Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «оаэк» АҚ-ның экологиялық десанты 27 маусым 2018 ж. Астана қ. «Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы»



жүктеу 15.93 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі15.93 Kb.



БАҚ өкілдеріне шақырту
АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ
«ОАЭК» АҚ-НЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДЕСАНТЫ

27 маусым 2018 ж. Астана қ.

«Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) және оның еншілес компаниялары БАҚ өкілдерін Астана қаласының 20 жылдығы мен Корпорацияның 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Экологиялық десантқа» шақырады.

«Экологиялық десант» 30 маусым 2018 жылы, сенбі күні, Целионград ауданының Ақмол ауылынан 20 шақырым жерде, Нұры өзенінің жағалауында Шалқарға апаратын көпірдің астында өтеді (картадан қараңыз).

Өзен жағалауы қала мен жергілікті тұрғындардың демалыс орны болып қалыптасқан. Бірақ жыл сайын жазғы маусымда өзен жағалаулары пластик бөтелкелермен, пакеттермен, сынған бөтелкелермен және алау қалдықтарымен, яғни демалыс салдарынан қоқыстармен ластанады.

Экологиялық акция барысында «ОАЭК» АҚ мен оның еншілес компаниялары «Ақмола ЭҮК» АҚ және «Астанаэнергосбыт» ЖШС өзен жағалауын қоқыстан тазалайды. Сонымен қатар экологиялық акция барысында «ТОҚТА! Артыңды жинап кет!», «Қоқысты өзіңмен алып кет!» деп жазылған қалқандар орнатылады.




«ОАЭК» компаниялар тобының қызметкерлері акция өткізе отырып, туған мекеннің, көрікті Астананың экологиясына қолдау білдіреді. Ұрандар жазылған қалқандар қала тұрғындарына демалыстан кейін жағалау аумағын таза ұстауды ескертіп отыратын болады.
Акция 10.30-де басталады. Қажет болған жағдайда акция ұйымдастырушылары тілшілерді межелі жерге апаруға дайын, тек алдын-ала ескертудi cұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша:

«ОАЭК» АҚ баспасөз қызметі,

Ұялы тел.:

+7 777 606 36 09

+7 701 032 42 11



+ 7 701 734 70 55

pr@energy.kz



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет