Атырау облысы Құрманғазы ауданы



жүктеу 34.54 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі34.54 Kb.

М.Әуезов орта мектебі



Өткізген: Химия пәні мұғалімі

Унгалиева Самал Мұратбекқызы


Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

М.Әуезов орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Тақырыбы: «Алхимиктер» марафоны
Мақсаты:


  • Оқушылар арасынан химия ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыны анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа баулу.

  • Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өз ойын еркін жеткізуді, нақты тез шешім қабылдау дағдысын дамыту.

  • Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу


Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар, карточка қағаздар, бейнематериал
Түрі: марафон
Әдісі: таныстыру, тест тапсырмалары, химиялық эстафета, сұрақтар, ой жинау
Сабақтың жоспары: І Таныстыру І топ: « »

ІІ топ: « »

ІІ Тест тапсырмасы

ІІІ Ойлы болсаң тауып көр

ІV Ой жинау

V Химиялық эстафета

VІ Ой бөлісу

VІІ Түйін


Сабақтың барысы:
Құрметті көрермендер, қатысушылар «Алхимиктер» атты марафонға қош келдіңіздер. Бүгінгі марафонға 10а және 10 б сыныптардан құралған топтар қатысқалы отыр. Марафон

6-кезеңнен тұрады. Әрбір жауап ұпаймен бағаланады. Баағалайтын мен жүргізуші Самал Муратбекқызы.

Ендеше сайысымызды бастайық. 1-кезең Таныстыру. Топтарға кезек берейік.Айта кетейін өздеріңізді таныстырғанда есімдеріңіздің алғашқы әрпін пайдаланып, сіз қандайсыз? деген тіркесті қосып танысырып кетсеңіздер.
Химияның – әлемі қызық, әрі тартымды,

Өз сырымен химия қызықтырар әркімді

Оқысаңдар ғылымға көз ашып,

Танырсыңдар табиғаттың бар сырын.- деп келесі


2-кезең «Тест тапсырмалары».Әрбір сұрақ 1 ұпаймен есептелінеді. Топтар кезектесіп жауап береміз.


  1. Химиялық элемент ұғымын енгізген ұлы ғалым кім?

А) И.Берцеллиус ә) Дж.Дальтон б) Д.И.Менделеев

2. Адам организміндегі оттегінің массалық үлесі?

А) 21% ә) 48% б) 65%

3. Зат массасының сақталу заңын кім тұжырымдады?

А) М.В.Ломоносов ә) Ж.Пруст б) Дж.Дальтон

4. Қай элемент бактерияларды өлтіріп, денсаулықты құртады?

А) калий ә) хлор б) фосфор

5. MgO қосылысының салыстырмалы малекулалық массасын тап.

А) 40г ә) 28г б) 56г

6. Адамзат баласы алғаш рет өндірген металл

А) Күміс ә) мыс б) қорғасын

7. Жалыны көк түске боялатын металл

А) калий ә) магний б) мырыш

8. Иод тапшылығынан болатын ауру

А) бас сақинасы ә) зоб б) гастрит

9. Иіс газының формуласы

А) СО2 ә) СО б) С

10. Алюминий сульфатындағы күкірттің тотығу дәрежесі нешеге тең?

А) + 6 ә) +4 б) +2
Бар мүмкіндіктеріңізді пайдаланып жауап бергендеріңізге рахмет.
Келесі, 3-кезең «Ойлы болсаң тауып көр» деп аталады.Сіздерге экранда суреттер көрсетіледі. Суретті анықтау, суретті сөйлету. Бұл сурет қай тақырыпқа берілген.Әрбір жауап біір ұпаймен. Қол көтере отырып жауап береміз.
Келесі 4-кезең «Ой жинау»

Бұл кезеңде берілген тірек сызба бойынша түсінік келтіріңіз.

Рахмет балалар.Белсене қатыстыңыздар.
Білімменен ашасың жол ғылымға

От боп лаула, су боп кейде құйыл да,

Домалақ жер, аспан көгі, өзен де

Айтылыпты химияның жырында.-деп келесі


5- кезең «Химиялық эстафета». екі топ сұрақтар дайындап келген болармыз.Кезектесіп бір-бірлеріңізге қойсақ болады. Әр сұрақ бір ұпаймен есептеледі.

Келесі 6-кезең Ой бөлісу ге кезек берсек. Ойлана отырып жауап айтасыздар.Еркін тапсырма. Яғни,

1 зат есім, 2 сын есім, 3 етістік, 1 анықтамасы

Мысалы, Күкірт сары түсті қатты ұнтақталады, жанады, әрекеттеседі.химия өндірісіне қажетті бейметалл.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың



Қиындықтан өткізер. – деп, сайысымыздың соңын түйіндесек. Алдарыңызға ХИМИЯ, ҒЫЛЫМ, БІЛІМ деген сөздер берілді. Бір сөйлеммен топтан бір оқушы түйіндейік. Марафонның қорытындысын шығару үшін ұпайымызды санайық. Бүгінгі марафонға қатысқан оқушыларға, көрермендерге рахмет айтып, топтарды марапаттау үшін сөз кезегін .............................. .............. ..... ................................ беріледі.

Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет