабында орналасқан жерлерде де орын алуда. Қазіргі кезде (2012ж.) қолданыстағы суғармалы жер ауданы 70,8 мың.га, ал 1990 жылдары 105,6 мың.га болған (кесте 1).
Кесте1 - Аса-Талас алабындағы қолданыстағы суғармалы жерлердің ауданы (2012ж.), мың га


Өзен

Суармалы жер ауданы

Суғаруға пайдаланылмаған жер, 

1990 ж.

2012 ж.

Талас

66,4

35,25

46,9

Аса

39,2

35,55

9,3

Барлығы

105,6

70,8

33

Бірақта, жалпы Қазақстан жағдайындағыдай, Аса-Талас алабында, суармалы жерлерді пайдалану тиімділігі жоғарыламай, олардан алынатын табыс, ауылшаруа-шылығы еңбеккерлерінің шығындарын кей жылдары толық ақтамайды.



Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері 2,3, арнайы зерттеулердің негізінде, осы аталған жағдайларды гидромелиоративтік жүйелерде су-жер ресурстарын тиімсіз пайдалануға тікелей байланысты екендігін анықтады. Сол себепті, суармалы жерлерде су тапшылығы артып, топырақ құнарлы-ғының төмендеуі қарқынды жүруде. Осыған байланысты суармалы жерлерде өсіріл-ген дақылдардың өнімділігі, 1980 жылдардағы өнімділікпен салыстырғанда 1,5-2 есеге төмендеді. Мысалы, кезінде облысымызда негізгі дақыл саналған қант қызыл-шасының өнімділігі, бар болғаны 80-205 ц/га аралығында өзгеруде (кесте 2).
Кесте 2 - Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі, ц/га


Дақылдар

Байзақ

Жамбыл

Жуалы

Сарысу

Талас

2011

2012

2011

2012

2011

2012

2011

2012

2011

2012

Дәнді дақыл

18

9

16,1

12,8

22

18

18

-

6,9

13,5

Дәндік жүгері

45

45

48,9

50,6

47

40

50

65,6

30

21,2

Қант қызылшасы

205

137

130

131,1

80

-

-

-

-

-

Күнбағыс

8

4,5

19,2

17,9

8,4

15

8,6

-

8,4

7,4

Картоп

185

170

210,5

215

202

180

143

147

150,1

150,4

Көкөніс

196

196

237

240

216,3

200

193,4

197

184,1

185,4

Бақша

250

250

238,4

242

161,4

165

198,5

201

188

194

Көпжылдық шөп

45

27

42,2

42,2

28

35

19,5

30

33,5

30,4

Жүргізілген зерттеулер нәтижелері, қарастырылып отырған аймақтағы суар-малы жерлердің өнімділігінің төмендігіне тікелей әсер ететін факторлар: су тапшы-лығының өсуі мен топырақ құнарлығының төмендеуі, суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы, жерлердің тұздануы, сілтіленуі мен сортаңдануы, топырақ қабатындағы қоректік элементтер мен органикалық заттардың кемуі екендігін дәлелдеді.

Зерттеу мәліметтерін сараптау, Аса-Талас өзендері алабындағы суармалы жер-лердің эколого-мелиоративтік жағдайлары мен өнімділігі, су ресурстарының қоры мен олардың сапасына тікелей байланысты екендігін көрсетті. Сонымен қатар,Аса және Талас өзендерінің су қоры мен олардың тұздылығының динамикасы зерттелді. Себебі, қарастырылып отырған Аса-Талас алабында ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға пайдаланатын су қоры шектеулі және негізінен Қырғыз Республикасы территориясынан келетін су көлеміне тікелей байланысты. Талас өзенінің жалпы су қоры, орташа сулы жылы - 808 млн. м3 болса, оның 716 (88,6%) млн. м3 Қырғыз Республикасының территориясынан келетін су мөлшерінен тұрады. Қазақстан территориясынан Талас өзеніне қосылған су мөлшері 92 млн.м3. Қарастырып отырған өзендердің су қоры көлемінің жылдық динамикасы, суармалы жерлердің ауданының кемуіне әсерін тигізді. Мысалы, 1995 жылы суаруға пайдаланған су көлемі 907 млн. м3 болса, қазіргі кезде суаруға су көзінен алынатын су көлемі 1,5-2 еседей кеміп кеткен. Сондықтан 2011 жылы 93854 га жерді суару үшін алынған су мөлшері 656,1 млн.м3 4 болды. Бұл көрсеткіш, жоспарланған су мөлшерінің 84% құрады.

Суару кезеңінде, су тапшылығының орын алуы, Қырғызстан территориясынан келетін су мөлшерінің азаюымен қатар, әр түрлі дәрежедегі каналдардың техникалық жағдайларының нашарылығына тікелей байланысты. Себебі, суды тасымалдайтын каналдар әр түрлі меншік қарамағына берілген. Оңтүстік гидрогеология-мелиора-тивтік экспедициясының мәліметі бойынша, осы каналдардың иегерлері меншік түріне байланысты 4 топқа бөлінген: 1 - республикалық, 2 - коммуналдық, 3 - жеке, 4 - иесіз. Сондықтан, су тасымалдайтын каналдардың техникалық деңгейлері әр түрлі дәрежеде болуда.

Салыстырмалы сараптау, техникалық жағдайлары жоғары каналдар негізінен республикалық меншіктегі каналдарда, ал техникалық жағдайлары төмен - жеке мен-шіктегі және иесіз каналдарда екендігін көрсетті. Республикалық меншіктегі шаруа-шылық аралық каналдардың 112,38 км - қанағаттанарлық, 28,5 км - қанағаттанғысыз күйде. Ал жеке меншіктегі шаруашылық аралық каналдардың 23,5 км - қанағат-танарлық, 59,91 км - қанағаттанғысыз күйде болды, яғни су-жер қорларының тиімді-лігін арттыру су тасымалдайтын каналдардың меншік түрлерін нақтылап, оларға деген талапты күшейтуді қажет етеді.

Осы талап орындалып, су тасымалдайтын каналдар негізінен мемлекеттік меншік түріне өтсе, олардың техникалық жағдайлары жақсарып, каналдардағы судың шығындары кеміп, олардың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) жоғарылайды. Қазіргі кезде, Байзақ және Жамбыл аудандарының суландыру желілерінің пайдалы әсер коэффициенті 0,7 шамасында. Бұл көрсеткіш, суларда каналдармен тасымалдау барысында, өзендерден алынған су мөлшерінің 30% шығын болатынын көрсетеді.

Судың мөлшеріне әсер ететін тағы бір фактор, ауыл шаруашылығы дақыл-дарының суару тәртібі мен технологиясы. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы дақыл-дарын суару режимі толық сақталмайды. Сондықтан суару нормасы, топырақ ылғал-дылығына сәйкес келмейді де, топырақтың тамыр өсетін қабатының шектен тыс ылғалдануы орын алып, суару суының сүзілу шығыны артып, судың пайдасыз шығынының мөлшерін арттырады. Қолданылып жүрген суару технологияларын (жүйектеп, атыздап) қолдану барысында, суармалы жерге берілген судың 40-50% сүзілуге және суармалы жерден тыс тасталық артық шығын болады.

Сондықтан судың тиімділігін арттыру, жаңа су үнемдегіш технологияларды Аса-Талас алабына қолданып, өндіріске енгізуді қажет етеді. Ондай технология-лардың бірі ауыл шаруашылығы дақылдарын жүйек ара суару технологиясы. Бұл технология басқа технологияларға қарағанда қосымша көп шығында қажет етпейді. Оны қолдану, судың булану шығынын 2 есеге, сүзілуді - 30-50%, тастанды шығынын - 50% дейін кемітуге мүмкіндік туғызады.

Жоғары көрсеткіштерге тамшылатып суару технологиясын қодану арқылы да қол жеткізуге болады. Бірақта ол көп қаражатты қажет етеді. Көп жағдайда кеткен шығын алынған өнімнен 8-10 жылдан соң ақталады. Сонымен қатар, тамшылатып суару технологиясын қолдану барысында, оны тұрақты күтіп, қадағалап тұруды қажет етеді. Тамшылатып суару технологиясын тек нақты жағдайларда ғана колдану керек. Яғни оларды тұзды және тұздануға бейім жерлерде қолдануға болмайды. Жүйек ара суару технологиясын кез келген жағдайда қолдануға болады.

Суармалы жерлердегі суды пайдалану коэффициентінің көрсеткіші, суғару технологиясына байланысты өзгереді. Қазіргі таңда көп қолданыс тапқан суару технологиясы - жүйектеп суару болып саналады. Бұл технологияны қолдану барысында, суды суармалы жерлерде пайдалану коэффициенті 0,55-тен аспайды. Зерттеу нәтижелері Аса-Талас алабындағы суару жүйелерінің ПӘК-нің мәні 0,3-0,35 шамасында болатындығын көрсетті (кесте 3).


Кесте 3 - Аса-Талас өзендері алабындағы суғармалы жүйелердің ПӘК-і


Аудандар

Суғарылған жер ауданы, га

Суғаруға алынған су көлемі, м3/га

Суғару жүйесінің ПӘК-і

Суғармалау мөлшері, м3/га

брутто

нетто

Байзақ

26455

5930

0,30

3260

1790

Жамбыл

34280

5730

0,35

3260

1790

Аса-Талас өзендері алабындағы суару жүйелерінде ПӘК мәнінің төмендігі, олардың техникалық жағдайының нашар екендігі байқалады, 70%-ға дейін судың шығын болатындығын анықтауға мүмкіншілік туғызды. Шығын болған су, негізінен жер асты су қорын арттырып, олардың орналасу деңгейін жоғарылатады. Оны Жамбыл облысының суғармалы жерлерінің кадастрында келтірілген мәліметтері растайды.

Кадастрда келтірілген мәліметтерді сараптау нәтижесінде, Аса-Талас өзендері алабында орналасқан 105,6 мың га жердің 9,1%-да жер асты суының деңгейі 1 метрден жоғары екендігін көрсетті. Ал 54,1% cуармалы жерде жер асты суы 1-3 метр тереңдікте орналасқан. Суармалы жердің мелиоративтік жағдайы мен сумен қамтамасыз етілу дәрежесіне жер асты суы тікелей әсерін тигізеді.

Жер асты суын Аса-Талас алабындағы суармалы жерлерде пайдалану, олардың тұздылығы мен сапасына тікелей байланысты. Зерттеу мәліметтерін сараптау барысында, Аса-Талас алабындағы суармалы жерлердің 89,8% жер асты суының тұздылығы 3 г/л аспайтындығын көрсетті. Сондықтан, осынша жерде жер асты суын, суармалы жерлердің экология-мелиоративтік жағдайы нашарламауына байланысты, субирригацияға пайдалануға болады.

Жер асты суын субирригацияға кең көлемде пайдалану үшін, олардың иондар мен тұздар құрамын бағалап, сараптау қажет. Сараптау негізінде, жер асты суының тұздылығы Аса және Талас өзендерінің төменгі ағысында жоғары екендігі анық-талды. Мысалы, Талас ауданының суғармалы жерлерінде жер асты суының тұзды-лығы 20 г/л жетеді. Жер асты суының ең төменгі тұздылығы Жамбыл ауданының суармалы жерлерінде орын алған. Бұл ауданның жер асты суының тұздыдылығының төмендігімен сапасының жоғарылығы оны субирригацияға пайдаланған кезде, суғар-малы жерде топырақтың тұздануы мен сортаңдану процесінің болмауын қамтамасыз етеді. Байзақ ауданының суармалы жерлерінде, жер асты суының тұздылығы артып, сапасы төмендейді. Мысалы, Көкөзек аулының суғармалы жерінде, жер асты суының тұздылығы 3-5 г/л құрайды. Сол себептен Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде топырақтың тұздануы мен сортаңдануы орын алып отыр.

Сонымен, зерттеу мәліметтері Аса-Талас өзендері алабында ыза суларын субирригацияға пайдалану, каналадардың техникалық жағдайларын жақсарту, су үнемдегіш суару технологияларын пайдалау, суармалы жерлердің су ресурстарымен қамтамасыз етілу мөлшерін 30-35%-ға дейін арттырады және суармалы жерлердің экология-мелиоративтік жағдайын жақсартады.


Әдебиет
1 Жамбыл облысы суармалы жерлерінің 2012 жылғымелиоративтік жағдайы туралыақпараттық есебі. - Шымкент, 2012. - 76 с.

2 Вышпольский Ф.Ф., Мухамеджанов Х.В. Технологии водосбережения и управления почвенно-мелиоративными процессами при орошении. «Аква». - Тараз, 2005. - 160 с.

3 Раймбаев К.Т., Алиев А.И., Бекбаев Р.К., Жданов Г.Н. Исследования в области мелиорации земель, комплексного использования и охрана водных ресурсов. Сб.научн.трудов КазНИИВХ «Научные исследования в области мелиорации и водного хозяйства». - Тараз, 2006. - С. 50-76.

4 Балгабаев Н.Н. Современное состояние и проблемы развития водного хозяйства республики Казахстан // Материалы международной научно-практической конференции «Уркумбаевские чтения», «Водные ресурсы и пути их рационального использования в современных условиях». - Тараз: «Университет баспасы», 2012. - С. 31-35.



ЭКОЛОГО-МЕЛИОРАТИВНОЕ СОСТОЯНИЕ

ОРОШАЕМЫХ ЗЕМЕЛЬ БАССЕЙНА РЕК АСА-ТАЛАС
Н.Р. Бекбаев

Г. Сопбекова

Докт.с-х.наук А.А. Жумабеков

Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати, Тараз


Установлено, что экологическое и мелиоративное состояние орошаемых земель бассейна рек Аса-Талас зависит от качества и объема водных ресурсов.
Ключевые слова: орошаемые земли, почва, деградация, качества воды.

ENVIRONMENTAL MELIORATIVE STATE

OF IRRIGATED LANDS OF RIVER BASIN ASA-TALAS
N.R. Bekbayev

G. Sopbekova

Doct.agr.sci. A.A. Dzhumabekov

Taraz state university of a name of M.Kh. Dulati, Taraz


Established that environmental and reclamation state of irrigated lands of the basins Asa Talas depends on the quality and quantity of water resources.
Keywords: irrigated lands, soil, degradation, water quality.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет