Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың қазанына орындалуы туралы



жүктеу 145.07 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі145.07 Kb.


Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың 1 қазанына орындалуы туралы

ақпарат

.


Р/с №

Іс-шараның атауы

Атқарылған жұмыстар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

1

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарын және Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау үшін, жауапты тұлғаларды анықтау

Басқарма басшысының 2015 жылғы 12 қарашадағы №348-ө бұйрығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларды ұйымдастыру және қажетті құжаттарды сапалы орындалуына жауапкершілік басқарма басшысының орынбасары Алиев Мұрат Құдайбергенұлына жүктелді

Шаралар ұйымдастыру, қадағалау

Жыл бойы

2

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл турал» заңы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптары-ның сақталуына қатысты іс-шаралар ұйымдастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стенд орнатылды;
Басқармада мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) стенді орнатылды;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.Футболдан облыстық балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінде өткен жарысқа жергілікті атқарушы органдар және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері өкілдерінен 16 команда қатысты. Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және салауатты өмір салтын тәрбиелеу;
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында, Ақтөбе облысы Әділет департаменті қызметкерлері арасында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен интеллектуалдық ойындар бойынша сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа қатысуға облыстық құқыққорғау органдарының қызметкерлері белсенділік танытты. Аталған шараның мақсаты- мемлекеттік қызметтің имиджін және тартымдылығын жоғарлату. Сайыс соңында жеңіске жеткен мемлекеттік қызметшілер арнайы мадақтамалар мен медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар, Tengrinews.kz сайтында 2016 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған «Назарбаев рассказал притчу о махарадже и его слуге» атты этика нормаларына байланысты, мақаламен басқарма қызметкерлерін таныстырып, өз міндеттерін атқару кезінде және күнделікті өмірде мемлекеттік қызметшілер атағына кір келтіретін әдеттерден аулақ болулары жөнінде ескертілді.



Стенд

(фото 1)

Стенд

(фото 2)


Спорттық шаралар өткізілді

(«Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде және «Ақтөбе-Қазақстан», «Рика-ТВ» тел.көрсетілді)

(фото 3-4)

(фото 5)


2016 жылғы шілде айы

2016 жылдың наурыз айы

2016 жылы

2-4 маусым



3

«Начни с себя – Өзіңнен баста» атты республикалық акцияға қатысу

Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің табыстары мен мүлкінің декларациялары мекеменің сайтына орнатылды.


sport.aktobe.qov.kz

2016 жылдың ақпан айы (жыл сайын жаңартылады)

4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары-ның орындалу барысы туралы есептерді басқарманың интер-нет-ресурсында және БАҚ жариялау бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында, басқарма sport.aktobe.qov.kz сайтында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты жеке бөлім ашты.
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелерде, сыбайлас жемқорлық-тың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар Жоспары жасалып, басқарманың сайтына орнатылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №222 қаулысының 10 тармағына сәйкес 2016 жылға арналған Медиа-жоспары жасалып, басқарманың сайтына орнатылды. Сондай-ақ, аталған жоспар орындалуда (газет-журналдарда мақалалар шығару және телевидения арқылы арнайы бағдарламаларға қатысу: мақалалар - «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлық індет-жою міндет», «Флешмоб және марапат», «Кім көп еңбек етсе, сәттілік соның серігі болады», т.с.т., теледидар арқылы бағдарламалар - «Кто, если не мы» бағд. спорт саласының қызметкерлерінің қатысуымен, Рика ТВ арқылы спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде ақпарат берілді (https://www.youtube.com/watch?v =qeX9SN5SQmo#action=share, https://www.youtube.com/watch?v=-Kv7Yowlxh U#action=share, http://www.rikatv.kz/news/oblsport-beret-kurs-na-vospitanie -svoikh-sportsmenov.html). Барлық спорттық жарыстар, бұқаралық-көпшілік іс-шаралар, семинар-тренингтер, акциялар мен флешмобтар БАҚ арқылы жарияланады.
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері мен басқармаға бағынатын мекемелер қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын көтеру үшін өткізілетін семинарлар Жоспары жасалып, басқарманың сайтына орнатылды және жұмыстар атқарылуда.

sport.aktobe.qov.kz
(Жоспар)

(Жоспар)


(Жоспар)



Жыл бойы

5

Басқармада, басқармаға қарасты ұйымдарда «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеуін кеңейту

Басқармаға қарасты балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары, хаттарына арналған жәшіктерді жаңғыртып, оны көрнекі, оңтайлы жерге орнату жөнінде тапсырма берілді. Қызметшілердің, сондай-ақ бағынысты мемлекеттік мекемелерде заң бұзушылықтарына жол бермеу, алдын алу мақсатында басқармада, облыс әкімшілігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің байланыс телефонының номері ( 93-20-53), ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің (8 /7172/ 74-12-42), ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің (72-83-27) және басқарманың (56-67-83) сенім телефондары көрсетілген ақпараттық тақтайша орнатылды.

Сонымен қатар басқарма басшылығының азаматтарды қабылдау (жеке және заңды тұлғалар) кестесі басқарманың сайтында және қабылдау бөлмеде орнатылды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде орын алатын кемшіліктердің алдын алу мақсатында, 2016 жылдың 29 қаңтарында басқарма қызметкерлерінің қатысумен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заң талаптары талқыланды (құқықтық сауаттылық сабағында).


Ақпараттық стендтер (тақтайшалар) орнатылды

(фото 6)


(қосымша)

Қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын көтеру бойынша семинар



Жыл бойы

6

Басқарма мен басқармаға қарасты ұйымдардың қызме-тінде жасалған сыбайлас жемқорлық көріністеріне тал-дау жасау және оларды болашақта болдырмау шара-ларын қабылдау

Спорттық разрядтар, біліктілік санаттарын беру мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша семинар өткізілді. Семинарға спорт мектептерінің жауапты мамандары, Ақтөбе қаласы және аудандық спорт бөлімдерінің басшылары, комиссия қатысты.
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, басқармаға бағынысты мекеме басшылары мен қызметкерлерінің (есепшілер, кадр қызметкерлері) құқықтық сауаттылығын көтеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы, Ақтөбе облысының кәсіптік одақ Орталығының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа еңгізілген Қазақстан Республикасының Заңдары мен таныстыру және түсінік алу үшін семинар ұйымдастырылды;
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Отандық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында облыстық спорт қауымдастығының қатысуымен конференция өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Ақтөбе облысының «Нұр Отан» филиалының ғимаратында спорт саласының қызметкерлері, спорт ардагерлері, жетекші спортшылардың қатысуымен Форум өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, жастарға патриоттық тәрбие беру және мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында, ағымдағы жылдың 4 мамырында Ақтөбе облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында семинар өткізілді.


Семинар жұмысына облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектеп басшылары, орынбасарлары, жетекші спортшылар, спорт ардагерлері, мемлекеттік орган қызметкерлері (Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті) мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты;
2016 жылдың 4-31 мамыр аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Басқарма басшылықтарының бұйрығы негізінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оған бағынысты ведомстволық ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдардың орындалуы мақсатында басқармада жұмыстар жүргізілді (салалық Министрлікке, разряддар мен аккредитациялау жөнінде, мемлекеттік қызмет көрсету қызметі бойынша, БЖСМ басшыларын тағайындау тәртібі бойынша ұсыныстар жолданды).

Басқарма басшысының 2016 жылғы 22 маусымдағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №218-ө бұйрығы негізінде, талдау жүргізіліп, нәтижесі бойынша шаралар қабылданды.


2016 жылдың 28 маусымында облыс әкімдігінде басқарма және басқармаға қарасты ұйымдардың басшыларының қатысуымен «Нөлдік төзбеушіліктің» негізгі рөлі тақырыбында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп семинар ұйымдастырылды.
2016 жылдың 28 маусымынды Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Білім басқармасы бірлесіп балаларға қосымша білім беру бағытында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинарға спорт мектептерінің жауапты мамандары, Ақтөбе қаласы және аудандық спорт бөлімдерінің басшылары, комиссия мүшелері, ХҚКО мен мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты;

Ақтөбе қаласы және аудандық ДШжС бөлімдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша тоғыз айлық жоспар құрылып, бақылау шаралары атқарылуда. Бүгінгі күнде бес ауданда бақылау шаралары өткізілді (Алға, Мәртөк, Хромтау, Ырғыз, Қарғалы).

2016 жылдың тамыз айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жүргізілген тексеру нәтижесі негізінде, басқармада, спорт саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде орын алған кемшіліктерді жою мақсатында, іс-шаралар жоспары жасалып, қателіктерге жол берген қызметкерлер жауапкершілікке тартылды.


Семинар өткізілді

(хаттама)

(фото 7)

Семинар өткізілді

(хаттама)

(фото 8-10)


(«Ақтөбе» №24, «АВ» №23, 10.02.2016, газеттерінде және «Ақтөбе-Қазақстан», «Рика-ТВ» тел.көрсетілді, 08.02.2016)

(фото 11-12) (фото 13-14)
Семинар өткізілді

(хаттама)

(фото 15)

Семинар өткізілді

(хаттама)

(Фото 16-17)


Семинар өткізілді

(хаттама)

(Фото 18-19)


(Фото 20-22) (Фото 23)

(Фото 24-25)



2016 жылдың 15 қаңтар

2016 жылдың 19 қаңтар

2016 жылдың 2 ақпан

2016 жылдың 9 наурыз


2016 жылдың 4 мамыр

2016 жылдың 29 маусым


2016 жылдың 28 маусым

2016 жылдың 28 маусым

2016 жылдың

21-22 қаңтар

26 мамыр


24 маусым

22 шілде


24 қырқүйек

7

Басқармаға қарасты ұйымдарда мемлекеттік сатып алу бойынша құқық бұзушылықтың алдын алуға қосымша шаралар қабылдау

2015 жылдың 30 желтоқсанындағы №10830 Ақтөбе облыстық әкімдігінен түскен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Заң бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынысымен» 2016 жылғы 19 қаңтар күні балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылыры мен есепшілерін таныстыру мақсатында, алдағы уақытта өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруын және мемлекеттік сатып алу процедураларын ҚР заңдылықтарына сәйкес жүргізілуін, заң бұзушылықтарға жол берілмеуін қамтамасыз ету жөнінде мәжіліс өткізілді.

Жиналыс өткізілді

(хаттама)




2016 жылдың 19 қаңтар

8

Басқармадағы сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспа-рының орындалу барысы туралы мәселені қарау

2016 жылға басқармаға қарасты балалар-жасөспірімдер спорт мектептері басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында іс-шаралар жоспарын әзірлеу және заң бұзушылықты болдырмау үшін мектеп ұжымы арасында жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма беріліп, барлық спорт мектептерінде Жоспарлар бекітілді және жұмыс жүргізілуде.

2016 жылға басқарма басшысының бұйрығымен қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында ішкі оқыту жоспары бекітілді.

Сондай-ақ, қазіргі кезде басқармаға қарасты балалар-жасөспірімдер спорт мектептері басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында БАҚ-а (теледидар арқылы сұхбат беру, газеттер бетінде мақалалар шығару) жұмыстар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыратын құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында, спорттық-көпшілік іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілуде:


ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан спортшыларының жетістіктерін атап өту және жастар мен балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында, №8 футболдан облыстық балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің футбол алаңында жетекші спортшылар мен спорт мектептері тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты флешмоб ұйымдастырылды (Мемлекеттік рәміздер, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада жеңімпаздарын қолдау); алдағы уақытта,


«Ата заңды сақта – жемқорлыққа қарсы тұр!» тақырыбында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, облыстық басқармалардың және аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері арасында волейболдан жарыс өткізу жоспарлануда, т.с.т.

Басқармада, басқарма қызметкерлерінің, басқармаға қарасты мекеме басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін әр жиналыста, үнемі ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ескертіледі.



2015 жылғы 25 желтоқсандағы №6-9 / 2779 хаты

2015 жылғы 28 желтоқсандағы 408-ө бұйрығы



2016 жылғы 30 тамыз



Жыл бойы


Басқарманың ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Р.Шумекеева


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет