Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесіне қатысты сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты жақында депутаттардың қарауына берген "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңда" Еуразиялық экономикалық одақ қабылдап, Қазақстан ратификациялаған біраз нормалар жоқ екенін айтып шағымданды. 

"Электрон сауда бойынша өткен жылы мамырда ЕАЭО қабылдаған жақсы заң бар. Онда тауарды 14 күн ішінде қайта өткізуге болады, 7 күнде ақшасын қайтару керек деген толық нормалар тұр. Бізге келген заңда олар жоқ. Сіздер бізге хабарламағансыздар және бұл ұсыныстарды үкімет біздің қарауымызға бермеген. Бірақ біз оны енгізуге тырысамыз", — деді депутат.

Педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру, әйелдерді ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілік: Мәжіліс заң жобасын қолға алды

Сонымен қатар ол Еуразиялық экономикалық одақ туралы заңда кәсіпкерлік нысандарын тексеру туралы нормалар бар екенін тілге тиек етті.

"Бізде бизнесті тексеруге болмайды деп шектеп тастаған. Тұтынушылардың құқығын қорғай алмай отырмыз. Бізге әкелген нормалардың өзі бұрынғы заңға негізделіп жазылған. Бизнесті қорғаймыз, тұтынушылардың құқығын кейінге қалдыра саламыз. Егер біз соның бәрін енгізбесек, дайын құжатқа қол қойғаннан не пайда? Тек қана қатысамыз, қол қоямыз, бізге керегін ғана аламыз, құқық қорғау жағын алмаймыз", — деп шүйлікті ол. 

Әбенов Еуразиялық экономикалық одақпен бірлесіп қандай жұмыс атқарылғаны және қандай өзгерістер болып жатқаны туралы ақпарат беруді сұрады. 

"Қолдаймын. Бірақ мына ұсыныстарды енгізейін десек, бізде Кәсіпкерлік кодекс бар. Сол жағынан да бізге шектеулер қойылған. Қараймыз", — деп қысқа қайырды Шаққалиев. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.