"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы



жүктеу 454.52 Kb.
бет1/3
Дата26.02.2018
өлшемі454.52 Kb.
  1   2   3

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 490 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 16092 болып тіркелді

     


БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 38 (29019) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Субсидиялауға жататын бағыттар:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

      ірі қара малдың, қойлардың, ешкілердің, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ балараның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуге жұмсалған шығындарды арзандату;

      отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, шошқа, түйе, марал (бұғы) төлін сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

      отандық және шетелдік шаруашылықтардан ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

      жеке және заңды тұлғалардың табынның өсімін молайтуға пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандату;

      асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге жұмсалған шығындарын 100 %-ға дейін өтеу.

      асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;

      2) мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға:

      бұқашықтарды бордақылау, қозы етін, шошқа етiн, жылқы етiн, түйе етін, құс етiн (бройлер тауығының етін, күрке тауықтың етін, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе, ешкі сүті), биязы жүн және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату;

      құрамажем зауыттары өндірген және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізілген құрамажем құнын арзандату;

      ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату;

      ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарының сиыр етінің құнын арзандату.";

      6-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тауар өндiрушiлер ауыл шаруашылығы кооперативтерін, сондай-ақ, ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарын қоспағанда, басқа жеке және заңды тұлғалардан одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн сатып алған мал шаруашылығы өнімі;

      8) тауар өндірушілер айырбас бойынша, өзара есеп айырысу шотына өткізген немесе ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттары сатып алатын бұрын субсидияланған мал шаруашылығы өнімін қоспағанда, бұрын субсидияланған мал шаруашылығы өнімі;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Субсидиялар тауар өндірушілерге, өзге де жеке және заңды тұлғаларға бағыттардың мынадай басымдықтарына сәйкес төленеді:

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

      ірі қара малдың және қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу;

      асыл тұқымды ірі қара мал және қой сатып алу;

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың қалған бағыттары;

      мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға:

      ауыл шаруашылығы кооперативінің бұқашықтарды бордақылауы және сүт өндіруі;

      сүт (сиыр, бие, түйе, ешкі сүті) өндірісінің құнын арзандату;

      құс еті өндірісінің құнын арзандату;

      бұқашықтарды бордақылау құнын арзандату;

      қозы еті өндірісінің құнын арзандату;

      құрамажем құнын арзандату;

      биязы және жартылай биязы жүн өндірісінің құнын арзандату;

      шошқа еті өндірісінің құнын арзандату;

      жылқы еті өндірісінің құнын арзандату;

      түйе еті өндірісінің құнын арзандату;

      тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы) өндірісінің құнын арзандату;

      ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарымен алынатын сиыр етінің құнын арзандату.

      Бір немесе бірнеше бағыт бойынша қаражат қалып қойған жағдайда, субсидиялар субсидиялау бағыттарының басымдығына сәйкес қайта бөлінеді.

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарында алынған сиыр етінің бір килограмы үшін төленеді.";

      14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) қағаз түрінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

      2) электрондық түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы субсидиялар алуға арналған өтінімдер жолдайды.

      Тауар өндірушілер негіздер туындаған сәттен бастап (тауар өндіруші осы Қағидалардың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкес келген сәттен бастап) он екі айдан аспаған өтінімдерді береді.

      Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде өтінімді Бөлімге жолдайды.

      Тауар өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтінім автоматты түрде Бөлімге өңдеу үшін жолданады.

      15. Бөлім өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 16-тармағының 2 абзацында көрсетілмеген бағыттар бойынша өтінімді толтырылған деректердің толықтығына тексереді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша АТЖ және АЖБ деректеріне салыстырып-тексеруді жүзеге асырады.

      Өтінімді толықтай толтырмау немесе АТЖ және АЖБ деректерін салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмеу анықталған жағдайда, Бөлім осы Қағидаларға 5-1-қосымшаның нысанына сәйкес, ескертулерді жою үшін екі күндік мерзімді көрсете отырып, өтінімді пысықтау қажеттігі туралы хабарламаны қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық түрде портал арқылы жолдайды.

      Хабарламада көрсетілген мерзімде пысықталған өтінім қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық түрде порталға беріледі.

      Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде өтінімді Бөлімге жолдайды.

      Тауар өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтінім автоматты түрде Бөлімге өңдеу үшін жолданады.

      Ескертулерді хабарламада көрсетілген мерзімде пысықтамағанда, Мемлекеттік корпорация өтінімді қабылдамайды, сондай-ақ, портал өтінімді қабылдамайды.

      Тауар өндірушілер пысықталғаннан кейін өтінімді қайта енгізе алады.

      16. Бөлім құжаттардың толық пакеті түскенен кейін екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Бұл ретте, асыл тұқымды жануарларды сатып алу, асыл тұқымды ірі қара мал мен қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу, тұқымдық түрленумен қамтылған асыл тұқымды ірі қара мал мен қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу және өсімді молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті, сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу субсидиялау бағыттары бойынша құрамында Бөлім маманы бар жұмыс тобы тиісті ауылдық округ әкімдігінің маманы мен ветеринар дәрігері жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін салыстырып-тексеру үшін шаруашылыққа барады. Жұмыс тобының құрамы Бөлім бұйрығымен бекітіледі.

      Шығу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша салыстырып-тексеру актісі жасалады, оның түпнұсқасы осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген мерзімдерде Бөлімде сақталады.

      Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келмеу анықталған жағдайда Бөлім көрсетілген мерзім ішінде тауар өндірушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде немесе электрондық түрде АТЖ арқылы порталға осы Қағидалардың 11-қосымшаның 2-нысаны бойынша хабарлама жібереді.

      Тауар өндіруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келген жағдайда, Бөлім көрсетілген мерзім ішінде өтінімді АТЖ арқылы салыстырып-тексеру актісінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, Облыс басқармасына, Қала басқармасына жолдайды.

      Облыс басқармасы, Қала басқармасы өтінім түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін деректердің толықтығын тексереді және сәйкес келген жағдайда, тауар өндірушіге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша АТЖ арқылы өтінімнің мақұлданғаны туралы хабарлама жолдайды.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда Облыс басқармасы, Қала басқармасы көрсетілген мерзім ішінде өтінімнің мақұлданғаны туралы хабарламаны Бөлімге жолдайды. Бөлім бір жұмыс күні ішінде өтінімнің мақұлданғаны туралы хабарламаны Мемлекеттік корпарацияға жолдайды.

      Тауар өндіруші Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету күніне жатпайды, бұл ретте Бөлім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілген деректердің толық еместігі және салыстырып тексеру актісінің қате жасалғаны анықталса, өтінім көрсетілген мерзім ішінде АТЖ арқылы барлық сәйкессіздіктердің уәжді негіздемесімен бірге Бөлімге пысықтауға қайтарылады.

      Салыстырып тексеру актісі қате жасалуы себебінен қайтарылған жағдайда, Бөлім бір күн ішінде Басқармаға АТЖ арқылы пысықталған актіні енгізеді.";

      21, 22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тауар өндірушілер базалық норматив бойынша тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидия алу үшін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді және осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған мерзімдерде Мемлекеттік корпорациясы немесе портал арқылы өтінім береді.

      Қосымша норматив бойынша ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басымен және тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидия алуға арналған өтінімдер күнтізбелік жылда бір рет, бірақ ағымдағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірілмей беріледі. Бұзаулардың шығу пайызы мынадай формуламен есептеледі:

      В=Т/К*100, мұнда:

      В – өтінім берген күнге төлдердің шығу пайызы;

      Т – өтінім берген күнге дейінгі соңғы он екі ай ішінде соңғы төлдегенде сиырлардан (сиыр – төлдеген аналық бас немесе 36 айдан үлкен аналық бас) алынған бұзаулардың саны;

      К – өтінім берген күнге сиырлардың (сиыр – төлдеген аналық бас немесе 36 айдан үлкен аналық бас) саны.

      Тауар өндірушілер қойлардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алу үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді және осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған мерзімдерде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы өтінім береді.

      Тауар өндіруші асыл тұқымды ірі қара малды төлемін кейінге қалдыра отырып (ішінара төлей отырып), кредитке немесе лизингке сатып алған жағдайда, бюджеттік қаражатты өтінімде көрсетілетін сатушының, кредит берушінің немесе лизинг берушінің есебіне аударуға жол беріледі.

      Жеке және заңды тұлғалар табынның өсімін молайту үшін асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға субсидиялар алу үшін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді және осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған мерзімдерде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы өтінім береді.

      22. Тауар өндірушілер мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде;

      2) портал арқылы электрондық түрде өтінімдер ұсынады.

      23. Субсидиялар алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құс фабрикаларының/100 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдарының/шошқа өсіруші кәсіпорындардың/ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) және олардың өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігі облыстар, Астана мен Алматы қалалары деңгейінде "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – "Атамекен" ҚР ҰКП) өңірлік кәсіпкерлер палаталары құратын, құрамында "Атамекен" ҚР ҰКП-да аккредиттелген қоғамдық салалық одақтар мен қауымдастықтар өкілдері және Бөлім маманы бар арнайы комиссияның осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша қорытындысы негізінде жылына бір рет айқындалады, ол Облыс басқармасы мен Бөлімге жолданады.

      24. Арнайы комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құс фабрикаларының/100 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдарының/шошқа өсіруші кәсіпорындардың/ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарының тиісті инфрақұрылымының бар-жоғын тексереді.

      Жыл ішінде Тізбені өзгертуге жол беріледі. Бұл ретте, құс фабрикалары мен шошқа өсіруші шаруашылықтар үшін арнайы комиссияның қорытындысына қоса берілетін өнім өндірудің технологиялық картасы жасалады.

      Тауар өндірушілердің өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін айқындау бес жұмыс күні ішінде өтеусіз негізде "Атамекен" ҚР ҰКП-ның өңірлік кәсіпкерлер палатасына тауар өндірушінің жазбаша хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.

      Құрамажем құнын субсидиялау құрамажем кәсіпорындарына бекітілген ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімінен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арзандатылған баға бойынша нақты өткізілген құрамажем көлемі үшін жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін Бөлім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарды ескере отырып, субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімін бекітеді және ауыл шаруашылығы жануарлары түрлері (кооператив мүшелерінің ИСЖ-да тіркелген) бойынша жылдық қажеттілік нормалары негізінде олардың құрамажемге жылдық қажеттілігі көлемдерін айқындайды.

      Бекітілген ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімі тоқсан сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін. Бекітілген ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімі Облыс басқармасына жолданады және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігінің сайтында жарияланады.

      Субсидиялауға бір килограмы 40 теңгеден аспайтын арзандатылған бағамен өткізілген құрамажем жатады.

      Құрамажем зауыты құрамажем бекітілген Тізбедегі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізілген жағдайда, оның өткізілген көлемі үшін өтінім береді.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бөлім өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап (өткізілген өнім үшін ақы төленген сәттен бастап) үш айдан аспаған өтінімдерді қабылдайды.

      27. Бөлім өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тауар өндірушінің өтінімін осы Қағидалардың 6, 7, 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

      Бөлім бұқашықтарды бордақылау, қозы еті, жылқы еті, түйе еті, шошқа еті құнын арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша салыстырып тексеру жүргізу үшін ветеринариялық ұйымнан осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір мал иесінің тіркелген/шығып кеткен (АЖБ-дан) жануарлары бойынша ақпарат алады.

      Бөлім мал шаруашылығы өнімін субсидиялауға өтінім берген тауар өндірушілерді, оларда болған жағдайда, ауданның, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария бөлімі ұсынған, ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрлері бойынша аса қауіпті және инфекциялық аурулар бойынша карантиндiк iс-шаралар қолданылған тауар өндірушілер тізімімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Бөлім көрсетілген мерзім ішінде тауар өндірушінің қызмет орнына осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті айқындау және зоотехникалық есепке алудың бастапқы құжаттарына (малдың қозғалысы туралы есепті, өнім өндіру журналын қоса алғанда) салыстырып тексеру жүргізу үшін мынадай жағдайларда барады:

      1) жекелеген бағыт бойынша өтінімді алғаш рет беру;

      2) алдыңғы өтініммен салыстырғанда, өндіріс деңгейінің/кәсіпорын қуатының ұлғаюына байланысты субсидиялау нормативінің артуы;

      3) жекелеген бағыт бойынша өтінім берілген көлемдердің өткен айдың өтінімінен жиырма пайыздан астам асып кетуі.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға, осы Қағидалардың 6, 7, 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеу анықталған жағдайда, өтінім көрсетілген мерзім ішінде барлық сәйкессіздіктердің уәжді негіздемесі бар Мемлекеттік корпорация және портал арқылы ілеспе хатпен тауар өндірушіге қайтарылады.

      Тауар өндірушілер түзетілген сәйкессіздіктерді ескере отырып, өтінімді қайта енгізе алады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Облыс басқармасы облыс, қала бойынша жиынтық акт бекітілген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бөлімге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға арналған бағыттар бойынша тауар өндірушілердің өтінімдерін қарастыру қорытындылары жөніндегі ақпаратты жолдайды.

      Бөлім алынған ақпарат бойынша кейіннен тауар өндірушіге (өтінім берушіге) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы беру үшін қарау нәтижелерін қысқаша сипаттай отырып, әр тауар өндіруші (өтінім беруші) бойынша жеке-жеке осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама қалыптастырады.".

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшаның 4-нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілген Қағидаларға 5-1-қосымшасымен толықтыру;

      көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.



      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі


А. Мырзахметов

   

   "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________ Д. Абаев

      2017 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 12 желтоқсан




 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 490 бұйрығына
1-қосымша
Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуды, мал
шаруашылығының өнімділігін
және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Субсидиялар нормативтері



Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері,
теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу

1.1

Тауарлы аналық бас

1)

Базалық норматив

бас

10 000

2)

Қосымша норматив:







80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

8 000

60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

6 000

1.2

Асыл тұқымды аналық бас

1)

Базалық норматив

бас

10 000

2)

Қосымша норматив:







80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

20 000

70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

15 000

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу*

бас

150 000

2.1.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарының сиыр еті өндірісінің құнын арзандату
 

килограмм

175

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Асыл тұқымды аналық бас







1)

Базалық норматив

бас

10 000

2)

Қосымша норматив







70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

20 000

60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

15 000

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу*

1)

отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы

бас

170 000

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал







Аустралия, АҚШ және Канада елдерінен

бас

225 000

Еуропа және ТМД елдерінен

бас

150 000

3.

Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату**:

1)

бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық

килограмм

25

2)

бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық

килограмм

15

3)

ауыл шаруашылығы кооперативтері

килограмм

10

Мал шаруашылығы

1.

100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату:

1)

400-ден 450 килограмға дейін

бас
 

45 000

2)

451-ден 500 килограмға дейін

60 000

3)

501-ден 550 килограмға дейін

65 000

4)

551-ден 600 килограмға дейін және одан жоғары

75 000

2.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

бас

20 000

 
3.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

****

4.

Асыл тұқымдық және дистрибьютерлік
орталықтар сатып алған ауыл шаруашылығы
жануарларының аналық басын қолдан
ұрықтандыруды жүргізу үшін
пайдаланылатын арнайы техника мен
технологиялық жабдықтың құнын арзандату

бірлік

****

5.

Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу

бас

100 000

Етті құс шаруашылығы

1.

Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

голова

600

2.

Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату **

1)

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс*****

килограмм

80

2)

10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс*****

килограмм

70

3)

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс*****

килограмм

60

4)

1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс *****

килограмм

50

3.

Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату*****

килограмм

200

4.

Нақты өндірісі 20 тоннадан басталатын құс (суда жүзетін құс және бройлер) етін өндіру құнын арзандату*****

килограмм

40

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

бас

400

2.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату*****

1)

200 млн. данадан басталатын нақты өндіріс

дана

3

2)

150 млн. данадан басталатын нақты өндіріс

дана

2,7

3)

100 млн. данадан басталатын нақты өндіріс

дана

2,5

4)

50 млн. данадан басталатын нақты өндіріс

дана

2,2

5)

20 млн. данадан басталатын нақты өндіріс

дана

2

3.

Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату

дана

****

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу*

бас

75 000

2.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату***

1)

нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап

килограмм

100

2)

нақты бордақыланғаны 2 000 бастан бастап

килограмм

85

3)

нақты бордақыланғаны 1 000 бастан бастап

килограмм

70

4)

нақты бордақыланғаны 500 бастан бастап

килограмм

55

Қой шаруашылығы

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

****

2.

Асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар сатып алған, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтың құнын арзандату

бірлік

****

3.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

асыл тұқымды қойлардың аналық басы

бас

2 500

2)

тауарлы қойлардың аналық басы

бас

1 500

4.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу*

1)

тұсақтар

бас

8 000

2)

тұқымдық қошқарлар

бас

20 000

3)

асыл тұқымдық орталықтарға арналған тұқымдық қошқарлар

бас

30 000

5.

Қозы етін өндіру құнын арзандату**

бас

1 500

6.

Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату*****

1)

сапасы 60-тан басталатын жүн

килограмм

150

2)

сапасы 50-ден басталатын жүн

килограмм

100

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу*

бас

100 000

2.

Асыл тұқымды аналық бас сатып алу*

бас

40 000

3.

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

килограмм

****

4.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

килограмм

****

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу*

бас

100 000

2.

Асыл тұқымды аналық бас сатып алу*

бас

40 000

3.

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

килограмм

****

4.

Түйе етін өндіру құнын арзандату

килограмм

****

Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы)

1.

Асыл тұқымды жануарлар сатып алу

бас

****

2.

Аналық баспен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

бас

****

Ешкі шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды мал сатып алу

бас

****

2.

Асыл тұқымды ешкілердің аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

бас

****

3.

Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

килограмм

****

Балара шаруашылығы

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы

****

Азық өндіру

1.

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату

тонна

20 000

2.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын арзандату******

бас

****

      Ескертпе:

      * - асыл тұқымды жануарларды сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады;

      ** - осы Қағидаларға 5-тармаққа сәйкес Министрлікпен келісу бойынша белгіленген нормативтен жергілікті бюджеттен және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан бөлінген кезде қосымша бюджеттік қаражат бөлінгенде субсидиялау нормативін ұлғайту 50% -ға дейін рұқсат етіледі;

      *** - союға жіберілген жануарлардың нақты саны АЖС базасынан соңғы 12 ай үшін үзінді-көшірме негізінде айқындалады (пайдалануға жаңа енгізілген бордақылау алаңдарын қоспағанда);

      **** - субсидиялар нормативі мен өлшемшарттары мен талаптары осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысымен, бірақ, қолдан ұрықтандыруды және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды жыл бойы қорада күтіп-баққан жағдайда, азыққа жұмсалған шығындар құнын арзандатуды қоспағанда, шығындардың 50%-ынан аспайтын мөлшерде бекітіледі;

      ***** - ауыл шаруашылығы өнімнің нақты өндірісі өткен жылдың 24-сх нысаны бойынша өткен жылдың жылдық статистикалық деректерімен айқындалады;



      ****** - субсидиялар нормативі Министрлік ұсынған ауыл шаруашылығы жануарларының бір басына арналған тікелей өндірістік шығындар нормативтері негізінде айқындалады.


 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 490 бұйрығына
2-қосымша
Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуды, мал
шаруашылығының өнімділігін
және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет