Астана ќаласы №57 орта мектебі



жүктеу 231.87 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі231.87 Kb.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі

Астана қаласы №57 орта мектебі

Астана қаласының өндіріс орындары

Орындаған 9 сынып оқушылары:Алтынбек Назерке

Жетекшілері: тарих пәнінің мұғалімі: Исаева Ж.А.

Астана қаласының № 57 орта мектебінің

9 сынып оқушылары:

Алтынбек Назерке

Жетекшілері: тарих пәнінің мұғалімі: Исаева Ж.А.


Алғы сөз.
18 ғасырдың басынан адамдардың істейтін барлық жұмыстарын машиналар істей бастады. Көпдеген станоктар, машиналар ойлап табылды. Осылайша әлемде Өнеркәсіп революциясы басталды. Негізінде өнеркәсіп революциясының туындауына ең алғашқы бу двигателі пайда болуынан басталды. Ең алғашқы бу двигателін доктор Томас Сейври ойлап тапқан (10 корнуол шахтасынан суды тарту үшін арналған двигатель). Кейін оны әрі қарай жетілдіріп, оларды кез келген кәсіпорындарында арзан және көп көлемде өндіріс шығару үшін ойлап тапқандар бұл Томас Ньюкомен және Джеймс Уатт болды. Джон Кеяның 1733 жылы ойлап тапқан машинасы мата өндірісін дамытты.

Осылайша әлемде әлеуметтік – экономикалық даму кезеңі және елдер арасында бәсекелестік басталды. Дүние жүзі елдерінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай бір – бірінен ажыратады,

Осы тұрғыдан алғанда олар басты-басты екі түрге бөлінді:


  1. экономикасы дамыған елдер;

  2. дамушы елдер.

Біріккен Ұлттар Ұйымы экономикалық дамыған елдердің қатарына Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың, Аустралия мен Мұхиттық аралдардың шамамен 60 елін жатқызады.

Бәрінің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі жоғары және жан басына келетін жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай мол.

Олардың бірінші топшасын «Батыс елдерінің үлкен жетілігі» құрайды. Оған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбр итания, Италия және Канада кіреді.

Екінші топшаға ең алдымен Еуропаның орташа елдері жатқызуға болады. «Қоныс аударушылар капитализмі» елдердің бөліп көрсетуге болады. Канада мен Аустралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы.

Үшінші топшаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) кіретін елдер жатады.

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаева өз жолдауында айтқандай біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық дамыған 50 елдің қатарына кіруміз қажет. Сол мақсатты орындау бағытында көпдеген жұмыстар жоспарланған. Ал ол үшін ең бастысы еліміздің өнеркәсібін, өндіріс орындарын дамытуымыз керек. Өнеркәсіптер қаншалықты көп, түрлі, жаңа заман талабына сайы болса, соншалықты біздің экономикамыз да дами түседі. Осыны басынан көздеген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бұл саясатты сонау 1991-1992 жылы құрылған Мемлекеттік меншік - жеке меншік жоспарында қарастырған. Мемлекеттік меншік - жеке меншік атты бағдарламасы төрт кезеңнен құралады:



Бірінші кезең: Ыңталы жекешелендіру, 1991-1992 жылдар

Екінші кезең: Жекешелендірудің инвестициялық купондарымен жекешелендіру, 1993-1995 жылдар

Үшінші кезең: ақшалай жекешелендіру, 1996-1998 жылдар

Төртінші кезең: мемлекеттік меншік басқару, 1999-2006 жылдар

Осы бағдарламасында Н.Ә.Назарбаева былай деген «Басқа да көпдеген реформалар секілді, жекешелендіру қабылдаған шешімдер үшін жауапкершілікті арттырудың кезекті сынағына айналды. Бізді меншік тек мемлекеттік ғана (немесе, жалпыхалықтық деп аталатын) болуы керек деп үйретті, ал іс жүзінде ол ешкімдікі де емес еді. Осы жұмыстың нәтижесінде меншікті реформалау мәселелерінде бұрынғы Одақ елдерінің көпшілігіне тән болған жартыкештік пен сөзбұйдалықтан біз ада болдық.

Ал меншіктік қатынастыр – бұл экономиканың негізі екенін, демек, қоғамның қаржылай және әлеуметтік тұрақтылығының ең бірінші себебі екенін саясаткерлер әрдайым есте сақтаулары керек».

Осыдан кейін елімізді Алматы темекі комбинаты, Южнефтегаз, ШНОС секілді алғашқы ірі бъектілер жеке меншікке сатылды. Осылайша Қазақстандықтардың күнделікті өміріне жеке меншіктің енгізілуі, бірінші кезекте қоғамдық сананың реформасы болып табылды.

Біз осынау кітабімізда сіздерге басты мақсат етіп, ең алдымен еліміздің бас ордасы Астанадағы өнеркәсіп орындарының тарихын және өндірілетін

өнімдердің түрлерімен таныстыруды мақсат еттік. Азаматтарға барлық жігерімізді осы өнеркәсіп орындарын ашуға олардың түрлерін қоғам талабына сай өзгертуге шақыру болып табылды. Жастарымыздың санасына біз немен мақтан ете аламыз, оны әрі қарай қалай дамытамыз деген ой тастау мақсатында осы тақырыпты ашып кітап шығару ұйғардық. Егер сіздер біздің мәліметтерімізде Астана қаласының бұрыңғы және казіргі өнеркәсіптерін салыстырып өнімдерде қандай өзгеріс бар екендігін көресіз. Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын неге жоғары, себебі олар үнемі жаңашылдықтын жолында, ал біз тіпте бұрынғы мен қазіргімізді де білмейміз. Астана елімізді әлемге танытатын қала болып табылады, сондықтан тек оның әсемдігі мен әдемілігі емес сонымен қандай экономикалық үлес қосуда екендігімен таныс болыңыздар.





Өндіріс дегеніміз не?

Өндіріс дегеніміз қоғам мүшелерінің пайдалы өнім жасау қызметі және оның ілеспе нәтижесі ретінде табиғи ресурстарды түрлендіруі, Өндіріс қоғамда толып жатқан элементтер мен факторларды қамтитын белгілі бір өндіргіш күштердің жұмыс істеуін көздейді. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында дәстүрлі түрде жүмыс күші. Олар өндірістің басты факторлары болып табылады. Қазіргі ғылыми техникалық төңкеріс жағдайында өндіргіш күштердің күрделене түсуі байқалады. Оларға өндірісті ұйымдастыру және экологиялық факторлар қосылып отыр. Соңғы екі фактор технологияның ақпараттық, ғылыми, өндірістік және әлеуметтік инфақұрлымды қамтиды. Өндіріс экономиканың өзекті бөлігін құрайды. Өндіріс үдерісінде адамдар өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарымен қатынасқа түседі. Өндірістің нәтижесі болып табылады және ол өнімнің қандай мақсатпен өндірілетіне, түрлеріне, тұтынушыларға қажеттілігіне қарайды. Тарихи тұрғыдан натуралдық өндіріс, тауарлық өндіріс түрлеріне бөлінеді.



Өнеркәсіп орындарының экономикадағы үлесі.

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізаттын өндіріс құрал – жабдығы мен тұтыну заттарына өндеумен айналысатын кәсіп орындарымен бірігетін аса маңызды саласы болып табылады.

Екі үлкен топтан өндіретін өнеркәсіптен мұнай, газ, көмір, қара және түсті металл, кең тастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру. Өнеркәсіп құрал-жабдығын және тұтынушылар заттарын өндіретін өнеркәсіп болып табылады.

20 ғасырдың 70-80 жылдарында Қазақстанда нарықтық экономикалық қалыптасуы барысында өнеркәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындарының техникасы мен технологиясы, ұйыдастырылу деңгейі төмен болды. 20 ғасырдың 90 жылдарында басталған экономикалық реформа нәтижесінде өнеркәсіп орындары мемлекет иелігінен алынып жекешелендіріле

басталды. 2003 жылғы мәліметке қарағанда Қазақстан Республикасындағы барлық меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың саны және олардың үлесі айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар саны 1184 (9,3 пайыз), жеке меншікте 11217 (18,3 пайыз) ал басқа мемлекеттердің меншігінде 306 (2,4 пайыз) орын болды. Бірақ меншік нысандары бойынша өндірілген өнімнің жалпы көлемінде өнеркәсіптік өндірістің құрлымы 82,1 және 16,5 пайыз болды.

Жаңа жағдайда өнеркәсіп орындары ірі, орта, шағын кәсіпорын және өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын бейөнеркәсіптік кәсіпорын түрлеріне ажыратылады. Сондай-ақ нарықтық экономикалық даму барысында ірі корпоротивтін құрылымдар да қалыптасты. Олардың тұрпақтары алуан түрлі: Ұлттық және мемлекеттік компаниялар («Қазақойл», «Қазантрансайыл», «Қазатомөнеркәсіп» т.б.) мемлекеттік және жобалармен жекешелендірілген ақцион компаниялар (Икпат-Кармет, Қазақмыс корпорация, «Қазақстаналюмини», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Маңғыстау мұнай газ», «Қазақхром» т.б. ) Транс – ұлттық корпорациялар өнеркәсіпбіне миллиардтаған қаржы салып, қыруар қаржы табуда. Әйтсе де Қазақстан өнеркәсіптің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі зор екендігіне қарамастан инвестициялық тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мүлдем жоқ болатын. Өнеркәсіп салалары даму үстінде.



Астана қаласының өткені мен бүгіні

Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі 1929 жылдан бері астана атанып келген Алматы қаласында жарияланды. 1994 жылы Республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының астанасы көшіру туралы» қаулы қабылданды. Ол үш тармақтан тұрды. Алғашқы тармағында: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы ұсыныс мақұлдансын» делінді, ал қалған екі тармағында жыл аяғына дейін астананы көшірудің технологиялық-экономикалық негізін жасау, көшу мерзімі туралы міндет қойылды.

Мемлекеттік тұрғыдан алғанда тарихи маңызы бар жиында егеменді еліміздің болашақ астанасының аты талданды. Талдау жасалмастан бұрын тәуелсіз Қазақстанның жиырма бірінші ғасырдың бас қаласына лайықты болады-ау деген жер қарастырылып, бұкіл ел ауқымында жан-жақты, кең көлемді байыпты зерттеулер жұргізіліпті. Отыз екі параметр бойынша жасалған талдау, ең тиімді қала Ақмола қаласы болатындығына мензеген көрінеді.


  • біріншіден – ол Қазақстанның географиялық кіндігінде орналасқан;

  • екіншіден – аса ірі темір жол тораптарының тоңысында тұр;

  • үшіншіден – қай жағынан алғанда да қаланың құрылыс жүргізуге қатысты келешегі зор;

  • төртіншіден – қалада тіршілікке қажетті мүмкіндіктің бәрі табылады.

Астана ауыстыру Республиканың Еуропа мен Азияның ортасында ораласқан өзгеше жағдайының артықшылықтарын барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа астанаға лайықты Ақмола - халқымыздың қасиетті тұтып қастерлеген әйгілі Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ауа райы - шұғыл континентальды: қантар айында орташа температурасы 17,4 граду суық, шілдеде бұл көрсеткіш 20,3 градус жылыға дейін көтеріледі. Жыл бойына орта есеппен 335 мм қар мен жаңбыр жауады.

Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Сол жылы патшалық Ресей Қараөткел өңірінде Ақмола округтік приказын ашып, оның Ақмола деп атау жөнінде шешім қабылдайды. Кейін бұл әскери бекет округтік қала (1863ж), уезд орталығы (1868ж) атанды. 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. Оған дейін және одан кейін Ақмола облысының және Тың өлкесінің (1960-1965ж.ж.) орталығы болды. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

Жаңа астанаға қоныс аудару жөніндегі нақты жұмыс «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлық (1995жылдың қыркүйек айында) шыққаннан кейін басталды. Онда жоғары және орталық мемлекеттік органдарды көшіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін құзырлы Мемлекеттік комиссия және бюджеттен тыс «Жаңа астана» қорын құру, сол сияқты қала құрлысына қатысуға тілек білдіретін инвесторларға салық кеден және басқа салаларда жеңілдіктер беру жолдары жөнінде астананың инфаструктарасын дамытуға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу көзделде.

Екі жылдан кейін, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлық шықты. Онда жаңа астананың тарихы басталатын күн 1997 жылдың 10 желтоқсан деп белгіленді және Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми тұсаукесері аталып өтілетін мерзім (1998 жылғы 10 маусым) көрсетілді. 1998 жылғы 6 мамырда жаңа елорданың аты өзгертіліп Астана аталды. Осы жылғы 20 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Заң қабылданды.

Онда Астананың құқықтық мәртебесі, елорда қызметін атқарудың ұйымдық саяси және экономикалық негіздері айқындалды. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының астанасы - мемлекеттің әкімшілік орталығы, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас Прокуратураның және орталық атқару органдарының жұмыс істейтін орны.

Қаланың жалпы көлемі 71 мың га. Қала екі ауданға бөлінеді: Алматы (43,4 мың га) және Сарыарқа (27,6 мың га). Қалада 100-дей өзге ұлт өкілдері тұрады, жалпы халық саны 490,6 мыңға жетеді олардың ішінде 64,4 пайызы жұмысқа жарамды және 10,2 пайызы зейнеткер жасындағы адамдар болып табылады.


Астана әлеуметтік-экономикалық даму концепцияның шешіміне байланысты 2005 жылға дейін «Астананың гулденуі - Қазақстанның гулденуі» негізінде кәсіптік -әкімшілік орталық болып дамыды.



Бұл қаржының барлығы мына салалардың салынуна бағытталды:



  • әкімшілік, іскерлік құрлыстардың салынуына;

  • Есілдің сол жағалауын қамту және бос жерлерді құрлыс салу;

  • жол салу;

  • жоғарғы техникалық жабдықтармен жабдықталған аумақтық - өндіріс аямақтарын салуға;

  • жаңашыл әскерліктерді дамыту;

  • бұрынғы қаланы жаңашалау;

  • транспорт және коммуникацияны дамыту;

  • ойын-сауық орындарын салу;

Шетел инвесторларының көмегімен жаңа үлкен орталықтар салу проектілері қарастырылды: Ұлттық цирк, зоопарк, ипподром, аквопарк, ойын-сауық паркі және көрме орталығы.

Астана Европа мен Азия елдерінің сауда саттық байланыс негізі болып табылады, сондықтан «Қазақстан Темір Жол» кәсіпорны темір жол арқылы байланысты қамтиды. Халықаралық «В» класс аэропорты әлемнің ең үлкен қалаларымен байланыс жүргізеді.




Қаланың энергетика комплексінің реструктуризациясы жүргізілді, қалалық ТЭЦ маңынан «Астанаэнергосервис» компаниясы ашылды. Нәтижесінен электроэнергия куаты 24 пайызға, жылу энергиясы 26 пайызға жоғарылады.

Астана қаласының өндіріс саласында соңғы жылда көптеген өзгерістер болды. 2001 жылдан бері қалада 58 негізгі ірі өндіріс орындары , 625 кіші кәсіпорындары жұмыс жүргізеді. Тіркелуден өткен кәсіпкерлер саны 7951 жетті, оның ішінде 621 - мемлекеттік, 7076 – жеке меншік, ал 254-шетелдік кәсіпорындары болып табылады.




Қала әкімшілігінің қолдауымен кіші және орташа инфаструктура орталықтары ашылды. Соған арнайы кіші және орта бизнесті қолдау мақсатында Орталық ашылды. Қазіргі уақытта қалада кіші кәсіппен айналысатын 13540 адам және 7436 жеке кәсіпкерлер, 6104 заң саласындағы адамдар тіркелген.

Өндіріс көлемі бүгінгі күнде 11839,2 млн теңге құрайды. Мемлекетті бюджетке 1314 млн тенге түсті. Сонымен елордамыз кіші және орта бизнестің арқасында дамуда. Қалада 3 базар, 9 кіші базар, 4 автобазар және 5 сауда орталықтары жұмыс істейді.

Колбаса өнімдері 13,9 пайызға, май 1,7 есе, сүт, қаймақ өнімдері 0,6 пайызға, 1,9 пайызға үн, 3,4 дән дағылдары және 13,8 пайызға кондитер өнімдерінің өндіру пайызы өсті.

Астанада 35 елдің өндіріс орындары және 156 шет елдермен бірлескен өндіріс орныдары жұмыс жүргізеді. Олардың көбі Турция, Ресей, Германия, Қырғызстан және Швейцария. Бүгінгі күнде Астана қаласының өндіріс орындарының сыртқы экономикалық іскерлік 160,1 млн доллар құрайды (шет елдерге - 72,4 млн доллар, ал ТМД елдеріне – 87,7 млн доллар)



Астана қаласының өндіріс орындарымен, олардың өндіретін өнімдерімен танысу мақсатында біз барлық өнеркәсіптерді аралап таныстық. Жаңа Астананың кіші, орта өнеркісіп орындарының басшыларымен, жұмысшыларымен, жұмыстарымен таныстық. Жұмысымыздың басын «Ақмола Вагоно ремонтты завод» ОАО өндіріс орнынан бастадық. Бұл мекеменің директоры Шибкеновзейнулла Рахимовичпен таныстық. Өнеркәсіптің мекен-жайы Астана қаласы Курская көшесі 7а орналасқан. Бүгінгі таңда бұл өнеркәсіп адамдар таситын, жүк таситын вагондарды жөндеумен айналысады. Сонымен қатар вагондардың роликты бу дөнгелектерін өндіреді, платформалар, спец платформалар, цистеріндер, думпкардар, вагон самосвалын жөндеу жұмыстарымен айналысады.


«Ақмола Вагоно ремонтты завод» ОАО





Келесі өндіріс орны «Целиндормаш» ТОО заводы. Директоры Трифанчев Андрей Александрович, қазіргі мекен жайы Байсекова көшесі 95.

Бұл акционерлі қоғам 1993 жылы құрылған. 1971-1992 жыл аралыңында жол құрлысымен және жөндеу жұмыстарымен айналысатын завод болған. Кейін бұл завод жекешеленіп, акционерлік қоғамы болған. Мұнда мына өндіріс жұмыстары жүргізіледі.


    • Гидрокрандар өндіреді (ЗИЛ,ГАЗ көтеру механизмдерін, жүк тасушы маниналардың фургонын)

    • Темірдер істелінетін әр түрлі металлоконструкциялар (трубалар, шарбақтар)

    • Зологазобетонды блоктар (пореброктер, фасадты плиткалар)

    • Техникалық және медициналық кислород




«Цесна-Астық» ТОО концерні

Бұл мекеменің директоры Мещеряков Николай Ильич. Мекен-жайы: Угольная көшесі 24. Бұл заводтың негізі Тың игеру кезінен бастап құрылған. Сол кездегі Сары –Арқа өңірінде өсірілеген астық (бидай) осы заводта өндіріліп, еліміздің барлық жерлеріне таратылған. Қазіргі уақытта бұл завон өз өнімдерін шет елдерге де сатады. Бұл заводта үннан істелінетін көп деген өнімдер өндіріледі. Дән дирменінде жоғарғы, бірінші, екінші сапалы үн өндіреді. Үннан 60 түрлі өндіріс тағамдарын өндіреді (макарон, нан, нан өнімдерін ж.т.б.)








Өндіріс жұмыстарының негізіне кіреді:



  1. 180000 тонна үн өндіретін 4 дермен бөлімі

  2. жылына 10 мың тонна 30 түрлі нан тағамдарын өндіретін нан заводы

  3. күніне 8 тонна өнім шығаратын үсақталған тағамдар заводы (ржанной, сүлы үндарын, дәнді ұсақталған өнімдер)

  4. жылына 245 тонна (10 түрлі) макарон өнімдерін өндіретін цех

  5. 2001 жылдан бастап тауықтарға, шошқаларға, сиырларға арналған комбикорм өнімдерін өндереді.


Промышленный кентінде орналасқан Силикат заводы.


Бұл завод өз жұмысын 1921 жылдан бастап қыш кірпіштер өндіруден бастады. Бұл заводта жұмыс жүргізу мақсатында сол кездегі СССР 15 республикасынан мамандар әкелінді. Совет өкіметі кезінде бұл завод өз өнімімен барлық елді қамтамассыз етті. 1961 жылы осы заводтың негізінде тағы силикат кірпіш өндіретін цехтар салынды. 1961-1992 жыл аралығында завод қабырға материалдары мен силикат кірпішін өндірді. 1993 жылдан бері бұл заводттан қалыпты чипс, селикат кірпішін, ячейлі бетоннан өндіретін кіші блоктар, қыш кірпіштер өндіреді. Заводта автоматты 9 пресс техникасымен, сыйымдылығы 162 мың штук кірпіш сыйатын 12 автоклав апаратымен жабдықталған. Негізгі басты құрал ретінде Ақмола өңірінің топырақтары қолданылады ал қосымша қоспалар (суглинка, карбитті әк ж.т.б.) Қарағанды «Карбид»ТОО заводының өнімі қолданылады. Яғни қажетті заттардың барлығы өз елімізден табылады. Жыл сайын завод 89 млн кірпіш өндіреді.



Сүт комбинаты.

Астана қаласының Жуковск көшесі 94 мекенінде Сүт комбинаты жұмыс жүргізеді. Бұл комбинаттың негізі 1967 негізі қаланған. Сүттен 39 түрлі тағам түрлерін өндіреді. Оның ішінде сүт, айран, сүзбе, сыр, балмұздақ ж.т.б. Комбинатта сүт, айран өндіру бойынша 3 цех жұмыс істейді. Барлық техникалық жабдықтар жаңа заман талабына сай. Жұмысшылар бір сменада 80 тонна сүт тағамдарын өндіреді.



«Ак-Арлан» ТОО комбинаты

Елордамызда сыра, спирттык, сусын тағамдарын өндіретін «Ак-Арлан» ТОО комбинаты жұмыс жүргізеді. Өнеркәсіп директоры Мирашев Қайрат Мирашевич. Мекен жайы Астана қаласы Элеваторная 1 көшесінде орналасқан

Өндіріс өнімдер тұрі:


  • Чехия технологиясы бойынша «Старая башня» сырасын өндіреді.

  • Сусындар

  • Арақ шараптар

Сонымен қатар көптеген өндіріс орындары жүмыс жүргізеді. Келешекте өнеркәсіпті дамыту бағдарламалары бойынша елордада ауыр өнеркәсіп нысандары салына бастайды. «30 корпоративтік көшбасшылар» бағдарламасына сәйкес таяу уақытта ірі-ірі өндіріс ошақтары дүниеге келмек.

Олар: автомашиналар дөнгелегі шинасын шығаратын «Нокиан» зауыты салынады. Іске қосылу мерзімі 2010 жыл.

Локомотив-құрастыру зауыты құрлысының жұмысы жүргізілу жолында. Пайдалану мерзімі 2010 жыл.

Осындай үлкен өнеркәсіп орындары еліміздің елордасында келешекте орын алмақ.

Астана қаласындағы өндіріс орындарының мекен-жайының анықтамасы:


  1. «Ақмола вагонжөндеу заводы» ОАО

Директоры: Шибкенов Зейнулла Рахманович

Мекен-жайы: Курская көшесі, 7а. тел: 31-04-40




  1. «Целиндормаш» ТОО

Директоры: Трифанчев Андрей Александрович

Мекен-жайы: Байсекова көшесі, 95. тел: 31-84-56, 75-39-70




  1. «Жігер» ТОО жиһаз жасау өнеркәсібі

Директоры: Каскырбаев Балғабай Октемирович

Мекен-жайы: Астрахан шоссесі. Тел: 39-80-95, 39-80-05




  1. «ХДМ – Ақмола» ТОО

Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 35

Тел: 31-65-76, 31-61-81




  1. «Гидромашсервис»

Директор: Рехтета ВалерийНиколаевич

Мекен-жайы: Жеңіс даңғылы, 61а. тел:23-84-77, E-mail-hydro@mail.online.ru




  1. «Ақ-Арлан» ТОО

Директор: Мирашев Қайрат Мирашевич

Мекен-жайы: Элеваторный көшесі, 1. тел:37-03-76, 37-04-95




  1. Концерн «Цесна-Астық» ТОО

Директор: Мещеряков Николай Ильич

Мекен-жайы: Угольная көшесі, 24. тел: 31-01-69, 31-03-04




  1. «Астин» ТОО құрлыс материалдары

Директор: Шалбаев Адиль Бекмуханович

Мекен-жайы: Промзона 35. 35-66-90, 35-66-98




  1. Нан, сүт өнімдерін өндіретін «Эверест» ТОО өнеркәсібі.

Директоры: Авидян Аслан Андреевич

Мекен-жайы: Фурманова көшесі, 40. тел: 34-64-15, 34-66-76




  1. «Нур-Пласт» ТОО

Директоры: Искаков Кусаин Камалович

Мекен-жайы: Жеңіс даңғылы,61а. тел: 35-21-48, 35-21-49




  1. «Сүңқар» сауда-өндіріс өнеркіәсібі.

Мекен-жайы: Угольная,22а. тел: 31-03-31, 31-03-47


  1. «Акмолахлебкомплект» ТОО

Директоры: Абдрахманов Бейсенбай

Мекен-жайы: Брусиловский көшесі, 85. тел: 34-54-86




  1. «Баязет» ТОО бидай өндіру өнеркәсібі

Директоры: Юкнене Татьяна Николаевна

Мекне-жайы: Республика көшесі, 32, оф 33. тел: 21-70-51




  1. «Союз зернопереработчиков и хлебопеков Казахстана»

Директоры: Ган Евгений Альбертович

Мекен-жайы: Московская, 58. оф. 19. тел: 75-88-27, 75-32-69




  1. «Астанахимреактив» ТОО «Алита» филиалы

Директоры: Малышева НинаГеоргиевна

Мекен-жайы: Абай көшесі, 211а. тел: 34-54-10, 34-50-65




  1. «Астана - Болашақ» ТОО

Директоры: Ряснова Ольга Сергеевна

Мекен-жайы: Бейбітшілік, 58, оф.1. 75-75-29, 75-77-37




  1. «Ақ Нұр» ТОО

Директоры: Дауешов Нуржан Жангельдинович

Мекен-жайы: Гете көшесі, 4. тел:75-48-31, 37-00-65


Астана қаласының картасы


Оқушылардың назарына!!!

«Өнім қоспаларының цифрлік кодтардың шешімі»

Қазіргі заманда өндіріс саласындағы өнімдердің алуан түрлерінің туындауының басты себебі, өнімдерге неше түрлі химиялық қоспалардың қосындыларының қосылуына байланысты екендігі барлығымызға таныс. Бірақта осы химиялық немесе (заменительдердің) адам ағзасына қаншалықты әсер ететіндігін біз біле-білмеймыз. Ал өндіруші заң бойынша олардың қаншалықты пайдалы немесе зиян екендігін өз өнімінде көрсетуы тиіс, міндетті. Бұл мәлімет барлығында көрсетіледі, әсіресе шет ел өнімдерінде. Көрсетілу цифрлық код ретінде беріледі, ал біз ол жағынан сауаттылығымыз төмен, кей жағдайда тіпте мән бермейміз. Қаламыздың дүкендерінде көздің жаңарын, адамның тәбетін қызықтыратын неше түрлі құрғақ және дәмді тағамдарды (Чипсы, кериешки, газдалған сусындар және т.б.) құрамындағы қоспалар көп мөлшерде қолдану барысында адам ағзасына кері әсер береді. Сонымен құрметті жас оқырман төмендегі кестені жадыңда үнемі сақтап және жора - жолдастарымен бөлісуіңе ұсынамыз.

Өнім қоспаларының цифрлік коды.

Қоспалардың зияндылығының шартты белгілері:



ВК – теріге зиян

З – тиіс салынған

О – қауыпты

ОО – өте қауыпты

П – күдікті

Р – ісік тудыратын




Е-102

Е-103


Е-104

Е-105


Е-110

Е-111


Е-120

Е-121


Е-122

Е-124


Е-125

Е-126


Е-127

Е-129


Е-130

Е-131


Е-141

Е-142


Е-150

О

З

П



З

О

З



О

З

ОО



О

З

З



О

О

З



Р

П

Р



П


Е-151

Е-152


Е-153

Е-154


Е-155

Е-160


Е-171

Е-173


Е-180

Е-201


Е-210

Е-211


Е-212

Е-213


Е-214

Е-215


Е-216

Е-219


Е-220

ВК

З

Р



РК

О

ВК



П

П

О



О

Р

Р



Р

Р

Р



Р

Р

Р



О

Е-222

Е-223


Е-224

Е-228


Е-230

Е-231


Е-232

Е-233


Е-239

Е-240


Е-241

Е-242


Е-249

Е-250


Е-251

Е-252


Е-270

Е-280


О

О

О



О

О

Р



ВК

О

ВК



Р

П

О



Р

АД

АД



Р

О

(для детей)



Р

Е-281

Е-282


Е-283

Е-310


Е-311

Е-312


Е-320

Е-330


Е-338

Е-339


Е-340

Е-341


Е-343

Е-400


Е-401

Е-402


Е-403

Е-404


Е-405

Р

Р

Р



С

С

С



Х

Р

РЖ



РЖ

РЖ

РЖ



РК

О

О



О

О

О



О

Е-450

Е-451


Е-452

Е-453


Е-454

Е-461


Е-462

Е-463


Е-465

Е-466


Е-477

Е-501


Е-502

Е-503


Е-510

Е-513


Е-527

Е-620


Е-626

РЖ

РЖ

РЖ



РЖ

РЖ

РЖ



РЖ

РЖ

РЖ



РЖ

П

О



О

О

ОО



ОО

ОО

О



РК

Е-627

Е-628


Е-629

Е-630


Е-630

Е-632


Е-633

Е-634


Е-635

Е-636


Е-637

Е-907


Е-951

Е-952


Е-953

Е-1105


РК

РК

РК



РК

РК

РК



РК

РК

РК



О

О

С



ВК

З

Р



ВК
РЖ – асқазанның зақымдалуына

С – бөрітпе

АД – қан қысымының көтерілуіне

РК – ішкі құрлыстың бұзылуы

Х - холестерин


Қорытынды.

Оқушының өз бетінше зерттеушілік ұйымдастыру және басқару үшін ғылыми жетекші тиісті ғылыми зерттеу жұмысын бойынша теориялық-логикалық сараптама жасады. Соның негізінде зеріттеу жүргізілу арқылы шешімі табылатын проблемалық ахуалдарды белгіледі. Проблемалық ахуал деп оқушылар игерген білім мен іскерлікті және түсіндіру қажет фактілер мен ұғымдардың арасындағы сәйкессіздікті, онда оқушылардың ойлау қызметі, зерттеушілігі дамытылды. Негізгі басты мақсатқа жету үшін ғылыми жобадағы тапсырмалар орындалды. Қазір қалада 21627 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген. Оларда екі жүз мыңға жуық адамдар жұмыс істейді. 2008 жылы қала кәсіпорындары жыл ішінде 17 млрд 014 млн теңгенің өнімін өндірсе, биыл төрт айдын өзінде ғана қолданыстағы бағамен 33 млрд 223,5 млн теңгенің өнімін өндіріп отыр.

Астана дамудың Стратегиялық жоспары негізінде қаланы әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Оны жүзеге асыру үшін 523,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Алдағы үш жылда негізгі капитал жалпы көлемі 1 триллион 500 млрд теңге тарту көзделіп отыр.

Биылғы қантар-сәуір айларында Астана кәсіпорындары 33223,5 млн теңгенің өнімі өндірілді.

Өз жұмысымызды қорытындысы ретінде сіздерге «Астана қаласының өндіріс орындарының тарихы» атты кітап ұсынамыз. Бұл кітапта Мемлекетіміздің елордасы Астана жұмыс жүргізетін өндіріс орындарымен, олардың өндіретін өнім түрлерімен таныстырамыз. Сонымен қатар қазіргі уақыттағы бас қаламыз Астанадағы экономикалық жайдаймен де таныс боласыздар. Барлығымыз басты мәселе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында өндіріс орындарының түрлерінің, саны мен сапасының көбейюіне көңіл бөлуіміз қажет.


Пайдаланған әдебиеттер.



  1. Краткий энциклопедический словарь

Алматы кітабі, 2006ж, 270 бет


  1. Оқушы анықтамасы 5-11 сынып

Арман баспасы, 2003ж, 155-167 бет


  1. Большая оксфордская энциклопедия

Москва «Ромэн», 2007г, 434-435


  1. «Астана» журналы, 2008 жыл, 24-33 бет




  1. Бизнес книга Қазақстана,

Издательство дом Сарыарқа, 2001-2006 жыл




  1. Қозыбаев М.К., Қозыбаева И.М. «Қазақстан тарихы», Алматы «Мектеп», 1993ж




  1. Бірмағамбетов Ә., Мамырова К. Географиялық сөздік, Алматы «Рауан», 1992 жыл


Мазмұны.
Бет

Алғы сөз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .1-2
1. Өндіріс дегеніміз не?. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

2 Өнеркәсіп орындарының экономикадағы үлесі. . . . . . . . . . . . .

3. Астана қаласының өткені мен бүгіні. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

4. Астана қаласының өндіріс орындары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

5. Астана қаласындағы өндіріс орындарының

мекен-жайының анықтамасы: . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .


6. Астана қаласының картасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
7.Оқушылардың назарына «Өнім қоспаларындағы цифрлық

кодтардың шешімі» . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .




Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пайдаланған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет