Астана қаласы Көлік және коммуникация



жүктеу 59.4 Kb.
Дата09.05.2018
өлшемі59.4 Kb.

Астана қаласы "Көлік және коммуникация

колледжі" МКҚК

« СЫЗУ» пәнінің оқытушсы БАХЫТ СУЛУШАШ

Пәні: Сызу

Тақырыбы: Аксонометриялық проекция

Мақсаты: аксонометриялық проекцияны салыну жолдарын, оларды сызбада дұрыс орналасуын сызып түсіндіру, үйрету.

Білімділік: аксонометриялық проекция түрлерін және проекциялардың осьтерін дұрыс орындауға, жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын сызуға үйрету.

Дамытушылық: ойлау жүйелілігін және сызбаларды талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: тиянақтылыққа, жылдам ойлауға, топтастарының ой-пікірін тыңдап, сыйлауға тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялары: жобалап оқыту

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқыту әдістері: сұрақ жауап, баяндау, тапсырмаларды орындау

Көрнекі құралдары: интерактивті тақта, маркерлік тақта, компьютер, презентация, бейнебаян, үлестірмелі материалдар.

Пәнаралық байланыс: электротехника, техникалық механика, архитектура және дизайн.
Сабақтың барысы
I бөлім. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттерді тугелдеу. Сызу сабағына қажетті құрал-жабдықтардың дайындығын тексеру. Сабақтың мақсатын, жоспарын айту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
ІІ –бөлім. Үй жұмысын тексеру
Қайталау. Блиц-сұрақтар.

  1. Сызбадағы негізгі сызықтарды бастырып жүргізу үшін қандай маркалы қарындашты қолданамыз? М

  2. Сызбада жіңішке үзілмелі нүктелі сызық арқылы нені орындап сызады және қандай талаптарға сүйенеді? Көрінбейтін контурды көрсетеміз және сызық бөлігінің енін 5...30 мм дейін, ал сызық бөліктерінің арасын 3...5 мм.

  3. А4 форматтың стандарт бойынша тағайындалған өлшемдері қандай? Ені 210 мм, биіктігі 297 мм.

  4. Түйіндесу дегеніміз не? А сызығынан Б сызығына С сызығының көмегімен біртіндеп өтуді айтамыз.

  5. S /3 жазбасы нені білдіреді? Сызықтың тұтас жуан негізгі сызықтан 3 есе жіңішке екенін.

  6. Сызба алаңындағы М1:2; М 1:1; М 2:1 жазбалары нені білдіреді?

Масштабты кішірейту, натурал масштаб және кішірейту масштабы.

  1. Сызба қарпы дегеніміз не? Әріптер, сандар, сызбада қолданылатын белгілер жиынтығы.

  1. Қай суретте түйіндесу дұрыс орындалған? 2


2 3


  1. Кешенді сызба дегеніміз не? Сызбада тағайындалған үш жазықтықтың жызындысын айтамыз.

  2. Сызба қарыптары қандай талаптар негізінде сызылады? 75 градусқа көлбей немесе тік.

  3. А нүктесінің горизонталь проекциясы дегеніміз не? А нүктесінен горизонталь жазықтық Н – қа түсірілген перпендикуляр А нүктесінің горизонталь проекциясы деп аталады.

  4. Суреттен сызба жазықтыңының кешенді сызбада дұрыс белгіленген нұсқасын көрсетіңіз. 3

1 2 3



ІІ-бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.

Аксонометриялық проекция
Балалар адамдар күнделікті өмірде, өндіріс жағдайында кескіндеудің әртүрлі әдістерін қолданады: орталық немесе перспективалық проекция, аксонометриялық проекциялар, тікбұрышты проекциялар, т.б.

Аталған әдістер бір-бірінен кескіндеу сипатымен, сол сияқты тұрғызу шартымен де ерекшеленеді.

Керек есепті шешуге мүмкіндік беретін кескіндерді қайтымды , мүмкіндік бермейтін кескінді қайтымсыз деп атайды.Сызуда қайтымды кескіннің екі түрі – аксонометрия мен монж эпюрі қарастырылады.

Эпюрфранцуз сөзі, қазақшаға аударғанда жазық сызба деген мағына береді. Француз ғалымы Госпар Монж / 1746 – 1818 / дың құрметіне қайтымды кескін Монж эпюрі деп аталған.

Аксонометрия (гректің “axco” - ось және “metreo” – өлшеу) осьтер бойынша өлшеу дегенді білдіреді. Аксонометриялық проекциялардың негізгі артықшылығы – көрнекілігінде және бейнеленген заттың көлемін жалпылама көрсетуінде, сондықтан оны заттың құрылымдық пішінін түсінуді жеңілдету үшін сызбаға иллюстрация ретінде қолданады.

МЕСТ 2.317-69 стандарты аксонометриялық проекцияларды қарастырады; олардың ішінде көбінде қолданылатындар тік бұрышты изометрия және қиғаш бұрышты фронталь диметрия.

Проекциялар бағыты жазықтығына перпендикуляр болса, аксонометрия тік бұрышты деп аталады. Тік бұрышты проекция тік бұрышты изометриялық проекция және тік бұрышты диметриялық проекция деп екіге бөлінеді.

Тік бұрышты изометрия




Тік бұрышты диметрия


Егер проекциялау бағыты проекциялар жазықтығына перпендикуляр болмаса аксонометрия қиғаш бұрышты деп аталады. Қиғаш бұрышты аксонометриялық проекция қиғаш бұрышты фронталь диметриялық, қиғаш бұрышты горизонталь изометриялық және қиғаш бұрышты фронталь диметриялық деп үшке бөлінеді.

Қиғаш бұрышты фронталь диметрия

Қиғаш бұрышты горизонталь изометрия


Қиғаш бұрышты фронталь диметрия


Аксонометрияның V=Н=W, болатын жеке түрін изометрия дейді. Изометрия –грек сөзі (бірдей өлшем) деген мағына береді. Тік бұрышты изометриялық проекцияда аксонометриялық осьтер бір – бірімен 120 градусқа тең бұрыштар жасап орналасады, яғни х, у, z осьтері бағытында зат бұрмаланбай, өздерінің ұзындықтарын сақтап кескінделеді.

Кубтың тік бұрышты изометриядағы аксонометриялық проекциясы
Бұрмалану көрсеткіштерінің екеуі өзара тең және олар үшіншісіне тең болмайтын түрін диметрия деп атайды. Диметрия – грек сөзі (екі өлшем) дегенді білдіреді.

Кубтың қиғаш бұрышты фронталь диметриядағы аксонометриялық проекциясы



Кубтың тік бұрышты изометрия

Кубтың тік бұрышты диметрия


Кубтың қиғаш бұрышты фронталь диметрия

Кубтың қиғаш бұрышты горизонталь изометрия

Кубтың қиғаш бұрышты фронталь диметрия


«Изометриядағы менің қалам» атты бейнебаян арқылы тақырыпты толықтырып көрсету, анықтау, талдау.
IV-бөлім. Сабақты бекіту

Сөзжұмбақ «Проекция»



  1. Фронталь, горизонталь проекциялар жазықтығына тағы бір вертикаль жазықтық орналасқан, ол қандай жазықтық? Профиль

  2. Бізге қарсы орналасқан вертикаль проекция жазықтығын қандай жазықтық деп атайды? Фронталь

  3. Фигураны жазықтыққа кескіндеген кезде проекциялаушы сәулелер бір нүктеден тарайтын болса, мұндай әдісті қалай проекциялау деп атайды? Орталық

  4. Координаттарының екі осінің көлбеулігі бірдей, үшіншісі басқаша болатын аксонометриялық проекция түрі? Диметрия

  5. Координаттар жүйесінің осімен Oz жүйесі не деп аталады? аппликата

  6. Координаттар жүйесінің осімен Oх жүйесі не деп аталады? Абсцисса

  7. х және у осьтерінің көлбеулігі бірдей, барлық үш ось бойынша өлшемдер бірдей кемиді, бұл аксонометриялық проекцияның қай түрі? изометрия

  8. Осьтер бойынша өлшеу дегенді білдіретін проекция түрі? аксонометрия

Студенттердің жұмысын тексеру, бағалау, бағаларды түсіндіру.

V-бөлім. Үй тапсырмасы
Т. Мусалимов, Э. Байдибеков, С. Қолбатыр «Сызба геометрия және инженерлік графика» 26-37 беттер.

№5 графикалық жұмыс. Аксонометриялық проекция бойынша модельдің сызбасын орындау (үш проекцияны орындау және өлшемдерді түсіру).
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет