Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектебі Информатикадан интеллектуалдық марафон



жүктеу 69.39 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі69.39 Kb.

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебі







Информатикадан интеллектуалдық марафон

(9 сыныптар арасында)


Өткізген: Қайсағалиева Б.Т.

Кенжебаева А.В.
2013-2014 оқу жылы

"Алтын сақа" ойын сайысы

Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға үйрету. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:Кесте, тур аттары, сұрақтар, асықтар,шар.

Сабақтың барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгін бізде 9 сыныптар арасындағы «Алтын сақа» ойынымызға қош келдіңіздер! Оқушыларымызға сәттіліктер тілейік. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше ойынымыздың шартымен танысайық.

Kaztube Алтын сақа ертегісі

Ойын барысымен таныстырамыз  Слайд шоу

1-кезең. «Келесі» Информатика ғылымын жақсы меңгердік!

2-кезең. «Қай сөз артық?»

3-кезең. «Қатесін анықта»

4-кезең. «Копьютердің дамуын білеміз бе?»

5-кезең.  «Жұмбақтас»

6-кезең «Менің мектептегі бір күнім» фотоколлаж, бейнеролик, слайд т.б. шығармашылық жұмыс

7-кезең Интернет –бір күндік, Кітап-мәңгілік пікіріне ой толғау

Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.



Олай болса ойыншыларымызды таныстырайық. Әр сыныптан төрт оқушыдан шығады.

Мұғалім:


Уа, халайық, халайық!

Бәріне жар салайық,

Қазақ тілі елінде

Тапсырма шешіп, жарысып,

Жұмбақ шешіп, аңдысып,

Шабыттасып, шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Ал, сайыскер балалар,

Білімдеріңді сынайық.

«Алтын сақа» сайысының

Жеңімпазын табайық.

Әділқазылар алқасын сайлайық.

Ал енді сайысымыздың

Қызығушылықты ояту

«Кестені тез толтыр». Көзді жұмып алфавиттен бір әріпті таңдайды. Сол әріптен басталатын информатикалық терминдер жазу

1-кезең. «Келесі». Сұрақ қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі сыныптың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа  5 ұпайдан қосылады.


  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  2. 1 килобайтта неше байт бар?   (1024)

  3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)

  4. Вирусты тауып, жоятын программа  (антивирус)

  5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

  6. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)

  7. Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)

  8. Дыбыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)

  9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

  10. 16 гбайтта неше мбайт бар? (16000)

  11. Екілік жүйесінің сандары (0,1)

  12. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

  13. Есепшот Грецияда қалай аталды? (Абак)

  14. Принтерлер қандай түрлерге бөлінеді (Матрицалық, бүріккіш, лазерлік)

  15. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

  16. Өшірілген құжаттар қайда сақталады? (себет)

  17. Майкрософт атасы (Билл гейтс )

  18. Өзін басқа программаларға енгізіп алатын кішігірім программа (вирус)

  19. Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)

  20. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)

2-кезең. «Қай сөз артық?».  Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, тапсырмаға 3 ұпай.

  1. терчесвин – винчестер, такедис – дискета, акткомксиди – компакт – диск, сорецпро – процессор  («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)

  2. рептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика, лиягоибо – биология  («компьютер» артық. Л пәнге жатпайды.)

  3. марамгроп – программа, ныштақ – тышқан, дакротре – редактор,енюм – меню («тышқан» сөзі артық.  Ол құрылғы.)

  4. малімғұ – мұғалім, инрпрет - принтер, ушықо - оқушы, кәртіш – шәкірт  («принтер» артық. Ол құрылғы.)

 3-кезең. Сайыс «Қатесін анықта»

Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпаратты қалпына келтіру.



Бүк Сканер мен мониторды іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу  үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

Ішік. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда  Word Art  панелі арқылы  әр түрлі суреттерді аламыз.

Алшы. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар : Лазерлік, матрициялық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып, жоюға болады. Функцияналдық пернелерге әріптер блогы жатады.

Тәйкі 4-хат. Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы интернет жүйесіне шыға аламыз.

4-кезең. «Компьютердің дамуын білеміз бе?»

 Есепшот Грецияда қалай аталды?(Абак)

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц қандай есептеуіш құралын ойлап шығарды?(Арифмометр)

Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

Алғашқы программист (Ада Лавлейс)

Компьютер шығаратын әйгілі ІВМ фирмасының негізін салушы



(Герман Холлерит)

Бірінші электронды машина (ENIAC)

А.С.Лебедевтің басшылығымен жасалған ЭЕМ-лар (МЭСМ, БЭСМ)

Американдық Герман Холлерит қандай құрылға ойлап шығарды?



(Есепші – перфорациялық машиналар)

Алғашқы «Қосу машинасын» кім ойлап тапты?(Блез Паскаль)

Алғашқы есептеу құрылғысы? (Саусақтар)

5-кезең. «Жұмбақтас». Екілік санау жүйесінде берілген сиқырланған есепті шешу керек. Бірінші болып шешкен топқа 10 ұпай беріледі.

Ол 1001 жаста болатын,

101 сыныпқа баратын.

Портфелінде 100 кітабы болатын,

Он шақты аяқтың шаңымен,

Көшеде кетіп барады.

Бір құйрықты, бірақ жүз аяқты,

Күшігі артынан жүгіріп

Өзінің оншақты құлақтарымен,

Әр дыбысқа елеңдеп.

Күн қаққан он шақты қолдарымен,

Портфелі мен шылбырды ұстаған.

Оншақты көкшіл қара көздерімен,

Әлемге әдеттегідей қараған...

Әңгімеміздің мәнін түсінсеңіз,

Бәрі түсінікті болады.

Жауабы:

Ол 12 жаста болатын,



5 сыныпқа баратын.

Портфелінде 4 кітабы болатын,

Бұның бәрі ақиқат, жалған емес.

2 аяқтың шаңымен,

Көшеде кетіп барады.

1 құйрықты, бірақ 4 аяқты,

Күшігі артынан жүгіріп

Өзінің 2 құлақтарымен,

Әр дыбысқа елеңдеп.

Күн қаққан 2 қолдарымен,

Портфелі мен шылбырды ұстаған.

2 көкшіл қара көздерімен,

Әлемге әдеттегідей қараған...

Әңгімеміздің мәнін түсінсеңіз,

Бәрі түсінікті болады.

Үй тапсырмасы «Менің мектептегі бір күнім»

«Интернет –бір күндік


Кітап-мәңгілік»- дегендей, кітаптан қол үзіп қалар шақта тұрған мына заман интернет пен агенттің заманы.

Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастыр ып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңыз да, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жаман - жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрт тік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде бейнелеген.


Тау суындай гүрілдеп,
Айбынды алаш елім дер
Алтын арқа жерім дер
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма сұңқарға
Талу бар ма тұлпарға
Иман күшті оларда
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін – дегендей ,

ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай.
Каталог: media
media -> «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы»
media -> 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
media -> Бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
media -> Кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қос революция тұсындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік жағдайы туралы аз жазылған жоқ
media -> Утверждено
media -> Урок алгебры в 11 классе


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет