Ақтөбе қаласы №31 «Күншуақ» мдұ тәрбиешісі Кулекешова Айман Базарбаевна Тақырыбы: «Анамызға мың алғыс!» Мақсаты



жүктеу 41.22 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі41.22 Kb.

Ақтөбе қаласы № 31 «Күншуақ» МДҰ тәрбиешісі
Кулекешова Айман Базарбаевна
Тақырыбы: «Анамызға мың алғыс!»

Мақсаты: Ананың құрметті де мейірімді жан екенін балаларға түсіндіру.Анаға деген мейірімді ,сүйіспеншілікті арттыру.Балалардың тіл байлығын,сөздік қорын,ойлау қабілеттерін дамыту.Аналарды,әжелерді ардақтап,құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде,кеудеңді қуанышқа бөлеп адам баласына өмір,жылылық,әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі келеді.Осы мерекесі қарсаңына қарай біз сіздерге «Анамызға мың алғыс!»атты ертеңгілігімізді бастағалы тұрмыз.

Ана деген-адамзаттың данасы,

Ана деген-сәбилердің панасы.

Ана деген-жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген-қайнар ыстық бұлағың.



Жүргізуші: Балалар ,сендерді өмірге алып келген,жарық дүние сыйлаған жан кім?

Балалар: Ана!

Жүргізуші: Түнгі ұйқысын төрт бөліп,түнде бесік таянып,ақ сүтін беріп өсірген жан кім?

Балалар: Ана!

Жүргізуші: Сендерді «Құлыным», «Ботақаным», «Айым», «Күнім» деп еркелететін жан кім?

Балалар: Ана!

Психологиялық дайындық

Анам мені «Айым»дейді

Мен мұңайсам уайым жейді.

Анам мені «Күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Ән: «Анашым».

Жүргізуші:

Сөзімді бастадым «Ана»деп мен,

Себебі мені де анам адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойға жиған,

Дүниенің ардақтысы Ана деген.

Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп,әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді.Дүниеде Ана қадірлі.

Жүргізуші: Балалар бізде жылдың қай мезгілі?

Балалар: -Көктем.

Жүргізуші: Балалар қар еріп,құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда.Адамдарға қуаныш сыйлайтын сыйқыршы көктем.Олай болса,мерекеге көктемді шақырайық.(Музыка әуенімен көктем келеді.)

Көктем:


Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кенеледі.

Орман,тоғай бақтарда,

Өйткені мен –көктеммін.

Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Жүргізуші: Сыйқыршы көктем біздің шақыруымызды қабыл алып,мерекемізге келгеніңізге рахмет.

Көктем: Қалайша келмейін,осы топтың әдемі қуыршақтарымен билегім келіп тұр.



Би: «Қуыршақтар».

Ендігі кезекті ана,әжелерімізге арнап дайындаған өлең жолдарына берейік.



Арман:

Әжем менің ақ әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Әлі болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

Аягөз:

Сендерден өскен аналар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен ,

Құрметті біздің аналар.

Нұралы:

Ана біздің күніміз,

Біз ананың гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Құрманғазы:

Өскенде мен әжеме,

Сыйлық әкеп беремін.

Мен әжемді,

Өте жақсы көремін.

Ақнұр:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Анаға сыйлаймыз.

Альбина:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Ауырмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Ойын: «Анаңды тап».

Ән: «Ақ әжем».

Жүргізуші:

Өнегесін үйреніп,

Көңілді бір күйге еніп.

Мейрамына ананың,

Би де билеп берейік.

Ортаға көңілді билерімен бишілерімізді шақырайық.



Би: «Джентельмен»биі.

Жүргізуші: Аналарына жүрек жарды лебіздерімен ортаға балаларымызды шақырамыз.

Жұлдызай:

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

Айбатыр:

Мамочке подарок

Приготовлю я.

Самая красивая,

Мама у меня.

Алан:

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген маматайым

Мейрамыңмен құттықтаймын.



Ералы:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Бибарыс:

Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші,келші ақ мамам.

Әбубәкір:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын.

Жүргізуші:

Гүл-гүл жайнап әріміз,

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен ,

Құттықтаймыз бәріміз-дей келе кезекті биге берейік.

Би: «Ромашка» биі.

Жүргізуші:

Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдік те.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,



Үйрететін ынтымаққа,бірлікке-дегендей ана мейірімі мен бар баланың көңіліне көктем орнатып,жаздай жайнай түссін деген ниетпен «Анамызға мың алғыс!»атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Табиғатты күн шуағы аяласа,балаларымызды аналардың шуағы аяласын.Еліміз тыныш,бүлдіршіндер аман болсын. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет