17 ақпанда Глазго соборында "Болашақ" бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісагиннің "Брюс" операсының әлемдік премьерасы өтеді. Опера Шотландия королі Роберт I Брюс туралы баяндайды. Опера өткен мен болашақ арасындағы музыкалық көпірге айналады және шотландиялық ұлы монархтардың бірі, тәуелсіздік үшін күрескер тұлғасын ашпақ.

Либретто Джон Барбурдың 1375 жылы жазылған ортағасырлық "Брюс" поэмасына негізделген және Рахат бидің Шотландия Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеулерінің негізгі бөлігін құрайды.

Шығарма соборлық опера, собордың акустикалық залында орындауға арналған жаңа жанр. Композитор Рахат-Бидің айтуынша, опера бостандық пен ізгілік, кісілік пен күш, күрес пен табандылық, бір адамның тұтас бір халықтың өмірін түбегейлі өзгерте алатындығы туралы сыр шертеді.

Премьера Роберт Брюстің туғанына 750 жыл толуына орайластырылған және Ұлыбританияның төрт көрнекті соборында өтеді:

  • 17 ақпанда Глазго соборында. Бұл Соборда Роберт Брюс алғаш рет Шотландия королі болып танылды;
  • 21 ақпан – Эдинбургтегі Сент-Дайлс соборында. Собор революциялық соғысқа дейін құрылған және көптеген тарихи сәттерде маңызды рөл атқарады. Соборда патшайым Елизавета II-ні еске алу шараларының алғашқысы өтті. Сондай-ақ осы жерде Карл III Шотландия тәжіне табыстау рәсімі өтті;
  • 24 ақпан – Әулие Сальватор капелласында, Әулие Эндрюс университетінде. Король Роберт I Брюс 1318 жылы соборды ресми түрде қасиетті ету рәсіміне қатысты;
  • 3 наурыз – Данфермлайн аббаттығында. Роберт Брюстің жерленген орны.

Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының опера әншілері мен дирижерлер өнер көрсетеді. Актерлер құрамында Роберт Брюсті ойнайтын актер (тенор), оқырман, әншілер ансамблі және орган бар. Орган партиясын Рахат-Би Әбдісагиннің өзі сомдайды.

Аристократиялық Брюс әулеті операны ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетеді. Операның алғы сөзін Брюс кланының 37-ші басшысы Элгин графы мен Кинкардин Эндрю Брюс жазған. Брюс Клан сонымен қатар труппаның әртістеріне тарихи дәуірді жаңғырту үшін костюмдер беруге көмектесті.

Билеттерді брондау туралы ақпаратты "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның bolashak.gov.kz сайтында білуге болады. Опера қойылымдарына кіру алдын ала тапсырыспен тегін.

Рахат-Би Әбдісагин (02.02.1999) – композитор және пианист, өнертану магистрі, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2022 жылы "Болашақ" стипендиясын жеңіп алып, Шотландия Корольдік консерваториясына музыка мамандығы бойынша докторлық зерттеуге барды. 10 жасынан музыка жазды, 13 жасында Құрманғазы атындағы ҚҰК студенті, 17 жасында ҚазҰӨУ-дің магистранты болды, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында тәжірибеден өтті, 18жасында кандидаттық диссертация қорғады. 20 жасында ол Италияның ең беделді үш университетінде аспирантураны аяқтады. Шығармалары Бах, Гайдн, Моцарттан бастап қазіргі заманғы классикаға дейін әлемдік классиканың жауһарлары жинақталған Оңтүстік Иллинойс университетінің "Дискография" фортепиано мен оркестрге арналған Бүкіләлемдік орындалатын шығармалар қорының жинағына енген жалғыз отандық композитор.

150-ден астам музыкалық шығармалардың, ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы. Ол үш опера жазды: "Күн нұрлы жол", "Бейтаныс" және "Брюс". Рахат бидің әндері Еуропаның, Азияның және Американың әйгілі концерттік залдарында шырқалады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.