Атырау облысы, Мақат ауданы Х. Санбаев атындағы орта мектебінің Әлеуметтік педагогы Оңаева Гүлжайна Оңайқызы



жүктеу 39.06 Kb.
Дата08.10.2017
өлшемі39.06 Kb.

Атырау облысы, Мақат ауданы

Х.Санбаев атындағы орта мектебінің

Әлеуметтік педагогы Оңаева Гүлжайна Оңайқызы.



Тақырыбы: «Ақ моншақты арулар!»

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.Аналарды құрметтеуге үйрету.Қазақ қызына тән қылықтарды бойларына сіңіру.

Көрнекіліктері: Тақырыптар жазылған плакаттар, нақыл сөздер,слайдтар, видео роликтер.

Жоспар: І.Кіріспе. Келген қонақтарды құттықтап, рахмет айту.

ІІ. «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру)

ІІІ. «Қыз еркем-кестесімен көркем»(қолдан жасалған бұйымдар)

ІV. «Өнерлі-өрге жүзер» (ән, би, көркем сөз)

V. «Зерделінің ойы озық» (сұраққа-жауап)

VІ. «Сән үлгісі» (авангардты стиль)

VІІ. «Үй тапсырмасы»(салат жасау)

Құрметті:Аяулы ұстаздар,ақ жаулықты аналар,сүйкімді де, сүйікті қыздар сіздерді келе жатырған төл мерекелеріңіз 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, сарқылмас бақыт, қажымас қайрат, ана бақытын, әйел бақытын,осы өмірдің бақытын тілейміз!

Мерекелік тартуымызды бастамас бұрын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калдыгарина Жанат Сәбитқызына сөз кезегін береміз.

Әділ қазылар алқасын сайлаймыз.



Калдыгарина Жанат-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Кубулова Русгул-мектеп тәлімгері

Галиева Жанар-мектеп психологі

Ата-ана-Нұрханның әжесі

Тәрбие сағатымызды қазақтың «Аққу» күйімен ашамыз.Орындайтын Өткелова Нұршат.

Аязды ақпан кетті де,

Наурыз келді күлімдеп.

Күн сәулесі төкті кеп,

Аямады нұрын көк.

Тау өзені арқыраған,

Сай-сала су сарқыраған.

Көктем келді, жаңбырдан соң,

Күннің көзі жарқыраған-дей келе

алдарыңызға жарқыраған кішкентай аруларымызды шақырамыз.

1-ару:Әйіп Ұлболсын

2-ару:Жайберген Жұлдызай

3-ару:Мұратова Ақбота

4-ару:Қасымғалиева Жарқынай

5-ару:Жарберген Жарқынай

6-ару:Өткелова Нұршат



І. «Мен қазақтың қызымын» арулар өздерін таныстырады.
Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын,

Ешқашанда қимаған


Ақ сүт беріп асырап,

Тәй-тәй бассақ мақтанған.

Көзінен нұр шашырап,

Әлдейлейді тәтті арман.


ІІ. «Қыз еркем-кестесімен көркем» арулар қолдарынан шыққан бұйымдарын әділ қазылар алқасына көрсетеді.
Ұмытсақ оқу-білімді,

Ақыл беріп қолдаған.

Алыста жүрсек сағынып,

Сәлемін ыстық жолдаған-дей келе

Алдарыңызда «Анаға сәлем» әнімен 5 «д» сынып ұлдарын қарсы алайық.
ІІІ. «Өнерлі-өрге жүзер» арулар өз өнерлерін көрсетеді.

1-ару:Әйіп Ұлболсыннның орындауында үнді биі «Хаттува».

2-ару:Жайберген Жұлдызайдың орындауында қазақ биі «Қара жорға».

3-ару:Мұратова Ақботаның орындауында «орыс» биі.

4-ару:Қасымғалиева Жарқынайдың орындауынды «Аққу» биі.

5-ару:Жайберген Жарқынайдың орындауында «Ана» әні.

6-ару:Өткелова Нұршаттың орындауында «Адай» күйі.

ІV. «Зерделінің ойы озық» аруларымыз сұраққа жауап береді.



  1. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?

  2. Қандай ұлттық сусындарды білесің?

  3. Анасын көріп, қызын ал,

Аяғын көріп асын іш деген мақалды қалай түсінесің?

  1. Анаңның мейрамына не сыйлар едің?

  2. Қазақ қызына тән ұлттық киімдерді ата?

  3. Ана туралы ән айтып бер?

V. «Сән үлгісі» аруларымыз авангардты стилмен жасалған киім үлгілерін көрсетеді.(пакет, мешок, ақ қағаз,түс қағаздары,газет) сол кезде «Қыз сыны» әнінің әуені жүріп жатады.Арулар кезекпен кезек ортаға айналып шығып, орындарына барады.


Жан ана, сипап өтсең маңдайымнан,

Шаттанам, бал татыған таңдайыңнан.

Құт болып, алдымызда аман жүрші,

Өзіңе тамаша бір арнайын ән-дегендей

алдарыңызда Дәулет,Рахман,Асылжанның орындауына «Бала тілегі» әні.
VІ. «Үй тапсырмасы» яғни аруларымыз тәтті салаттарын дайындағанша

Мың бұрала билеген,

Биді кімдер сүймеген.

Алдарыңда арулар,

Мың бұрала билеген

Арайлым, Гүлнұр, Айсезімнің орындауында «Қазақ қызы» биі.


Сендерден туған бабалар,

Батырлармен даналар.

Құттықтаймын мейраммен,

Ақ жаулықта аналар! деп



әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Қорытынды: «Айналайын мама туған күніңмен!» әнімен тәрбие сағатымызды аяқтай келе, аналарымызға гүл шоқтарын табыстап, аналарымызды ақ дастарханға шақырып, құрметтеу.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет