«Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының



жүктеу 98.03 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі98.03 Kb.

«Астана қаласының Мәдениет,

мұрағаттар және құжаттама

басқармасы» мемлекеттік

мекемесі басшысының

2017 жылғы «____» _________

________ бұйрығына



қосымша


«Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және

құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1.     Жалпы ережелер
1. «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық қатынастардың жеке салалары үшін (бұдан әрі - қоғамдық қатынастардың жеке салалары) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес әзірленді:

1) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;

2) мәдениет.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының әзірлеушісі - «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жеке салаларына ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу міндеттері:

1) қоғамдық қатынастар жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртібін қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу болып табылады.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мақсаттары:

1) заңдылық;

2) транспаренттілік;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар белгіленген ережені мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс әрекетін және шішімдерін анықтайды.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар негізінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау көз қарасы:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

2) өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау;

3) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау;

4) тіршілік әрекеті саласы тиісті спецификасына байланысты өзге қоғамдық маңызды қатынастар кезінде қалануы тиіс.


2. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс

істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары
2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

7) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

8) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

9) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуына жол бермеуге тиіс .



2.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

1) тікелей қарамағындағы немесе тікелей басшыға мүдделер қақтығысының орын алғаны туралы, қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі жеке қызығушылық, сыбайлас жемқорлыққа бейімделуі және сыйлықтар алуы туралы баяндауы;

2) лауазымдық міндеттерді атқару кезінде жеке және пайдакүнемдік қызығушылықтарды басшылыққа алмауы;

3) әріптестер және басшылармен орнатылған қарым-қатынас тәртібін бұзатын, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына әсерін тигізетін заңсыз өтініштер білдіруден тартынуы;

4) сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасауға басқа тұлғаларды бейімдемеу және ынталандырмауы;

5) лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін әріптестерге, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға сыйлықтар және қызметтік емес қызметтер көрсетуден бас тартуы;

6) лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға байланысты сыйлықтар қабылдамауы;

7) мүліктік және мүліктік емес игілік пен артықшылықтарды алу немесе пайда табу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік немесе басқа да ақпаратты пайдаланбауы;

8) жақын туыстық қарым-қатынаста болатын (ата-анасы, жұбайы, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары) тікелей қарамағындағы немесе бақылауындағы тұлғалармен байланысты болса лауазымға тағайындалудан бас тартуы;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік көрсетуі;

10) сыбайлас жемқорлық фактілерінің белгілі болуы туралы басшылыққа тез арада баяндауы;

11) орындау үшін берілген өкімнің заңдылыққа күмән туғызуы туралы тікелей басшыға жазбаша түрде тез арада хабарлауы;

12) егер тікелей басшы мүдделер қақтығысына тартылған болса онда жоғары тұрған басшыға жүгіну қажет;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды әріптестерден талап ету және қолдауы;

14) сыбайлас жемқорлықтың бұзушылықтары және оның зардаптары, мүдделер қақтығысының пайда болу себептері мен жағдайдарын жою бойынша шараларды қабылдауы;

15) кіріс түсіруге байланысты және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін біреулерге кәсіпкерлік қолдау көрсетуден тартынуы;

16) үшінші тұлғалардың мүдделері ұсыну немесе ықпал жасаудан тартынуы тиіс, олардың атынан әрекет етумен тең.

2.3. «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларының қызметтерді, жұмыстарды, тауарларды сатып алумен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;

5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;

6) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

7) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға жол бермеу;

8) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген болса қатысуға жол бермеуі тиіс.

2.4. «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іріктеу және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылары мен лауазымды тұлғаларына:

1) меритократия қағидаттарын басшылыққа алу;

2) «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға қойылатын негізгі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

3) Кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

4) мемлекеттік қызметкерлердің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

5) «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қызметке/жұмысқа кіретін үміткерлерден еңбек шартын жасау үшін қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

6) «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеруді әділ және жан-жақты жүргізу.

2.5.  Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

1) құқықтық актілердің жобаларын дайындау және талқылау барысында бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамның міндетті қатысуы;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндетті қатысуы;

3) әзірленген құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастырылады;

4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын құқықтық актілердің жобалары, олар сараптамалық кеңестің отырысында қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады;

5) сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды құқықтық актілерде қолданбау.

2.6. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.



2.7. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар кезінде:

1) туысқандық, жерлестік және жеке берілушілік белгілері бойынша кадрларды іріктеуге және орналастыруға жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтау;

2) қарамағындағы лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіліктерінің көлемі мен міндеттерін анық және нақты анықтау;

3) қарамағындағы лауазымды тұлғалардың арасында еңбек жүктемесін біркелкі емес бөлуді болдырмау;

4) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;

5) заңнамаға қайшы келетін лауазымдық міндеттердің шегінен шығатын немесе орындалмайтын бұйрықтар бермеу;

6) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға қарамағындағы қызметкерлерді мәжбүрлемеуге;

8) қарамағындағы қызметкерлердің және басқа да лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жеқорлыққа қарсы заң нормаларын бұзудың жолын кесу немесе оларды болдырмау

9) әріптестердің лауазымдық қызметтерін орындау барысында пайда болған мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдау;

10) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түбегейлі шараларды қабылдау;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жағдайлары мен себептерін жою, оның ішінде қарамағындағы қызметкерлермен;

12) жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау;

13) қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін қарамағындағы қызметшілердің қатысуына жол бермеу.


_____________________________

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет