Ашық шара: Шаңырағым – шаттығым



жүктеу 58.08 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі58.08 Kb.

Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектебі



Тәрбие сағатының тақырыбы:



Сынып 7

Сынып жетекшісі : А. Меркеева

2017 оқу жылы

Бекітемін.................

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қалдыбай

Сабақтың тақырыбы : Мен және менің жанұям

Мақсаты: Ата-аналармен балаларды бірге қатыстыра отырып, өзара сыйласымдылығын арттыру, салт-дәстүр туралы білімдерін байқату. Оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдықа тәрбиелеу. Ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру. Ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Мұғалім мен ата-ананың бірлескен жұмысын нығайту. Баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу.
Міндеті: Ой-өрісін кеңейту, тілін байыту, өз ойларын ашық жеткізіп,

пікірлерін ортаға салу, ой бөлісу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, маркер , плакат

Әдісі: ой бөлісу, сұрақ-жауап, бақылау, бағалау, іздену

Мұғалім сөзі

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар!
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен.

Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты - ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса Отбасы бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұжымы мектептің одақтасы. Тәлім - тәрбиедегі жарасымдылық, бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесімділік табады. Осы айтылған сөздердің бір дәлелі, бүгінгі өткізіліп отырған сайысымыз.

І.Психологиялық ахуал

Жүректен-жүрекке ыстық лебіз тілеу.



ІІ.Топқа бөлу.

Жеребе бойынша топқа бөліну


а)топ ережесін шығару

б)постер қорғау



ІІІ.Ұяшық арқылы қызық сұрақтар

«Ұрпағын тек деп өсірген». Әр топқа сұрақтар беріледі..



«Мақал айтсаң – жол көрсеттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші,
Мақал – мәтелмен жауап беруге шақырамыз.
А) 1. Қар жана ма? (Қалауынтапса қар жанар)

2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың 
ойлағаны арамдық)
5. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгенің тілін алма)
6. Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр (көз қорқақ, қол 
батыр)
7.Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас)
8. Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі 
үлкен)
9. Тауық түс көре ма? (тауықтың түсіне тары кіреді)
10. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)
11.Ине қолға іліге ме? / Саусақ бірікпей;Ине ілікпейді/
12.Жүз сом ақшаң болған жақсы ма?/ Жүз сом ақшаң болғанша,Жүз досың болсын.
13.Құсты,адамды самғататын не нәрсе?/Құсты самғататын қанаты,Адамды самғататын таланты.
14.Елдің сәні не?/Елдің сәні-әкеге қарап өскен ұл,анаға қарап өскен қыз/
15.Не қартаймайды?/Қайырымды жүрек қартаймайды
.16.Тойда не қызық?/ Тойдың боларынан боладысы қызық/

(топ бірін-бірі бағалайды)



IV.Кім шапшаң?Кім тапқыр?

(Сурет артында мақал-мәтел бар,сонын жалғасын табу).Бұл жерден бақылаушы сайланады.Ол 3 топты бағалайды,баға береді.Жасыл  қағазды көтерсе – толық жауап берді деген сөз,сары қағазды көтерсе- жауап толық емес болғаны.Әр жауаптан соң,формативті қол соғып,команда қолпаштап қояды.

Отбасы туралы

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.



Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

Әкесі қой баға білмегеннің,

Баласы қозы баға білмейді.

Білім туралы

Өмір – үлкен мектеп.

Оқу - білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.

Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Білімдіге дүние жарық.

Білімсіздің күні кәріп.

Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады.

Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады.

Өмір - үлкен мектеп.

Бесік туралы

Ел болам десең, бесігіңді түзе!

 «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал»



Бесік кормеген ессіз болып есікке енеді;
Жаман деп бесікке күлме, тар деп есікке күлме, бесік — ұшар ұяң, есік — алтын шыған;
Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді;
Есік арқалағаннан, бесік арқалаған артық

V.Видеороликті талқылау.

І топ.Келеңді жағын айтады.

ІІ топ.Келеңсіз жағын айтады.

ІІІ топ.Өте жоғары деңгейде айтады.



VI.Сергіту сәті

     VII.Әр топ отбасы туралы бес жолды өлең құрау

Екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау беріледі.

Қорыту. Ұстаз сөзі

Осындай әдемі әсермен «Шаңырақ шаттығының»жылуын тілей отырып,

Асқар тауы- сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ – тіреуіші анасы.

Жасыл құрақ – келешегі баласы,

Бірге олар болады мықты отбасы.

Шаңырағының ордасын,

Періштелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға,

Тәңірім жақсылық жолдасын!

Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын !

Келесі сөз кезегін мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Қалдыбай Бағила апайымызға сөз береміз.
Қорытынды: 
Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,
Өміріңді еңбек қана еселер.
Шыңға шығар шынар болып шарықтап,
Парасат пен өнері бар көшелі ер.
Бойларыңда от бар екен, байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым,
Әрқашанда осы шоқты сөндірмей,
Жалындатып шарықтаңдар айтарым дей келе бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймын, келіп қатысқандарыңызға рахмет .

Қорытынды



Қатысушылар өз тілек – ойларын,жүрек стикерлер арқылы ашық жазып,тақтаға үлкен киіз үйге әкеп жапсырады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет