Қаңтар Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/3
Дата14.02.2018
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3


Ж

амбыл облысы әкімі аппараты жұмысының және облыстық


іс-шаралардың 2013 жылдың І тоқсанына арналған
жоспарының орындалуы

Қаңтар
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Жамбыл облысының 2013 жылдың қаңтар-наурызындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Өнеркәсіп. 2013 жылдың қаңтар-наурызында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 56,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 105,7% (ҚР – 101,9%).

2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тамақ өнімдерін өндіруде өндіріс көлемдерінің 2,4 есеге, мұнай өнімдерін өңдеуде – 1,8 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын – 1,6 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдерді – 14,4%-ға, дайын металл бұйымдарын – 14%-ға, машина жасауда – 1,3 есеге, жиһаз жасауда – 2,5 есеге өсуі байқалуда.

Сонымен қатар, сұраныстың және тапсырыстың төмендеуіне байланысты жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемдері 29,4%-ға, химия өнеркәсібі – 1,4%-ға, металлургия - 30,3%-ға, қағаз өнімдерін өндіру - 47,8%-ға өткен жылдың деңгейіне жетпей отыр. Техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты табиғи газды өңдеу көлемі 5%-ға қысқарды.

Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеру саласында өндіріс көлемдерінің өсімі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ұнтақталған фосфат шикізатын өндіру көлемін 2,7%-ға, ұсақ ұнтақталған фосфат шикізаты -12,6%-ға, тас ұнтағы және үгіндісін - 11,9%-ға, табиғи құмды – 12,4%-ға, газ конденсатын – 1,7%-ға, мыс кендері мен қойыртпаларын - 4,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда жұмыс жасау және қызмет көрсету көлемдері 1,8 есеге (639,6 млрд. теңге) өскен, бұл кәріз жүйесі қызметінің 4,3 есеге, қалдықтарды жою - 2 есеге ұлғаюына байланысты.

Электр энергиясын өндіру көлемінің 19,2%-ға қысқаруы есебінен электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда жұмыс жасау, қызмет көрсету көлемдері 2,2 %-ға (13,3 млрд. теңге) қысқарған.

Ү. ж. есепті кезеңінде өндіріс өсімін Тараз қаласы мен Талас ауданынан басқа барлық аудандардың кәсіпорындары қамтамасыз етті.

Инвестициялық жобаларды іске қосу және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар есебінен өнімдерді өндіру көлемдерінің айтарлықтай өсімі келесі аудандарда байқалады: Жамбыл ауданында (137,5%) - «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС филиалы, «БиномСтройДеталь» ЖШС, «SUPER PHARM» ЖШС; Қордай (128,4%) – «Куликовский молочный продукт» ЖШС, «Актас» ЖШС; Мойынқұм (117,7%) – «АК Алтыналмас» ЖШС, «МынаралТасКомпани» ЖШС, «АльБасар» ЖШС; Т.Рысқұлов (114,6%) – «Луговской конный завод» ЖШС, шағын және көмекші кәсіпорындар; Сарысу (111,3%) – «Каратау» ТКӨК; Шу (107,1%) – «Камкор Локомотив «Шуский тепловозоремонтный завод» ЖШС филиалының кәсіпорны; Жуалы (105,8%) – «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС; Байзақ (104,7%) – «Тараз құбыр зауыты» ЖШС, «Rola-7» ЖШС, шағын және көмекші кәсіпорындар.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің 61% құрайтын Тараз қаласында өндіріс көлемі 4,5%-ға қысқарған. Бұл шетелдік серіктестердің химия өніміне: натрий үшполифосфатына сұраныстың 29,3%-ға, ортофосфор қышқылына - 29,8%-ға азаюы салдарынан «Казфосфат» ЖШС-де өндіріс көлемдерінің қысқаруына, шетелден жеткізілетін шикізаттың (қант-шикізаты) болмауынан «ЦАСК» ЖШС Тараз қант зауытының филиалында өндірістің тоқтауына, жоспарланған жөндеу жұмыстарына байланысты «Жамбылгипс» АҚ-да, марганец шикізатының жетіспеуінен «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-де, технологиялық өндірістік желіге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-де, тарифтің өзгеруінен және өндіріліп жатқан электр қуатын тұтынудың төмендеуінен «ЖГРЭС» АҚ-да, тапсырыстардың төмендеуінен «Имсталькон» ЖМҚЗ ЖШС-де өндіріс көлемдерінің төмендеуіне байланысты.

«Амангельдинский ГПЗ» ЖШС Тараз филиалында және «Шолактау» ТКӨК-да өндіріс көлемдерінің азаюына байланысты жыл басынан бері Талас ауданында (9,5%-ға) өндіріс көлемдері төмендеген.

2013 жылы Индустрияландыру Картасының шеңберінде есепті кезеңде іске асыруға қарастырылған құны 35,3 млрд. теңгені құрайтын (969 жаңа жұмыс орны) 12 жобаның 2075 млн. теңгеге 3 жобасы іске қосылып, 408 жұмыс орны құрылған («Құрылыс-Полимер» ЖШС - полимерден құрылыс материалдарын өндіретін зауыт, «Үміт Қордай» ЖШС - сүт өнімдерінің өндірісі, «Бірлік Энерго» ЖШС - шикі мұнайды өңдейтін зауыттың құрылысы).

Бүгінгі күнге 60%-дан жоғары жобалық қуатымен 5 жоба («Амангельдинский ГПЗ» ЖШС-і – 100,0%, «Жасулан и К» ЖШС-і – 100,0%, «АльБасар» ЖШС-і – 100%, «Алтыналмас АК» АҚ-ы – 69,4%, «Та-Мақ» ЖШС-і – 64,3%), 60%-дан төмен жобалық қуатымен 12 жоба («Мынарал Тас компани» ЖШС-і – 59,3%, «Энерджи Тараз» ЖШС-і – 58,6%, «Казфосфат» ЖШС-і (гексаметафосфат) – 51%-ға, «База Servis» ЖШС-і – 49,3%, «ПОШ Тараз фабрикасы» ЖШС-і – 37,0%, «Бином Строй-Деталь» ЖШС-і – 36,6%, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і – 35,6%, «KazIrAgro» ЖШС-і – 34,8%, «SUPER PHARM» ЖШС-і – 23,4%, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і – 19,8%, «Үміт Қордай» ЖШС-і - 2,3%, «Запчасть» АҚ – 1,3%) жұмыс істеуде.



Ауыл шаруашылығы. Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2013 жылы 2916,9 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1555,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 1361,2 млн. теңге. 2013 жылдың 1 сәуіріне облыстық бюджеттен 12,4 млн. теңге игерілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2013 жылдың қаңтар-наурызында 11,4 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылдың тиісті кезеңіне 96,2%.

2013 жылы облыста ауыл шаруашылық дақылдарын егу алқабы 535 мың га құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,7 мың га-ға немесе 1,5%-ға артық.

2013 жылдың 22 сәуіріндегі жағдай бойынша жаздық масақты дәндік дақылдар 112,5 мың га алқапқа себілген (көзделгеннен 101,0%), майлы дақылдар – 48,6 мың га (59,4%), көкөніс дақылдары – 8,5 мың га (40,1%), картоп – 3,7 мың га (53,5%).

Үстіміздегі жылы облыста көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін 11,0 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын беру жоспарланып, наурыз айында 3,0 мың тоннасы алынып, 2,8 мың тоннасы жеткізілген. Сәуір айында 4,0 мың тонна отын беру жоспарланып, ү.ж. 18 сәуірдегі жағдайға 2,6 мың тоннасы жеткізілген. Операторларда облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін дизель отынын жіберудің орташа бағасы 1 литрге 86 теңге құрайды.

Көкөніс тапшылығын қысқарту мақсатында маусымдық кезеңде жылыжайлар саны өсуде. Бүгінгі таңда, облыста алаңы 21,2 га құрайтын 304 жылыжайлар бар.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 18,0 мың тонна ет өндірілді, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінен 2,6%-ға артық. Сүт өндіру 14,5%-ға (44,7 мың тонна), жұмыртқа – 20,4%-ға (19,7 млн. дана) азайды. Облыстың барлық аудандарында сүт және жұмыртқа өндірісінің төмендеуіне жол берілген.

Қой мен ешкі саны 0,8%-ға (2800,4 мың бас), жылқы – 1,8%-ға (92,2 мың бас), түйе – 0,6%-ға (5,4 мың бас) өсті. МІҚ саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға азайып, 337,2 мың бас құрады, шошқа – 18,3%-ға (37,9 мың бас), құс – 7,8%-ға (1143,3 мың бас).

Сонымен қатар, қой мен ешкі саны Мойынкқұм ауданында 20,6%-ға, жылқы саны Шу ауданында 0,9%-ға қысқарған.

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы 4700 аналық мал басын сатып алу қарастырылған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Жамбыл облыстық филиалдарымен 11 шаруа қожалықтарына 98,2 млн. теңгеге несие беріліп, 569 бас сатып алынды (552 сиыр және 17 бұқа).



Кедендік статистика мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-ақпанында 66,1 млн. АҚШ долларын немесе 2012 жылдың қаңтар-ақпанына 115,6% құрады, оның ішінде экспорт – 25,7 млн. АҚШ доллары (131,8%), импорт – 40,4 млн. АҚШ доллары (107,2%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 14,7 млн. АҚШ доллары.

2013 жылдың қаңтар-наурызында бөлшек сауда айналымының көлемі 25,8 млрд. теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға өсті, көтерме сауда айналымы – 28,2 млрд. теңге (2,9%-ға).

Сатып жатқан кәсіпорындардың тауарларын бөлшектеп сату 2012 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 12,9%-ға артқан. Нарықта және жеке кәсіпкерлерде сауда көлемі есепті кезеңде 27,3%-ға өскен.

2013 жылдың 1 сәуіріне сауда кәсіпорындарының тауарлар қорының көлемі бөлшек саудада 2,1 млрд. теңгені құрады. Бөлшек сауда айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым - 55,6%.



Көлік. 2013 жылдың қаңтар-наурызында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2012 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 8%-ға өсіп, 16,5 млн. тоннаны құрады. Жолаушылар тасымалдау көлемі 8,4%-ға өскен (198,7 млн. адам).

ҚР статистика агенттігінің мәліметтер бойынша 2013 жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерлік саласында өндірілген өнімнің көлемі 0,7%-ға (40,4 млрд. теңге), шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны - 14,3%-ға (38590 бірлік), онда жұмыс істейтіндер саны - 12,8%-ға (119,2 мың адам) өсті.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге аса бастаған уақытынан бері барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 26,3 млрд. теңгені құрайтын 166 жоба жүзеге асуда. Оның ішінде, Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарындағы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша жалпы 18,0 млрд. теңге сомасына 132 жоба жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында «пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жобалардың басым саны Шу, Қордай, Байзақ аудандарда жүзеге асырылуда.

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша, жалпы кепілдік сомасы 508,1 млн. теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылып жатыр.

«Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша, жалпы құны 4,6 млрд. теңгені құрайтын 24 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда. 24 жобаның ішінде 1 жоба Тараз қаласында, қалған 23 жоба облыс аудандарында іске асырылуда.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Қазақстан Республикасы экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамындағы Жұмысшы тобының шешімімен жалпы құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде сервистік қолдау 246 кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіліп, «Бизнес-насихат» тетігі бойынша 1968 адам, «Шағын және орта бизнесті топ - менеджментке оқыту» тетігі бойынша «Назарбаев Университет» АҚ-ның бизнес мектебінде 14 кәсіпкерлері, «Іскерлік байланыстар» тетігі бойынша, бекітілген квотаға сәйкес «Туран Профи» оқыту орталығында АҚШ және Германияда тәжірибеден өту мүмкіншілігімен 25 кәсіпкер оқытылды.

Қаржылық лизинг бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі бойынша жалпы кредит сомасы 119,1 млн. теңгені құрайтын 3 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда.

2013 жылдың қаңтар-наурыз айыларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 13,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42,9%-ға артық.

Бюджеттік инвестициялар салымының көлемі 1,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,1%-ға өсті. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдардың үлесі 9,1%-ды құрады.

Қарызға алынған инвестиция көлемі 2,1 есеге өсіп, 4,5 млрд. теңгені құрады, жалпы инвестициялар көлеміндегі үлесі - 34,6%, оның ішінде 1,6 млрд. теңге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысына тартылған қаражаттар. Ағымдағы жылдың басынан бері шетелдік инвестициялар тартылмаған.

Инвестициялардың жалпы көлемінде 56,2%-ды шаруашылық субъектілерінің өз және халықтың қаражаттары құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 24,3%-ға өсіп, 7,4 млрд. теңгені құрады.

2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда инвестициялық қызмет өсімінің қарқыны ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және транспорттық-логистикалық секторда, тұрғын үй құрылысында жобаларды іске асыруға кәсіпорындардың өз қаражаты және қарыз алған қаражаттарының артуына байланысты Талас (14,3 есеге), Т.Рысқұлов (9,8 есеге), Байзақ (6,6 есеге), Шу (2,0 есеге), Қордай (192,3%), Жуалы (164,5%) аудандарында және денсаулық сақтау және тұрғын үй құрылысында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты Тараз қаласында (107,4%) байқалады.

Мойынқұм (50,7%), Меркі (45,4%), Жамбыл (38,4%) аудандарында, әсіресе Сарысу ауданында (19,6%) капиталдық салымдар төмендеген.

Сонымен қатар, Жамбыл, Мойынқұм және Сарысу аудандарында инвестициялық қызметтің төмендеуі жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды жаңартуға және жаңасын құруға жеке секторлардың өз қаражаттары мен қарызға алынған қаражаттары есебінен салымдардың төмендеуіне, ал Меркі ауданында – бюджеттік қаражат көлемінің қысқаруына байланысты болып отыр.

2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 5,8 млрд. теңгені құрады, немесе 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өсті.

Құрылыс қызметінің өсімі Талас (16,3 есеге) және Меркі (7,6 есеге), аудандарында, Тараз қаласында (2,0 есеге) байқалады.

Жамбыл (60,9%-ға), Мойынқұм (43,4%-ға), Байзақ (22,4%-ға), Қордай (8,9%-ға) және Шу (7,4%-ға) аудандарында, әсіресе Жуалы ауданында (96,4%-ға) құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген.

Т. Рысқұлов ауданында 2012 жылғы тиісті кезеңде құрылыс жұмыстары жүргізілген болса, есепті кезеңде құрылыс жұмыстары болмаған. Сарысу ауданында үстіміздегі жылдың басынан мердігерлік құрылыс жұмыстарының көлемі 43,1 млн. теңгеге атқарылса, 2012 жылғы тиісті кезеңінде осындай жұмыстар болмаған.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 38,5 мың шаршы метрді құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 2,6%-ға артық. Тараз қаласында жалпы алаңы 2,5 мың шаршы метрлік «Бином» ЖШС-тың бес қабатты көп пәтерлі коммерциялық тұрғын үйі пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді салушылардың өз қаражаты есебінен жеке құрылысшылар секторында 36 мың шаршы метр үй тұрғызылған. Бұл өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 4,1%-ға төмен.

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар 1,4 млрд. теңгені құрап, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 14,2%-ға артық, оның ішінде 0,2 млрд. теңге республикалық бюджет, 1,2 млрд. теңге - халықтың және мемлекеттік емес кәсіпорындардың қаражаттары.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Т. Рысқұлов (2,2 есеге), Жуалы (108,4%), Меркі (103,9%) Сарысу (107,3%), Қордай (100,3%) аудандарында және Тараз қаласында (131,0%) өскен.

Жамбыл (58,9%), Талас (76,7%), Шу (83,8%), Байзақ (94,8%), аудандарында жеке тұрғын үйлер аз салынған.

Мойынқұм ауданында тұрғын үйлер пайдануға берілген жоқ.

Жуалы, Қордай, Талас аудандарында және Тараз қаласында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, құрылысына және жайластыруына қаржыландыру жоспарына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жыл басынан тиісінше, 466,1 млн. теңге және 36,2 млн. теңге бөлініп, нақты 61,5 млн. теңге республикалық бюджет қаражаты (13,2%) игерілді.



Коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және су ағызу, жылу энергиясы, газдандандыру нысандарын құрылысына және жаңғыртуға, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2013 жылы 9,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,3 млрд. теңге және қосымша қаржыландыру есебімен жергілікті бюджеттен 2,1 млн. теңге қарастырылған. Үстіміздегі жылдың қаңтар-наурызында 389,2 млн. теңге немесе есепті кезеңгі жоспардың 61,1%-ы игерілген, оның ішінде 357,6 млн. теңге (70,0%) – республикалық және 31,6 млн. теңге (24,9%) - жергілікті бюджет қаражаты.

2013 жылы 2010-2020 жылдарға арналған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жетілдіру бағдарламасының шеңберінде 108 көп қабатты тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1625,0 млн. теңге бөлінген, оның ішінде Тараз қаласында 57 үй, Жаңатас қаласында – 14, Қаратау қаласында – 18, Шу қаласында – 19.

Облыстық бюджет. 2013 жылдың 1 сәуіріне облыс бюджеті кірістер бойынша 39,2 млрд.теңгеге немесе жоспарға 100,6%-ға, өзіндік кірістер бойынша – 7,2 млрд.теңгеге (111,7%), трансферттердің түсімдері бойынша – 32,0 млрд.теңгеге (98,4%) орындалды.

Облыстың барлық аудандарында кірістер мен өзіндік кірістер түсімдері бойынша жоспардың орындалуы қамтамасыз етілген.

2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс бюджетінің шығындары 34,6 млрд.теңгені құрады (88,2% жоспарға) және 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға, оның ішінде денсаулық сақтауға – 29,9%-ға, әлеуметтік салаға – 8,4%-ға, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке – 45,4%-ға өскен.

Салықтар. 2013 жылдың қаңтар - наурызында мемлекеттік бюджетке 14031,3 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39%-ға артық, немесе болжамға 120,7%, оның ішінде республикалық бюджетке - 6783,7 млн. теңге (болжамға 132,2%), жергілікті бюджетке – 7247,6 млн. теңге (болжамға 111,7%).

2013 жылдың 1 сәуіріне берешек сомасы 874,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 150,0 млн. теңгеге өсті.

Жергілікті бюджетке түсімдер бойынша болжамды Жамбыл (97,9%) мен Меркі (88,1%) аудандарынан басқа барлық аудандар орындады.

2013 жылдың наурыз айында 2012 жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі 102,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 1,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,9%-ға, ақылы қызметтер –4,6%-ға қымбаттады.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,3%-ға жоғары (ҚР-101,9%).

Тауарларға және қызметтерге бағаны тұрақтандыру мақсатында «Тараз» сауда-саттық компаниясы» ЖШС-гі қала бойынша 7 дүкен ашып (жоспар – 10 дүкен), онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері делдалсыз (сүт, ет, көкөніс, жарма өнімдері) сатылады. Сондай-ақ, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-мен өз өнімдерін қала бойынша 2 дүңгіршікте делдалсыз сатуға келісім-шарт жасалынды.

2013 жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша 32 жәрмеңке өткізіліп, онда 87,5 млн. теңгенің өнімдері өткерілді.



Еңбек нарығы. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 2011 жылмен салыстырғанда жұмыс істейтін халықтың саны 2,7 мың адамға артып, 599,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздардың саны 314 адамға қысқарып, 32,1 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан 5,4%-ға дейін төмендеген.

2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының шеңберінде 6,3 млрд.теңге бөлініп, ү.ж. қаңтар-наурыз айларында 91 млн. теңге немесе 13,6% игерілді. Бағдарламамен 2242 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде бағдарламаға қатысу үшін 1052 азамат әлеуметтік келісім-шартқа қол қойды.

Кәсіби білім алумен 1245 адам қамтылған, оның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты «өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және аз қамтамасыз етілген азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету және оқыту» шеңберінде кәсіби оқытумен 1205 адам қамтылды, оның ішінде 107 адам оқуды аяқтап, 16 адам жұмысқа орналастырылды. Жергілікті бюджеттер есебінен кәсіби даярлауға 40 адам жіберіліп, олардың 8 оқуды аяқтап, 5-і жұмысқа орналастырылған.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету» шеңберінде кәсіпкерлікке оқытуға 346 адамға 13,3 млн. теңге, 650 адамға шағын несие беруге 1417,7 млн. теңге қарастырылған. Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 367,5 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 40,8 млн. теңге бөлінді. Ү.ж. 1 тоқсанында 8,4 млн. теңге жергілікті бюджет қаражаты игеріліп, 1 жоба іске асырылуда.

Бағдарламаның төртінші бағыты «Ауылдық елді мекендерді дамытудың» шеңберінде 2013 жылы 1239 адам жұмыспен қамтылатын әлеуметтік нысандарды жөндеу бойынша 38 инвестициялық жобаны іске асыру қарастырылған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауылды елді мекендерде 13 дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу қарастырылған.

2013 жылдың қаңтар-наурызында облыстың жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға 6122 азамат жүгінді, оның ішінде 2711 адам жұмыспен қамтылған (жұмысқа орналасу деңгейі – 53,3%). Жұмысқа орналасудың төмен деңгейі Тараз қаласында (47,4%), Жуалы (45,3%) және Шу (28%) тіркелген.

2013 жылдың қантар-наурызында жұмыспен барлығы 5519 адам қамтылды оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен - 1383 адам, маусымдық жұмыстармен - 1250 адам, жастар тәжірибесімен - 776 адам ( «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының шеңберінде – 446 адам), әлеуметтік жұмыс орындарымен – 666 адам (591 адам), ақылы қоғамдық жұмыстарымен – 1444 адам.

2013 жылдың 1 сәуіріне ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,7%-ды құрады, бұл 2012 жылдың тиісті деңгейінен 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.



Әлеуметтік сала. 2013 жылдың қантар-наурызында 100,2 мың тұрғынға 491,1 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 31,7 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 169,3 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 275,7 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 14,4 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төленді.

2013 жылдың қаңтар-наурызында 10092 азаматқа 32,8 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық саны 2013 жылдың 1 сәуіріне 11744 адамды құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға қысқарды. Облыс бойынша кедейшілік деңгейі 1,1%-ды құрайды.

2013 жылдың қаңтарында халықтың номиналды ақшалай табысы 35662 теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға өсті, нақты 1,7%-ға төмендеді.



Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 71731 теңгені құрады, бұл номиналдық есептеуде 2012 жылдың тиісті кезеңінен 5,8%-ға артық және нақты – 1,4%-ға төмен.

Күнкөрістің ең төменгі мөлшері 2013 жылдың наурызында 15848 теңгені құрады және 2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,4%-ға өсті.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде облыста денсаулық сақтаудың Бірыңғай Ұлттық Жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2013 жылы 36,1 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінен 17,5%-ға артық, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 27,6 млрд. теңге.

2013 жылдың қаңтар-наурызында 10 млрд. теңге немесе есепті кезеңге жоспардың 91,6%-ы игерілген, оның ішінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі бойынша- 8,1 млрд.теңге (99,1%).

«100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде іске асырылатын балаларға арналған 200 төсек орындық және ересектерге арналған 300 төсек орындық көп бейінді қалалық ауруханалар құрылысына 2013 жылы республикалық бюджеттен 4552,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 628,4 млн. теңге қарастырылған. 2013 жылдың 1 сәуіріне республикалық бюджеттен игерілгені 1539,3 млн. теңге (78,6%) және облыстық бюджеттен 174,5 млн. теңге (59,1%) игерілген.

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде 13 дәрігерлік амбулатория құрылысына 918,3 млн. теңге республикалық бюджет қаражаты, облыстық бюджеттен қосымша қаржыландыруына 245,2 млн. теңге қарастырылды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына бюджеттен жоспарланған төлем жоспары 127,5 млн. теңгені құрады, есепті кезеңде бюджеттік қаражаттардың игерілуі болған жоқ.

Үстіміздегі жылдың ақпан-наурыз айларында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер барлық 13 нысан бойынша аяқталып, құрылысқа рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылға 7 медициналық пунктер құрылысына облыстық бюджеттен 251,4 млн. теңге қарастырылған. Есепті кезеңде бюджеттік қаражаттар игерілмеген (есепті кезеңге жоспар 43 млн. теңге).

Мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижелері бойынша 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысына мердігерлер анықталды.

2013 жылы облыстық бюджет есебінен 17 денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге 170,4 млн. теңге қарастырылған, материалдық-техникалық базаны нығайтуға республикалық бюджеттен 833,9 млн. теңге қарастырылды, жергілікті бюджеттен 309,8 млн. теңге қарастырылды.

2013 жылдың қаңтар-наурыз айында 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (ДСДӨО алдын-ала мәліметтері бойынша) бала өлімі, туберкулез және қан айналымы жүйесінің ауруларының азайғаны тіркелген.

Ана өлімі, жаңадан пайда болған қатерлі ісік ауруы, қант диабеті, наркологиялық және психиқалық ауруалар деңгейі өскен.

Сонымен бірге, Байзақ, Жуалы, Мойынқұм, Сарысу аудандарында бала өлімі (1000 туылғанға), Байзақ, Шу ауданында – ана өлімі, Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандарында туберкулезбен ауру өскен. Қан айналымы аурулар деңгейі Тараз қаласында, Байзақ, Жуалы, Сарысу аудандарында жоғарылаған.

10 мың адамға дәрігермен қамтамасыз ету 26,3 тен 25,9-ға дейін төмендеген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет