Ақтөбе облысының аумағында жануарларды ұстау Қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»



жүктеу 69.64 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі69.64 Kb.

ЖОБА


Ақтөбе облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақтөбе қ №__ «___» __________ 2016 ж



Ақтөбе облысының аумағында

жануарларды ұстау Қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының аумағында жануарларды ұстау Қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыстық мәслихаттың Облыстық

сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы


А.ТӨЛЕГЕНОВА С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА


Жобаны енгізген:

«Ақтөбе облысының ветеринария

басқармасы»Мемлекеттік мекемесі

басшысы

________________ К.Канадбаев

1
Облыстық мәслихатының


2016 жылғы «__» _______

№___ шешімімен


бекітілген


Ақтөбе облысының аумағында ауыл шаруашылық жануарларды ұстау Қағидалары
1.Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидасы Ақтөбе облысының аумағында жануарларды ұстау тәртібін айқындайды.

3. Осы Қағида меншік нысанына қарамастан, жануарларды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады.

4. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрі;

2) жануар иесі - өз меншігінде немесе басқа да меншікте жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;

3) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар

4) ветеринарлық анықтама - жергілікті атқарушы органдармен құрылған ветеринариялық ұйымдардың өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін құжат;

5) ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат;

6) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру - жануарларды бірдейлендіру жөніндегі деректер қорына жануарлар туралы мәліметтерді енгізу және жануарларға арналған ветеринариялық паспорт беру арқылы бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;

7) ветеринариялық іс-шаралар – эпизоотияға қарсы ветеринарлық-санитарлық кешенді шаралар;

2

8) зарарсыздандыру, дезинсекция және дератизация – жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар кешені.


2.Жануарларды ұстау.
5. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкес және экологиялық  қауіпсіздікті ескере отырып, тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен саябақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, сауда, тамақ өнеркәсібінен, жалпы демалатын орындардан, балаларды сауықтыру орындарынан, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның сағасынан қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған жабық орындарда ұстау керек.

6.Жануарлардың тұратын орындарын жәндіктерге, кеміргіштерге қарсы күрес мақсатында зарарсыздандыру, дезинсекциялық және дератизациялық препараттармен тазалау қажет.

7. Жануарларды ұстау барысында пайда болатын биологиялық қалдықтар, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде №11003 болып тіркелген, Қазахстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №16-07/307 «Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жойылуға жатады.

8. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен басқа да жануарлар жалпы пайдаланатын орындарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе одан белгіленген санитариялық аймақтарының шекараларында орналасқан тыс жерлерде ұсталатын жануарлар, ауыл шаруашылық алқаптық жерлердегі адамдардың қарауынсыз тұрғандар, қараусыз деп есептеледі және ұстап алынуы мүмкін болады. Ұстау тәртібі, ұсталған жануарлардың иелеріне қайтарылуы мен иелерінің жауапкершілігі 1994 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес анықталады.

9. Ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру, бағу, санитарлық аймақтарының және ветеринарлық нормативтерінің талаптарына сәйкес жануарларды елді мекендердің шекара шегіндегі жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталуы мен ауыл шаруашылық жануарларын бағу жүктемесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жүзеге асырылады.

10. Көшелерде, алаңдарда, шағын бақтарда, иеліктік аймақтардағы темір және автомобиль жолдарының, сондай-ақ басқа да жалпы пайдалану орындарында жануарларды қараусыз бос жіберуге жол берілмейді.

Жануарларды бағу жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жайылымды учаскелерде жүргізіледі.
3

11. Адамдар мен жануар денсаулығына ерекше қауіп тудыратын жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Жануарлардың өлекселерін жою арнайы қамтылған орындарда жүргізіледі.
3. Сауда-саттық және тасымалдау
12.Жануарларды сату арнайы ішкі сауда орындарында жүзеге асыру рұқсат етіледі.

13. Жануарлардың орын ауыстырылуы (тасымалдануы) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде №11845 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрінің у.м.а 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 «Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.


4. Мал иелерінің құқықтарымен міндеттері
14.Жануарлардың иелері міндетті:

1) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды, жануарлар ауруларын ескертілуі мен орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуін жүзеге асыруға;

2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес, хайуанаттардағы, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда жануарларды күтіп-ұстауды, өсіруді жүзеге асыруға;

3) аймақтарды, үй-жайларды, сондай-ақ жемшөпті сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ұсталуын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;

4) ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен және өткізумен, сондай-ақ орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдаумен (орнын ауыстыру) байланысты зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды орналастыру, салу, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде сақтауға;

5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруін қамтамасыз етуге;

4

6) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына ескерту:



жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), төл алынған, оның (олардың) союылы және іске асырылуы туралы;

өлген жағдайларда, бірнеше жануар бір мезгілде ауырғанда немесе олар өздерін әдеттен тыс ұстаса, жануарлар аурып күдік тудырса ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторлар келгенге дейін шаралар қабылданып күтіп-ұстап, ауырғаны туралы;

7) өз жануарларына ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытылы вакцина егуді және диагностиканы қамтамасыз етуге;

8) ауыстырылатын (тасымалданатын) объектті мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге ветеринариялық қарау үшін кедергісіз беруге;

9) мемлекеттік ветеринариялық дәрігерінің актін орындауға;

10) жануарларды өткізу үшін союылын сою алдында ветеринариялық тексерісін және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүргізбей союға жол бермеуге;



11) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;
5. Жануарларды сою
12. Жануарларды сою (жылқы, ірі қара мал, ұсақ қара мал,шошқа) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде №11591 болып тіркелген ҚР АШМ 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілуі қажет.
6. Қорытынды ережелер
13. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Каталог: sites -> default -> files -> osnovnaya
osnovnaya -> 2016 жылдың қазан айының 1-31 қазан аралығындағы дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша комитеті жариялаған хабарламалар тізімі
osnovnaya -> Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18
osnovnaya -> Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен жарияланған
osnovnaya -> Дсұ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2017 жылдың
osnovnaya -> Баспасґз-релизі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет