Ата – аналарєа арналєан 10 Ґсиет



жүктеу 33.4 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі33.4 Kb.

АТА – АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН 10 ӨСИЕТ

Януш Корчак

  1. Балаңыз Сіз сияқты немесе қалағаныңыздай болатынын күтпеңіз. Оған ешкімге ұқсамайтын жеке тұлға болып өсуге көмектесіңіз.

  2. Баладан жасаған жақсылықтарыңыз үшін ақы сұрамаңыз. Сіз оны өмірге әкелдіңіз, ал ол қайтіп қарызын қайтарады? Балаңыз немереңізді дүниеге әкеледі, немереңіз шөбереңізді және т.с.с. Осылайша әр ұрпақ ата-анасы алдындағы қарызын өтейді.

  3. Не ексең, соны орарсың.

Жайлы жазда қыстың қамын дайында –

Өтер маусым, сырғып күндер, айың да.



М. Қашқари.

  1. Баланы толғандырған мәселелерді ескерусіз қалдырмаңыз. Оған артылған жүк Сіздің жүгіңізден артық болмаса, кем емес, өйткені оның өмірлік тәжірибесі аз.

  2. Баланы ешуақытта кемсітпеңіз!

  3. Адамның ең басты кездесулері балалармен жүздесуі. Оларға көп көңіл бөліңіз.

  4. Балаңызға қолыңыздан келмейтін нәрсені істемедім деп уайымдамаңыз, қолыңыздан келетін нәрсені істемесеңіз қиналмаңыз. Бала үшін шама жеткеннің барлығы жасалмаса жеткіліксіз.

  5. Бала - өмірдің Сізге күтуге және шығармашылық алауды жандыру үшін сыйлаған асыл құмырасы. Ол – ата-ананың арасындағы шексіз махабаттан өсетін жан.

  6. Басқаның баласын сүйе біл. Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама.

  7. Балаңыз дарынсыз боса да, талапсыз болса да, тіптен қандай бала болса да жақсы көріңіз. Онымен өткізген әрбір күніңізге қуаныңыз.


Егер сіздің балаңыз дұрыс сөйлей алмаса?!

(ата-аналарға арналған логопедиялық кеңес)


  • Балалардың сөйлеуі үлкендермен сөйлесіп қарым- қатынас жасау барысында меңгеріледі. Бала сіздің сөйлегеніңізді анық естуі қажет.

  • Балаңыз қай затқа назар аударса сіз толық жауап беруіңіз керек.

  • Балаңыз мынау не? Не үшін қажет? – деген сұрақтарына толық жауап беруіңіз керек.

  • Сіз сөйлеген кезде анық, дұрыс нақты жауап болуы қажет.

  • Балалар көрген заттарға ап-ап, би-бип, лә-лә айтқан кезде сол сөздің дұрыс айтылу мағынасын беруіңіз қажет (мысалы: ап-ап айтқан кезде сіз - ит, би-бип- машина, лә-лә - бөпе).

  • Балалардың сөйлеу тілі – күрделі процесс.Үлкендермен қарым-қатынас жасаған кезде балалардың белсенділігімен жүйке жүйесіне әсер етеді.

  • Балаңыз мадақтау арқылы қандай да бір затты зерттеп отырған кезде сол заттың дұрыс аталуын, пайдасын, негізгі қасиетін айта отыру қажет. Зерттеп отырған заттардың атауларын балаңызбен бірге бірнеше рет қайталау арқылы оның сөздік қорын дамытасыз.

  • Балаңыздың қол қимыл жаттығуларын дамытуыңыз қажет.

  • Секіру, жүгіру, жүру, еңбектеу, лақтыру, ұстау сияқты негізгі қимыл қозғалыстарды әр кезде жасау қажет.

  • Балаңызбен сөйлесу кезінде жай сөйлемдерді құруыңыз қажет. Сұрақ қойған кезінде бала ұғып алу үшін, онымен асықпай, сөйлеу керек.

  • Балаңызға (аш, әкел, тап, қой, шақыр)бұйрық арқылы өзіңізге бағындыруыңыз қажет.

  • Балаңызбен бірге күнделікті іс-әрекетке назар аударып ( жануарларға, заттарға, үлкендердің істеріне, құбылыстарға) бір сөзбен айтылуын үйретуіңіз керек.

  • Балаңызбен бірге сюжеттік- рольдік ойын ойнау барысында сөйлеу тілін дамытасыз (мысалы: қуыршақты ұйықтату, киіндіру, шомылдыру барысында).

  • Ертегі суреттерді жиі көрсетуіңіз керек.

  • Балаңыздың сөйлеу тілі үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында дамиды.

Мектепке дейінгі балалар арасында дыбыстарды айту кемістіктері жиі кездеседі. Балаларда дыбыс айтылуының бұзылуымен қатар, дыбыстарды естіп-ажырату қабілеті де нашар дамиды. Ондай балалармен түзету жұмыстарын мектепке дейін жүргізген тиімді, өйткені дыбыс айту, ажырату кемшіліктері баланың оқу, жазуының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Дыбыстарды дұрыс айтып, ажыратуға бағытталған жаттығулар берілген.



Жаттығулар төмендегідей кезектілікпен жүйеленген:

  • Дыбыстың артикуляциясын дұрыс қалыптастыру;

  • Дыбысты жеке айтуға дағдыландыру (машықтандыру);

  • Дыбысты буында дұрыс айтуға машықтандыру.

  • Дыбысты сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс айтуға машықтандыру.

  • Дыбысты сөйлемде, байланыстырып сөйлегенде дұрыс айтуға машықтандыру;

  • Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырата білу.

  • Дыбысты әріппен белгілеу.

  • Тыныс алу жаттығуларының түрлері кіреді.

  • Қол қимыл қозғалысын дамытамыз.

Сонымен қатар балалардың сөздік қорын молайтуға, байланыстырып сөйлеуін дамытуға, дыбыстық талдау қабілеттерін дамытамыз.

Әсіресе мектепке даярлық тобы дыбыс айту кемістігі баланың оқуы мен жазуына әсерін тигізген жағдайда, дыбыстық талдау, жинақтау қабілетін дамытуға бағытталған жаттығуларды кеңірек жүргізуге болады. Мысалы:



  • Қай буында , қай жерде керекті дыбыс естіледі?

  • Сөздің қай жерінде керекті дыбыс естіледі (басында, ортасында, аяғында)?

  • Сөйлемде қай сөзде естіледі?

  • Кесте әліппеден буын, сөз құрап жазу және т.б.

Оқу құралында жаттығулар, тапсырмалар әр түрлі деңгейде беріледі. Логопед –тәрбиеші-психолог балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке басының және таным ерекшеліктеріне байланысты тапсырмаларды өздері іріктеп беріп отыруы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет