Ақтөбе облыстық білім басқармасы



жүктеу 0.9 Mb.
бет1/5
Дата27.04.2019
өлшемі0.9 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі




(Қолданбалы курс бағдарламасы)

Авторы: Адамбекова Раушан

2017-2018 оқу жылы

Бекітемін:

Мектеп директоры: О.Қалшабекова

Бейіндік оқу ісі бойынша

орынбасары: Қ.Матбеков

Химия – биология пән

әдіс бірлестік жетекшісі: Р.Адамбекова


Жалпы орта білім беретін мектептің

11 сыныбына арналған жаратылыстану

Бағытындағы химия пәнінен

(қолданбалы курс)

бағдарламасы


Авторы: Адамбекова Раушан Базарбаевна
Түсінік хат
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Химия пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – оқушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Химия пәнін оқып – үйренгенде есептер шығарып, жаттығулар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Есеп шығару – оқушыларды химиялық ой – өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы .

Есеп шығару оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.


    1. Химиялық есептер

( қолданбалы курс бағдарламасы)
Бағыты: Жаратылыстану-математика.

Бейіні: Химия- физика

Курсытың мақсаты: Есеп шығару химия пәнің меңгеруде үлкен орын алады, себебі ол кезде оқушы өзінің алған теориялық білімін практикада қолданып үйренеді.

  1. Жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету;

  2. Сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру


Міндеттері:

-оқушының пәніне қызығуын арттыра отырып, әр түрлі заттардың күнделікті өмірде қолдануын тәжірибе жүзінде дәлелдеуі, ойды жинақтау-ды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып білімін дамыту;

-интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;

-ғылыми зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдысын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

-химияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

Мамандыққа бағдарлау: химик

Пәнаралық байланыс: физика биология, экология, география,

Курстың қорытындылау формасы: зерттеушілік конференция, семинар

Оқу үрдісін ұйымдастыру

Курс бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:


  • Курсқа қызығушылықты арттыру;

  • Белсенді қатысу;

  • Еркіндік және диалогқа дайындық;

  • Өз ойына сеніммен қарау.

Әдістер:

  • Зерттеушілік – ізденіс;

  • Ғылыми жұмыс және бағдарламалар;

Жұмыс түрлері:

  • Әңгіме, семинарлар, пікірталастар, сарамандық жұмыстар, теориялық сабақтар (дәрістер), есептер шығару.

Бағалау барасы:

  • Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу;

  • Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы;

  • Химиялық терминдердің дәл қолданылуы;

  • Дербес жауап;

  • Материалдық логика;

  • Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік.


Күтілетін нәтижелер:

1.Жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету;

2.Сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;


  1. Білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру;

  2. Проблема қою, проблемалық жағдай туғызу;

  3. Материалды пысықтау, қорытындылау және қайталау;

  4. Политехникалық ұстанымдарын іске асыру;

  5. Оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады;


Химиялық есептер :
Есеп шығару химия пәнің меңгеруде үлкен орын алады, себебі ол кезде оқушы өзінің алған теориялық білімін практикада қолданып үйренеді. Қажет болған жағдайда анықтамаларды пайдаланып оқулықтардан теориялық материалды қайталайды, есеп шығаруға қажетті мәліметтерді еске түсіреді.

Есеп шығарып үйренудің негізгі 2 жолы бар.Есеп шығаруды мұғалім үйретеді, немесе арнайы оқу құралдарының көмегімен оқушы өз бетімен үйренеді. Химия пәніне бөлінген апталық 2 сағаттың ішінде мұғалім теориямен қатар есеп шығаруды үйретуі тиіс. Ал сабақтан тыс уақытта химияға қызығатын оқушылар өз бетімен есеп шығарып, үйренуі үшін қазақ тілінде шыққан арнайы оқу құралдары мен есептер жинақтары керек. Әзірше ондай оқу құралдары жоқтың қасы. Осы орайда, бұл әдістемелік құрал химия есептерін өз бетімен шығарып үйренгісі келетін оқушыларға және ұстаздық қызметтерін жаңадан бастап жатқан жас мамандарға пайдасын тигізетін шығар деп ойлаймын. Сонымен қатар бұл әдістемелік оқу құралы «Химия мен биология» мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне мектептерде өтетін педогогикалық практика кезінде көмектесе алады.

Химия есептерін шығаруға арналған курс жүргізуде қолданбалы көмекші құрал бола алады деп сенемін.

І Химиялық есептерді шығарудың жалпы әдістемелік талаптары

Химиядан есеп шығару, жаттығу орындауда химиялық ұғымдар қайталанып, алынған білімдер тереңдей түседі, оқушылардың ой – өрісі дамиды, бұл орайда оларды өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді.Есеп шығару арқылы оқушылар еңбекке үйренеді, жауапкершілік артады, мақсатқа жету үшін табандылық пайда болады. Есеп шығаруда пәнаралық байланыста іске асады, ғылым мен білімнің өмірдің байланысын ұштастырады. Табиғаттың тұтастығы туралы көзқарас қалыптасады. Есеп шығаруда оқушылардың ой әрекеті мен іс әрекеті дамиды.Олар ойға тоқу, дәлелдеу, талдау сияқты ойлау элементтерін үйренеді. Игерген білімдерін болашақта мамандық таңдауда пайдалануға бейімделеді.

Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы білім алады.


  • Пәнге қызығушылығы артады

  • Болашақ мамандық таңдауына жол ашады

Мектеп курсында химиялық есептер негізгі 2 топқа бөлінеді:

  1. сандық есептер

  2. сапалық және сынақ – тәжірибелік (эксперименттік) есептер.

Сандық есептерді 3 – ке топтастыруға болады:

  1. Химиялық формула бойынша есептер шығару;

  2. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;

  3. Ерітіндіге байланысты есептер шығару;

Әр топтың есептерінің бірнеше түрлері болады.

Бірінші топқа 15 түрлі есеп кіреді:



  1. Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау;

  2. Күрделі заттың формуласы бойынша ондағы элементтер массаларының қатынастарын есептеу;

  3. Қосылыстардағы элеметтердің массалық үлесін анықтау;

  4. Белгілі заттың массасынан элементтің массасын анықтау;

  5. Элементтің массасы арқылы заттың массасын табу;

  6. Салыстырмалы тығыздық арқылы газдардың молекулалық формуласын табу;

  7. Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;

  8. Заттың белгілі мөлшері бойынша массасын табу;

  9. Заттың белгілі массасына сәйкес зат мөлшерін есептеу;

  10. Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым формуласын табу;

  11. Газдардың тығыздығы мен элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың молекулалық формуласын анықтау;

  12. Газ тәрізді заттың мөлшері бойынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;

  13. Газ тәрізді заттың массасы боынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;

14.Жану өнімдерінің массалары мен көлемдері, олардың буларынан салыстырмалы тығыздықтары бойынша заттың молекулалық формуласын табу;

15.Газ тәрізді заттың қалыпты жағдайдағы көлемі бойынша массасын есептеу;



2. Сандық есептерді С.Г. Шаповаленко бойынша мынадай (7)типтерге бөлуге болады:

1 – Моль ұғымы бойынша есептер шығару;

2 – Элементтердің массаларының арақатынасы мен химиялық формула арқылы есептеу;

3 – Зат құрамындағы элементтердің массаларын формуласы арқылы есептеу;

4 – Салыстырмалық тығыздыққа байланысты және газдың көлемі арқылы салыстырмалы молекулалық массасын анықтау

5 – Химиялық теңдеулер арқылы есептеу;

6 – Ертінділерге арналған есептер;

7 – Қарапайым молекулалық формула құрастыру:


Ю.В.Плетнер,В.С.Полосин бойынша сандық есептер 8 типке бөлінеді.

1- Формула арқылы есептеу

2-Ертіндіге байланысты есептер

3-Реакцияға қатысқан газдардың көлемдік қатынасын анықтауға байланысты есептеулер

4-Заттың салыстырмалы молекулалық массасын табуға байланысты есептер

5-Реакция өнімінің шығымына байланысты есептер

6-Реакцияға қатысқан заттың біреуі артық мөлшерде алынған жағдайда заттың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер

7- Қоспаға байланысты есептер

8-Реакцияға қатысқан газтәрізді заттардың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер
Сапалық есептер де бірнеше типтерге бөлінеді.


  1. Заттарды алу әдістері

  2. Заттың сапалық құрамын анықтау әдістері

  3. Химиялық заттарды бір-бірінен ажырата білу

  4. Химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру

  5. Заттарды жеке кластарға жатқыза білу

  6. Берілген мөлшердегі ерітінділерді дайындау

  7. Берілген заттарды қоспаның бар екендігін анықтау және затты қоспадан тазарту

II Химиялық есеп бөлімдері

Есептің мазмұны,яғни химиялық бөлімі және математикалық,яғни есептеу бөлімі болады.Есеп шығарғанда оқушылар есептің химиялық бөліміне көңіл бөлмей бірден математикалық есептеу жағына көңіл бөледі,сондықтан есептер жаттанды шығарылады. Оқушыларға заттардың сандық құрамымен қоса сапалық құрамы болатынын ескеру керек.

Мысалы: Мына қосылыстардың

5H2O, O2 , 2Cu, H2SO4, 3NaOH, CaCO3

сандық,сапалық құрамын анықтаңдар.

Шешуі: Сандық құрамы 5H2O



  1. 5 молекула су

  2. Қандай элементтен құралған (H, O)

  3. Заттың типі ( күрделі)

  4. Қосылыс түрі (оксид)


3. Сапалық құрамы:

1.Салыстырмалы молекулалық массасы Mr(H2O)=18

2.Молярлық массасы М(H2O) =18г/моль

3.Зат мөлшері V(H2O)=5моль

4.Зат массасы m=M×V m=18г/×моль×5моль=90г

5.Элементтердің массалық үлестері (W)

W(H)=×100% =11% W(O)=×100%=89%

6.Элементтердің массалық қатынасы

m(H)/m(O)=2/16=1/8

Есеп шығарғанда ең бірінші есептің химиялық мазмұнына мән беру керек,содан кейін есептің есептеу бөліміне ауысу қажет.


III. Химиялық есепті талдау
Есепті шығарарда оны мұқият оқып және есепте химиялық процесс туралы айтыла ма немесе тек қана зат туралы айтыла ма соны анықтап алу керек.Химиялық процесс болса реакция теңдеуі,ал зат туралы болса химиялық формуласы жазылады.

Есепті талдау арқылы оқушылардың ойлау іс-әрекеттері дамиды.

Есепті талдаудың 2 жолы бар:

А) есептің мазмұнын сұраққа қарай,яғни белгілі өлшемнен белгісіз өлшемге қарай талдау.Бұл талдаудың синтездік әдісі.

Б) ізделініп отырған шамадан белгілі шамаға қарай талдау-аналитикалық әдіс

Синтездік әдісте не берілді,оны қандай өлшеммен анықтауға болады,соңында нені анықтау керек,белгісіз өлшемді анықтау үшін мәліметтер жеткілікті ме,қандай қосымша анықтамалар керек,оны қалай анықтауға болады, міне осыларға мән беріледі. Есеп № 1

1кг 17% аммиак ертіндісін алу үшін аммоний хлоридімен сөндірілген әктің қандай массасын әрекеттестіруге болады?

Синтездік әдіс: Есеп мазмұнынан білетініміз: аммиактың массасы, проценттік мөлшері, сөндірілген әк массасын табу.

Бпрямая соединительная линия 13ерілгені W = 

m (NH3) – 1к m (ер.зат) = W× m(ерітінді)

W (NH3) – 17 m (ер.зат) = 0,17 × 1000г=170г

тпрямая соединительная линия 16/к m Ca (OH)2 2NH4Cl + Ca (OH)2 = CaCl2+2NH3 + 2H2O



4

Mr (Ca(OH)2=40+(16+1)×2=74



M (Ca(OH)2=74 г\моль

mCa(OH)2=74г/моль ×1моль =74г

Mr (NH3) =14+(1×3) =17

M(NH3) =17г/ моль

m (NH3) =17г/моль×2моль =34 г

 =  х==370г

Жауабы: m (Ca (OH)2) =370г

Егер оқушыға белгілі өлшеммен белгісіз өлшем арасындағы байланыс түсініксіз болса , онда есептің зерттеудің аналитикалық әдісіне көшу керек. Бұл кезде белгісіз өлшемге көңіл аударады, оны қалай анықтау керек, яғни бұл үшін қандай теориялық ілім, заңдылық керек. Бұл сұрақты шешкеннен кейін , белгісіз өлшеммен белгілі өлшем арасындағы тура және жанама байланыстарды анықтайды.

1.Есептің шарты бойынша Ca (OH)2 массасын анықтау керек болса, реакция теңдеуі бойынша қорытынды жасайды,яғни реакцияға 2 мольNH4Cl мен 1 моль Ca (OH)2 әрекеттесіп 1 моль CaCl2 мен 2моль NH3 және 2 моль H2Oтүзеледі.

2 Ca (OH)2 массасынтабу үшін реакцияға қатысқан заттардың төртеуінің біреуінің массасын анықтауға болады, ондай зат аммиак.Оның массасын формула бойынша анықтауға болады. Олай болса Ca (OH)2 массасын аммиактың массасымен салыстыра отырып, анықталады.

Есеп №2

Құрамы 80 магнитті темірден тұратын әрбір тонна темір рудасынан құрамында 95 темір бар 570 кг шойын алуға болады.



Теориямен салыстырғанда шыққан темірдің массалық үлесінің шғымын анықтаңдар.

Аналитикалық әдіс:

Бпрямая соединительная линия 14ерілгені Шойындағы темірдің практикалық массасын табу

m (руда) =1m m(Fe) = 570кг × 0,95 = 541,5кг

m ( шойын) =570 кг 1 тонна рудадағы Fe3O4 массасын табу

W ( Fe) = 0,95 m (Fe3O4) =0,8×1000кг=800кг

Wпрямая соединительная линия 15 ( Fe3O4) =0,8 Fe3O4 құрамындағы темірдің теориялық массасын табу.

т/к  (Fe) - ? 800кг Fe3O4 ———Х кг

232кг Fe3O3 ——— 168 кг

х==579

 (Fe) = = = 0,94×100%=94%
5
IV. Химиялық есептерді шығаруда физикалық математикалық білімдерді пайдалану


Оқушылар химияны оқуға кіріскенде оларда біршама математика мен физикадан алған білімдері болады және есеп шығарғанда сол білімдерін пайдаланады.Оқыту процесінде оқушыларға физикалық шаманы, өлшем бірліктерін пайдалануды үйрету керек.

Есеп шығарғанда қолданатын физикалық шамалардың шартты белгілері , аты , өлшем бірліктері



Шаманың аталуы

Белгіленуі оқылуы

Өлшем бірлігі

Зат массасы

m

кг,г

Салыстырмалы атомдық масса

Ar

өлшемсіз

Салыстырмалы малекулалық масса

Mr

өлшемсіз

Молярлық масса

M

г/моль

Зат мөлшері

 (ню)

моль

Көлем

V

л,м3

Молярлық көлем



л/моль

Тығыздық

 (ро)

г/см3

Салыстырмалы тығыздық

 (ауа)

 H2



өлшемсіз

Массалық үлес

(омега)

%

Зат шығымы

 (эта)

%

Көлемдік үлес

 (фи)

%

Химиялық реакция жылдамдығы



Моль/ л сек

Жылу мөлшері

Q(ку)

Дж

Қысым

 (пэ)

Па

Температура

T

T


Кельвин Т = 273 К

Цельсий t=15oC






  1. Есеп шығаруда әр типті есептің алгоритімдік жүйесін сақтаған жөн. Сонда оқушылар іс – әрекеттерін бір бағытта жұмсайды.

  2. Есептің шартын дұрыс жаза білу есепті шығарудағы ең негізгі болып есептелінеді.

  3. Есептегі физикалық шамаларды, оның таңбасын, өлшем бірліктерін дұрыс пайдалана білуге оқушыларды үйрету керек.


V Типтік есептерді шешу үлгілері
Химиялық есептерді шығаруда мұғалім оқушылардың психологиялық жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеру қажет. Егер оқушылардың кейбір есеп шығарудың білім деңгейі жоғары болса, кейбір есеп шығарудың әдістемелік бөлімдерін ескермей бірден жазылады.

Мысалы


2Al+3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2

Формулаларын пайдаланып алюминий мен күкірт қышқылының массасын сутектің көлемін (қ.ж.)есептеу керек.

6

Mr(Al)=27



M(Al)=27г/моль

m(Al)=M×V=27г/моль2 моль=54 г


Mr(H2SO4)=1×2+32+(16×4)=98

M(H2SO4)=98г/моль

m(H2SO4)= 98г/моль×3 моль=294 г

V = Vm× 

V(H2)=22,4 л/моль×3 моль=67,2л

Осы әрекеттерден кейде ескермей бірден жазуға болады, оқушы түсініп, ойы жүйрік болса

2 Al +3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2

54г 294 г 67,2л

Есепті шығару алгоритмі


  1. Есептің қысқаша шартын жазу;

  2. Реакция теңдеуін құру;

  3. Формуланың үстіне берілгенін жазу;

  4. Қажетті шаманы тауып формула астына жазу;

  5. Зат массасын табу;

Бпрямая соединительная линия 3ерілгені 16 г



прямая со стрелкой 1 хг SO2

m(SO2)=16г Na2SO3+ H2SO4= Na2SO4+ H2SO3 64г

тпрямая со стрелкой 2прямая соединительная линия 4/к m(Na2SO3) - ? 126г H2O
Mr(SO2)=32+(16×2)=64

M(SO2)=64г/моль

m(SO2)= 64г/моль×1 моль=64 г

Mr(Na2SO3 )=(23×2)+32+(16×3)=126

M(Na2SO3 )=126г/моль

m(Na2SO3 )=126г/моль×1 моль=126г

 =  x= = 31,5 г

Жауабы: 16г SO2 алу үшін 31,5 г Na2SO3 керек

7



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет