Астанадағы Аграрлық университеттің 8 оқытушысы «жоо үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды



жүктеу 10.21 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі10.21 Kb.

http://www.inform.kz/kaz/article/2431231

07.01.2012 / 09:10



Астанадағы Аграрлық университеттің 8 оқытушысы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 8 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында 2011 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау бойынша республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды.

Дәстүрлі байқау өткен жылы 8 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. 2010 жылы оған 86 жоғары оқу орнынан 850-ден астам үміткер қатысса, 2011 жылы 84 жоғары оқу орнынан (38 мемлекеттік, 14 акционерлік, 32 жекеменшік ЖОО) 600-ден астам оқытушы бақтарын сынады. 



Нәтижесінде, ғылымның 19 саласы бойынша 200 педагог «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына лайық деп танылды. Олардың арасында Астананың ең көне университеті - С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың 8 оқытушысы бар: Сәрсенбай Әбдірахманов, Жайдары Әбілдина, Болат Әбдікәрімұлы, Юрий Балджи, Нұрлыбай Қажығалиев, Николай Костюченков, Саяхат Нөкешев және Базархан Рүстембаев.

ҚР БҒМ-ның мәліметтеріне сәйкес, биыл 2010 жылмен салыстырғанда грант жеңімпаздары құрамының сапасы жоғары. Мәселен, 73 пайызы (2009 жылы - 42,5, 2010 жылы - 68 пайыз) профессорлар мен ғылым докторлары болса, қалғандары - доценттер мен ғылым кандидаттары, PhD докторлары.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет