Өткен жылдың қорытындысына сәйкес ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, орнықты даму жолына түсті. Қабылданған шаралар нәтижесінде экономика өсімі 5,1%-ға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкімет сайтынан

Негізгі салалардың бәрінде оң өзгеріс байқалады: құрылыста – 13,3%, саудада – 11,3%, ақпарат және байланыс қызметтері – 7,1%, көлік қызметі – 6,9%, өнеркәсіп – 4,3%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 13,7%-ға өсті. 2023 жылғы 9 айда тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) көлемі $19,7 млрд болды. Оның $11 млрд-тан астамы шикізаттық емес секторларға бағытталған. Жалпы 2 жыл қатарынан ТШИ көрсеткіштері соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды – олардың жылдық көлемі $26-28 млрд деңгейінде тұр. Қазақстан ТМД елдері арасында шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша көш бастап тұр.

  • Астана отын-энергетикалық кешенінің басшысына сот үкім шығарды: Енді елорда әкімі қызметінен кете ме?
  • Қазақ тілін білмейтін Сәтқалиев қалай энергетика министрі болды – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жауап берді

2023 жылғы 11 айда сыртқы сауда айналымы 2,2%-ға өсіп, $126 млрд болды. Оң сауда балансы $16 млрд-тан асты.

Шикізаттық емес экспорт номенклатурасы 141 позицияға өсті. Еліміздің халықаралық резервтері $96 млрд-қа жетті, оның ішінде Ұлттық қордың активтері $4 млрд-қа өсіп, $60 млрд-тан асты.

Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстан экономикасының тәуелсіз рейтингі мен инвестиция жағынан сенімді екенін растады.
Үкімет Ұлттық банк және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асырып жатыр. Нәтижесінде өткен жылы ол 2 еседен астам төмендеп, 9,8%-ды құрады. 2024 жылы инфляцияны 6-8% деңгейінде ұстау міндеті қойылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,3%-дан кем болмауға тиіс.

Үкімет мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына жолдауларында белгіленген міндеттерді іске асыруды жалғастырады. Бұл жұмыс экономиканы әртараптандыруға, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға және азаматтардың әл-ауқатын едәуір жақсартуға бағытталған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.