Өзін анықтаушы деп таныстырып, полиция қызметкерінің формасын киген алаяқ Ақмола облысының тұрғынын алдап соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы ПД

Бұланды ауданының тұрғынының айтуынша, 13 наурыз күні белгісіз қыз оған қоңырау шалған. Өзін анықтаушы деп таныстырған ол алаяқтар жәбірленушінің жеке деректері арқылы оның атынан бірнеше несие рәсімдегенін, алайда ол тағы бір несиеге өтініш беру арқылы заңсыз ниесиелерді жоюға болатынын айтады. Бұл ретте алаяқтар өздерінің қызмет ететін бөлімі де, тегін де атамаған. 

“Жәбірленуші жалған полицейлердің нұсқауымен өтініш жолдап, кейін өз бетінше телефондағы банк қосымшасын өшіріп тастаған. Бірақ алаяқтар телефонмен сөйлесіп қана қоймай, жәбірленушімен WhatsApp-тағы бейнеқоңырау арқылы хабарласқан. Ер адамның айтуынша, бейнеқоңрау арқылы сөйлескенде алаяқтар полиция қызметкерлерінің формасында болған. Сол себепті ол “полицейдің” сөзіне еш күмән келтірмеген”, – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция басқармасы. 

Жәбірленуші несие алу үшін жақын жердегі банк бөлімшесіне барған, банк менеджері мобильді қосымшаны қайта орнатуды сұраған. Ол есепшотын тексергенде 1 миллион 100 мың теңге ақшаның жоғалып кеткенін көреді. Бұл қаражатты ол ай сайынғы жалақысынан жинаған екен.

Қазір полиция алаяқтықты анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.