Атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау аумақтық ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінде жүргізіледі



жүктеу 23.67 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі23.67 Kb.


Түсіндірме
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды пайдаланумен байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген болатын, ол бойынша халықтың заңсыз сақтауындағы атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарын сатып алу қарастырылған.

Осы Заңды орындау бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысымен бекітілген заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін әзірледі.

Осы ережеде қару-жарақ заттарының әрбір бірлігін ерікті тапсырған азаматтарға мемлекеттен оннан жүз айлық есеп көрсеткішіне дейін төлемақы төлеу көзделген.

Атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау аумақтық ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінде жүргізіледі.

Заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға Қазақстан Республикасының сол жылға сәйкес республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген мынадай айлық есептік көрсеткіште:

1) автоматты ойық ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін жүз еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;

2) ұзын ойық ұңғылы атыс қаруының (винтовкалар, карабиндер) әр бірлігі үшін елу еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;

3) қысқа ойық ұңғылы атыс қаруының (тапаншалар, револьверлер) әр бірлігі үшін қырық еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;

4) тегіс ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін отыз еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;

5) жарақат салатын тапаншаның немесе револьвердің әр бірлігі үшін он еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;

6) әр граната, мина, жару құрылғысы және артиллерия снаряды үшін жеті еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;

7) жарылғыш заттардың әр 1000 грамы үшін алты еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;

8) ойық қаруға арналған патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма төрттен бір бөлігіне дейін белгіленеді.

Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйі және оның атуға жарамдылығы ескеріледі.

Қару атуға жарамды болған жағдайда төлем ұсынылатын құнынан 100%, ал атуға жарамсыз болған жағдайда төлем ұсынылатын құнынан 50 % есебінен жүргізіледі.

Мына заттар мен құрылғыларға:

1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттар болып танылмаған;

2) ҚР ІІМ-нің АДБ-да «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған;

3) қолдан жасалған оқ-дәрілерге;

4) тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қарудың патрондарына сыйақы төленбейді.

Тіркелмеген атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Ішкі істер министрлігі 2008 жылы халықтан тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарын сатып алу акциясын жүргізген болатын, оның нәтижесі бойынша 14 144 бірлік, оның ішінде 3 084-ойық ұңғылы, 10 800-тегіс ұңғылы, 260-травматикалық қару, 114-граната, снарядтар және миналар, 120,6 килограмм - жарылғыш заттар, 537 369 ойық ұңғылы қаруға арналған патрон заңсыз айналымнан алынған болатын.


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі
Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd presservice -> mvd press relize -> Архив
mvd page -> Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 007 жылғы қарашадағы №1061 Қаулысы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»
mvd page -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd page -> Кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
mvd page -> Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының
mvd page -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет