Ұлттық қауіпсіздік комитеті "жұтқыштар" деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратқа қарағанда, 24 қаңтарда ҰҚК Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстаған.

“Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-ды құрады”, – делінген мәліметте.

  • ҰҚҚ 2023 жылы Қазақстанда екі террорлық әрекеттің жолы кесілгенін мәлімдеді
  • Тәртіп сақшылары Қаңтар оқиғасы кезінде тәркіленген қару-жарақты сатып жатыр: Полиция желідегі ақпаратқа түсініктеме берді

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғаны айтылады.

“Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – деп қосты ҰҚК.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысында есірткі өндірілген заңсыз зертхананы анықтағаны белгілі болған.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.