Астана қаласы



жүктеу 92.64 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі92.64 Kb.

Астана қаласы

«Көлік және коммуникация колледжі»МКҚК

Пәні:Инженерлік графика

«Математика және моделдеу» мамандығы бойынша техника ғылымдардың магистрі

Арнайы пәндер оқытушысы:Бахыт Сулушаш
Баспалдақ маршын сызу
Мақсаты: Баспалдақ тор сызбасын есептеуді үйрену және баспалдақ маршы ұғымын

Білімділік:

а) студенттерге баспалдақ маршы ұғымын түсіндіру, құрылыс сызба элементі – баспалдақ құрылымын тұрғызуды үйрету, ғимарат, жоспар, тілік, қасбет ұғымдарын қарастыру, жобаны сызуда қолдану, тапсырма бойынша студенттердің сызу дағдыларын қалыптастыру;

б)ойлау, бақылау арқылы студенттердің дүние таным қабілеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық:

а)ойлау жүйелілігін және талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту;



б)іздену, бақылау арқылы студенттердің дүние таным қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік:

а) өз бетінше жұмыс істеуге бейімделу;

б) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

в) тиянақтылыққа, жылдам ойлауға, оқытушының және топтастарының ой- пікірін тыңдап, сыйлауға үйренуді тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялары: деңгейлеп оқыту

Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ

Оқыту әдістері: сұрақ жауап, баяндау, тапсырмаларды орындау

Көрнекі құралдары: проектор, компьютер, слайдтар, үлестірмелі материалдар

Пәнаралық байланыс: электротехника, техникалық механика
Хронометриялық кесте


1




Ұйымдастыру кезеңі

1-3 минут

2




Негізгі бөлім







2.1

15 сұрақ

10-12 минут




2.2

Жаңа тақырыпты түсіндіру

15 минут




2.3

Тапсырма орындау

35-40 минут




2.4

Бекіту

3-5 минут

3




Қорытынды

1-3 минут

Сабақтың барысы

  • I бөлім1.Ұйымдастыру кезеңі. Студенттерді тугелдеу.Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсатын, жүру барысын айту, жұмыстық көңіл-күй қалыптастыру

  • ІІ –бөлім. Үй жұмысын тексеру

Қайталау.Блиц-сұрақтар.

  1. Ғимараттар деп ... жерде орналасқан құрылыстарды айтамыз.

  2. Жұмыс кеңістігі - өндірістегі адамдармен бөлімдегі немесе бөлме кеңістігінде адамдардың жүруіне арналған;

  3. Құрылыс материалы дегеніміз – табиғи және жасанды материалдармен бұйымдар, үйлер мен ғимараттар салуда және жөндеуде қолданылады.

  4. Бетон - белгілі мөлшерде алынатын щебеннен ( гравийден ), құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы.

  5. Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі міндеті ғимараттан түсетін жүктеуді қабылдап негізге беру.

  6. Жабындар деп, ғимараттың ішкі кеңістігін қабаттарға бөлетін конструкция-ларды атайды.

  7. Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады

  8. Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қана-ғаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады

  9. Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады

  10. Масштаб дегеніміз —заттың сызбадағы ұзындығының оның натурал ұзындығына қатынасы (бөлшек сан).

  11. Қасбет – ғимаратқа алдынан қарағандағы негізгі басты көріністі айтамыз.

  12. Қарып деп әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады.



  • ІІІ-бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.


БАСПАЛДАҚТАР
Қабаттар арасындағы хабарлама әдістері туралы түсінік. Баспалдақ элементтері
Баспалдақтарды, көлбеушелерді, лифттерді және эскалаторларды ғимарат қабаттары арасына тік байланыс болуы үшін орнатады. Алайда көпшілік бес қабатқа дейінгі ғимараттарда, баспалдақтар тік комуникацияның негізгі түрі болып қызмет атқарады.

Баспалдақтар (сурет 10.1) көлденең элементтерден тұрады – алаңшалардан және еңіс – марштардан.

Қабаттың едені деңгейіндегі баспалдақ алаңшаларын қабаттық, ал қабаттың биіктігі аралығындағы – қабатаралық деп атайды.

Қабаттар арасындағы марштардың саны бірден үшке дейін және одан астам өзгере алады.

Баспалдақ марштарының өзіне тән аттары болады, мысалы, бірінші қабатқа көтерілетін маршты шығыңқы іргелі, ал қалғандары қабатаралық, жер төлелік, шатыр астылық деп аталады.

Баспалдақ басқыштарындағы көлденең жазықтық басқыш үсті, ал тік – басқыш асты деп аталады. Басқыш үсті мен басқыш асты өлшемдері баспалдақ маршының еңістерімен байланысты.

Баспалдақ алаңшасына сүйенетін және баспалдақ басқыштарын тірейтін алып жүретін еңіс арқалықтарды көлбеу арқалық деп атайды. Басқыштың шетжағында орналасқан алып жүретін арақалықтарды – тетив деп атайды.
Баспалдақ сұрыптамасы, оған қойылатын талаптар
Баспалдақтарды келесі белгілер бойынша сұрыптауға болады:

1) Ғимаратта орналасуы бойыншаішкі (жалпы қолданылатын, баспалдақ торында орналасқан), сыртқы (ашық), пәтер ішіндегі.

2) Арнауы бойынша баспалдақтар мынандай болады:


  • негізгі қабаттар және эвакуациялар арасында күнделікті хабарлама беру үшін;

  • қосымша, баспалдақ торын шатыр астымен немесе төлемен байланыстыратын;

  • қызметтік, қоғамдық ғимараттар қатарында қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған ( асханалар, дүкендер, бекеттер және т.б.);

  • апаттық, ғимараттан эвакуациялауға раналған;

  • өрттік, шатырға шығатын;

  • кіру, ғимаратқа, пәтерге кіру үшін ( немесе жеке бөлмеге).

3) Қабат шегіндегі марштар саны бойынша баспалдақтарды былай ажыратады: бірмаршты, екімаршты, үшмаршты және жүгірме басқышымен

1 – қабат алаңшасы; 2 – шығыңқы ірге маршы; 3 – сондай, қабат аралық; 4 – қабатаралық алаңша; 5 – марш басқыштары; 6 – басқыш үсті; 7 – басқыш асты; 8 - әшекейбедерлі басқыш.
Сурет 10.1 – Баспалдақ элементтері
4) Өрт қауіпсіздігі шарты бойынша былай ажыратады:

  • өрттен және түтіннен қорғалмаған баспалдақтар;

  • өрттен және түтіннен қорғалған баспалдақтар(сурет 10.2 а), яғни, оқшауланған баспалдақ торында орналасқан.

  • түтінделмеген баспалдақтар (сурет 10.2 б), көп қабатты ғимараттардың бөлмелерімен балкон немесе лоджия арқылы байланысқан.

5) Құрылымның материалы бойынша баспалдақтар құралатын немесе монолитті темірбетоннан, металлдан, ағаштан болады.

Баспалдақтар мынадай талаптарды қанағаттандыру керек.



  • мықтылық және беріктік, яғни, оларға әсер ететін күшті қабылдауы керек;

  • өткізу қабілетінің жеткіліктілігін қамтамасыз етуі керек, ғимараттың қабаттылығы мен белгілеріне сәйкес;

  • пайдалануда ыңғайлылығы (с.қ. шектелген баспалдақ марштарының еңісі болуы керек, 1:1,5 тен 1:2 қабылданады);

  • өртке төзімді (екі қабатты ғимараттардағы ағаш баспалдақтардан басқасы);

  • мықтыланған жиналған материалдан тұрғызылу, өнеркәсіптендіру талаптарына сай болуы керек;

  • ғиммараттың интерьерімен сайкес болу;

  • үнемділік талаптарына сәйкес болу, яғни, құны, еңбек сыйымдылығы және құрылыс материалдар шығыны көрсеткіштері төмен болуы керек.


Баспалдақтардың және баспалдақты торларының көлемдерін анықтау
Баспалдақтардың баспалдақты торлардың элементтернің көлемін анықтау үшін баспалдақты марштың енін және ылдиын, қабаттың биіктігін білу керек.

Мысалы: Төрт қабатты үйдің екі маршты баспалдағының және баспалдақты торының элементтерінің көлемдерін анықтау? Егер де қабаттың биіктігі Н-2,7 м, ал марштың ені В-1,05 м, баспалдақты марштың ылдиы 1:2.

  1. Берілген ылдиға сәйкес басқыштардың келесі көлемдерін қабылдаймыз: қабат үсті с = 300 мм, n = басқыш асты 150 мм.

  2. Бір баспалдақты марштың биіктігі – Н/2 – 2700/2=1350 мм

  3. Марштардағы саты асты саны П=1380/150=9 дана

  4. Марштағы сатылардың саны басқыш асты санының бір бірлікке аз, себебі баспалдақ алаңшасының еніне әшекейбедерлі басқышастын еңгізгендіктен, яғни:

Сатылар саны: С = П-1 = 9-1 = 8 дана.

  1. Баспалдақ маршын салу ұзындығы

d =C(П-1)=300*8=2400 мм.

  1. Баспалдақ торының көлемдері:

Ені В = b+S+ b = 1050 + 100 + 1050 = 2200 мм,

Мұндағы S = 100 мм – өрт сөндірушілерді өткізуге арналған баспалдақты марштардың арасындағы саңылаулардың көлемі;

b= 1050 – бір марштың ені;

Ұзындығы L = a+d+a = 1200+2400+1200 = 4800 мм,

мұндағы а = 1200 мм – баспалдақ алаңшасының ені (баспалдақ маршы енінен аз болмауы керек).

Жасалған есептеулер баспалдақтың графикалық құрылысына дайындық береді. Тор бойынша (сурет 10.3) баспалдақтың, баспалдақ торының қырыны сызылады.


а – оқшаулау баспалдақ торымен түтін мен оттан қорғалған; б – түтінденбейтін; 1 – қоқыс құбыры; 2 – жолаушы лифті; 3 – жүккөтергіш лифт; 4 – лоджия.
Сурет 10.2 – Қабаттылығы жоғары ғимараттардың баспалдақтарының жоспарлық шешімі

hэт - қабат биіктігі; В – баспалдақ торының ені; L – баспалдақ торының ұзындығы

Сурет 10.3 – баспалдақтың көлденең қимасының пішіні (а) және баспалдақ торының жоспары (б)

а – ұсақэлементті; б – монолитті; 1 – баспалдақты ұстайтын қабырға; 2 – жинақталған басқыштар; 3 – кірпішті арақабырға; 4 – қисық сызықты алып жүретін арқалық; 5 – марш басқыштары.


Сурет 10.4 – Темірбетонды баспалдақтар

а – марштер мен алаңшалардан жасалған; б – жарты алаңшалары бар марштардан жасалған; 1 – баспалдақ алаңшасы; 2 – баспалдақ маршы; 3 – сүйеніш; 4 – ағаш тұтқа; 5 – марштар сүйенетін сөрелер; 6 – пластмассалы тұтқа.
Сурет 10.5 – Ірі элементті темірбетонды баспалдақтар

1 – кіру алаңшасы; 2 – қалқаншаны ұстайтын бағаналар; 3 – кіру (салтанатты) есік; 4 – қорғау қалқаншасы; 5 - әшекейлі тор.

Сурет 10.6 – Сыртқы кіру бөлшектері

а – апаттық (марштар мен алаңшаларды қоршау шартты түрде көрсетілмеген); б – өрттік; 1 – металды алаң; 2 – металды марш.
Сурет 10.7 - Сыртқы баспалдақтар
-
а – аспамен қоршалған шұңқыршада орналасқан; б – жапсаржайда.

Сурет 10.8 – Жерасты төлеге сыртқы кірулер


IV-бөлім. «Баспалдақ маршын сызу» тақырыбында тәжірибелік жұмысты аудиторияда орындау.

V-бөлім «Баспалдақ маршын сызу» тақырыбын бекіту.

  1. Баспалдақтың элементтерін атаңыз? (алаңшалардан, марштардан).

  2. Арнауына байланысты қандай баспалдақ түрлері болады?(негізгі, қосымша, қызметтік, апаттық, өрттік, кіру).

  3. Неше маршты баспалдақ болады? (бірмаршты, екімарышты, үшмарышты, жүгірме басқышымен).

  4. Екі марыштың ортасында неге кеңістік қалады? (өрт сөндіру үшін)

  5. Стандарт бойынша басқыш үсті, басқыш астының өлшемі қанша болуы тиіс? (басқыш үсті 30мм, басқыш асты 12-15 мм)

  6. Баспалдақтар құрылымына байланысты қандай материалдардан жасалады? (құралатын немесе монолитті темірбетоннан, металлдан, ағаштан).

  7. Суреттегі баспалдақ элементтерін атаңыз


1 – қабат алаңшасы; 2 – шығыңқы ірге маршы; 3 – сондай, қабат аралық; 4 – қабатаралық алаңша; 5 – марш басқыштары; 6 – басқыш үсті; 7 – басқыш асты; 8 - әшекейбедерлі басқыш
Студенттердің жұмысын тексеру, бағалау.
VI-бөлім. Үй тапсырмасы

  1. Бүгінгі баспалдақ марштарын сызу тақырыбы бойынша кездескен барлық терминологиялық создерді оқып, келесі сызба жұмыстарында қолдану.

  2. Конспектіні оқып пысықтау.

  3. Гафикалық жұмыс келесі сабақта тексеріліп бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет