Астана. 5 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ Астананың дінтанушылары мен сала қызметкерлері студенттер саны ең көп жоо-лардың бірі С



жүктеу 11.58 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі11.58 Kb.

http://www.inform.kz/kaz/article/2417068

05.11.2011 / 12:29

Астанадағы ҚазАТУ студенттері дін туралы жаңа заң мен елдегі діни ахуалдан құлағдар болды

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астананың дінтанушылары мен сала қызметкерлері студенттер саны ең көп ЖОО-лардың бірі - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болып, жаңадан қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның мәтінін егжейлі-тегжейлі түсіндіріп, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, экстремизм мен лаңкестік туралы мағлұматтар берді.

Университеттің гуманитарлық факультеті ұйымдастырған «Зайырлы қазақ елінің діни ахуалы» тақырыбындағы кездесудің мақсаты Дін істері агенттігі, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, дінтанушы ғалымдар, студенттер мен оқытушылар арасында ашық диалог орнату болды.

Жастармен болған жүздесуге ҚР Дін істері жөніндегі агенттігінен Асан Омаров, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығынан Жандос Жарқымбеков, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дан дінтанушы Тышқан Кеңшілік, «Нұр-Астана» Орталық мешітінің наиб имамы Руслан Қамбаров, Астана қаласы Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкері Ержан Демежанов, «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау» қорының өкілі Қанат Оңғарбаев қатысты.



Отырыста бүгінгі күн тәртібінен түспей тұрған еліміздегі діннің қазіргі келбеті, жастар өміріндегі діннің рөлі, дін мен ұлттық дәстүрлердің арақатынасы, жаңадан қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң, мемлекетіміздің діни ұстанымы, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, экстремизм және терроризм сынды күрмеуі көп күрделі тақырыптағы ойлар талқыланды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет