«атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/4
Дата28.03.2019
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4


«АТАМЕКЕН» Қазақстан Республикасының

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде оқыту жобаларын іске асыру бойынша көрсетілетін қызметті іске асыру жөніндегі

2016 жылғы 3- тоқсандағы есеп
2016 жылғы 03 қазандағы жағдай бойынша

«Бизнес-МЕКТЕП» ҚҰРАУЫШЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ МЕКЕНЖАЙЫ :

Астана Қ., Д. ҚОНАЕВ КӨШ. 8, «Б» блоГЫ

.

Астана, 2016 ж.




ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ





Кіріспе ……………………………………………………………………

3

1.

Қызметті өңірлерде көрсету туралы жалпы ақпарат ……………….

8

2.

Салалық және өңірлік бөліністерде қатысушылардың жалпы санын талдау ……………..……......................................................................

10

2.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ………………………………………...

10

2.2.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ………………………………………

16

2.3.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы»……………………………………………..

19

3.

Ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде қатысушылардың жалпы санын талдау ………………………………………………………......

22

3.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ………………………………………..

22

3.2.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы ………………………………………

23

3.3.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ……………………………………

24

4.

Басқа бағыттардағы тыңдаушыларды талдау …………………….…….

25

5.

Гендерлік бөліністе қатысушылардың жалпы санын талдау ………….

26

5.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ……………………………………….

26

5.2.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ………………………………………

27

5.3.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы»……………………………………………..

28

6.

Жас ерекшелігі бөлінісінде қатысушылардың жалпы санын талдау …

28

6.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ………………………………………...

28

6.2.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ………………………………………

30

6.3.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы ……………………………………………..

31

7.

Жалпы санды талдау: оқудың жүргізілуін бағалау, зерттеудің негізінде жобаның тиімділігін талдау …………..

32

7.1.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ………………………………………...

32

7.2.

«Жобалық оқыту» бағдарламасы ……………………………………….

33

7.3.

«Бизнес-өсу» бағдарламасы»……………………………………………..

33




Қорытынды………………………………………………………………..

34


Кіріспе

Қазақстанда және оның өңірлерінде кешенді қолдау көрсетудің маңызды құралы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама «Қазақстан-2030» стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты әрі теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазіргі жұмыс орындарына қолдау көрсетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру және атаулы көмек көрсету мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Кәсіпкерлерді қолдаудың қаржылай емес шаралары» деген 4-ші бағытын іске асыру басталды.

«Бизнес - мектеп» құрауышы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының «Қолдаудың қаржылай емес шаралары» деген төртінші бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 58 шартқа (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ шарты) және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының шешімімен (2016 жылғы 01 маусымдағы №13 хаттама) бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен көзделген Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне (кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер) қаржылай емес қолдау көрсету тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес іске асырылады.

Қаулыға сәйкес Қаржылай емес қолдаудың операторы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) болып табылады. ҚР ҰКП жергілікті жерлерде облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) арқылы, сондай-ақ моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары (КҚО) арқылы бизнес оқыту жүргізеді.

Бизнес оқыту экономиканың барлық секторларында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілеріне (бұдан әрі – ШОБ субъектілері) тегін ұсынылады.

«Бизнес – мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы ШОБ субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа оқыту жобаларын ұсынуға бағытталған.

«Бизнес – мектеп» құрауышының қызметтері моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында КҚО-да, Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да ұсынылады.

«Бизнес-Мектеп» құрауышы аясында жоғарыда көрсетілген жобаның шеңберінде оқудан өткен және Excel форматында сертификаттар алған Тыңдаушылар базасы әзірленді.

«Бизнес-Мектеп» құрауышы бойынша экономиканың басым салаларында (барлығы 10 сала) маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, Қазақстанның кәсіпкерлеріне арналған «Бизнес аумағы» бірыңғай порталына орналастыру үшін ҚР ҰЭМ-ге енгізілді, сондай-ақ оқыту барысында жоғарыда көрсетілген барлық есептер Шартқа сәйкес білім алған респонденттер үшін DVD-дискіде ұсынылды (инновациялар, бизнес-жоспарлар және т.б.).

«Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:

1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздеріне қысқа мерзімді оқытуды;

2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды;

3) Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды көздейді.

«Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі жобалары мынадай оқыту кезеңдерін көздейді:

1-кезең. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздеріне қысқа мерзімді оқыту («Бизнес - кеңесші»).

Аталған курс шеңберінде жеке бизнес ашу, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнес жүргізудің заңдық негіздері, қаржы бойынша қысқа мерзімді оқыту көзделіп отыр. Курстың мақсаты Қазақстанның барлық өңірлерінде ШОБ сапалы дамытуға ынталандыру болып табылады.

«Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқытуды кәсіби бизнес-жаттықтырушылар жүргізеді. Курстың ұзақтығы 16 сағаттан кем болмайды. Сабақтар практикалық жағдаяттар мен жаттығуларды қоса алғанда, интерактивті режимде жүргізіледі

Курс бағдарламасына ҚР ҰЭМ шартына сәйкес мынадай тақырыптар енгізілген:



  1. Кәсіпкерлікке кіріспе;

  2. Кәсіпкерлік психологиясы;

  3. Бизнес – жоспарлау;

  4. Маркетингтік қызмет;

  5. Персоналды басқару;

  6. Кәсіпкерлерге арналған қаржы;

  7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  8. Кәсіпкерліктегі заңдық аспектілер;

  9. Франчайзинг.

Оқыту курстарын өткізу туралы ақпарат, өткізу кестелері БАҚ (өңірлік ӨКП сайттарында, телеарналар, радио және баспа басылымдарында) ақпарат орналастыру және жарнамалық плакаттар орналастыру арқылы жарияланады. Кәсіпкерлер мен халықты бизнес жүргізу негіздеріне оқытуға қатысты барлық ақпарат пен материалдар барлық облыстарда ӨКП парақтарында, сондай-ақ жергілікті БАҚ-тарда орналастырылған.

Жоспар бойынша қамтылатын адамдар саны – 12 000 (он екі мың) адам болуға тиіс. Аталған бағдарламаның шеңберінде жоспар 100,7%-ға орындалды, яғни 9 ай ішінде 12 088 респондент білім алды.



2-кезең. Кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша бескүндік оқыту («Бизнес-өсу»).

Бұл жоба аясында «Бизнес - кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар ШОБ субъектілерін кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды қамтитын оқыту көзделген.

Оқыту бағдарламасына кәсіпкерлерге жүргізілген сауалнама мен пікіртерімге сәйкес мынадай тақырыптар енгізілді:


  1. Маркетинг (Маркетингтің мәні. Маркетингтік зерттеулер мен маркетингтік талдау. Тұтынушыларды талдау. Сатып алу туралы шешім қабылдау процесі. Нарықты сегменттеу және өнімді жайғастыру. Тауар және тауар саясаты. Өнімді ілгерілету. Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы).

  2. Сатуды тиімді басқару (Сатуға кіріспе. Сату психологиясы. Клиенттер типтері. Сату кезеңдері. Байланыс орнату. Қажеттіліктерін анықтау. Тауардың таныстырылымы. Наразылықтармен жұмыс. Мәмілені аяқтау. Сатуға дайындық. Суық қоңырау шалулар).

  3. Қаржыны басқару (Талдау және жоспарлау. Кәсіпорынның негізгі қоры мен негізгі құралы. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқару. Қаржылық есептілік талдауы. Экономикалық өсу әлеуеті).

  4. Іскери келіссөздер (Коммерциялық ұсыныстар. Сату мәтіндері. Бірегей сауда ұсынысы. Әлеуетті клиенттермен кездесулердегі жұмыс. Келіссөздер. Келіссөздер технологиялары. Белсенді тыңдау техникасы. Жеке тұлға типіне қарай клиентпен өзара іс-қимыл).

Оқыту курсының мақсаты – өндіріс процесінің барысында ресурстардың барлық түрлерін (уақыт, қаржы, адамдар, шикізат және материалдар) тиімді басқаруға мүмкіндік беретін білім беру және дағдыларды қалыптастыру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының артуына қол жеткізу, өзіндік құнды төмендету. Бұл кәсіпкерге бағалық, сол сияқты бағалық емес (сервис) есебінен тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелік басымдықтарға қол жеткізуге, адами фактордың әсерін барынша азайтуға, ақаулар үлесін төмендетуге, жұмыс процестерінің жоғары бақылануын және басқарылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның нәтижесі үй салу, ақпараттық жүйе құру, инвестициялық жобаны іске асыру немесе ауқымды іс-шара өткізу болсын, әрдайым бірегей, бірден-бір өнім және/немесе көрсетілетін қызмет. Бір жағынан, жобаның жетекшісі – белгісіздігі жоғары ортада жұмыс істейді, осы белгісіздікті құрылымдайды, алдағы күтілетін нәтиженің образын қалыптастырады және осы образға қол жеткізуге арналған қадамдарды жоспарлайды. Екінші жағынан, жетекші әрдайым ақша-мерзім-сапа (функционал) сияқты үшбұрыш шегінде болады. Оқыту курсының мақсаты – жобаның ықтимал тәуекелдеріне деген саналы көзқараспен, барлық тараптардың (инвестор, тапсырыс беруші, жоба командасы/өнім беруші) мүдделерін ескере отырып, берілген шектеулердің шеңберінде жобаның нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін үздік практиканы беру және дағдыларды қалыптастыру. Бұл білімдер мен дағдылар – кәсіпкерге жобаның барлық сатыларын (бастамашылық ету, жоспарлау, іске асыру, аяқтау) кәсібилікпен жүргізуге және жобалық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қатысушылар: Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер

Әріптестер:



  • «Казагроинновация» АҚ;

  • «Казагромаркетинг» АҚ;

  • ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын өткізетін компаниялар (Eurasia Group және т.б.);

  • салалық одақтар мен қауымдастықтар;

  • агробизнес орталықтары;

  • жекелеген салалық мамандары (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сервис және т.б.);

  • Облыс кәсіпкерлері өңірлік кеңесінің кәсіпкерлері.

Жоспар бойынша жылына кемінде 2000 (екі мың) ШОБ субъектісі қамтылуы тиіс, бүгінгі күні 1015 кәсіпкер білім алды.

3-кезең. Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту (нақты жоба бойынша)

Бірінші кезеңде білім алған тыңдаушылардың ішінен бағыттар мен жобалар бойынша топтар іріктеліп, жинақталады.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің таңдауына осы ауданда немесе моноқалада (шағын қалада) іске асыруға болатын бірнеше шағын жоба ұсынылады. Жобалар «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалығынан қалыптастырылады.

Әрбір ауданға және қалаға 5-10 шағын жобадан айқындалған, олар басым бағыттарға немесе сұранысы бар бағыттарға сәйкес келеді. Жобалар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 3 апталық және кәсіпкерлік бастамасы бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 2 айға дейінгі кезеңдерден тұратын оқыту мерзімдеріне бөлінген.

Барлық өңірлерде жобалар 2016 жылғы 20 қаңтарға дейін жергілікті атқарушы органдармен келісілген және бекітілген.

Бағдарламаның мақсаты - кәсіби білім беру (аудандарда, моноқалаларда, облыс орталықтарында бизнестің нақты түрін ашу және дамыту бойынша қадамдық нұсқаулар) және табысты кәсіпкерлердің, салалық мамандардың қатысуымен практикалық дағдыларды (жұмыс істеп тұрған жобаның немесе бизнестің практикалық мысалында) қалыптастыру.

Оқыту бағдарламасының нәтижесі:

1. Әрбір аудан бөлінісінде 5-10 шағын жобаны (бизнес түрлерін) айқындау.

2. Бизнес жоспар әзірлеу арқылы аудандарда, моноқалаларда, облыс орталықтарында өз жобасын іске асыру.

3. Жобасын іске асыруға дайын әлеуетті кәсіпкерлердің резервін қалыптастыру.

4. Тәлімгерлік қағидатын дамыту арқылы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге көмектесуге дайын кәсіпкерлердің тізімін қалыптастыру.

5. Шебер-кластарға, тренингтерге қатысуға дайын әріптес ұйымдардың (жабдық, технология бойынша) тізімін қалыптастыру.

6. Аудандарда, моноқалаларда және шағын қалаларда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру.

Қатысушылар: әлеуетті кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер.

Әріптестер:


  • «Казагроинновация» АҚ;

  • «Казагромаркетинг» АҚ;

  • ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын өткізетін компаниялар (Eurasia Group және т.б.);

  • салалық одақтар мен қауымдастықтар;

  • агробизнес орталықтары;

  • жекелеген салалар мамандары (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сервис және т.б.);

  • Облыс кәсіпкерлері өңірлік кеңесінің кәсіпкерлері.

Оқыту бағдарламасы екі бөліктен тұрады:

  1. Бизнес негіздері мен кәсіпкерлік бойынша кеңейтілген білімдер беру:

  • бизнесті ашу мен дамытудың қадамдық нұсқаулығы (өз ауданының, қаласының нарығы зерделенеді);

  • жұмыс істеп тұрған шағын жобалар қарастырылады, басқа облыстардағы, елдердегі ұқсас жобалар зерделенеді;

  • ЖК/ЖШС/ШҚ ашудың заңдық мәселелері;

  • өндірістік жоспар;

  • технологиялық жоспар;

  • операциялық жоспар;

  • қаржылық жоспар;

  • тәуекелдер және бизнесті сақтандыру.

Бірінші бөліктің нәтижесі:

Бизнестің бейіні – негізгі қызмет, табыстылық өлшемшарттары, бәсекелік басымдықтар және оларды алға ілгерілету.

Әрбір бөлім өз бизнесі мысалындағы бірқатар практикалық тапсырмалармен және жаттығулармен сүйемелденеді, бұл практикалық дағдыларды бірден бекітуге мүмкіндік береді.

2. Бизнес жобаны енгізу және сүйемелдеу: таңдап алынған жобаны іске асыру үшін қажетті іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспары және оның өтелу мерзімдері.

Екінші бөліктің нәтижесі: бизнес жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар және қаржы институттары арқылы инвестициялай отырып, 5-10 жобаны іске қосу.

Нақты жобаны айқындау кезінде өңірлерде 5-15 адамнан тұратын оқу тобы қалыптастырылады. Нақты оқыту кестесі жасалады, жұмыс істеп тұрған жобаларға бару ЖАО-мен келісіледі.

Одан әрі жобалық оқыту кезеңінде практикалық тәжірибе алу, көтерілген мәселелерді түсіну мақсатында іске асырылған дайын жобаларға шығу жүзеге асырылады.

Оқыту процесінде ШОБ субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеттері, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыру алу құжаттарының үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновациялар енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік құру идеяларының анықтамалығы беріледі.

«Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша оқытуға өтініштерді ШОБ субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық КҚКО, «Атамекен» ҚР ҰКП КҚО береді.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған жағдайда «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде оқыту жобаларын жүргізуге жарайтын қажетті үй-жайларды ұсынады.

Жоспар бойынша – кемінде 1000 адам қамтылуы тиіс.

Нәтиже – кемінде іске асырылған 200 жоба.

9 ай ішінде «Жобалық оқыту» бағдарламасы бойынша 345 қатысушы білім алды.
1. Қызметті өңірлерде көрсету туралы жалпы ақпарат

2016 жылы бизнес-оқыту Қаулының, ҚР ҰЭМ шартының және ҚР ҰКП ішкі құжаты – Ереженің негізінде іске асырылады, онда бизнес-жаттықтырушыларды, тәлімгерлерді іріктеу қағидаты және өңірлер бөлінісінде алға қойылған міндеттерді іске асыруға арналған іс-қимылдардың қадамдық алгоритмі жазылған.

ҚР ҰЭМ шартына және Ережеге сәйкес ӨКП жергілікті жерлерде барлық стандарттарға сәйкес келетін бизнес-кластар ашқан, онда тәлімгерлер, менторларды, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді және қаржы консультанттарын тарту арқылы көрсетілетін бизнес оқыту бойынша қызметтердің көлемі айқындалған.

2016 жылғы 3 қазандағы жағдай бойынша ҚР ҰЭМ 35 облыстық жаттықтырушы келісілген, олармен «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде өтеусіз қызметтер көрсетуге шарттар жасалған. Өңірлерде жобаларды іске асыру мақсатында шебер-кластар өткізу үшін тәлімгерлер (менторлар) шақырылды. ҚР ҰЭМ шартына сәйкес «Жобалық оқыту» (тәлімгерлік) шеңберінде Кәсіпорындарды (кемінде 3 жыл) тіркеу мерзімдері көрсетілген ЖК, ЖШС және ШҚ Мемлекеттік тіркеу куәлігі ұсынылды.

Сонымен бірге, Шартқа сәйкес «Тәлімгерлік» және «Бизнес-өсу» жобалары шеңберінде оқыту кестелері ЖАО-лармен келісіліп, БАҚ-та орналастырылды.

Төменде өңірлерде оқыту бойынша сілтемелер келтірілген.



Астана қ. http://astana.palata.kz/uploads/content/files/%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BD%D0%BE%D0%B5%20%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%202%20001(1).jpg

Алматы қ.

http://almaty.palata.kz/ru/pages/541



Атырау облысы

http://atyrau.palata.kz/ru/pages/161

Ақмола облысы

http://akmola.palata.kz/ru/pages/61

Ақтөбе облысы

http://aktobe.palata.kz/ru/news/24476

Маңғыстау облысы

http://aktau.palata.kz/ru/pages/109

Қарағанды облысы

http://karagandy.palata.kz/ru/pages/274

Қостанай облысы

http://kostanay.palata.kz/ru/pages/97

Қызылорда облысы

http://kyzylorda.palata.kz/uploads/content/files/%D0%91%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D0%B5%D1%81%20%D0%A1%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%BD%D0%B8%D0%BA4%D0%BA%D0%B2.pdf

http://kyzylorda.palata.kz/uploads/content/files/%D0%91%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D0%B5%D1%81%20%D0%A0%D0%BE%D1%81%D1%824%D0%BA%D0%B2.pdf

Алматы облысы

http://taldykorgan.palata.kz/ru/pages/73

Жамбыл облысы

http://taldykorgan.palata.kz/ru/pages/578

Батыс Қазақстан облысы

http://oral.palata.kz/ru/pages/92

Солтүстік Қазақстан облысы

http://petropavl.palata.kz/ru/pages/116

Шығыс Қазақстан облысы

http://oskemen.palata.kz/ru/pages/82

Павлодар облысы

http://pavlodar.palata.kz/ru/pages/113

Оңтүстік Қазақстан облысы

http://shymkent.palata.kz/ru/pages/280


  1. Салалық және өңірлік бөліністерде қатысушылардың жалпы санын талдау

2.1. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы

Ағымдағы жылғы сәуірден желтоқсанды қоса алғанға дейін 13 000 астам өтінім берілді, оның ішінде үшінші тоқсанда ӨКП бизнес-жаттықтырушылары 2 078 тыңдаушыны оқытты. Барлығы 9 айдың ішінде 12 088 өтініш берушіні білім алды (1-кесте).

1-кесте. Өңірлер бөлінісінде білім алғандардың жалпы саны

1-кестеге сәйкес аталған бағдарлама бойынша мына өңірлерде кәсіпкерлер көп оқытылды: Астана қаласы – 290 немесе 14 %, БҚО – 270 немесе 13% және Маңғыстау облысы – 169 немесе 8,1%. Аз білім алғаны Ақмола облысы – 27 немесе 1,3%, Қостанай облысы – 67 немесе 3,2 % және ОҚО сияқты өңірлерде – 72 немесе 3,5%.
1-диаграмма. Өңірлер бөлінісінде білім алғандардың жалпы саны

Аудан орталықтары бөлінісінде 718 адам оқытылды немесе 62%. Аудан орталықтарында оқудан өткендердің көптеген саны БҚО-да – 152 және Атырау облысында – 104. Аталған бағдарлама бойынша оқудан өткендердің аз бөлігі Павлодар облысында – 34 және СҚО – 17.

Төменде көрсетілген диаграммаларда барлық аудандар орталықтарында білім алғандар саны келтірілген.
2-диаграмма. Алматы облысының аудан орталықтарында білім алғандар саны

3-диаграмма. Атырау облысының аудан орталықтарында білім алғандар

саны


4-диаграмма. БҚО аудан орталықтарында білім алғандар саны



5-диаграмма. ШҚО аудан орталықтарында білім алғандар саны

6-диаграмма. Қостанай облысының аудан орталықтарында білім алғандар саны




7-диаграмма. Қызылорда облысының аудан орталықтарында білім алғандар саны

8-диаграмма. Маңғыстау облысының аудан орталықтарында білім алғандар саны



9-диаграмма. Павлодар облысының аудан орталықтарында білім алғандар саны




10-диаграмма. ОҚО аудан орталықтарында білім алғандар саны

Моноқалалар бөлінісінде білім алғандардың жалпы саны – 314 немесе 27%, шағын қалалар бөлінісінде 119 немесе 10%. Төменде моноқалалар, шағын қалалар мен аудан орталықтары бөлінісіндегі кесте (2-кесте) көрсетілген.
2-кесте. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында білім алғандар саны


11-диаграмма. Моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында білім алғандар саны



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет