«Ақұштап поэзиясын тану» (Тәрбие сағаты)



жүктеу 41.11 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі41.11 Kb.

М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейі
«Ақұштап поэзиясын тану»

(Тәрбие сағаты)









Қайырлы күн,оқырман қауым!

Біздің бүгінгі қонақжайымыздың қонағы өңірімізге ғана емес, республика көлеміне таныс Алаш сыйлығының иегері,ақын апамыз Ақ жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева.

«Ақұштап поэзиясын тану» тақырыбындағы кездесу кешін бастаймыз!

Би «.......................................»

Сөз мектеп- лицей директоры Наталья Дуйсенқызы Ергужиеваға беріледі.

Ақұштап ақын өзінің қауырсын қаламымен ақ жүрегін өлеңнің қуанышы мен қайғысына орап, кезі келсе күн боп күле білетін, қара өлең үшін қара түннен де қасықтап қам жинайтын,сол жолда қасиеті мен қарымын, кісілік келбетін әлдеқашан түгендеген ақын.

Алпысыншы жылдардың орта кезінде күнделікті баспасөз бетінде жариялана бастаған оның өлеңдері оқырмандарды селт еткізіп, бірден әдебиет сүйер қауымды баурап алды.

Оның себебі, Ақұштап өлеңдерінің адамның сезімін,оның көңіл-күйін, жастықтың құпия сырын шынайы бейнелеуімен байланысты еді.

Ақын 1967 жылы «Өрімтал»,

1969 жылы «Наз»,

1971 жылы «Қуанышым іңкәрім»,

1973 жылы, «Ақ қанат»,

1978 жылы «Бақыт әні»,

1980 жылы «Жайық қызы»,

1981 жылы орыс тілінде «Белокрылая»

1985 жылы «Ақ желен»,

1990 жылы «Сүмбіле»,

2001 жылы «Ақ шағала» жинақтарын шығарып,аты белгілі ақындардың алдыңғы легінен орын алды.

Ал,Ақұштап ақынның ана туралы өлеңінің табиғаты мүлде бөлек. Тіпті тосын тақырып десе де болғандай.

Сөйтсе,мұның бәрі қазақ табиғатына тән тағдыр тәлімнің ерекшелігі екен ғой. Ақұштап жырларының адам сүйгіш рухы оның анасы туралы өлеңдерінде ерекше көрінеді.

Әлбетте, ана туралы өлеңдердің бәрінде де оның асыл қасиеті,адал жүрегі жайлы жазбай ма әр ақын.
Ендеше,5-6сынып оқушылары Ақұштап Бақтыгерееваның Анаға арналған өлеңдерін оқып береді.

Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдерінде айдын шалқар көлдің жанға жайлы салқын самалы, көл құшағында қалқыған аққу қанатының жылы жұмақ сусылы,жасыл жағалауда жарасым тапқан тал-қайыңдардың жапырақ сыбдыры,сыршыл жүректің әсем әуенімен үн қатады. Табиғатқа өзі ғана ғашық емес өзгелерді де өзіне шабыттандырып тәнті ете біледі.



5-6 оқушылары А.Бақтыгереева апамыздың Жайық туралы өлеңдерін оқып береді.

«7А» сынып оқушыларын Ақұштап апамыздың өлеңдерімен ортаға шақырамыз.

Ақұштаптың ақындық рухы оның туған өлкесінің табиғатымен үндеседі.Ақын жырлайтын сұлулық,өмірдің әсемдігін түсіну де табиғат суреттерімен байланысты. Оның бойын билеген сағыныштың ішінде туған еліне Ақжайығына деген сағыныштың көріністері айқын танылады.

Ақ жайыққа жыр арнағым келеді,

Оған айтар мұң арманым көп еді.

Туған жердің қасиеті шығар-ау,

Гүлдей сұлу талы мен терегі.

Оны ұмытсам болмас сірә кешірім,

Соған ұқсап қойылыпты есімім.

Оны қалай жырламаймын,егер де,

Толқынында тербетілсе бесігім-деп толғанады.



Ақуштап апамыздын сөзіне жазылған

Гаухар Каспакованың орындауында Ән«Алғашқы көктем» тыңдайық

Ақынның туған жері-алтын аймағы. Оны ол талай жырлады,әлі де жырлай түседі. Ақ жайықтың тұтас тарихында оған арнап жүрек жырын жалаулатқан ақын екеу болса,соның бірі - Ақұштап Бақтыгереева.

Өзінің туған жерінің ұлы өзені Ақжайықты жырлау арқылы ақын елді сүюге, жерді сүюге тәрбиелеп,бүкіл қазақ еліне, қазақ жеріне деген адал махаббатын,асыл сезімін жыр жолдарымен кестелеп,елінің халқының алдында перзенттік парызын ақындық жолмен өтеуге атсалысып жүрген жан.

ән:«Оралдың ерке самалы»

«5А» сынып оқушысы Нариман Айлананы және Ержан Айсұлуды Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдерімен шақырамыз.

Ақұштап-азамат ақын. Ол өзі өмір сүріп жатқан қоғамның өткені мен бүгініне көз жібереді. Азаматтық лирикасында әлеуметтік өмірдің кем-кетігін,тұрмыс-тауқыметін,жалпы халықтың мұң-шерін жырлап,жоғын жоқтайды.

Мәселен,

Енді мен ерлеріңмен,теңдесемін,

Тисе деп шырылдаймын елге себім.

Ортайған теңізің мен өзеніңді,

Ұлыңдай жоқтасамын мен де сенің.

Тағы да жақын етем алысыңды,

Тағы да жырға қосам табысыңды.

Сен мені қызым деме,туған дала,

Қорғауға жарамасам намысыңды-

деген өлең жолдары ақынның өмірлік ұстанымы.


Би «......................»

Ақұштап апамыздың кең қалам тартқан-тақырыбы қыздар тақырыбы. Қыздарға арнау сөздерінің өзі қыздарға рух бергендей.



Сондай шығарманың бірін «Сіңліме» өлеңін «5А» сынып оқушысы Мергенова Аққаныш оқып береді.

Ақ сөйлеп,адал күлетіндермен,

Шындықты жақтап жүретіндермен,

Сыйластық сырын білетіндермен,

Танысқым келеді менің.

Жаманға жағынбайтындармен,

Жоқтыққа тарылмайтындармен,

Өсекке ермейтіндермен,

Бас қосқым келеді менің- деген өлең жолдарыздың оқығанда адамгершіліктің символын суреттегендей
Ақұштап апайымыздың дені сау болсын! Шабыты шалқи берсін!Өмірде көрер қызығы мол болсын!- деген игі тілек айтамыз.

«Ақұштап поэзиясын тану» тақырыбындағы Ақжайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгерееваға арналған кешімізді аяқтаймыз.



Көріскенше күн нұрлы болсын!


Казиева Г.С. – учитель русского языка и литературы школы – лицея № 27 им. М.Маметовой физика – математического направления, г. Уральск


Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет