Атом Электр Станциясы



жүктеу 89.65 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі89.65 Kb.

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ
Бүгінгі күні электр энергиясын пайдаланбайтын шаруашылық жоқтың қасы,сондықтан да қазіргі таңда энергетика қай-қайда да тапшылыққа ұшырап,энерготасымалдау қымбатқа түсіп отыр.Сонымен қатар,өндірісте өндірілген өнімнің өзіндік құнын шығарғанда электр энергиясының да шығыны ескеріледі.Сондықтан да,мүмкіндігінше электр энергиясының құны арзан болғаны экономикамызға да,әлеуметтік жағдайымызға да біршама қолайлы әсер етеді.Өздеріңіз білетіндей қазір бізге ең арзан электр энергиясын СЭС-ы береді,ал ЖЭС-ның электр энергиясының құны пайдаланған отын түрінің бағасына байланысты.Қазақстандағы электроэнергияның басым бөлігі 87%-ы ЖЭС-та,12%-ы СЭС-та өндіріледі.Ал,сарапшылардың пікіріне жүгінсек, электростанциялардың ресурсы күн өткен сайын азайып бара жатқанға ұқсайды. Бүгінгі күні еліміздің оңтүстігі мен батысы Ресей мен Орталық Азиядан тасымалданатын энергияға тәуелді,ал бұл энергия біз білетіндей біздің елімізге арзанға түсіп отырған жоқ.Сондай ақ тағы да,сарапшылардың пікіріне жүгінетін болсақ,Қазақстан уран қоры жағынан әлемде 9-шы орынды иеленетін ең бай мемлекет болып отыр.Біз мұны не үшін айтып отырмыз,себебі осы уран сияқты байлығымызды өңдеу үшін ең тиімді шешім атом электростанциясын салу.Осы АЭС-ын салу арқылы еліміздегі электроэнергия мәселесі түпкілікті шешілмек деген үміт бар.Сондықтан да,қазіргі кезде елімізде АЭС-ын салу өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.Енді,жалпы АЭС-қа тоқталып кетсек. Атом электростанциясы-ядролық электр станциясы,яғни ядро энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы.Бұл электр энергиясын өндірудің жаңа тәсілі.Бүгінгі күнге атом энергетикасы экологиялық жағынан таза және экономикалық жағынан өте тартымды энергия көзі болып танылып отыр.Принципі жағынан органикалық отынмен жұмыс істейтін жылу электр станциясына ұқсас болғанымен,атом электр станциясы отынның химиялық энергиясын емес,атом ядросының ыдырау процесінен туатын энергияны пайдаланып жұмыс істейді.АЭС-ы басқа электростанцияларға қарағанда атмосфераға зиянды және улы газдарды жібермейді.Бұдан басқа Қазақстан Киото хаттамасына қол қоюды жоспарлайды.Бұл халықаралық келісімшарт бойынша біздің де еліміз экологиялық қауіпсіздіктің стандарттарын жаңа деңгейге көтеруге тиіс.Себебі,Қазақстандағы атмосфералық жағдай тек қана біздің еліміздің экологиясы мен тұрғындарының денсаулығын ғана алаңдатып қоймайды,сонымен қатар,әлемдегі ауа райының өзгерісі сияқты глобальді мәселелердің төңірегін қамтиды.АЭС-тің энергия генераторы ядролық реактор болып табылады.1г уран немесе плутоний изотоптары бөлінгенде 22500 квт/с энергия босап шығады,бұл энергия 2800кг шартты отынға сәйкес келеді.Зерттеулердің нәтижесінде ядролық отынның(уран,плутоний,т.б) ресурстарының қоры табиғи отынның(мұнай,көмір,табиғи газ, т.б) ресурстарының қорынан әлдеқайда көп екені белгілі болып отыр.Тағы бір айтып кетерлік мәселе,бұл қазіргі кезде әлемде технологиялық мақсатта дамып келе жатқан химиялық өнеркәсіп қарқынды түрде дамумен қатар,осы салада қолданылатын мұнай,көмір және т.б ресурсы ұлғайып,ЖЭС-ы үшін бәсекелестік жағдай туғызып отыр.Органикалық отынды өндіретін жаңа кен орындары ашылып,оларды алу тәсілдерінің жетілдірілуіне қарамастан,әлемде осы отындардың бағасының өсуі көрініп отыр.Бұл шектеулі ресурсы бар елдер үшін ауыр жағдайлар туғызуда.Сондықтан да,жоғарыда айтып кеткендей атом энергетикасын дамытып,оны адамзат игілігі үшін пайдалану мәселесі қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі.Енді АЭС-ның жұмыс істеу принципіне тоқталып кетсек.Ядроның басқарылыпбөліну процесі ядролық реакторда жүзеге асырылады.Реактордың активті зонасына ядролық отын мен баяулатқыш орналастырылады.Ядролық қатты отын целиндр мен пластинка өзек түрінде жасалып,жылу шығарғыш элемент құрайды.Ядролық отын мен баяулатқыш арасындағы саңылау арқылы жылу тасығыш жүреді.Жылу тасығыш реактордан бөлінген жылуды жылу алмастырғыш қондырғыға жеткізеді.Соның нәтижесінде турбинаның жұмыстық денесі су буы немесе қызғыш газ болады.Ядролық отын ретінде реакторда уран,плутоний,торий пайдаланылады.Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей,ол кәдімгі отыннан бірнеше есе артық.Ядролық реакцияның өздігінен жүруін қамтамасыз ететін реактивтік отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады.Қызметкерлерді радиоактивтік сәулелерден қорғау үшін атом электр станциясында арнаулы қорғау жүйесі болады.Бұл жүйеде шойын,бетон,қорғасын т.б. радиоактивтік сәулелерді аз өткізетін металдар пайдаланылады.Қауіпсіздік жағын бақылап отыратын қажетті приборлармен жабдықталған дозиметрлік қызмет ұйымдастырылады.Енді жалпы,АЭС-тің тарихына тоқталып кетсек.

Әлемдегі ең бірінші АЭС-ы тәжірибелік-өнеркәсіптік мақсатта КСРО-ның Обнин деген қаласында 1954 жылдың 27 маусымында 5мвт қуаттылығында іске қосылды.Бұған дейін,атом ядросының энергиясы тек қана әскери мақсатта ғана қолданыс табатын.Бірінші АЭС-тің іске қосылуы,энергетикада жаңа бағыттың ашылуына алып келді және де 1-ші Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияда атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану үшін ең алғаш рет өз қолдауын тапқан болатын.Бұл конференция 1955 жылы тамызда Женевада өтті.Шет елдерде 46 Мвт қуаты бар өнеркәсіптегі алғашқы атом электр станциясы 1956 жылы Колдерохоллда,бір жылдан кейін қуаты 60 Мвт атом электр станциясы АҚШ-та іске қосылды.Елімізде шағын атом электр станциясын салу қолға алынған болатын,сондай станциялар латқыштықпен жұмыс істейтін реакторлы "Арбус" 1963 жылдан бастап қуаты 750 кВт ток бере бастады,тиісті жерге қандай транспортпен болса да жеткізуге икемді "Арбустың" бір жыл бойы жұмыс істеуіне не бары бірнеше тонна органикалық зат және 2 кг уран кетеді.Дәл сондай қуаты бар двигателді қондырғы бір жылда 1500 т отын керек еткен болар еді.Қуаты 1500 Мвт "ТЭС-3" қондырғысы 1961жылы жұмысқа қосылды.Оның барлық жабдығы өзі жүретін шынжыр табанды платформаға орналастырылған."ТЭС-3" қондырғысы үшін құрылыс салу керек болмайды,ол кез-келген жұмыс істей береді.1954 жылы жер жүзінде қуаты 5000 кВт бір ғана атом электр станциясы болса,1964 жылы жер жүзінде барлық атом электр станциясының жалпы қуаты 5 млн кВт-қа жетті.Атом электр станциясының болашағы зор.Ғалымдар мен инженерлер ядролық энергияны электр энергиясына тікелей түрлендірудің,яғни турбинасыз, генераторсыз ток өндірудің жолдарын зерттеуде.Сондай-ақ екінші бір мақсат термоядролық электр станциясын салу.Бұған қол жеткенде адамзат игілігіне қажетті энергия алу проблемасы түпкілікті шешілетін болады.



Атом электростанциясы үміт те үлкен,үрей де көп.Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында Үкімет басшысы К.Мәсімов Қазақстанда АЭС салу мәселесін түбегейлі шешкендігін мәлім етті.Сөйтіп,Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Маңғыстау облысына АЭС салу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жасауға тапсырма берген болатын Елбасымыздың өзі көмірсутегілерден гөрі атом энергиясын пайдаланудың тиімді екенін ескерткен еді.Сондай-ақ, Н.Әбішұлы батыс аймақта өндіріліп жатқан газдың бағасының қымбаттығын айта отырып,оны шетелге сату мәселесін сөз еткен болатын.

АЭС салу туралы әңгiме көтерiлгелi он шақты жылдың жүзi болып қалды. Ең алғаш бұл туралы 1998 жылы сөз болған еді.Ондағы жоба бойынша АЭС еліміздің оңтүстік өңірінде-Балқаш көлінің жағасында тұрғызылу жоспарланған.Оның алғашқы блогын 2005 жылы пайдалану көзделген еді.Жалпы,АЭС-ті пайдаға асыруды 2015 жылға жоспарлаған еді.Бірақ,сол кезде атом электростанциясын салу мәселесіне деген қарсылық табанды болды.Ақыры,атомды бейбіт мақсатта пайдалану жоспарынан үкімет біраз уақытқа болсын бас тарта тұруға бел шешкен.Қазақстандық мамандар сол кезде АЭС-тің салыну құнын 2 миллиард долларға бағалаған еді.Атом энергиясын пайдалану мәселесін алғаш сөз еткен кезде оған сөз жоқ шетел инвесторын тарту көзделгені мәлім.Бірақ,дәл кімнің көмегін қажет ететіндігі беймәлім болып келген.2006 жылдың жаңа жыл мейрамы қарсаңында Ресейде бас қосқан Қазақ-орыс президенттерi атом электростанциясын бiрлесiп салуға уағдаласып, сөз байласты. Сол жылы Ресейдiң атом энергетикасы жөнiндегi Федералдық агенттiгiнiң құруымен Ресей мен Қазақстанның бiрiккен "Атомные станции" компаниясы өмiрге келдi. Компанияның мақсаты – әлемдiк рынокта ВБЭР-300 реакторлық қондырғылары бар атом станцияларын салу.Сол кездiң өзiнде Ресей мен Қазақстан және басқа да әлемдiк ақпарат құралдары "Қазақстан Ресей атомына иек сүйейтiн болды" деп жарыса жазып жатты.К.Мәсiмовтiң Ақтауға сапары барысында оның тұтқиылдан мұндай шешiм қабылдауына әсер еткен бiр адам бар.Ол –"Қазатомпром" ұлттық атом компаниясының президентi М. Жәкiшев.М. Жәкiшев осыдан бiрнеше жыл бұрын ядролық қалдықтарды елге әкелiп көму жайында жоба ұсынып,талайдың қырына ұшыраған едi.Ұлттың ертеңiн алаңдатқан ғалымдар мен қоғам қайраткерлерi оның бұл ұсынысы үшiн біраз дау шығарғаны да есiмiзден шыға қойған жоқ.Бұл жолы Үкiметке АЭС салу мәселесiн төтесiнен қойып,Мәсiмовтiң қолдауына ие болған да осы Жәкiшев болып отыр.Ал,АЭС-тi өзгелер емес,орыстар салып бермек. АЭС Қазақстанға не үшін керек?Бұған дейін Балқашқа салынуға тиiстi АЭС-тiң құрылысын ендi Ақтаудан бастау қажеттiгi неге туындады дейтiн сауал кесе көлденеңдейтiнi аян.Оған АЭС салуға ынталылардың берер жауабы екеу.Ең алдымен бұған Ақтау қаласында бүгiнде iстен шыққан жергiлiктi энергокомбинаттың аумағында орналасқан жылдам нейтрондарға негiзделген БН-350 атом реакторының барлығы себеп болып отыр.Демек,АЭС осы алаңда жұмысын жандандыратын болады.Екiншiден,Ақтау қаласында өнеркәсiптердiң қарқынды дамуы-энергияның тапшылығын тудырды.АЭС салу iсi мұнымен тынбайды.Сондай-ақ,тағы да 3 АЭС құрылысын салу жоспарлануда.Бұл бұған дейiн нысанаға алынған – Балқаш көлiнiң маңайы.Оңтүстiк өңiрдiң энергетикалық мұқтаждығын шешу үшiн қажет.Үшiншiсi – атақты Семей полигонын iске асырған Курчатов қаласы.Шығыс Қазақстан облысында энергияның тапшылығы қыс пен жазда бiрдей сезiледi.Тағы бiрi – Оңтүстiк өңiрге салыну жоспарлануда.Бiрақ,қайда екенi әзiрге шешiлген жоқ.Бұл жайында Энергетика және минералды ресурстар вице-министрi Алмасадам Сатқалиев мәлiм еткен едi.Сондай-ақ,атом энергиясын пайдалану көптеген елдерде тым арзанға түседi екен.Көмiр энергиясын пайдаланудан атом екi есеге, газ энергиясынан тағы да анағұрлым арзан болып есептелiнедi екен.Ақтаудағы газ қоры 2014 жылы түгесiлетiн көрiнедi.Мамандар атом энергиясын пайдалансақ,ондағы газды 140 долларға дейiн бағалап,шетелге сатуға болатындығын көлденең тартуда.Қалай дегенмен де, АЭС салуды көздеушiлердiң келтiрiп отырған себептерi бұлтарыссыз."Қазатомпром" президентi М. Жәкiшев егер қаржыландыру ойдағыдай жүзеге асса,АЭС құрылысы,ВБЭР-300 реакторлы АЭС-тiң алғашқы энергоблогын 2015 жылы пайдаға беру көзделуде.Екiншiсi - 2016 жылы.Ал,оған кеткен шығын 8-10 жылдың iшiнде өтеледi деп есептелiнуде.Сөйтiп АЭС құрылысын 2011 жылы бастап кету қолға алынды.Елiмiздiң Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi инвестициялық саясат және жоспарлау департаментiнiң директоры Илона Шварцкопфтың мәлiмдеуiнше,оның технико-экономикалық негiздерiнен бюджеттен 154 миллион теңге бөлiнген екен.Экономика және минералды ресурстар министрлiгi атом станциясының технико-экономикалық негiздерiн iске асыру үшiн және реакторлық және турбиндi қондырғылардың техникалық жобаларын жасау үшiн бюджетке тапсырыс берiп отыр.Бұл мақсатқа 2 миллиард 277 миллион 784 мың теңге қарастырылуда. АЭС-тің пайдасы мен зияны.Қазiр энергетика қай-қайда да тапшылыққа ұшырап,энерготасымалдау қымбатқа түсе бастады.Әлем атом энергиясын пайдалануды тиiмдi деп есептеп, оған қайта оралуда.Атом электростанцияларының үлесіне әлемде өндірілетін электр қуатының 16% тиеді.Жекелеген елдерде бұл көрсеткіштер айрықша айырмашылықта мысалы,Францияда ядролық электр станцияларының үлесіне елде тұтынылатын барлық электр қуатының 78%,ал Қытайда-бар-жоғы 2% тиеді.Алайда,кейінгі уақытта энергетикалық тәуелділіктің күрт өсуіне байланысты Азия елдері жаңа қуат көздерін,соның ішінде жаңа АЭС салу мүмкіндіктерін қарастыруда.Халықаралық атом энергиясы агенттігі өкілінің мәлімдеуінше,атом энергиясы-әлемдегі барлық елдердің таңдауы емес,бірақ осы жолға жаңадан түскен елдер ядролық жабдықтардың қауіпсіз пайдалануына,ал ядролық материалдардың сенімді сақталуына қол жеткізуге тиіс және де Халықаралық атом энергиясы агенттігі дүниежүзінде 2030 жылы атом реакторларының саны 60%-ға өседі деп болжап отыр.Ал таяу он жылда АЭС электр қуатының шешуші көздерінің біріне айналады деп болжауда. Бүгінгі жағдаймен дүниежүзінде 440-қа жуық атом электростанциясы жұмыс істейді.Олардың бәрі де әлемнің 30 елінде шоғырланған.Олардың басым бөлігі дамушы елдерде.Қазiр АҚШ-та барлық энергияның 20%-ын беретiн 104 реакторлы блок бар болса,Жапонияда атом энергиясы-40%,Францияда - 80% деңгейiнде қолданылады.Қытай алдағы жиырма жылдықта 40 АЭС салуды жоспарлап отыр.Әрi бұған Қазақстан уранын пайдалануды көздеген.Бұл жайында екi ел өкiлдерi келiсiмшартқа қол қойып та қойды.Ал,Польша мен Белоруссия алғашқы АЭС-iн салып үлгердi.Демек,атом энергиясын пайдалануға құштарлық өткен ғасырдың 70-шi жылдарынан кейiн қайта ояна бастады.Бұрынғы Кеңес одағы мемлекеттерiнiң iшiнде Литва мен Беларусьтен кейiн, үшiншi кезек Қазақстанға жетiп отыр.Ресей ақпарат құралдары"Қазақстан ТМД-да үшiншi ядролық мемлекет болуды көздейдi" деген ақпараттар таратып үлгердi.АЭС салуға ниеттенушiлердiң оның пайдасын көбiрек термелеп кеткенiн байқап отырмыз.Алайда,экологтар АЭС-тен келер зиянды да атап өту керектігін айтып,Қазақстанға оның мүлдем қажет еместiгiн сөз етуде. Осыған мысал ретінде осыдан 20 жыл бұрын болған Чернобыль авариясының зардабы әлi де кете қойған жоқ.Құдай бетiн аулақ қылсын,бірақ егер атом станциясы апатқа ұшырайтын болса,одан келер шығын өз алдына,қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына тигiзер зиянның өзi шаш етектен.Чернобыль апатының салдарын әлi ешкiм есептеп бере алған жоқ. Алайда,содан зардап шеккендердiң күнi бүгiнге дейiн етегi жасқа толып отырғандығының куәсiмiз. Чернобыльдан бұрын АҚШ-та "Три-Майл-Айленд" АЭС-iнде болған апаттың да ауқымы аса iрi болды.Бүкiл Еуропаны қамтыды десе де болғандай.Демек,атом энергиясы арзан,әрi шикiзаты бар Қазақстан секiлдi мемлекетке жеңiл болғанымен,одан келер зиянды да атап кеткен жөн. Егер де атом станциясы апатқа ұшырайтын болса қоршаған ортаға да,онда жұмыс iстейтiн адамдарға да өшпес таңба салады.Ресей әзiрге АЭС салуға асықпай отырғандығы да осыдан болса керек.Сондай-ақ,Ресей техникасымен салынатын АЭС-тi екi елдiң қалай пайдаланатындығы да әзiрге белгiсiз. Полигонды Қазақстан жерiне жарып, АЭС-тi Украинаға салған Ресей өз елiнiң амандығын көздеп,Қазақстанды тағы да сынақ алаңына айналдырғалы отырмасына кiм кепiл.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. М.А.Стырикович. Ядролық энергетиканың кейбір сұрақтары, 1959ж

  2. А.А.Канаев. Атом энергетикалық құрылым, 1961

  3. Д.Д.Калафати. Атом электростанциясының термодинамикалық циклы, 1963

  4. А.М.Петросьянц. Бүгінгі күннің атом энергетикасы, 1991

  5. КСРО-ның атомдық ғылымы мен техникасы (Жинақ), 1964


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет