Аты жөні: Өтепқалиева Тоқжан Өтепқалиқызы Туған күні: 17 қазан 1998 жыл Оқу орыны



жүктеу 69.14 Kb.
Дата17.11.2018
өлшемі69.14 Kb.

Эссенің авторы жөнінде мәлімет

Аты жөні: Өтепқалиева Тоқжан Өтепқалиқызы

Туған күні: 17 қазан 1998 жыл

Оқу орыны: Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих, экономика және құқық» факультетінің «Құқықтану» мамандығының II курс студенті



Контакт: үй телефоны - 8(71223) 37511; ұя.телефон – 8 702 413 98 61

e-mail: Tokzhan.Maksot@mail.ru
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ- КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ

Ең алдымен патриотизм дегеніміз не? Оның принциптері қандай және ол қалай конституциялық құндылықтардың мазмұны ретінде көрініс табады? -деген сұрақтарға жауап берейік.

Патриотизм бұл- туып- өскен жерін, отбасын, елін, жерін сүю, құрметпен қарау, мақтаныш ету және оған қорған болу. Ал қазақстандық патриотизм дегеніміз- осы Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың, ұлттар мен ұлыстардың қазақ жерін сүйіп, құрметтеуі және ортақ Отанымызды, Қазақстанымызды қорғап, сол үшін жанын аямау. Патриоттықтың негізгі принциптері: Отанын қорғау, бірлікте болу, мемлекеттік тілді ардақтау, елдің елдігін білдіретін нышандарын сақтау, құрметтеу. Осы аталған принциптер біздің Қазақстанымыздың тұтастығын, конституциямыздың мызғымастығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан, жер көлемі жөнінен әлемде 9-шы орынды иеленетін, 130 дан астам ұлт пен ұлыстың ата қонысы болып келе жатырған үлкен мемлекет. Осыншама ұлт пен ұлыстың ортақ тілін тауып, бір жерде ешқандай талассыз өмір сүріп жатырғанының барлығы қазақстандық патриотизмнің үлкен нәтижесі, жемісі десек болады.



Патриотизм- конституциядағы жазылған барлық заңдардың рухани сақтаушысы, өйткені біз патриот болсақ еліміздің заңдарында көрсетілген конституцияның құрылысына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермейміз. Ал енді Конституция біздің еліміздің бірлігін, татулығын, біртұтастығын қалай қамтамасыз етеді? Осы орайда Конституциямызға тоқтала кеткеніміз жөн. ҚР- ның ең алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда , ал жаңа Конституциямыз 1995 жылы 30 тамызда күшіне енді. Кейіннен , Конституцияға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырды. Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Конституциямызда ел бірлігін сақтау, ұлттар мен ұлыстардың татулығын бұзбау, бір, соның ішінде, ұлттық, нәсілдік, рулық, топтық, таптық алауыздық, қанды кек, өшпенділік мақсатында жасалатын қылмыстар үшін ерекше көңіл бөлінген. Себебі ұлттық татулықты сақтау өз кезегінде Қазақстанды сақтау болып келеді.

Енді патриотизм аясында туындайтын проблемаларды атап көрсетейік. Патриот болу принциптерінде жоғарыда атап көрсеткеніміздей, ең бірінші, адам Отанын, туып-өскен жерін сүюі, құрметтеуі,оған ерекше ықыласпен қарап, мақтаныш етуі керек. Ал бізде қазір елімізде жастар арасында болмасын, үлкендер арасында болмасын шет елге, өзгенің салт- жорасына қызығушылық басым, Кімге қайда барғың келеді де сұрасақ та, Американың немесе Францияның көрнекті жерлерімен қалаларын тізе бастайды. Жыл сайын Турцияға , Парижге мыңдап ағылатын Қазақстандықтар осының дәлелі емес пе? Бірақ Қазақстанда сол шет елдің Лондон, Парижінен кем түспейтіні хақ. Таза табиғатымен, көркі көз тартар қалалары, қолжетімді демалыс орындары Қазақстан халқына аздық етіп жатырғаны қалай? «Өз елім өлең төсегім» дегенді ұмытып, бүкіл өмірінде шетелді бір көруді аңсап тұратындар үшін Қазақстан көзге үйреншікті, көптің бірі сияқты болып қалуда. Сәті келсе өзге елге көшіп кетуге де қарсы емес адамдардың патриоттылық сезімі қайда кеткен дерсің мүмкін. Алайда, Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болғандықтан, әрбір адам тұрғылықты жерін өзі таңдауға, қандай көзқарасты, қандай дінді ұстанса да еркіндік пен құқық берілген. Соған орай, ешкім біреудің құқығына қарсы әрекет жсауға тиісті емес. Бұл проблеманы шешу үшін әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттылық сезімін тұтандырып, елін сүюге үндегеніміз абзал. Қазақ: өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол,- демей ме? Біз қанша жерден өзге елдің өмір салтына қызығып, таңдай қақсақ та, ол өз елімізге жетпейтінін түсінуіміз керек. Әр елдің көз тартар кереметі мен көлеңкелі тұстары да болады. Мәселен, Америка құрама Штаттарының өміріне барлығымыз кинодан, түрлі фильмдерден көріп барлығымыз қызығып жатамыз. Алайда, ол тек көгілдір экранның бергі беті ғана. Шынында, статистика бойынша, АҚШ тұрғындарының әрбір алтыншы тұрғыны кедейшілікте өмір сүреді екен. Сондай-ақ, Кәріс сериалдарына, ондағы актерларға қызығып жүрген қазіргі жастарымыз қандай тәрбие алып, қандай жетістікке жетіп жатыр деп ойлайсыз?! Жоқ, бұл ешқандай да тәрбие емес, ешқандай өнер де емес. Бұл ұлттың уақталуы дер едім. Ер адам біз үшін асқар тау әке, елін, жерін қорғайтын батыр, отбасының тірегі болатын ардақты адам. Ал біз қызығып жүрген кәріс ерлерінен осындай келбет көре аламыз ба? Шашын өсіріп, бояп, құлақтарына сырға тағып, ерсілі- қарсылы билеген бұл азаматтардан біз Отан қорғар алпауыттарды қалай тәрбиелеп шығармақыз? Бұның барлығы өз кезегінде патриоттылықты аяққа басып, еліміздің ұсақталуына алып келмей ме? Осындай азаматтардың көркіне алданып, артынан ерген жастарымыз қазір өз елін сүйіп, оны мақтаныш етпек түгілі кемшіліктерін тізіп әлек болады. Сондықтан әр ұрпағымызды шетелдің соңына ергізіп, елеңдетпей, қазірден бастап барлығын қолға алғанымыз жөн. Патриот болу алдымен біздің өз отбасымызға, кейіннен, білім алған ордамызға, содан соң бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты дамиды. «Отан отбасыдан басталады» дегендей алдымен, отбасындағы мәселелерге мән беріп, балаларды дұрыс тәрбиелеуге тырысайық. Балаларымыздың бос уақытын үнемді өткізіп, еліміздің жетістіктерін айтып, мақтан етуіміз керек. Ал білім ордаларында оқушыларға еліміздің нышандары: Елтаңбамызды, көк туымызды, Гимнімізді жаттатқызып, ондағы бейнеленген әрбір суреттің мағынасын терең ұқтырып, түсіндірсек, әр бала елінің ол үшін қандай қастерлі, қадірлі екендігін біліп, соған қызмет етуді армандайды. Сонымен қатар, мектепке патриоттылыққа дәріптейтін арнайы пән қосып, онда әр оқушы өз ойын еркін жеткізіп, Отанын қорғап, дамыту үшін қандай мақсаттар қоятын еркін жеткізіп, соған жұмыстанатын болса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар, Қазақстан Республиксын қорғау әр азаматтың міндеті. Оны ҚР –ның Конституциясының 36- бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасын қорғау- оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» деп көрсетеді. Біздің елімізді қорғауды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қамтамасыз етеді. Ол 1992 жылы құрылып, жұмыс атқары келеді. Біздің 18 жасқа толған жастарымыз әскери борышын өтеуге шақырту алады. Осы шақыртуды асыға күткендермен қатар, оған барғысы келмей құтылудың сан түрлі сылтауларын іздеп жатырғандар да жоқ емес. Осының барлығы Отанға деген сүйіспеншілігіміздің аздығынан деп білеміз. Бұл олқылықтардың барлығын жойып, жастарымыздың жүрегіне жалын отын жағу үшін жұмыстану ендігі біздің мақсатымыз болмақ. Бұл үшін ең алдымен отбасындағы мән-жайларға көңіл бөліп, сәби кезінен бүлдіршіндерді Отан ананы, Жер ананы қадірлеуді үйретейік.

Қазақстанның патриоты болу тек бұнымен шектеліп қалмасы анық. Елімізде өзекті, кезек күттірмейтін мәселе жетерлік. Соның ішіндегі айтылып жүргені де әлі де айтылатыны да мемлекеттік тілдің мәртебесі болмақ. «Ана тілі- халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ған біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді,оның өзен-көлдерін ана тіліміз арқылы қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз» К.Д.Ушинский. Бұл сөздерден біз ана тілінсіз патриоттық сезімді өз шегінде сіңіре алмайтынымызды көрсетеді. Рас, біздің тәуелсіздік алып, еңсемізді тіктегенімізге де көп уақыт бола қойған жоқ. Тәуелсіздік алғанымызға бар- жоғы жиырма жылдан асса да біз көз ілеспес жылдамдықпен алға қадам бастық. Көреген көшбасшы ұтқыр саясаткер елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастауымен тарихтың жаңа бетінен өз өмірін бастаған Қазақстан бүгінде алпауыт мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде араласып, түрлі дипломатиялық қарым-қатынастардың арқасында елімізді бүгінде әлем танып отыр. Бірақ біз кеңге құлаш ұрғанымызбен ішкі мәселемізді де көзден таса қалдырмағанымыз жөн. Себебі тілсіз ешқандай халық өркендеп, дами алмайды. Оған тарихтан қанша ма рет көз жеткізіп жүрміз. Статистика бойынша әлемде әр 14 тәулікте бір тіл жойылады. Қазір барлығы 6000-нан астам тіл болса, солардың 600 –не ғана жойылу қауіпі төнбейді екен. Демек бізге қауіптенуге негіз бар. Қазір Қазақстанда қазақша білетін халықтың үлесі 2016 жылғы статистика бойынша 82,3 болса, орысша білетін халықтың үлесі 89,4 пайыз болып отыр. Бұл көрсеткіш жақсы болғанымен, қазақша білу бөлек, ол тілде сөйлеу бөлек екендігін ескерткім келеді. Себебі қазір жастар арасында орыс тілінде сөйлеу сәнге айналғалы қашан?! Он қазақ тұрған жерде бір орыс болса, барлығы бірдей орысша сөйлей жөнелетін қазақтар әлі де жоқ емес. Әрине осыншама ұлт пен ұлыс мекен еткен жерде тек бір ғана тілмен шектеліп қалуға болмас.Ұлттар татулығын қолдау мақсатында мемлекеттік тілімізді қазақ тілі етсек, ресми және ұлтаралық тіл ретінде орыс тілін қолданысқа енгіздік. Алайда бұл барлық ұлтпен орыс тілінде сөйлесу керек деген сөөз емес. өз кезегінде олардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып. Қолданыс аясын кеңейтсек, олар да қазақ тілінде сөйлеуге талпынар еді. Қазақстанда тұрып, қазақтың нанын жегендіктен тіліне де құрметпен қарауға тиіс де ойлаймын. Ұлтаралық тілді сақтай отырып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биіктетіп, шашбауын көтерсек, өзге ұлт та Қазақстанның, қазақ жұртының құндылықтарын қастерлеуге талпынар еді. Біз оны өзге ұлттан емес, өзімізден бастағанымыз жөн. Өзіміздің арамызда бір-бірімізбен қазақ тілінде сөйлесіп, орыс тіліндегі сұраққа қазақша жауап берсек, жарнама, газет-журнал, жалпылай айтқанда бұқаралық ақпарат көздеріндегі олқылықтарды жойып, жұмыстансақ аз уақытта қазақ тілінің мерейі үстем болары белгілі.

Қорыта келе біз жоғарыда атап көрсеткен құндылықтар: Отанды сүю, қорғау, құрметтеу, халықтың дәстүрін, тілін қастерлеу барлығы да патриоттылықты құрайды. Ал Қазақстан халқының, қазақстандықтардың патриоттылығы ол еліміздің, Қазақстанымыздың болашағы. Бізді әрбіреуіміздің патриот болуымыз өз кезегінде Конституциямыздың мызғымастығының, біртұтастығының айғағы болмақ. Елбасымыз да халыққа жолдауының бірінде «Жаңа қазақстндық патриотизм-бізді көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» екені аталып, Елбасы өз сөзінде : «Бізді бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл- біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты. Қазақстан патриотизмінің іргетасы- барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі»,- деп ерекше атап көрсетеді. Бұл Елбасымыздың өзі Қазақстандық патриотизмнің мүддесі үшін жұмыстанып, зор табыстарға жететінін және басқалардан да соны талап ететіндігін жеткізеді. Сондықтан баршамыз ұлтымыздың ғана емес Қазақстанымыздың патриоты болайық.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет