Ашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша



жүктеу 384.04 Kb.
бет1/3
Дата29.04.2019
өлшемі384.04 Kb.
  1   2   3



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2010 жылғы 29 наурыз № 16
Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы

жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша

мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту жөнінде
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 3 ақпандағы № 21 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырында № 6217 тіркелген

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2010 жылғы 29 наурыздағы

№ 16 қаулысымен

бекітілді

Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережеcі
 

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) төлем карточкаларын пайдаланып және пайдаланбай электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді.

2. Осы Ережеде «Ақша төлемi мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 тіркелген «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметiн көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулыларында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) банктік киоск – өзіне өзін қызмет көрсету режимінде, банктің банктік ақпарат жүйесіне қосылу арқылы немесе қолма-қол ақша беру (қабылдау), ақша төлемі мен аударымы бойынша операцияларды, шетел валютасын айырбастау операцияларын және банк операцияларының өзге түрлерін жүргізуді, оның ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізуді қоса алғанда, интернет-ресурсқа кіру арқылы ақпараттық-банктік қызмет көрсетуді алуға, сондай-ақ тиісті операцияларды жүргізу фактісін растайтын құжаттарды жасауға арналған электрондық-механикалық құрылғы;

2) банктің қызмет көрсету желісі – банктің иелігіндегі, электрондық банк қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;

3) басқа банктің қызмет көрсету желісі – кез келген басқа банктің иелігіндегі, электрондық банк қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;

4) импринтер – төлем карточкасының бет жағына слиптегі таңба түсіруді орындау арқылы слиптерді ресімдеуге арналған механикалық құрылғы;

5) қашықтан кіру жүйесі – төлем және өзге хабарларды өткізу үшін банкпен байланыс жасалатын арна;

6) қолдан жасалған төлем карточкасы – заңсыз жолмен жасалған, ішінара немесе толық қолдан жасалған төлем карточкасы;

7) қосарланған прокат – төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған бір операция бойынша бірнеше чекті ресімдеу;

8) қосымша төлем карточкасы – клиенттің сенім білдірілген тұлғасының атына эмиссияланған төлем карточкасы;

9) кредиттік лимиті бар дебеттік төлем карточкасы – төлем карточкасын беру және қызмет көрсету шартына сәйкес не ұстаушының келесі өтінімі бойынша эмитент берген заем сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі берілетін дебеттік төлем карточкасы;

10) негізгі төлем карточкасы – ұстаушысы клиент болып табылатын төлем карточкасы;

11) POS-терминал – төлем карточкасын пайдалану және банктің банктік ақпарат жүйесімен қосылу арқылы тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін, оның ішінде POS-терминал орнатылған банкке ақы төлеу, сондай-ақ қолма-қол ақша беру жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы;

12) сауда нүктесі – тауарлар және қызмет көрсету үшін ақы төлеуді жүзеге асыруға арналған POS-терминалдың орналасқан жері;

13) төлем карточкаларын пайдалана отырып алаяқтық операциялар – төлем карточкасын, оның деректемелерін, қолдан жасалған төлем карточкасын немесе өзге заңсыз тәсілді пайдалана отырып, төлем карточкасының ұстаушысы немесе үшін тұлға жасаған заңсыз қолма-қол емес төлемдер, ақша аударымдары және/немесе қолма-қол ақша беру бойынша операциялар;

14) төлем карточкасының сәйкестендіру нөмірі – төлем карточкасындағы, эмитент осы төлем карточкасын сәйкестендіру мақсатында қолданатын цифрлардың комбинациясы.

3. Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерге:

1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер;

2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер;

3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер;

4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес № 4 нысан бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер;

5) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес № 5 нысан бойынша аймақтар бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер;

6) осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес № 6 нысан бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық операциялардың көлемі туралы мәліметтер кіреді.

4. Банктер Ұлттық Банкке:

1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей осы Ереженің 3-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көзделген;

2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей осы Ереженің 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген мәліметтерді ұсынады.

5. Төлем карточкаларының эмитенттері Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағында көзделген мәліметтерді ұсынады.

6. Төлем карточкаларының эмитенттері болып табылмайтын эквайерлер Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.

7. Басқа банктерден POS-терминалдарды және/немесе импринтерлерді пайдалану үшін алған және кәсіпкерлермен төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін шарт жасаған банк Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген операциялар туралы мәліметтерді ұсынады.

8. Басқа банктерден банкоматтарды және банктік киоскілерді пайдалану үшін алған банк Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген операциялар туралы мәліметтерді ұсынады.

9. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған төлем карточкаларын тарататын Қазақстан Республикасының банктері Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтерді ұсынады.

10. Төлем карточкаларының эмитенттері және/немесе эквайерлері болып табылмайтын, электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйесі арқылы клиенттерге электрондық банк қызметін көрсететін банктер Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.

11. Есепті кезеңде қызмет көрсету желісінде басқа банктердің төлем карточкаларын ұстаушыларына қызмет көрсетілген банктер, оның ішінде процессингті жүзеге асыратын банктер төлем карточкаларының эмитенттері банктерге осы Ереженің 3-тармағының 3-6) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.

12. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ол бойынша мәліметтер операция жүргізу сәтіндегі валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша тенгеде қайта есептеліп ұсынылады.

13. Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтер Ұлттық Банкке Ұлттық Банк белгілеген ақпарат беру форматтарында электрондық тәсілмен ұсынылады.

14. Есепті кезең үшін осы Ереженің 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген мәліметтер болмаған жағдайда банктер Ұлттық Банкке есепті кезеңнен кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.





Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережеге

1-қосымша


№ 1 нысан 


Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер

_________________________________

банктің атауы

20___ жылғы «_____»  ________________ 



күні         айы


Облыстың (қаланың) атауы

POS-терминалдар саны (бірлік)

Импринтерлер саны (бірлік)

Банкоматтар саны (бірлік)

Банктік киоскілердің саны (бірлік)

Сауда нүктелері-нің саны (бірлік)

Кәсіпкер-лердің саны (бірлік)

банк-тер-дегі

кәсіп-керлер-дегі

банк-тер-дегі

кәсіп-керлер-дегі

қолма-қол ақша беру функциясымен

қолма-қол ақша беру және қабылдауфункция-сымен

төлем карточ-каларын пайда-лану мүмкін-дігінсіз

төлем карточ-каларын пайда-лану мүмкін-дігімен

төлем карточка-ларын пайдалану мүмкіндігі-мен және қолма-қол ақша қабылдау (беру) функция-сымен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Ақмола

 

 

 

 

 










 

 




Ақтөбе

 

 

 

 

 










 

 




Алматы

 

 

 

 

 










 

 




Атырау

 

 

 

 

 










 

 




Шығыс Қазақстан


































Жамбыл

 

 

 

 

 










 

 




Батыс Қазақстан


































Қарағанды


































Қостанай


































Қызылорда


































Маңғыстау


































Павлодар


































Солтүстік Қазақстан


































Оңтүстік Қазақстан


































Алматы қаласы


































Астана қаласы


































 

Басшы           _________________________________________

                                (аты-жөні)

Орындаушы   _________________________________________    _________________

             (аты-жөні)               телефоны

 

20__  жылғы «___» _______________    



Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер
1. Осы Мәліметтердің 2-10-бағандарында көзделген, электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер жабдықтың орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

2. 2 және 3-бағандарда банктің POS-терминалдарының саны есепті айдың соңғы күніне, орналасқан жері бойынша (банктерде немесе кәсіпкерлерде) көрсетіледі.

3. 4 және 5-бағандарда банктің импринтерлерінің саны есепті айдың соңғы күніне, орналасқан жері бойынша (банктерде немесе кәсіпкерлерде) көрсетіледі.

4. 6 және 7-бағандарда банктің банкоматтарының саны есепті айдың соңғы күніне, функционалдық мүмкіндіктері бойынша көрсетіледі.

5. 8, 9 және 10-бағандарда банктік киоскілердің саны есепті айдың соңғы күніне, функционалдық мүмкіндіктері бойынша көрсетіледі.

6. 11-бағанда POS-терминалдар орнатылған сауда нүктелерінің саны есепті айдың соңғы күніне, сауда нүктелерінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

7. 12-бағанда эквайермен төлем карточкаларына қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлердің саны есепті айдың соңғы күніне, кәсіпкердің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

 






Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережеге

2-қосымша




№ 2 нысан 

Айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер

_________________________________

банктің атауы

20___ жылғы «_____» ________________ 

күні        айы

 


Облыстың (қаланың) атауы

Төлем карточ-касы жүйесі-нің атауы

Айналыстағы төлем карточкаларының саны (бірлік)

Пайдаланылған төлем карточкаларының саны (бірлік)

Төлем карточкаларын ұстаушылардың саны (адам)

дебет-тік

кредит-тік лимиті бар

дебеттік


кредит-тік

алдын ала төленген

дебет-тік

кредит-тік лимиті бар

дебеттік


кредит-тік

алдын ала төленген

дебет-тік

кредит-тік лимиті бар

дебеттік


кредит-тік

алдын ала төленген

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Ақмола








































Ақтөбе








































Алматы








































Атырау








































Шығыс Қазақстан








































Жамбыл








































Батыс Қазақстан








































Қарағанды








































Қостанай








































Қызылорда








































Маңғыстау








































Павлодар








































Солтүстік Қазақстан








































Оңтүстік Қазақстан








































Алматы қаласы








































Астана қаласы








































Қазақстан Республикасы-нан тысқары








































 

Басшы           _________________________________________

                                (аты-жөні)

Орындаушы   _________________________________________    _________________

             (аты-жөні)               телефоны

 

20__  жылғы «___» _______________    



 

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

 

1. 2-бағанда мәлімет ұсынылатын төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі.



2. 3-6-бағандарда айналысқа шығарылған төлем карточкаларының саны есепті айдың соңғы күніне, негізгі және қосымша төлем карточкалары ескеріле отырып көрсетіледі.

3. 7-10-бағандарда операциялар жүргізу және ақпараттық-банктік қызмет көрсетулер алу үшін есепті айда пайдаланылған төлем карточкаларының саны негізгі және қосымша төлем карточкалары ескеріле отырып көрсетіледі. Есепті айда бірнеше рет пайдаланылған төлем карточкасы бір рет көрсетіледі.

4. 11-14-бағандарда төлем карточкаларын ұстаушылардың саны есепті айдың соңғы күніне көрсетіледі.

5. «Қазақстан Республикасынан тысқары» деген жолда банк шетелде таратқан төлем карточкалары бойынша мәліметтер көрсетіледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет