Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау



жүктеу 74.85 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі74.85 Kb.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау


Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) асыл тұқымды мал үлесін және ауыл шаруашылығы малының өнімділік сапасын арттыру, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін мал азығының құнын арзандату мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тауар өндірушілер), мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға және қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және іс-шаралар есебінен бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.

Асыл тұқымды шаруашылықтарда және асыл тұқымды зауыттарда асыл тұқымды қойлардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін:



  • Субсидия алу үшін өтініш.

  • Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуын растайтын құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі немесе қойлардың аналық мал басына қолдан ұрықтандыру жүргізуге асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықпен жасасқан шарттың түпнұсқасы және көшірмесі.

  • Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Асыл тұқымды зауыттарда және асыл тұқымды шаруашылықтарда маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу үшін:


  • Субсидия алу үшін өтініш.

  • Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе мал басының бары туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді

  • Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Асыл тұқымды шаруашылықтарда араның бал ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу үшін:


  • Субсидия алу үшін өтініш.

  • Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе араның бал ұясының бары туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді.

  • Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу үшін:

  1. Субсидия алу үшін өтініш.

  2. Жануарларды сатып алу өткізу/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі

  3. Жануарларды сатып алу өткізу шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері

  4. Жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі

  5. Тауар өндірушіден карантиннен алу туралы актісінің түпнұсқасы және көшірмесі (шетелден асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алған жағдайда)

  6. Животных сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды пайдалану туралы келісім

  7. ДНК-куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (тұқымдық бұқаларды шетелден сатып алған жағдайда);

  8. Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алу үшін:

  1. Субсидия алу үшін өтініш.

  2. Асыл тұқымды жануарларды сатып алу-сату/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі.

  3. Асыл тұқымды жануарларды сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері.

  4. Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен көшірмесі.

  5. Жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі.

  6. Сатып алынған асыл тұқымды жануарларды пайдалану туралы келісім;

  7. Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Асыл тұқымды тәуліктік балапандарды және ата-енелік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алу үшін:

  1. Субсидия алу үшін өтініш.

  2. Асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-сату шартының түпнұсқасы мен көшірмесі.

  3. Асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын, төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері.

  4. Сатып алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандардың және асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаның асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен көшірмесі.

  5. Құсты кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі.

  6. Құстарды еденде және торлы жағдайда ұстап-бағуға арналған технологиялық құрылғылардың болуын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі.

  7. Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өз төлінен өсіп-өндіруге арналған етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу үшін:

  1. Субсидия алу үшін өтініш.

  2. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары-малдардың иелері жиынының шешімі.

  3. Осы жалпы табындағы тұқымсыз бұқаларды кестіру туралы, ауылдық округке бекітілген ветеринарлық дәрігер берген аңықтама.

  4. Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың/қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жеткізушіге 100 %-ға дейін өтеу үшін:

  1. Субсидия алу үшін өтініш.

  2. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың/қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.

  3. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың/қойдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы.

  4. Ұрықтандырылған ірі қара малдың/қойдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және ұрықтанған ірі қара малдың аналық басын тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелері.

  5. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарына таратылмайды) ірі қара малдың аналық мал басына ұрық сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.

  6. Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Бұқашықтарды бірінші деңгейлі өндірістік бордақылау алаңдарына өткізу үшін:

  1. Субсидия алу үшін өтініш.

  2. Бұқашықтарды бордақылау алаңдарына сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі.

  3. Бұқашықтарды бордақылау алаңдарына қабылдап алу-беру актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі.

  4. Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Сиыр етi, жылқы етi, қой етi (қозы еті), түйе еті, шошқа етi, құс етi, тағамдық жұмыртқа, сүт, қымыз, шұбат, биязы жүн өндiрісінің құнын арзандату үшін:

  1. Субсидия алу үшін өтініш.

  2. Өнімді өткізуді және өнімнің толық төленгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелер.

  3. Тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорынның қызметін пайдаланғанда малды сою және алғашқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың (шарт, шот-фактура, төлем құжаттары) түпнұсқалары мен көшірмелері.

  4. Өнімді өткізуге тауар-көліктік жүкқұжаттардың тізілімі, өнімді жекеменшік өндеу кәсіпорындарына немесе цехтарына өткізген жағдайда өнімге берілген жүкқұжаттардың көшірмелері.

  5. Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді, АЖС-дан үзінді.

    • ірі қара малды бордақылау бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтерді растайтын (бірінші және екінші деңгейлі бордақылайтын алаңдардан мал бордақылау қызметтерін сатып алу шарты, көрсетілген қызметтер актісі, мал бордақылау қызметтерінің толық төлегенін растайтын құжаттар) құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;

    • жеке және заңды тұлғалар мал бордақылау бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған бордақылау алаңдарының өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

    • банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алу үшін:

  1. Субсидия алу үшін өтініш.

  2. Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алуға арналған сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі.

  3. Тауарлардың құнын төлеу актісінің түпнұсқасы және көшірмесі.

  4. Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Ірі, шырынды және құрама жемшөппен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату үшін:

  1. Субсидия алу үшін өтініш.

  2. Выписка из книги похозяйственного учета или отчета шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе ауыл шаруашылығы мал басының бары туралы есебінен үзінді.

  3. Ірі, шырынды және құрама жемшөппен жемшөп қоспаларын дайындауға шығындардың анықтама-есебі.

  4. Жер учаскелерін жемшөптік дақылдарға және (немесе) шабындық жайылымдық алқаптарға тарға бөліп беру туралы актінің түпнұсқасы және көшірмесі және/немесе ірі, шырынды және құрама жемшөппен жемшөп қоспаларын сатып алуға арналған шарт.

  5. Банктен немесе поштаның Ұлттық поштасының операторынан банктік есеп шот бар туралы есеп шоттың нөмірі көрсетілген анықтама.

Қызмет көрсету мерзімі

29 жұмыс күннен асырмай



Қызмет құны мен төлеу тәртібі

Тегін


Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет