Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас тағы да желіні шулатты. Оның әлеуметтік желіге бейтаныс қыздан кешірім сұраған хаты тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/espanov_olzhas/

TikTok желісіне Айсұлу есімді қолданушы Олжаспен жазысқан хатын жүктеді. Ол жерде Олжас жазған сөздеріне өкінетінін айтып, кешірім сұраған. 

“Осылай адам құсап сөйлесейік десең, өзің диалогке келмей жатырсың. Халықтың алдында абыройым айрандай төгілді. Кінә менен болды. Өзің де біліп тұрсың. Ойнастықтан болған болар. Пендеміз ғой қателестім. Алла алдында жауап беремін. Бұл өмірде ешкім пәк емес. Умраға барғаннан кейін, қойғанмын. Жігіт болған соң қараған болармын. Адам өзгеру керек қой енді. Ал саған қашан жазғанымды білмеймін. Хайырлысы енді. Болған іс болды. Бәрі көрді. Бұл іске Алла алдында өзім жауап беремін. Кешірім сұраймын. Өмірлік жарым табылып жатса, үйленемін. Сенен кешірім сұраймын”, – деп жазған хатта. 

Фото: https://www.tiktok.com/@a1sulu.kk

Еске салайық, Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қызға интим хаттар жазып, басы дауға қалған еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.