Атап айтсақ 2000 жылы Еуроодақ Қазақстанға демпингке қарсы анықтауға қатысты нарықтық экономикасы бар елдің мәртебесін берді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКСПОРТТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ



жүктеу 1.16 Mb.
бет3/4
Дата07.05.2019
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКСПОРТТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ

3.1. Тарифтік және бейтарифтік реттеу


Еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде экспортты реттеу мәселелері маңызды және өзекті болып табылады. Бұл жайында мынандай фактіге сүйенсек 2002 жылы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі 40% құраса, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 44% құраған.[12]

Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарларға мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы шикізатын жатқызамыз. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80% тиеді. Бұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсекеқабілеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге болады.

Республиканың қазіргі сауда режимінде экспорт тарифтік (экспорттық баж) және бейтарифтік (лицензиялау, квоталау, тыйым салу тағы басқалар) шаралармен реттелінеді.

Кеден кодексіне сәйкес тауарлардың экспорты мен импорты бейтарифтік реттеу шаралары сақталған және кеден баждары төленген жағдайда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Жекелеген тауарлардың түріне шығарылатын кедендік баждардың мөлшері туралы» 2000 жылы 5-маусымдағы №841 қаулысына сәйкес белгілі бір тауарлардың экспортына кедендік баждар орнатылған. Осы тауарларға тері, тері шикізаты, тоқыма, жүн, мыс сынықтары мен қалдықтары, қара металл сынықтары мен қалдықтары, қара металлдан жасалған жекелеген заттардың түрі, өңделмеген аллюминий және оның бұйымдары, темір жол мен трамвай локомотивтерінің кейбір бөліктері жатады. Осы тауарларға кедендік баждар отандық өндіріске қажетті шикізаттың республика аумағынан шығуын болдырмау мақсатында белгіленген.

Осыған байланысты айтатын болсақ Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы ережелері экспорттық кеден баждарын қолдануға тыйым салмайды, бірақта Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше елдер сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің осы механизмінің қолданылғанын қаламайды.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты Үкіметтің 1996 жылы 14-қарашадағы № 1389 «Әкелінетін тауарларға кеден баждарының мөлшері туралы» қаулысына сәйкес кеден баждары белгіленген.

Ал экспортты бейтарифтік немесе жанама реттеуге келетін болсақ, бұл кедендік-тарифтік реттеуден тысқары, экономикалық және әкімшілік іс-шаралардың жиынтығын білдіреді. Осы іс-шаралардың бір жағынан шектейтін, екінші жағынан ынталандыратын мағынасы бар.

Қазіргі таңдағы Қазақстанның отандық тауарларды сыртқы рынокқа жылжыту мен дискриминациялық кедергілерді алып тастауға бағытталған белсенді экспорттық саясатты жүргізіп отырғанына қарамастан, экспортты бейтарифтік немесе жанама реттеу шаралары, көбінесе ынталандыру мағынасындағысы толық күйінде пайдаланылмай жатыр.

Осы жағдайда экспортты ынталандырудың мемлекеттік шараларының тұтас жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі туындап отыр. Экономикадағы табысты құрылымды өзгерістердің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай. Құрылымды өзгерістердің басты аспектісі ретінде отандық экспорттаушыларға тиімді құқықтық механизмді, сонымен қатар сәйкес қаржылық және ақпараттық инфрақұрылымды, сыртқыэкономикалық қызметті тұтасымен жандандырудың қолайлы жағдайларын жасауды көздейтін экспортқа бағытталған экономикалық өсуді мемлекеттік қолдау табылады.

Республикамыздың сыртқы саудасын бейтарифтік реттеу шаралары акцизделетін тауарлардың айналымын реттеуден, тауарларды сертификаттаудан, ішкі рынокты тауарлардың импортынан қорғаудан, экспорттық лицензияларды беруден, сонымен бірге жекелеген тауарлардың экспортын шектеуден немесе тыйым салудан, отандық өнімдерді әлемдік рынокқа жылжытудан тұрады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы бесінші желтоқсандағы №1243 «жекелеген тауарларды әкелу мен әкетуге шектеулерді енгізу туралы» және 2002 жылы 16-шілдедегі №785 «Орманды пайдаланудың жекелеген мәселері» Қаулыларымен алюминий мен никелден жасалатын бұйымдардың кейбіреуінің, ағаш материалдары, кесілген материалдар және ағаштан жасалған кейбір заттардың экспортына тыйым салынған.

Бұдан басқа егін егу уақытында жанармайдың жетіспеушілігін болдырмау мақсатында 2004 жылы 23-ақпанында Үкіметтің №210 қаулысы қабылданды. Бұл қаулы 1-наурыздан бастап, 1-маусымға дейін Қазақстан Республикасы аумағынан жанармайдың шығарылуына тиым салады.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы сауда режимін ырықтандыру мен отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет 2003 жылы 31-наурызында №310 « Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылы 31-желтоқсандағы №1376 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы» шешім қабылдап, темекі мен темекі өнімдерінің импортын лицензиялауды алып тастады. Бұдан басқа 2003 жылы 3-қыркүйектегі №839 « Қазақстан Республикасының Үкіметінің 30.06.97ж. №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы, ветеринарлық дәрі-дәрмектерді тауарлардың экспорты мен импорты кезіндегі лицензиялауға жататындардың тізімінен алып тастады.[30]

Сауда және тарифтер бойынша бас келісімінің ХІ бабына сәйкес Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру шегінде экспортқа тыйым салуға немесе экспорттық лицензия, квота түріндегі шектеулерді қолдануға болмайды. Тек қана кеден баждары мен салықтарды басқа да алымдарды қолдануға болады. Осыған байланысты бүгінде қолданылып жатқан бейтарифтік реттеу шараларын Сауда және тарифтер бойынша бас келісімінің ережелеріне сәйкестендіру үшін жұмыстар атқарылуда.

Қазақстанның сыртқыэкономикалық саясаты соңғы жылдарда сыртқы сауда және валюталық операцияларды ырықтандыруға, сыртқы экономикалық байланыстарды нұсқаулық басқарудың жүйесін бөлектеуге бағытталған. Бірақта ашықтықтың күшейуі тек қана белгілі бір артықшылықтарға ие болып қалмайды. Сонымен қатар қауіп туғызады, әсіресе экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер мен дамушы елдерге. Осы жағдайда ұлттық өндірушілерді шетелдік бәсекелестерінің басып тастауы, жекелеген салалардың әлемдік жағдаятқа, индустрияльды дамыған мемлекеттердің сауда және қаржы саясаттарына тәуелділігінің өсуі, қаржы жүйесі мен ақша айналымының тұрақтылығына қауіп төну секілді қатерлер пайда болуы мүмкін.

Отандық тауар өндірушілердің негізгі қиындықтарының бірі ретінде айналымдағы қаржының жетіспеуі мен техникалық жарақтану деңгейінің төмендігімен қатар отандық өнімдердің алыс шетел мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен импортталып келетін сол тектес өнімдерге қарағанда бәсекеқабілеттілігінің төмендігі табылады. Сонымен бірге шетелдік тауарлардың бағасы біздікіне қарағанда төмен болып отыр. Осыларға қарамастан біздің кәсіпорындардың қазіргі таңда ірі капиталдық салымдарсыз-ақ өндірістің көлемін артырып, импорттың көлемін 20% дейін қысқартуына мүмкіндіктері бар.

Өткізу рыноктарын кеңейту жөніндегі қызмет шеңберінде Америка Құрама Штаттарында демпингке қарсы анықтаудың күші жойылды және қазақстандық титан губкасының импортына, уран өнімі мен ферросилицийге қатысты салынған демпингке қарсы баждар алынып тасталды. 2000 жылғы наурызда Еуроодақ елдері Қазақстан Республикасынан феррохром импортына демпингке қарсы тергеуді тоқтатты.

Еуроодақ елдердің ферросилиций жеткізулеріне енгізілген демпингке қарсы баждары алып тастау, қазақстандық болатты еуропалық рынокқа шығаруға экспорттық квотаны ұлғайту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.

2000 жылы Еуроодақ Қазақстанға демпингке қарсы анықтауға қатысты нарықтық экономикасы бар елдің мәртебесін берді. Америка Құрама Штаттарының демпингке қарсы заңына сәйкес 2002 жылғы наурызда Америка Құрама Штаттарының Сауда министрлігі Қазақстаннаң нарық экономикасы бар ел емес мәртебесін алып тастады.[4]

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу саласындағы басқа бағыт экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға мемлекетік бақылауды күшейту болып отыр. «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңы халықаралық іскерлік операцияларына мемлекеттік кірістің ысырабын болдырмау үшін трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау шараларын белгілейді. Осы Заңды іске асыру тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тізбесінде белгіленген тауарлар жөніндегі мәмілелердің мониторингі жүргізу жүзеге асырылады. Тауарлар экспортын және валюта түсімін бақылаудың пәрменділігі мақсатында экспорт көлемін есепке алу, отандық өндірушілердің экспорттық бағаларының әлемдік рыноктардағы бағалардан ауытқуы жөнінде жұмыс жүргізілуде, экспорттаушы кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметінің барынша мүмкін ашықтығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасалуда.

Республиканың экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін және басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін негізге ала отырып, атап айтқанда, ішкі рыноктың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында экспортты шектеу жөніндегі шаралар қолданылады. Бұл лицензиялауды, квоталауды немесе тыйым салуларды, экспортты ерікті түрде шектеуді енгізу жолымен экспортталатын тауардың санын шектеуге арналған шаралар. Мәселен, жылыту маусымында және ауыл шаруашылығы жұмыстары кезеңінде мазутпен және дизель отынымен қамтамасыз етудің дағдарысты жағдайына байланысты 1999-2001 жылдардың ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының аумағынан мазут пен дизель отынының экспортына уақытша тыйым салу енгізілді.

Мемлекет экспорттық жүктерді тасымалдау үшін көлік дәліздерін салуды және олардың қуаттылықтарын арттыруды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізуде.

Экспорттық бақылауды күшейту жөнінде жұмыс жүргізілуде. Халықаралық міндеттемелерді сақтау мақсатында тиісті заңнама қабылданды, екі ұдай мақсаттағы тауарлар мен технологиялардың тізбесі кеңейтілді.

2001 жылы оған экспорттық операцияларды несиелендіру функциялары жүктелген Қазақстанның Даму Банкі құрылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп, оның мақсаты – тауарлар экспортынан түсетін түсімнің шетелдік валютамен және теңгемен толық әрі уақытша түсуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауарлар импорты мақсатына қаражатты шетелдік валютамен және теңгемен пайдаланудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету болып табылатын экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыруда.

Барлық осы шаралар мен жұмыстар, дәстүрлі қазақстандық экспорттық тауарларды неғұрлым жылжытуға бағытталған. Экспортты елдің экономикасын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде ұлғайту, қалыптасқан жағдайда өндеуші өнеркәсіпке зиян келтіріп, ұлттық экономиканың құрылымында шикізат кешенінің одан әрі дамуына және күшеюіне әкеледі. Осыған байланысты қазақстандық экспорттың номенклатурасын кеңейту және өңделу дәрежесі жоғары өнімнің есебінен оның құндық көлемін ұлғайту жөнінде тиімді шаралар қажет.

Мемлекеттік реттеудің нысандары мен әдістерін (көбінесе, жанама нысандары арқылы) таңдау елдің экономикасының қазіргі жағдайдағы экспортқа бағдарлануын дамытуға мемлекеттің ықпал ету мүмкіндігін айқындайды. Сонымен бір мезгілде, осы шараларды қолданудың негізгі бағыттарын белгілеу үшін қазақстандық экспортты тежеуге ықпал ететін факторларды анықтау қажет. Оларға:

отандық өнеркәсіп, ең алдымен өңдеуші өнеркәсіп өнімінің бәсекелесу қабілетінің төмендігі;

өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының көпшілігінде перспективалы экспортқа бағдарланған жобалар мен зерттеулерді инвестициялау үшін ішкі ресурстардың болмауы;

тұтынушылық және экологиялық сипаттамаларға, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің рыноктарында сатылатын өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың едәуір күшеюі жағдайында экспорттық өнімнің сапасын сертификаттаудың және бақылаудың отандық жүйелерінің жеткіліксіз дамуы;

қазақстандық экспортты қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының жетілмегендігі;

отандық кәсіпорындар менеджерлерінің көпшілігінде экспорт саласындағы арнайы білім мен жұмыс істеу тәжірибесінің жеткіліксіздігі, олардың сыртқы рыноктардағы іс-әрекеттерінің үйлестірілмеуі;

кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте дәстүрлі өндірістік байланыстардың үзілуі;

шет елде қазақстандық экспортаушыларды кемсітушілік элементтерінің сақталуы жатады.

Осыған байланысты, басты міндет – оның тиімділігін арттыру мақсатында жанама реттеу шараларын қоланудың негізгі бағыттарын әзірлеу болып табылады. Экспорттық операцияларды несиелендіру мен сақтандыруды кеңейту, әлемдік саудадағы өзгермелі жағдайларға сәйкес жаңа рыноктарға жылжуда ақпараттық қолдау мен жәрдемдесудің мемлекеттік саясаты арқылы басты міндетті шешу көзделеді.

Өнеркәсіп саясатын, агроөнеркәсіп кешенін, көлікті және ел экономикасының басқа да секторлардың дамыту стратегиясын жүзеге асырудың нәтижесінде экспорттық құрылымын әртараптандыру қосылған құнының дәрежесі жоғары өнімнің үлесін ұлғайтуға, тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортының номенклатурасын кеңейтуге әкелуі тиіс.

Бұл ретте, экспорттық тұрақты өсуіне жәрдемдесу мына бағыттардағы шараларды әзірлеу мен іске асырудың есебінен жүзеге асырылатын болады;

Қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қазіргі рыноктарға тұрақты қатысуына және жаңа рыноктарды ашуына қол жеткізу;

Дәстүрлі қазақстандық экспорттық тауарларды жеткізуді ұлғайту;

Дәстүрлі емес, жаңа тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту.

Экспорттың өткізу рыноктарын кеңейтуге саяси және экономикалық шаралармен, дипломатиялық рәсімдермен және сыртқы рыноктарда қолдаудың нысандарымен қол жеткізілетін болады:

Сауда жөніндегі екі жақты және көп жақты келісімдер жасасу;

Қазақстандық тауарлардың жолындағы орын алып отырған кемсітушілік кедергілерін алып тастау;

Сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарларға сөзсіз негізде неғұрлым қолайлы жағдай режимін ұсынуға қол жеткізу;

Қазақстандық экспорттық тауарларды дамыған елдер преференцияларының бас жүйесіне енгізу, ол преференциялар мен техникалық көмек беру тетігін дәстүрлі емес тауарларды жылжыту және шет елдердің рыноктарына Қазақстанның қатысуын орнықтыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді;

Экспортты дамыту үшін перспективалы елдерде Қазақстан елшіліктерінің қызметін жандандыру;

Экспорт бойынша шығындарды азайту мақсатында өнімдерді тасымалдау кезінде икемді тарифтік саясат жүргізу.

Тұтас алғанда, саудадағы әріптес елдерді таңдауда икемді саясат қажет: өткізу рыноктарын әртараптандыру, Еуропа мен Азия елдерінің жақын рыноктарын толығырақ пайдалану, үшінші елдер арқылы транзитті барынша азайта отырып, аймақтық одақтармен өзара іс-қимылды күшейту.[35]

Елдің экспорттық әлеуетін дамыту үшін халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың түрлі нысандарын оңтайлы пайдалану ұлттық экспорттық стратегияның маңызды элементі болып табылады.

Әлемдік практикада экономикалық ынтымақтастықтың түрлі нысандары пайдаланылады. Соңғы жылдары шетелдік инвестицияларды тарту және бірлескен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар құру, өтемдік негіздегі ынтымақтастық, несиелік келісімдер, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу, лицензиялық сауда халықаралық лизинг, инжиниринг, жағалаудағы және шекара маңындағы сауда, еркін экономикалық аймақтар құру, екеуден көп елдердің қатысуымен өтемдік тасымалдаулар және тағы басқалары сияқты нысандар кеңінен қолданылуда.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта шетелдік әріптестер инвестициялардың ресурстық базаны дамытуға және отынэнергетикалық кешеннің қуаттарын жаңғыртуға жұмсалуын жүзеге асыруға көбірек мүдделі болғандықтан, бірлескен кәсіпорындардың әсіресе өндеуші өнеркәсіп саласындағы тікелей өндірістік қызмет саласына неғұрлым кеңінен қатысуы үшін жағдай жасау маңызды міндет болып табылады.

Сондай-ақ экспорттық қызметте географиялық басымдықтарды байыпты анықтау, сондай-ақ Қазақстан мен шет елдердің өзара мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады.



Дәстүрлі қазақстандық экспорттық тауарларды жеткізудің ұлғаюы оларды жеткізу географиясын кеңейту, қазақстандық экспорттаушылар тарапынан демпингті, сондай-ақ сауда әріптестері – елдердің тарапынан кемсітушілік шараларын болдырмау арқылы жүзеге асырылады. Алайда, мемлекетік мониторинг пен шикізаттық экспортты қолдау қажеттігі қалады. Бұл үшін:

  • Шет елге шығарылатын шикізаттық тауарлар мен шала өнімдерді қайта өндеу тереңдігін ұлғайту және сапасын жақсарту;

  • Оларды сыртқы рыноктарға тиімді жылжыту үшін мұнайдың, металдардың сапасын халықаралық сертификаттауды жүргізу;

  • Тауарлар экспорты мен валюта түсімін бақылаудың пәрменділігін арттыру үшін әлемдік тәжірибеге сәйкес экспорттың көлемі мен бағаларын есепке алуды жақсарту;

  • Экспорттаушы кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметінің барынша ықтимал ашықтығын қамтамасыз ету;

  • Кен өндіру салаларында қазақстандық құрамдас бөліктің қатысуының басымдығын көздеу;

  • әлемдік бағалардың өзгерулеріне жедел ден қою үшін сауда-саяси ахуалын және әлемдік рыноктың конъюнктурасын дамытудағы үрдістерді зерделеу және талдау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

Дәстүрлі емес, жаңа тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту үшін:

  • өндеуші өнеркәсіпте жаңа жұмыс орындарын кұруға қабілетті өсу нүктелері болатын қара, түсті, асыл және жерде сирек кездесетін металдарды, мұнай мен газды өңдеу салаларындағы үшінші, төртінші және бесінші қайта бөлістерді дамытуды инвестициялау;

  • агроөнекәсіптік өндірістің салаларында бәсекеге қабілетті өнім өндіруді дамыту;

  • тауарлардың экспортқа бағдарланған жаңа түрлерін өндіруді дамыту;

  • қосылған құны жоғары өнімдер экспортын несиелендіру мен сақтандырудың тетіктерін қалыптастыру (соның ішінде экспорттық-импорттық сақтандыру құрылымдарын құру);

  • сыртқы рыноктарға жылжыту үшін әлемдік стандарттарға сәйкес дайын өнімнің негізгі түрлерін сертификаттауды және стандарттауды қамтамасыз ету.

Азық-түліктің экологиялық қауіпсіздігін білдіретін эко-жапсырмалар түріндегі таңбалауды ерікті түрде пайдалану;

  • бірінші кезекте өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың басым бағыттары бойынша франчайзингтік қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар құру;

  • ақпараттық қолдау жүйесін қалыптастыру (ақпаратты клиент үшін қолайлы нысанда тиімді және жедел беруді қамтамасыз ететін ақпараттық-консультациялық қызметтердің желілері);

  • маркетингтің деңгейін көтеру, жарнамалық қызметті жетілдіру (көрмелік-жәрмеңкелік іс-шаралар, сыртқы рыноктардағы жағдаймен танысу және іскерлік байланыстар орнату үшін сауда делегацияларының сапарлары, оларды халықаралық кездесулердің, келіссөздердің және өзге де іс-шаралардың барысында көрсету жолымен неғұрлым басымдықты экспорттық жобаларды дипломатиялық қолдауды қамтамасыз ету). Қазақстандық өнімдерді экспортқа жылжытудың перспективалы нысаны әртүрлі көрмелік іс-шараларды, соның ішінде келісім-шарттар жәрмеңкелерін, халықаралық байланыс күндерін, идеялар мен технологиялар көрмелерін өткізу болып табылады;

  • қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы рыноктарға шығуы және тұтас алғанда, олардың қызметін үйлестіру кезінде келісілген іс-қимыл жасау үшін экспорттаушылар қауымдастықтарын құру;

  • экспорттық өндірістің негізінде мүлде жаңа технологиялар құру және қолдау жолымен ғылымды көп қажетсінетін және жоғары технологиялы өнімдерді игеру.

Бұл үшін жоғары технологиялы салаларға қолданылатын ынталандырулар жүйесін жасау, сондай-ақ:

  • Жыл сайынғы сатулардың жалпы көлемінен зерттеулерге және дамуға жұмсалатын шығыстар;

  • Ғылыми және техникалық қызметкерлердің жұмыс күшінің жалпы санына пайыздық құрамы;

  • Отандық ғылыми-зерттеу институттарын тарту арқылы жоғары технологиялы өндірістерді, материалдар мен өндірістердің жаңа түрлерін әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу, тәжірибелікконструкторлық жұмыстарға таза кірістерден міндетті түрде жыл сайын қаражат бөлу бойынша белгілі бір сандық шарттарды қанағаттандыруға тиіс болатын кәсіпорындарды іріктеудің өлшемдерін анықтау қажет. Өнеркәсіптің құрылымын реформалау және экспортты әртараптандыру мақсатында олардың базасында ғылыми әзірленімдерді іске асыру жөніндегі еншілес кәсіпорындар мен өндірістер құруды ұсыну.

Дайын бұйымдар экспортын кеңейту тауарлардың бәсекеге қабілетті екенін көрсетілуін қамтамасыз етуді талап етеді, ол орауыш материалдар шығару жөніндегі өнеркәсіптің отандық салаларын дамыту проблемаларымен тікелей байланысты. Орауыш материалдардың қымбат тұратын импортына жол бермеу үшін неғұрлым бәсекеге қабілетті ретінде, әсіресе тамақ саласында оларды дайындау, атап айтқанда, тамақ азық-түліктерінің асептикалық және вакуумдық орауыштарын дайындау жөніндегі қазіргі заманғы технологияларды енгізу қажет;

Сауданың жаңа түрлерін, соның ішінде электрондық сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде бірқатар міндеттерді шешу қажет.

Сауда операцияларын көптеген елдердің мемлекеттік экономикалық инфрақұрылымында берік позицияға ие, электрондық коммуникациялық желілер арқылы жүзеге асыру электрондық сауданы дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауды, электрондық сауданы басқарудың халықаралық танымал жүйелерін енгізуді және электрондық сауданы дамыту жөніндегі халықаралық жобаларға қатысуды көздейді.

Тұтас алғанда, жаңа экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау шаралары қаржы лизингінің тетіктерін пайдаланумен, өндірістік ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етумен, шикізаттың отандық экспорттаушыларының кірістерін Қазақстанның аумағындағы қосылған құны жоғары тауарлардың өндірісіне инвестициялауға қайта бағдарлау үшін қолайлы инвестициялық ахуал және жағдайлар жасаумен байланысты. Елде экономикалық ахуалдың жақсаруына және отандық экспорттаушылардың нығаюына қарай олардың шетелдік инфрақұрылымын (өткізу ұйымдары, дилерлік желілер, сервистік орталықтар) құруға жәрдемдесетін шаралар қабылдануы мүмкін.

Өнімнің сапа, қауіпсіздік немесе мөлшерлері сияқты сипаттамаларымен байланысты реттеудің техникалық шаралары қазақстандық тауарлардың экспортын дамыту үшін ерекше маңызға ие болуда. Олар өзіне, сондай-ақ тауарды орау және таңбалау, сертификаттау жүйесі бойынша және тағы сондай сияқты талаптарды қамтиды. Ол үшін:

Қазақстандық кәсіпорындарда сапа жүйелерін әзірлеу және енгізу;

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде мүдделі, құзыретті ұйымдарды тарту арқылы жаңа стандарттар әзірлеу және экспорттық тауарлардың негізгі түрлеріне қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес қолданылып жүрген стандарттарды үйлестіру;

Елдер арасындағы тауар айналымының көлемін одан әрі ұлғайту және мемлекеттер кәсіпкерлерінің арасында ынтымақтастықтың тікелей өзара тиімді байланыстары мен нысандарын орнату үшін алғышарттар жасау мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер жасасуды қамтамасыз ету;

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдарымен кооперация, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге қатысу негізінде стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бірыңғай кеңістік құру жөніндегі ынтымақтастықты жандандыру қажет.

Қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту үшін мемлекеттік емес (коммерциялық) қызметтер: коммерциялық конъюнктуралық ақпарат орталықтарын, маркетингтік және консалтингтік ұйымдар және тағы сондай сияқты құруға жәрдемдесу орынды.

Қазіргі уақытта, Қазақстанға қолайлы сауда режимін қалыптастырумен қатар технологиялық инновацияны арттыруды және өнімділікті арттыру мен жоғары қосылған құнды қамтамасыз ететін өнеркәсіп құрылымын құруды талап ететін тауарлар экспортының халықаралық бәсекелестік қабілетін нығайту қажет.

Осыған байланысты, мемлекет тарапынан осы салалардың кәсіпорындарына технологиялық сияқты, сондай-ақ басқарушылық проблемаларды да шешуге мүмкіндік беретін белгілі бір жағдайлар мен инвестициялық ахуал жасау талап етіледі. Экономиканың нақты секторы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау мақсатында шетелдік күрделі қаржы жұмсалымдары мен шикізат салаларынан түсетін экспорттық валюталық кірістерді неғұрлым тиімді және атаулы пайдалану мәселелерін шешу қажет.


3.2. Экспорттық бақылау
Экспорттық бақылау – бұл экспорты экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда мемлекетке белгілі бір зиян келтіретін, мемлекеттің стратегиялық және саяси мүдделеріне қайшы келетін өнімдердің экспортын бақылауға, тыйым салуға, шектеуге байланысты ұйымдастыру – құқықтық және экономикалық іс-шаралардың жүйесі.

Таратпау саясатын ұстану Қазақстанның сыртқы саясатының негізі болатын қағидаларының бірі болып табылады. Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға байланысты әлемдік қауымдастықтың іс-әрекетіне өзінің қолдан келген көмегін көрсетуге әзір. Осы жағынан келгендк Қазақстан жаппай қырып-жою қаруларын таратпау саласында, экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері саласында нақты халықаралық міндеттерге ие. Қазақстан өзінің іс-әрекетін халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлес ретінде қарастырып, қатаң экспорттық бақылау жаппай қырып-жою қаруымен, терроризмнің таралуының жолын кеседі деп санайды.[2]

Халықаралық міндеттемелерді сақтау, сәйкес экспорттық бақылаудың жүйесін құрмай мүмкін емес. Экспорттық бақылау мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы халықаралық проблемаларға деген мемлекеттің көзқарасы қандай және оның тиімділігі қандай. Осылардан айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің құрылыстың табысы, еліміздің әлемдік қауымдастыққа енуі тәуелді болып келеді.

Республика Үкіметі басынан бастап, осы саладағы халықаралық қауымдастықтың ұсыныстарына бағытталады. Елімізден шығатын ядролық экспорттың ережесін бекіткен алғашқы құжат Қазақстан Республикасының министрлер кабинетінің 1993 жылы 9-наурыздағы №183 қаулысында Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі мен ядролық жеткізушілердің тобы ұсыныстары көрініс тапты. Осы ұсыныстар экспорттық бақылаудың мәселелерін реттейтін әрекет етіп жатқан заңдар мен нормативтік құжаттарда да көрініс тапқан.

Қазақстан экспорттық бақылау жүйесінің қатаң критерияларын жасады. Оның жүзеге асырудың негізгі қағидалары болып мыналар табылады: жаппай қырып-жою және басқа қаруларды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді сақтау, экспорттық бақылауды жүзеге асырудағы саяси мүдделердің басымдығы; екі мағынада пайдаланатын технологиялар мен материалдардың экспортына мемлекеттік бақылау; экспорттық бақылау жүйесінің транспаренттілігі.

Республикамызда лицензиялау үрдісімен тығыз байланысты ғана емес, сонымен қатар бақылаудың әртүрлі нысандарымен тығыз байланысты экспорттық бақылаудың атқарушы органдары өзара бірігіп әрекеттесу механизмі қалыптасқан.

Қазақстан Республикасының географиялық және стратегиялық орналасуы оңтүстіктен солтүстікке қарай есірткі заттарының, сонымен қатар ядролық және радиоактивтік заттардың тасымалдануының транзиттік жолы болып отыр.

Қазақстанда дамыған атом өнеркәсәбі және ғылыми-зерттеу кешендері бар. Осы ядролық және радиоактивтік заттардың заңсыз айналымы тыйылмауда. 1995 жылы бастап республикамызда заңсыз айналымның бірнеше фактілері анықталып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарымен алды алынған. Атап айтсақ:



  • 1995 жылы желтоқсанда Өскемендегі Үлбі металургия зауытынан 3,3% дейін байытылған 148,9 кг ядролық отын түйіршіктерін ұрлаудың алды алынған

  • 1999 жылы шілдесі мен 2000-ж. шілдесі аралығында Алматы қаласында U–235 бойынша 4,4% дейін байытылған ядролық материалдық заңсыз айналымының 4 фактісі тіркеліп, алды алынған.

Тергеу органдарының анықтауы бойыша аталған ядролық материалдар Өзбекстан арқылы одан әрі оңтүстікке қарай тасымалдауға арналған болып шықты.

1999 жылы 21-шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларын кесіп өту кезінде Өзбекстан аумағында сатуға арналған екі контейнер радиоактивті заттармен Ресейдің азаматы ұсталынған. Ұсталынған адам Байқоңыр ғарыш айлағында орналасқан әскери бөлімнің қызметкері екен.

2000 жылы 1-сәуірде Өзбекстан республикасының Гишт-Куприк кеден бекетінде қазақстаннан шыққан жоғары радиациялы тот басқан болаттың сынығы (23,4 тонна) жүгі ұсталынған. Металл сынығы жерасты сілтіден айыру тәсілімен уран өндірген кәсіпорынның технологиялық құрал-жабдықтарының қалдығы екен. Тағайындалған орыны Пәкістандық Кетта қаласындағы компания екен.

Соңғы жылдары Қазақстаннан жіберілген металл қалдығы ретіндегі жүктердің радиациялық деңгейі жоғары болып Қытайдан қайтып келуде. Биылғы жылдың өзінде жыл басынан бері 10 шақты вагон қайтып келген. Қытайдан қайтып келіп жатқан жүктерге байланысты оқиғалар ведомостволар арасындағы ақпараттар алмасу мен қызметтерін үйлестіруде қиындықтардың бар екендігін көрсетіп отыр. Радиоактивті материалдардың заңсыз айналымының қасақана немесе жасырын фактілері нәтижесінде туындаған радиациялық зардаптарды анықтаудың, таратпаудың және жоюдың механизмдері нақты жұмыс істемеуде. Осыған байланысты қазір “Қазақстан Республикасындағы бөлінетін және басқа да радиоактивті материалдардың санкцияланбаған айналымының алдын алу бойынша жоспар” деген ведомоство аралық құжат жасалынуда. Бұл құжат міндетті, құқық қорғау және кеден органдарының, басқа да бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыратын ведомостволарының қызметтерін үйлестіру мен біріктіруге, ақпарат алмасуларына, ядролық және басқа да радиоактивті материалдардың заңсыз айналымының фактілерін анықтауға, табуға және тергеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында бөлінетін және радиоактивті материалдарға бақылауды ұйымдастыру, радиоактивті материалдар мен жоғары радиациялы материалдарды табудың техникалық құралдарымен жабдықталу күрделі роблема ретінде қалып отыр. Осыған байланысты маңдай алды мәселе болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы жекелеген кеден бекеттерін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау табылады.

Бүгінгі таңда экспорттық бақылаудың қызмет етуі “Экспорттық бақылау туралы” заңына, экспорттық бақылауға жататын тауарлардың тізіміне, экспорттық бақылау мәселелерін реттейтін бірқатар нормативті актілермен экспорттық бақылауды жүзеге асырудың ережесіне негізделеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда механизміне бірқатар мемлекеттік органдар тартылған экспорттық бақылаудың жүйесі қызмет етеді.

Ядролық материалдарды бақылаудың мемлекеттік жүйесі әрқайсысының қызметі елімізде таратпау режиміне кепілдік беретін бір-бірімен байланысты және ажырамайтын үш компоненттен тұрады.

Бақылау жүйесінің мақсаттарын жүзеге асыру біріншіден ядролық материалдарды өлшеу мен есепке алу жүйесін құру жолымен, яғни олардың нақты санын анықтау үшін. Осыған байланысты есепке алу мен есеп беру ақпараттарын қамтамасыз ететін кәсіпорындардағы материалдарды есепке алу жүйесін ұйымдастыру өте маңызды болып келеді. Қазақстан кепілдіктерді толық қамтитын жүйені қолданады, ал бұл еліміздегі барлық ядролық қызметті жабады. Оларға төрт негізгі ядролық объектілер жатады. Атап айтсақ, Өскемендегі ядролық отынды өндіретін Үлбі металургия зауыты, Маңғыстаудың атом энергокомбинатындағы жылдам көбейткіш БН-350 және Ұлттық ядролық орталықтың Курчатов пен Алматы қалаларындағы зерттеу реакторлары.

Ядролық материалдарды бақылаудың мемлекеттік жүйесі екі деңгейден тұрады:



  • мемлекеттік, яғни комитетте кәсіпорындардың есебі жиналып, халықаралық атом энергиясы агенттігіне беру үшін есептер дайындалады, ілесіп баратын және басқа да қажетті ақпараттар сақталынады, әкелінетін және әкетілетін материалдардың мәліметтері, объектілердегі материалдардың саны көрсетіледі.

  • кәсіпорын деңгейінде, өлшеудің негізгі жерлерінен алынған ақпараттарды өңдеу және тіркеу, ядролық материалдардың есебі бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру.

Осы кәсіпорындардағы ядролық материалдардың ерекшелігіне, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен материалдарды жылжытуға байланысты әр түрлі болып келеді. Кәсіпорындардың әрқайсысында ядролық материалдардың есебін жүзеге асыратын арнайы бөлім құрылады. Материалдардың кәсіпорынға келіп түскен кезінен бастап, оған аумағымызда толық мониторинг жарияланады. Есепке алу жүйесі өзіне өлшеудің барлық түрі бойынша ядролық материалдардың мәліметтер базасын, мемлекеттік органдар арасында есеп беруді, физикалық инвентаризация арқылы жүйесінің қызмет етуіне жыл сайынғы тексеруді қосады. Ядролық материалдарды есепке алуды енгізу мен ұйымдастыру бойынша барлық жұмыстар қадағалаушы орган белгілеген нормативтік талаптардың шегінде жүргізіледі. Барлық кәсіпорындар Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігінің кепілдігінде болады және барлығы салыстырылады. Барлық объектілер өзіне ұйымдастырушылық және техникалық аспектілерді қосатын компютерлендірілген жүйемен жабдықталады. Жүйенің мәліметтер базасында ядролық материалдардың есепке алынғандары және олардың сипаттамалары: саны, изотопты құрамы, орналасқан жері бойынша толық ақпарат сақталынады.

Ядролық материалдардың есептігінің мемлекеттік жүйесі экспорттық бақылау жүйесі мен ядролық материалдарды есепке алу жүйесінің бірігіп әрекет етуін көздейді. Ядролық материалдарды елімізден шығару және елімізге әкелу арнайы мемлекеттік орган берген лицензия негізінде, ал транзит кезінде үкіметтің рұқсатымен жүргізіледі.

Лицензиялау – бұл ядролық материалдардың құрал-жабдықтар мен технологиялардың, ядролық қызметке қатысты болып келетін екі ұдайы пайдаланылатын материалдардың экспортына құқық, рұқсат беру процессі.

Ядролық материалдарды және екі ұдайы пайдаланылатын материалдардың экспортын лицензиялау Қазақстан Республикасы аумағындағы шаруашылық қызметтің барлық субъектілеріне олардың меншік нысанына қарамастан міндетті болып келеді.

Аталған материалдардың экспортын лицензиялаудың негізгі міндеті болып табылатындар:


  • экспорттық бақылауды және таратпау режимін қамтамасыз ету;

  • лицензияны беру және беріуден бас тарқан кездегі туындайтын экономикалық, техникалық және саяси зардаптарға жан-жақты талдау жасау;

  • сыртқы саяси бастамаларды, ұлттық қауіпсіздікті, және еліміздің экономикалық мүдделерін қолдау;

Ядролық экспортты лицензиялау рәсімдерінің қажетті элементі болып республикамыздағы экспорттық бақылау жүйесіне кіріскен мемлекеттік органдар мен заңнамалық базаның болуы табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынан шығарылатын ядролық экспорт, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің, басқа да халықаралық келісім-шарттардың және Қазақстан Республикасының қатысушысы болып табылатын өзге де халықаралық құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады.

Бұл нормативтік база анықтайды:



  • ядролық экспортты лицензиялау процесін жүзеге асыру механизмі;

  • осы процеске жұмылдырылған мемлекеттік органдар;

  • осы мемлекеттік органдардың функциялары, міндеттері, құқықтары және бірігіп қызмет жасауы;

  • атом энергетикасы комитетіне ядролық экспортты бақылаудың мемлекеттік функциясын жүктейді;

  • ядролық экспортты лицензиялау кезіндегі осы комитетпен келісудің рәсімі және тәртібі.

Ядролық материалдардың, технологиялардың, құрал-жабдықтардың экспортына лицензия атом энергиясын пайдалану саласында белгілі бір қызмет түрін жүргізуге комитеттен лицензия алған заңды тұлғаларға ғана беріледі.

Экспорттық бақылау жүйесіне көптеген мемлекеттік органдар жұмылдырылған, бірақ Қазақстандағы кез келген ядролық экспорт атом энергиясы жөніндегі комитетпен келісіп жүзеге асырылады. Комитетте ядролық материалдардың экспорты мен импортын жүзеге асыратын кәсіпорындар, және экспортталатын материалдардың саны мен құрамы туралы мәліметтер жиналады. Нақты экспорт пен импорт туралы ақпараттар қадағалаушы органға тауарларды кедендік рәсімдеу органдарынан келіп түседі.

Бүгінде Қазақстанда экспорттық бақылау жүйесі әрекет етіп және халықаралық стандарттардың талабына толық сай келу мақсатында заңнамалық базасы жетілдірілуде.

Қазақстан Республикасының кеден органдары экспорттық бақылау жүйесінде, әсіресе ядролық және радиоактивті материалдарды физикалық бақылауда маңызды рөлге ие. Кеден органдары экспорттық лицензиялау жүйесін кезең бойынша автоматтандыруды жүзеге асырады. Сонымен қатар өнеркәсіп өкілдерін қазіргі әрекет етіп жатқан экспорттық бақылауды жүзеге асыру тәртібімен таныстырады.[3]

Республикамыздың кеден органдары ядролық және радиоактивті материалдарды бақылаудың заманға сай техникалық құалдарымен жабдықталуға, сонымен қатар шекарадағы және ішкі бекеттегі кедендік бақылаудан тікелей жүзеге асыратын кеден қызметінің офицерлерін оқытуға мұқтаж екендігін атап өткеніміз жөн. Осыған байланысты ядролық және радиоактивті материалдардың қозғалуын бақылаудың тәсілдері мен нысандары бойынша оқыту, осы саладағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибемен таныстыру қажет.

Тауарлардың транзит режимі тауарлардsң Қазақстан Республикасы аумағы сонымен қатар шет мемлекеттің аумағы арқылы кедендік бақылаумен, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, кеден баждары мен салықтары төленбестен өткізілуіне арналған. Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің транзиті Қазақстан Республикасы үкіметі рұқсатының негізінде экспорттық бақылау жөніндегі заңдарға сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы кеден аумағы арқылы тауарлардың транзитіне рұқсатты кеден органдары береді. Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың транзитіне мынадай шарттар сақталған жағдайда рұқсат береді:


  • тауарлар Қазақстан Республикасы аумағынан әкетілуге, әкелінуге және республика аумағы арқылы транзитіне тиым салынбасы. Транзитке тиым салынған тауарлар келісімдерімен бекітіледі;

  • тауарлардың транзитіне Қазақстан Республикасы үкіметімен рұқсат берілсе;

  • кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдау кезіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кеден органдарының талаптары орындалса;

  • транзиттік тауарларды және олардың құжаттарын біртектендіру мүмкіндігі қамтамасыз етілсе;

  • кедендік мақсат үшін қажетті жүк кеден декларациясы мен басқа да құжаттардың және қосымша мағлұматтар берілген жағдайда.

Бүгінде Қазақстанда экспорттық бақылаудың мемлекеттік жүйесі бірқатар мемлекеттік органдар жұмылдырылған. Атап айтсақ индустрия және сауда министрлігі, сыртқы істер министрлігі, ішкі істер министрлігі, кеден бақылау агенттігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс министрлігі және тағы басқалар. Олардың әрқайысысының белгілі бір функциялары, міндеттері мен құқықтары бар. Ядролық экспорт кезінде осы минералдық ресурстар министрлігінің атом энергетикасы комитеті қосылады.

Осылайша қортындылай келе Қазақстанда экспортқа мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың негізі қаланды деп айта аламыз.

3.3.Экспортты реттеудегі мемлекеттің атқарып жатқан іс-әрекеттері
Еліміздің «Қазақстан 2030» стратегиясында қарастырылған ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуы алдын-ала және үш он жылдық кезеңдерді қамтиды.[5] Оның алғашқы кезенің жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылы 28-қаңтардағы №3834 Жарлығымен 1998-2000 жылдары арналған дамудың стратегиялық жоспары мен осы жылдарға арналған Үкіметтің іс-қимылының бағдарламасы бекітіліп, табысты жүзеге асырылды. 2001 жылынан бастап Қазақстан дамудың он жылдық жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Олардың алғашқысы болып, ағымдағы он жылдыққа назар аударуды көздейтін, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайтын, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспары табылады. 2010 жылға дейін Стратегиялық жоспарда көрсетілген мақсаттар – бұл ұзақ мерзімдік экономикалық жоспардағы бәсекеқабілеттіліктің негізін қалау, еліміздің әлеуметтік және демографиялық дамуына жағдай жасау, 2010 жылына таман жалпы іпкі өнім екі есе артуына қол жеткізу. Стратегиялық жоспармен қарастырылған негізгі шаралар қоғамды әрі қарай демократияландыруға, саяси жүйенің эволюциялық реформасына, мемлекеттік басқарудың негізін орталықтандыруға бағытталған.

Экономика саласында – мемлекетті экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналдыру, бірінші кезекте мыналарды қоса отырып:

Еліміздің дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін экономиканың келешегі зор салаларына инвестициялық ресурстарды мемлекетпен бөлу мен шоғырландырудың тиімді механизмдерін қалыптастыру;

Экономиканы құрылымды қайта құру мен экономикалық өсімнің жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жүйесін құру;

Әлеуметтік салада – білім мен денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саларындағы мемлекеттің әлеуметтік функцияларын сапалы жүзеге асыру, сонымен қатар еліміздегі демографиялық ахуалды жақсарту; 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспардың экономикалық тұрғысынан келгенде, ең алдымен үкімет әртараптандырудың белсенді индустриялық саясатына кіріседі, екпінді макро деңгейден микро деңгейге ауысады. Осыған байланысты экономикадағы құрылымдық үйлеспеу жағдайында, мемлекеттің еліміздің ресурстық әлеуетін бөлу, салалар арасындағы пропорцияны рационализациялау, экономиканы модернизациялау үшін күш жұмылдыру сияқты жүйелік іс-қимылдарының маңызы артуда.[37]

Экономиканың шикізаттық емес салаларына инвестицияларды жандандыру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері ішінде алғашқылардың бірі болып, Қазақстан мемлекеттік Даму банкін құрды. Қазіргі таңда оның жарғылық капиталы 37,7 млрд. теңгені (250 млн. Америка Құрама Штаттары долл. ) құрап отыр. Ол өндірістік инфрақұрылым мен өндеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу үшін құрылған. Стратегиялық жоспарда «Қазақстан экономикасы өзінің сыйымдылығы бойынша үлкен емес» деп атап көрсетілген. Бұл дегеніміз ұзақ мерзімді экономикалық өсімге қол жеткізу үшін біздің экономикамыз экспортқа бағытталған болуы қажет. Тек қана импорт алмастыруға бағытталған стратегия қате болып табылатын еді. Еліміздің бәсекеге қабілетті индустриялық кешенін қалыптастыру, экспорттық әлеует пен экономиканың салаларын әртараптандыру мақсатында, 2003 жылы ұзақ мерзімді мемлекеттік индустриялық саясатты құратын мемлекеттік бағдарламалар жасалды.

Соның ішінде Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданып, жүзеге асырылуда.

Таяу жылдардағы экономикалық өсімді қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі ретінде ұлттық экономиканың базалы саласы, мұнай өндіру өнеркәсібін жеделдетіп дамыту болып табылады.

Осы саланың өсуінің асып түсуі, келер жылдарда да еліміздің экономикалық дамуының мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізудегі жетекші саласы болып қала береді. 2010 жылға таман Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 100 млн. тонна, ал табиғи және жол-жөнекей газды өндіру 50 млрд. м3 болады деп шамалануда. Каспий шельфіндегі көмірсутегі кен орындарын игерудің басталуы, Каспий Мұнай құбыры Консорциумі мұнай құбырының бірінші кезектегі құрылысының аяқталуы, осы сектордағы ірі масштабты жобалардың таяу жылдарда жүзеге асатынын куәландырады. Еліміздің мұнай, газ ресурстарын тиімді игеру және ілеспелі қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту мақсатында, Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.[38]

Стратегиялық жоспарда маңызды орынды еліміздің аграрлық секторын дамыту мәселелері алады. Ауылдық мекен-жайларда еліміздің халқының 40% тұрады. Сондықтанда мемлекеттің назарынан тыс қалмауы тиіс.

Экономиканың шикізаттық емес салаларында экспортқа бағытталған және бәсекеге қабілетті өнімді өндіре алатын экономиканы дамытудың жаңа, сапалы деңгейін қамтамасыз ету приоритетті міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатпен республикамызда шикізаттық бағыттан қол үзуге ықпал ететін, экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге және ұзақ мерзімдік жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасайтын индустриялық-инновациялық дамудың 2003-2015 жж. арналған Стратегиясы қабылданды.

Индустриялық-инновациялық саясаттың мақсаттарына қол жеткізу өңдеуші өнеркәсіптің қосылған құнын тек өнімдерді өндіруді арттыру жолымен ғана емес, сонымен қатар адам мен өндірілген капиталдарды айтарлықтай үнемдеу есебінен де арттыруға мүмкіндік береді. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға және өнімдерді жаңғырту үрдісіне жағымды әсер етеді. Сонымен қатар артылып қалған еңбек ресурстарын, энергия мен материалдарды жаңа өндірістерді құруға бағыттауға болады.

Қазақстанның қабылдаған индустриялық-инновациялық дамуының Стратегиясының, өнеркәсіптік даму саласындағы бұрын дайындалған құжаттардан басты айырмашылығы мынандай: ол экономиканы дамытудағы мемлекеттің араласуының заңмен белгіленген іс-шараларының көмегімен, мемлекеттің жеке сектормен белсенді қарым-қатынасына бағытталған. Индустриялық-инновациялық дамудың негізгі қозғаушы күші болып жеке сектор табылуы керек, ал мемлекет экономиканың бәсекеқабілеттілігін көтеру мәселелерінде катализатор мен бастамашы ретінде қатысып, жеке кәсіпорындарды инновациялық үрдістерге тарта отырып модернизациялауға көмектесуі қажет.

Дайындалған стратегия экономиканы дамытудың нақты анықталған приоритетті салаларын қамтымайды. Негізгі приоритет – бәсекегеқабілетті, соның ішінде экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін экспортқа бағытталған өндірісті дамыту және құру. Бұндай жағдай экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпкерлер үшін, өздерінің өндірісін ұйымдастырушылық, техникалық жетілдіруіне және экспортқа бағытталған жаңа өнімдерді шығару жолын жаппайды.

Қазақстан ірі әлемдік астық өндірушілердің бірі болып табылады. Астықты өңдеу процесінің тереңдеуі қосылған құнның көп салалы тізілімін құруға мүмкіндік береді. Осындай тізілімді дамыту бағыты астықты және басқа да өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеудің технологиялық үрдісінің тереңдеуінен де көруге болады.

Қосылған құнның тізіліміне ауыл шаруашылығының басқа да салалары мал шаруашылығы, ет және сүт өнімдерін өндіру кіруі мүмкін. Ауылшаруашы- лығы техникасы мен минеральдық тыңайтқыштарды өндіретін зауыттарды салу, табиғи дәмдік бояғыштарды, фармацевтикалық бұйымдарды, биотехнологияны және басқаларын өндіретін кәсіпорындарды құру республикамыздың дамуының ядросын құрайды.

Осылайша экономиканың өнеркәсіптік салаларын дамытуға қолда бар ғылыми- техникалық әлеуетті пайдалану өнеркәсіптік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта келешегі зор бағыттардағы жетістіктерді анықтау мақсатында еліміздегі ғылыми-техникалық базалардың жағдайына мониторинг жүргізу қажет. Бұдан басқа жаңа материалдар мен химиялық технологиялар, ақпараттық технологиялар секілді ғылыми-техникалық даму салаларында зерттеу жүргізуге қажетті жағдайларды туғызу керек. Тағы бір маңызды мәселе, инновацияны өнеркәсіп пен қызмет саласына кедергісіз енгізу үшін заңнамалық базаны жетілдіру қажет.

Ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетті арттыру саласындағы негізгі бағыт – Байқонырдағы, Курчатовтағы, Приозерскідегі және Степногорскідегі қызмет жасап жатқан ғылыми орталықтардың базасында, сонымен қатар ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ұйымдар мен жоғарғы ғылыми-техникалық әлеуеті бар кәсіпорындардың жүйесі қалыптасқан қалаларда, заманға сай инфрақұрылымдарды (технопарк, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-техникалық аймақтар) құру болып табылады.

Индустриялық-инновациялық дамудың ажырамайтын шарты болып адам капиталын жетілдіру табылады. Осыған байланысты стратегияны жүзеге асыру барысында жоғары білікті, кәсіби кадрларды дайындауға көңіл бөлінеді.

Индустриялық-инновациялық дамудың стратегиясын табысты жүзеге асырған жағдайда, қосылған құны жоғары ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістердің пайдасы үшін айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болады. Экспортымыз айтарлықтай әртараптанып, Қазақстанның әлемдік рынокқа дайын өніммен шығуы кеңейеді, экономикамыздың әлемдік экономикаға ықпалдасуы тек қана шикізат тауарларымен ғана емес, сонымен қатар дайын өнімдер мен инновациялық қызметтердің есебінен тереңдейді. Шешуші үлкен өзгеріс шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық қызметтерді дамыту саласында болады. Экономиканың нарықтық емес секторының үлесі күрт қысқарады, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметтерінің тазалығы қамтамасыз етіледі. Қазақстанның инвестиция, технологиялардың трансферті, заманға сай дамыған ғылыми-инновациялық және өндірістік инфрақұрылымдарды құру есебінен ғылыми жетістектермен алмасу және жоғары білікті басқарушы, ғылыми, инженерлік, техникалық және жұмысшы кадрларын дайындаудың тиімді жүйесі үшін тартымдылығы өседі.

Осы мақсаттарға жету үшін дамудың арнайы институттары құрылуда. Қызмет жасап жатқан Даму банкінің қызметін жандандырумен қатар, жаңадан құрылған Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру корпорациясы секілді институттарға да зор міндеттер жүктелген.[31]

Даму институттары әлемнің көптеген елдерінде бар және олар жеке немесе тәуелсіз болып келеді. Қазақстанда жеке инвесторлардың дайын өнімдердің өндірісін дамытуға капиталдар салудағы енжарлығынан, жоғары пайыздық өсімдердің кесірінен несиелік ресурстардың шектелуінен аталған даму институттарын мемлекет құрады. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тұтас кешенді құру мақсатында, үкімет қосымша Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығын, Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығын, Ғылым қорын құру туралы шешім қабылдады. Даму институттары арқылы мемлекет қосылған құнның экономикалық және технологиялық тізбегін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті өнімді шығаратын өндірістің біртұтас жүйесін құруға бағытталған жобаларға қатысады. Бұл бәсекеге қабілетті өнімдердің барлық өлшемдеріне жауап беретін ақырғы өнімге жұмыс істейтін көп салалы кәсіпорынды құруға мүмкіндік береді.

Өткен жылы мемлекеттік бюджет қаржысынан Даму банкіне жарғылық капиталын толықтыру үшін 80 млн. доллар, Инвестициялық қорға 150 млн. доллар, Инновациялық қорға 50 млн. доллар бөлінген. Осы жылдың бюджетінде де жарғылық капиталдарын толтыру және несиелік ресурстарды беруі үшін Даму банкіне 80 млн. доллар, Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығына 2,6 млн. доллар, Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығына 5 млн. доллар, Инновациялық қорға 42,5 млн. доллар бөлу көзделіп отыр. Бұдан басқа ақпараттық технологиялар паркі мен технопарктер құруға 7 млн. доллардан артық қаражат бөлу жоспарланған. Осындай қаржылар Қазақстан үшін қомақты, бірақта жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететін инновациялық экономиканы қалыптастыру секілді күрделі проблеманы шешуге өте қажетті болып табылады.

Даму банкі. Оның негізгі міндеті ұзақ мерзімді төмен пайызды банк несиелерін, оның ішінде экспорттық несиелер беру арқылы, сондай-ақ басқа несиелік институттар беретін қарыздар мен несиелер бойынша кепілді міндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттің бастамаларына (өңдеуші салалар мен инфрақұрылымдық жобалар бөлігінде) қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Осылайша банк нарықтық механизмдер мен тәсілдерді пайдалана отырып басқа да мемлекеттің қатысуымен құрылған қаржылық институттар мен бірігіп, үйлесе отырып мемлекеттің инвестициялық саясатын жүзеге асыруға қатысады. Банкіге бөліп берілген негізгі міндет, өндеуші сектордың несиелік ресурстарға деген инвестициялық қажеттіліктерін екінше деңгейдегі банктермен қамтамасыз етілмеген жағдайда, коммерциялық негізде қанағаттандыру.

Мемлекеттің инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мен жетілдіру, өңдеуші өндіріс пен өндірістік инфрақұрылымды дамыту, еліміздің экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға көмек беру мақсатында 2001 жылы құрылған Даму банкінің осы кезге дейінгі қызметінде қаржыландыруға, 200 млн. долларға 25 инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар қабылданған, 100 млн. доллар көлеміндегі несиелік қаржылар игерілген. Банк өңдеуші өнеркәсіп пен ішкі инфрақұрылымның жобаларын несиелеуге қажетті орта және ұзақ мерзімді қарыздарды тарту үшін базаны қалыптастырады. Қазір 160 млн. долларға тең мезгілі мен тәсілдері бойынша әртараптанған қарыз қоржыны қалыптасқан. Осылайша қазіргі уақытта банктің қор жинау базасын, несиелік қызметті жүзеге асыру кезінде нарықтық механизмдер мен тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ететін, нарықтық қарыздану құрайды. Осыған қарамастан банктің қызметінің ерекшелігі өңдеуші өнеркәсіп пен инфрақұрылымның объектілерін орта және ұзақ мерзімді несиелеу, қарыз алудың белгілі бір жеңілдектерін талап етеді. Солардың бірі ретінде банкке нөлдік немесе төменгі өсіммен 15 және одан да көп жылдарға бюджеттік несиелерді беру табылады.

Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асырудағы екінші маңызды институт болып Қазақстанның инвестициялық қоры табылады. Оның мақсаты Қазақстанда да, елдерде де кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлестік және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикізаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.

Қазақстанның инвестициялық қоры құру қажеттілігі отандық рынокта өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция ағымына ықпал ететін барабар нарықтық тетіктердің жоқтығы, қор рыноғының дмымағаны, отандық компаниялардың капиталтандыру төмендігіне негізделіп отыр. Қазақстанның инвестициялық қоры құру қызмет етудің жаңа деңгейіне сапалы көшу қажеттілігі туралы қаржы секторы үшін дабыл болып табылады. Банктермен және басқа да қаржы агенттерімен Қазақстанның инвестициялық қоры әріптестігі жаңа өндіріс пен қаржы рыногының дамуы үшін белсенді серпіліс болады.

Инвестициялық қордың міндеттері болып табылатындар:



  • халықаралық қаржы институттарының жеке инвесторлардың қатысуымен венчурлық қорларды құру;

  • венчурлық жобаларды инвестициялау, жеке инвесторла мен несие берушілерге жағымды хабар беру;

  • жобалардың инвестицияға дейінгі сатысы үшін гранттар беру;

  • инвестициялайтын компаниялардың үлесіне қатысу немесе акцияларын иемдену;

  • венчурлық жобаларға ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту;

  • инвестициялайтын кәсіпорындардың акцияларын басқару;

  • инвестициялайтын кәсіпорындардың акцияларын қор рыногына шығару.

Қазақстанның инвестициялық қоры Қазақстанның Даму банкімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі тиіс. Бұл екі институт банк желісі бойынша жобаларды қаржыландыру және капиталды бастапқы орналастыру бағытында бірін-бірі толықтыруы тиіс.

Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттік қаржы институты ретіндегі Қазақстанның инвестициялық қоры рөлі қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5 бірдей жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендірілетін болады.Инновациялық қор тіпті дамыған елдердің бәрінде бірдей толық дәрежесінде бола бермейтін нарықтық экономиканың еншілес функциясын ынталандыруға тиіс. Бұл функция экономиканың информатика, электроника, биотехнологиялар және басқалары сияқты жоғары технологиялық салаларын құру мен дамыту үшін ерекше маңызды. Осыған байланысты қор қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасында инновациялық белсенділіктің артуына, жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болуы тиіс.

Инновациялық қорды құру бұрынғы кеңес елдерінен кейінгі кеңістіктің барлығына тән жүйелік проблеманы, инновацияларды енгізу тетіктерінің тиімді және нарықтық тетіктерінің болмауын шешуі тиіс. Осы проблеманың екі жағы бар. Біріншіден, бұл әзірленген инновацияларды енгізудің қажеттілігі. Екіншіден, жаңа инновацияларды әзірлеу үшін қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.[7]

Осы проблеманы шешу үшін инновациялық қордың негізгі жұмсалатын күші жеке сектор тарапынан Қазақстандағы венчурлік қаржыландыруды ынталандыру мен дамытуға және инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиіс. Инновациялық қор өз қызметінің бастапқы кезеңінде отандық және шетелдік серіктестермен бірге инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын және венчурлік қорларды құратын болады.

Қордың негізгі міндеттері:


  • инновациялық инфрақұрылым элементтерін (технополистер мен технопарктерді, ақпараттық-талдау орталықтарын және тағы басқалар) құруға қатысу;

  • отандық және әлемдік деңгейдегі ірі венчурлік инвесторлармен бірлесіп венчурлік қорларды құру;

  • жарғылық капиталға қатысу;

  • өнертабыстарға коммерциялық сипат беруге бағытталған қолданбалы ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларға гранттар беру арқылы қаржылай қолдау көрсету болып табылады.

Инновациялық қордың гранттарды бөлу туралы шешімі шетелдік ғалымдарды тарта отырып, тәуелсіз ғылыми-техникалық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс. Қаржыландыру үшін таңдалған ғылыми зерттеулер Қазақстанның инвестициялық қоры және Қазакстанның Даму банкі арқылы қаржыландыру аясындағы жобаларға тұтас алғанда сәйкес келуі тиіс. Инновациялық қор өз қызметін мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясат шеңберінде жүзеге асыратын болады.

Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорацияның негізгі міндеті саяси және регулятивтік қатерлерді сақтандыру және қайта сақтандыру арқылы қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің экспортына тікелей жәрдемдесу болып табылады. Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация қазақстандық өнімнің экспортын дамыту, ықтимал өткізу рыноктары туралы ақпаратты зерделеу және кейінен тарату үшін маркетингтік зерттеулер жүргізетін болады. Бұл әлемге жалпы танылған тәсіл болып табылады әрі қаржылық және әкімшілік тұрғыдан алғанда экспорттық транзакцияларды жеңілдетуге тиіс. Отандық сақтандыру рыногының өсуі және оның экспорттық-импорттық операциялармен байланысты қатерлерді сақтандырудың дайындығы бойынша Экспортты сақтандыру корпорациясы саяси қатерлерді сақтандыру мен халықаралық рыноктар туралы коммерциялық ақпаратты таратуға баса назар аударатын болады.

Жоғары технологиялар мен ғылымды қажет ететін өндірісті дамыту үшін мемлекет Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығын құрды. Ол кәсіпорындарға инжинирингтік қызмет көрсетеді, алдыңғы қатарлы шетелдердің технологияларының трансфертін жүзеге асырады, технологиялардың ішкі және сыртқы рыногына маркетинг жүргізіп, осы саладағы әлемдік үрдістің дамуын талдайды.Ғылыми-техникалық тәуелділіктен құтылу, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінен қалып қоюды жою және олармен қатар индустриялық дамуға аяқ басу үшін, Қазақстанға негізгі ғылымды, негізгі қолданбалы зерттеулерді интенсивті дамытуға тура келеді.

Осы экономиканың күрделі, әрі өзекті проблемасын шешу барысында инвесторлар мен жоғары және ғылымды көп қажет ететін технологиялар мен инновациялық өнімді өндірушілер өздерін үнемі шетелдік және отандық аймақтық рыноктардың жағдайы мен перспективасы, сонымен қатар бәсекелік жағдайы мен жағдаяты, оған қазақстандық тауарлар мен қызметтердің қатысуы, осы рыноктардың сыйымдылығы мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, Қазақстанның өзінің бәсекелік артықшылықтарын қалыптастырудың келешегі туралы маркетингтік зерттеулердің нәтижесін көрсететін жаңа ақпараттармен әрдайым сусындатып отыруын қалайды. Оларды осылармен бірге технологиялрадың деңгейі, бәсекеқабілеттілігі мен тиімділігі, Қазақстанда шығарылатын өнімдердің қосылған құны жайындағы маркетингтік зерттеулердің нәтижесімен де сусындатып отыруымыз қажет. Осындай жұмыстарды Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығы атқарады.

Құрылымдық саясатты дамытуды ынталандыру мен мемлекеттік қолдаудың нысандары мен тәсілдері мынандай жолмен іріктелген, олар қажетті, сонымен қатар экономика үшін зиянсыз болып табылады және жеке бастамаларды дамытуға, рыноктағы бизнес үшін тең бәсекелік жағдай құруға жәрдемдеседі. Бұл мемлекеттің өзіне экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыру мен дамытуда «катализатор» қызметін жүктеп, кәсіпкерлік қызметке тікелей араласпауымен түсіндіріледі.

Индустриялық-инновациялық дамудың стратегиясы Қазақстанның экономикасын жедел модернизациялау мен оны еліміздің серпінді және үдемелі дамуына жауап беретін ұзақ мерзімдік тұрақты өсімге ауыстыру үшін жасалған құжаттардың негізгісі болып табылады.



ҚОРЫТЫНДЫ.
Соңғы он жылда болған Қазақстанның экономикасындағы қайта құрулар өзінің айтарлықтай нәтижелерін беруде. Тәуелсіздігіміздің он жылында сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу түпкілікті өзгерді. Сыртқы сауда саясатындағы болған өзгерістер еліміздің шаруашылықтанудың жаңа жағдайларына бейімделу, әлемдік экономикаға ықпалдасу мен жаһандану, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік жолын таңдау қажеттілігінен туындаған.

Қазіргі жағдайда сыртқы сауда көптеген елдер үшін экономикалық өсімнің қуатты және маңызды факторы болып отыр. Сонымен бірге халықаралық тауар айналымының дамуы арқасында әртүрлі елдер арасындағы экономикалық өзара байланыс күшеюде. Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеусоңғы жылдардағы болған өзгерістерге және теориялық көзқарастардың пайда болуына қарамастан бұрынғысынша экономикалық ғылымның даулы тарауы болып қалып отыр.

Сыртқы сауданың мәселелері Қазақстан-2030 Стратегиясы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимыл бағдарламаларында маңызды орынды алады.[8] ҚР-ның 2010ж. дейінгі даму Стратегиясының жобасымен экономика саласында мемлекетті экономикалық өсімнің жетекшісіне айналдыруды, аймақтық және әлемдік деңгейде мемлекеттің қатысуымен ірі компанияларды құруды, ТМД кеңістігіндегі экономикалық экспансияны көздейтін орта мерзімді басымдықта еліміздің даму модельі анықталған.[9]

Бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі мынадан көрінеді: біріншіден жүйелі реформаларды жалғастыру, олардың ашықтығын күшейту, екіншіден инфрақұрылымды құру бойынша белсенді жұмыстарды жүзегеасыру және шешуші салаларды дамытуға жеке секторды тарту арқылы экономиканы барынша ырықтандыруға қол жеткізу.

Үкіметтің жоспарында телекоммуникация, электроэнергетика, теміржол секілді табиғи монополиялар саласын қайта құрылымдау және ырықтандыру бағытындағы жұмысты жандандыру көзделген.

Біздің ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі, оның әлемдік экономикаға ықпалдасуы жағдайында қол жеткізіледі. Жаһандану, бұл объективті процесс. Мәселе адамдар мен кәсіпорындардың көпшілігінің одан барынша пайда табатын, экономикалық модельін қалыптастыруда. Сондықтанда Қазақстанның БСҰ кіруін жандандыру маңызды мәселе болып табылады.

БСҰ мүше болу еліміздің инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай жақсартады. Осы ұйымның негізгі қағидаларының бірі ретінде «транспаренттілік танылады, яғни еліміздің ашықтығы, заңдық базаның айқындығы.

Біздің экономикамыздың бәсекеқабілеттілігі көбінесе, өзіміздің кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға тезірек өтуімен анықталады. Қазақстан қысқа мерзім ішінде Батыс елдерінің өнімнің сапасын басқарудағы жарты ғасырға жуық тәжірибесін игеруі тиіс. Қазақстанда стандарттар мен сертификаттардың ұлттық жүйесін 2006ж. дейін дамытудың бағдарламалық құжаттары жасалған, қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық ИСО стандарттарына жедел көшудің жоспары құрастырылды.

Сонымен қатар Қазақстан валюталық реттеуді ырықтандыру бағытында да жігерлі жылжуды, 2007ж. Қаржы секторына Еуроодақ стандарттарын енгізуді жоспарлап отыр.[36]

Қазақстандық капиталдың шетелге шығуы олардың сыртқы рынокты игеруі ынталандырылады. Бұл – жаһандық бәсекенің элементі, сонымен қатар әлемдік экономика жайлы маңызды білімдерді алуға деген мүмкіндігі.

Экспорттық потенциальды ынталандыру, экспортқа бағытталған кәсіпорындарды қолдау, сыртқы рынокты белсенді игеру және жоғары қосылған құны бар экспорттық тауарларды жылжыту үшін сыртқыэкономикалық саясаттың басымды бағыттары болып мыналар табылады:


  • әлемдік экономикаға деген елдердің өзара ықпалдасуына жағдай жасау, оның халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі рөлін рационализациялау;

  • шетелдік импорттаушылардың адал емес бәсекесінен ішкі рынокты қорғау және отандық бәсекеге қабілетті тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қолдау;

  • нақты жобаларды дайындау және аймақтық экономикалық бірлестіктер шегіндегі экономикалық бастамаларды жылжыту;

  • экспортты әртараптандыру және экспорттың жалпы көлеміндегі жоғары қосылған құны бар өнімнің үлесін арттыру, нақты секторды жандандыру, өндірістің тұрақтануына және әрі қарай өсуіне жағдай туғызу;

  • әлемдік рыноктыңжағдаятының өзгеруіне кері әсерін тигізетін икемді салық және кеден-тарифтік саясатты жүргізу

  • жоғары қосылған құны бар экспорттық өнімдерді сақтандыру мен несиелеудің механизмдерін қалыптастыру, сонымен қатар экспорттық-импорттық сақтандыру құрылымын құру;

  • өңдеуші өнеркәсіпте жаңа жұмыс орындарын ашатын, өсімге әсер ететін, қара, түсті, асыл және сирек кездесетін металлдарды өңдеу саласындағы үшінші, төртінші қайта балқытуды инвестициялау саясатын жүргізу;

  • сауда қызметін реттейтін құқықтық өрісті жетілдіру, қызмет көрсетудің жоғарғы сапасы мен қазіргі дизайнының негізінде рыноктарды, өкілдіктерді, сауда үйлерін ашуды көздейтін сауда инфрақұрылымы жүйесін дамыту. Сонымен қатар ішкі рынокты тиімді бағадағы жоғары сапалы тауарлар мен қызмет түрімен қамтамасыз ету;

  • республикамыздың алдыңғы қатарлы салаларында, әсіресе агроөнеркәсіп кешеніндегі бәсекеге қабілетті жаңа өндірісті қалыптастыру;

  • мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының сауда өкілдіктерінің, сауда-өнеркәсіптік палаталар одағының өзара белсенді іс-қимылдары нәтижесінде сауда дауларын реттеудің механизмдерін жетілдіру;

Аталған мақсаттарға қол жеткізу отандық экспорттың әлемдік рыноктағы шикізат тауарларына деген бағаның құбылуына тәуелділігін төмендетіп қана қоймайды, сонымен бірге экономиканың шикізат бағытындағы қиындықтарын тұтасымен шешеді.

Осылайша, республиканың сауда-саяси режимін жақсарту отандық өнеркәсіпті басымды дамытуға, экспортты ынталандырудың тиімді саясатына, және өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастар жағдайында әлемдік қауымдастыққа ықпалдасуына негізделген республиканың сауда-саяси режимін жақсарту, орта мерзімдік кезеңде сыртқыэкономикалық саясатты жүргізудің бағдарына айналады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының кеден кодексі.Астана, 2003жылғы сәуірдің 5-і.

№401-11 ҚРЗ. // Егемен Қазақстан. 11.04.03. №83-86 (23296)

2. Закон Республики Казахстан от 18.06.96. №9-1 “Об экспортном контроле”

// Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996г., №8-9,ст. 240

3. Приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет