Ақсу ауылдық округінің әкімі Қ. Есимхановтың тұрғындар алдында есеп беру тезисі



жүктеу 60.37 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі60.37 Kb.

Ақсу ауылдық округінің әкімі Қ.Есимхановтың тұрғындар алдында есеп беру тезисі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Елбасының дәстүрлі Жолдауы жарқын болашақтың жайбірғана елесі емес, ашық сәулесі шуақтандырған сияқты әсерге бөлейді. Бұл фактор елді ортақ мақсатқа жұмылдыруға және ертеңгі күнге үлкен үмітпен қарауға сөзсіз жетелейді. Жолдаудың тарихи мәнінің ерекше екені осында. Халық осыған дейін Елбасының саясатына қандай қолдау көрсетсе, алдағы уақытта да Жолдауда жарияланған жаңа міндеттерді жұмыла көтеріп, үлкен қолдау көрсетуіне қолжеткізуіміз қажет.

Ақсу ауылдық округі бойынша өткен кезеңді кездесудегі айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелердің орындалуы туралы іс-шара жоспары жасақталып бекітілген болатын. Барлығы 6 ұсыныс пен ескертпелер түсіп, тұрғындардың 5 ұсынысы толық орындалды, қаражат мәселесіне байланысты 1 ұсыныс ағымдағы жылға қалтырылды.   

       Ақсу ауылдық округінің барлық жер аумағы 44 736 га құрайды. Құрамында төрт елді мекен бар. 2017 жылдың 1 қаңтарына халық саны 1050 адамды құрады. Оның ішінде: 127 зейнеткер, 18 тыл ардагерлері, 36 көп балалы аналар, 16 жалғызбасты зейнеткерлер, 581 - еңбекке жарамды тұрғындар, 445-оның ішінде жұмыс істейтіндер, 4 - жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрғандар. Округте 1 орта және 1 бастауыш мектеп, 2 Фельдшерлік- акушерлік пункт, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 27 шаруа қожалықтары, 8 сауда нүктелері, 1 дәріхана, 2 наубайхана 1 ем дәрі заводы, 1-мал сою алаңы, 1 тігін цехы, 1-ағаш тілу қондырғысы, 3 пантымен емдеу демалыс орталығы жұмыс атқаруда.                                 

2016 жылы Ақсу ауылдық округ аппаратында 4 заңды және 2 жеке тұлғалардың өтініштері қаралып, толық қанағаттандырылды. Жеке қабылдауда 22 адамның ауызша ұсыныс, өтініштері қаралды.

250 тұрғынға әр түрлі анықтамалар беру сияқты мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

        Салық түсімдері бойынша жеке тұлғалардан келіп түскен салық төлемдері:

- Мүлік салығы бойынша - 54 100 теңге, яғни жоспар 102 пайызға,

- Жер салығы - 178 100 теңге, жоспар 104.2 пайызға,

- Көлік салығы 1 767 900 теңге, яғни жоспар 105.2 пайызға орындалды.  

-Жеке табыс салығы 528 300 теңге, яғни жоспар 103,6 пайызға орындалды.

-Барлығы 2 528 400 теңге, яғни 104,7 пайызға орындалды.



Ауыл шаруашылығы бойынша: Ауылдық округте 2016 жылы жалпы екпелер егілген егістік жер көлемі 353,4 гектар: оның ішінде 23,1 гектар жерге тұрғындардың картоп ексе, шаруа қожалықтары 330,3 гектар егістікке көп жылдық шөп екті. Түскен өнімнің жалпы жиыны 22354,5 центнер, оның ішінде 17272,5 центнер көпжылдық шөп, 5082 центнер картоп алынды.      

         Мал шаруашылығы бойынша: ауылдық округтің 01 қаңтар 2017 жылға санақ қорытындысы бойынша 1601 бас ірі қара, 1738 бас қой-ешкі, 1340 бас жылқы, 60 марал, 1523 әртүрлі құстар бар. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 3-9 пайыздар аралығында өсім беріп отыр.



Білім саласы бойынша: Округте, ағымдағы оқу жылында 213 оқушы білім алып, 36 мұғалім дәріс беруде. Ұстаздардың 8 – інде арнайы орта, 28-нде жоғарғы білімдері бар. Мектептер педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Құрал-жабдық, интернетпен, кітаптармен толық қамтылған. Мектепте спорттық секцияларөткізіліп тұрады.

Ақсу ауылында 49 млн. 999 мын 309 теңге қаражатқа 20 орынға арналған мектептің интернатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда Жазаба, Беқалқа, Үш-Бұлақ ауылдарының оқушылары тұрады.

Ыстық тамақпен барлық оқушылар қамтамасыз етілуде, оның ішінде 43 бала тегін тамақтандырылады.
Ақсу ауылында «Еркетай» балабақшасы жұмыс істейді, мұнда 27 бүлдіршін тәрбиеленуде және 3 уақыт тамақпен қамтамасыз етілген, Жазаба мектебінде 1 шағын орталық жұмыс істеп тұр, оларда 4 бала тәрбиеленуде.

               Мәдениет және спорт саласы бойынша: Ауылдық округте 1 ауылдық клуб халыққа қызмет көрсетеді. 2016 жылы 7 млн.113 мың теңге қаражатқа ағымдық жөндеуден өткізілді. Аудандық мәдениет үйінен 250 мың қаражатқа музыкалық аппаратура сыйға тартылды. Орындықтармен трибуна алынды. Жыл көлеміндегі барлық мерекелер жоспарлы түрде аталып өтіледі. Мысалы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік Толғауым» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасының қатысқан округтің жастары жүлделі орындарға ие болды. Ақсу ауылының тумасы Ербол Кубентаев Кумашевич әртүрлі мерекелерді өткізуге ақшалай демеушілік көрсетті, сол сияқты ауылдық азаматтары аудандық мерекелерге қатысу үшін көлікпен көмектескен Жибетаев Даулетпекке, Кошенов Айбарға, Какишев Ермекке, Карыкпаев Рахатқа, Манашев Айқынға т.с. ризашылығымызды білдіреміз.



Денсаулық сақтау саласы бойынша: Ауылдық округте 1 - ауылдық дәрігерлік амбулатория, 2 - фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істеп, онда 10 орта буынды медбикелер жұмыс атқаруда. Округтегі халықтың демографиялық жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді, биылғы жылы 13 бала дүние есігін ашты. Тұрғындар уақтылы рентген аппаратынан, скринингтік тексеруден өтіп тұрады, жұқпалы аурулар биылғы жылға тіркелмеген.

Өткен жылдың Ақсу ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы 10 млн. 891 мың қаражат көзіне ағымдық жөндеуден өткізілді.



Санитарлық-тазалық, абаттандыру, көгалдандыру саласы бойынша: . Санитарлық – тазалық айлықтары кезінде әр аптаның жұма, сенбі күндері сенбіліктер өткізіліп тұрды. Қоқыс төгетін орындар күретіліп, қалыпқа келтірілді. Жалпы айлық кезінде 512 түп ағаш, бұта көшеттері отырғызылды. 20 тонна күл қоқыстармен тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Осы жұмыстарға жергілікті өзін өзі басқару қаражатынан 100 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылды.
Жазғы уақытта әр жұма сайын ауылдың санитарлық тазалығын тексеру бойынша рейттер жүргізіледі. Бұл жұмыс тобына учаскелік полиция инспекторы, әкімшілік қызметкерлері кіреді.

Әр ауылда жазғы маусымда сауын сиыр табындары ұйымдастырылып, бойдақ малдар және жылқы табындары жайлауға көшірілді.

2016 көктем айында шайылып, бұзлған Ақсу өзенінің жағалауына 12 млн. теңге қаражат бөлініп, өзен жағалауы қалпына келтіріліп, мәселе шешілді.

Ауылды көркейту жұмыстарына 11 млн. 453 мың теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат Ақсу ауылының Тәуелсіздік, Жанаөлке, К.Бакин, Молдагулова көшелеріне тас төгіп, грейдерлеу жұмысына жұмсалды. 1 млн. теңге қаражат Ақсу ауылының Абай көшесіне бөлініп, мақсатты игерілді.


Қоғамдық тәртіп бойынша: Округ бойынша учаскелік полиция инспекторы және жергілікті мекемелерден құрылған қоғамдық сақшылармен кешкі кезекшілік ұйымдастырылған. Округте 2 мал ұрлығы тіркелген. Осының 1 –еуі ашылған. 1 үй – жай тонау бойынша қылмыс тіркеліп, ашылмаған. Құрылыс аумағынан 1 ұрлық бойынша қылмыс тіркелгіп, ашылмаған . Былтырғы жылы 4 қылмыс тіркелген болса, биылғы жылы қылмыс тіркелмеген. Ауыр қылмыс тіркелмеген.  Жұмысын жақсарту бойынша учаскелік полиция инспекторы жұмыс орыны мен қамтамасыздандырылған, телефонмен жабдықталған, компьютермен қамтамасыз етілген.

Халыққа қызмет көрсету саласы бойынша: Округте 193 телефон нүктесі жұмыс істейді, байланыс мәселесі толығымен шешілген, қазіргі күні округте цифралық телефон байланысы жұмыс істеп тұр. Ал пошта бөлімшесі аудандық пошта бөлімшесімен өзара келісім шарт бойынша жұмыс жасайды, газет-журнал уақытылы таратылып отырады. Сонымен қатар ауылдық округтің аумағында 2 отандық ОТАУ телеарналары мұнарасы орнатылып, іске қосылған.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша:  Округтегі тұрмысы төмен 5 отбасына 423 000 теңге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы мен әлеуметтік көмек берілді. Жыл басынан тіркеуде барлығы жұмыссыз жүрген 5 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.                                                    

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуы туралы:  Жолдаудағы халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту аясында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» бағдарламасы әзірленген.

Ауылда кәсіпкерлікті дамыту саласында округ бойынша 10 дүкен және 2 наубайхана жұмыс атқарып тұр.


Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес туралы: Округімізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу комиссиясы құрылған, жылдық жұмыс жоспары бекітілген. Өткен жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі тіркелмеген.

Үгіт – насихат жұмысы: Ауылдық округте Президентіміздің саясатын түсіндіру бағытында учаскелік 3 ақпараттық насихатшылар тобы құрылған құрамында 15 адам бар. Үгіт насихат тобының жұмыс жоспары бекітілген. Жыл сайынғы Елбасымыздың халыққа Жолдауын үгіт – насихат тобы халыққа жеткізіп отырады.

Ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша 2017 жылға қойылған жоспары:

  1. Жазаба ауылдық мектебінің күрделі жөндеуден өткізу

  2. Ақсу –Жазаба, Беқалқа, Ақшарбақ ауылдар арасының жолдарын жөндеу.

  3. Ақсу ауылында спорттық зал салу

  4. Жергілікті өзін – өзі басқару қаражатынан ауылды көркейту жұмыстарын жалғастыру.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет