1. Сатып алынған бастарда бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖБ мен АТЖ-да тіркелуі және ондағы деректерге сәйкес келуі.
2. Сатып алынған бастардың республикалық палатада тіркелуі.
3. Сатып алынған асыл тұқымды жануарлардың жасы оларды сатушыда карантинге қойған сәтте:
қойлар: тұсақтар 18 ай (қоса есептегенде);
тоқты қошқарлар мен тұқымдық қошқарлар 18 ай (қоса есептегенде);
жылқылар: еркек жылқылар – 5 жыл (қоса есептегенде);
байталдар – 3 жыл (қоса есептегенде);
түйелер: аталықтары – 5 жыл (қоса есептегенде);
ұрғашылары – 3 жыл (қоса есептегенде);
ешкілер: аталықтары – 18 ай (қоса есептегенде);
ұрғашылары – 18 ай (қоса есептегенде);
шошқалар: торайлар – 12 ай (қоса есептегенде);
еркек шошқалар – 14 ай (қоса есептегенде);
маралдар: аналықтары – 18 ай (қоса есептегенде);
аталықтары (алғашқы туылғандар) – 24 ай (қоса есептегенде) болады.
4. Сатып алынған асыл тұқымды аналық басты табиғи кемудің зоотехникалық нормасы шегінде өсімді молайту мақсатында кемінде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану.
|