Ата – аналарға арналған ақыл – кеңестер Көру қабілетін дамытуға қандай ойындар себеп болады



жүктеу 44.67 Kb.
Дата19.09.2018
өлшемі44.67 Kb.

Ата – аналарға арналған ақыл – кеңестер

Көру қабілетін дамытуға қандай ойындар себеп болады
Құрметті ата – аналар, үйде, балалармен ойнағанда сіздер бірден бірнеше тапсырмаларды шешесіздер:

– балалармен қарым – қатынас және олардың көру қабілетін дамыту.

Ойын ұйымдастырыңыздар. Егерде сіз арнайы ойынды ұйымдастырмасаңыз, баланың ойынға деген қызығушылығы туындамауы мүмкін. Сол себепті кез – келген іс - әрекетке, қандай да бір қызықты сюжетті қосып ойнауға тырысыңыз. Мысалы, баланың алдында салдырлаған бос қорапша ғана емес, ал онда тығылып жатқан бидайлар боса, яғни олармен ашығып қалған тауықтарды тамақтандыру керек. Тауықтың суретін салу керек немесе оған сәйкес келетін ойыншықты пайдалануға болады. Бос қорапшаларды бөлек алып қоймай, оны «Қоқыс шелегін» бейнелейтін ыдысқа тастау керек.

Баланың өзіне шешім қабылдауға рұқсат етіңіз. Әрбір ойын оқыту сипаттамасы мен айқын бір мақсатқа жетуге қызмет етеді. Осы мақсатқа жету үшін және сабақ пайдалы өтуі үшін, балаға еркіндік беріңіз. Ол үшін тапсырманы орындамаңыз, оның өзі дұрыс шешімге келгені дұрыс.

Ойынды ұзаққа созбаңыз. Егерде сіз ойынға деген баланың қызығушылығы төмендеп бара жатқанын аңғарсаңыз, сіз оған жарайсың сен бүгін жақсы дайындалдың деп айтуыңыз керек сонда баланы ойын жалықтырмайды, онымен бірге жағымсыз эмоциялар байланысты болмайды. Сіз өзіңіздің қателесуіңізге жол беріңіз және балаға сіздің қатеңізді тауып алуына мүмкіндік беріңіз. Бұл балаға өзіңе сенімді және өзінің күшіне сенуіне мүмкіндік береді. Ойын үстінде баланы әңгімелесуге шақырыңыз, ол өзінің іс - әрекетін және сіз ойнап жатқан заттардың белгісін атап өтуі қажет.
Кірқыстырғыш

Ойын қолдың ұсақ моторикасын дамытады, көру – қозғалысын түзетеді.

Кірқыстырғыштарды дөңгелек картонға қыстырып қойыңыз, ол «Күннің көзіне» немесе «Гүлге» ұқсас болсын. Сонымен қатар кірпіге ұқсас ойыншықты рәсімдеуге болады, онда кірқыстырғыштар инелердің рөлін ойнайды.

Балаға барлық кірқыстырғыштарды жинап алуын, сосын оны қайта қыстырып шығуын ұсыныңыз. Сонымен қатар картонға үстел күнтізбесінің сандарын желімдетуді және картонда қандай сандар болса, балаға сонша кірқыстырғышты қыстырып шығуды ұсыныңыз. Егерде кірқыстырғыш көп болса, олар әр түрлі түсте және сырт пішіні бірдей болса, онда балалар өздері көптеген жасанды бұйымдарды өздері ойластыра алады.


Түймелер

Ойын көруді қабылдауын, назар қоюын дамытады. Ойын көру қабілеті моторын түзетеді, қолдың моторикасын дамытады.



  1. Бірнеше әртүрлі түймелер жиынтығын араластырыңыз және балаға оны сұрыптап бөлуді ұсыныңыз.

  2. Түймелерді рет-ретімен мұнара түрінде қатарлаңыз (мұнара).

Баламен жарысыңыз, кімнің мұнарасы биік болады.

  1. Үстел үстіне көптеген әр түрлі түймелерді қойыңыз. Балаға бірыңғай қызыл түймелерді таңдатыңыз; барлығы кішкентай; барлығы екі тесікті түймелер және т.б.

  2. Түймелерді бір қатарға белгілі бір заңдылықпен қойыңыз, мысалы қызыл – ақ – қызыл ақ. Балаға қатарды жалғастыруды ұсыныңыз.


«Картинкаларды салыстыр»

Балалардың барлығы екі заттан айырмашылықты тауып алуды ұнатады, бұл біздің балалық шағымыздан келе жатқан ойын, ол баланың көру қабілеті назарын сонымен қатар қырағылығын дамытады.


«Екінші жартсынды боя»

Әр түрлі түсте және кез – келген талғамда көптеген бояу түрлері бар. Егерде сіз баланың назарын аударғыңыз келсе, оған жартылай ғана боялған картинка түрлерін жиі ұсыныңыз. Егерде бұл тапсырма өте қарапайым болса, онда оған ең алдымен мына жарты бөлігін суреттеп сал, сонан соң оны боя деп тапсырманы қиындатуға болады.


«Фигуралы тапсырмалар»

Бұл жаттығу назарын басқа жаққа аудару қабілетін дамытуға арналған.

Шашыраңқы салынған әр түрлі фигуралары бар ұяшықтарға, өз бетімен кесте жасау немесе кестені сатып алу. Балаға қойылатын тапсырма - әрбір фигураға белгілі бір қарапайым белгіні суреттеп салу (дөңгелекте – нүкте, шаршыда - қиғаш сызық және т.б)
«Кімнің үйі қайда?»

Бұл көру қабілеті назарын дамытуға, сызықтар бойынша көзді қадағалау қызметін дамытуға арналған жаттығулар.




  1. Бірнеше жануарлардың суретін және олардың үйлерін сал. Әрбір жануардың үйіне дейін әр түрлі түстегі ирелек жолдарды салыңыз.

  2. Сызық бойынша саусақтарын жүргізбей ақ, кімде қандай үй екендігін бала өзі анықтауы қажет. Егерде бұл қиын болса, онда алдымен саусағын немесе қарындашты пайдалануына болады, бірақ уақыт өте оны алып тастау керек.



«Корректор»

Бұл ойын үшін журналдан немесе газеттен үлкейтіліп басылған шрифпен мәтін керек болады. Балаға әрбір «О» әрпін (сызып, жақшаға алып және т.б) өшіріп тастауын өтініңіз. Содан соң міндетті түрде тексеріп, қатесін санап және нәтижесін жазыңыз.

Осы жаттығуды күнде орындап, ылғи әріптерді ауыстырып отырыңыз. Осы тапсырма балаға жеңілдене бастағанда онда тапсырманы қиындатыңыз яғни барлық «О» әрпін сызуды ұсыныңыз, ал «С» әрпін – жақшаға алсын; немесе әрбір екінші «А» әрпін және т.б сызуды ұсыныңыз. Егерде үлкен адам өзінің мәтінінде осы тапсырманы орындайтын болса, бұл балаға қызықты болады. Содан соң бір – бірінің орындауындағы дұрыс жауапты іздеуге мүмкін болады.
«Санамақ»

Үлкен параққа ретсіз тәртіппен 1-ден 20-ға дейін сандарды жазыңыз. Баладан дұрыс тәртіппен барлық сандарды тауып алуын өтініңіз.


«Не өзгерді?»

Бұл ойынның бірнеше нұсқасы бар. Оның ең белгілісі мыналар:

1.Үстелдің үстіне 5 немесе одан көп ұсақ заттарды қойыңыз. Олардың үстелде қалай жатқанын және қандай заттар екенін бала есінде сақтап қалуы үшін 30 секунд уақыт беріңіз. Одан соң бала көзін жұмсын немесе теріс қарасын. Ол уақыт ішінде сіз заттарды өзгертіңіз:

Заттардың орнын ауыстырыңыз, бір затты алып тастаңыз, бұрын қойылмаған затты қойыңыз, соған ұқсас түсі басқа затты қойыңыз және т.б. Баланың тапсырмасы – құрылымында не өзгергендігін анықтау керек. Бұл жаттығуды қолмен ұстағанда не өзгергендігін анықтауды сұрап немесе көбіне не өзгергендігін айтуы шарт (заттар қойылған үстелді матамен жауып қою керек).

2. Егерде топ балалар ойнап жатса, онда бір ойыншыны 1-2 минут ішінде мұқият басқа заттарды қарап, содан соң ойыннан шығуын өтіну керек. Өзгеріс бір немесе бірнеше адамның киімде немесе бет бейнесінде орындалады.
Жады бойынша өрнектерді саламыз

Көру қабілеті жадын дамытуға бағытталған. Бір парақ қағазда өрнектің суреті салынған. Бала 2 минут шамасында осы өрнекке қарауын өтініңіз. Осыдан кейін өрнекті алып тастаңыз да балаға сол көрген өрнегін жадына сақтау арқылы әңгімелеуін өтініңіз.



Осы ойынның уақытында жады мен назар қою қасиеті ғана дамып қоймай сонымен қатар қолдың ұсақ моторикасы жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет