Мәскеуде ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды жерлеу рәсімі өтті. Саясаткердің денесі Борисов зиратына жерленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ivan Zhdanov

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, шіркеу мен зират маңында көптеген қоршаулар орнатылып, полиция аумақты патрульдеуде. Навальныйды жерлеу рәсімі өтіп жатқан шіркеуге мыңдаған адам жиналып, бірнеше шақырымға созылған кезек пайда болған.

Фото әлеуметтік желіден

Саясаткердің мәйіті бар көлікті жұрт "Навальный!", "Ресей азат болады!", "Кешірмейміз!" деген ұрандармен қарсы алды. Табытты зиратқа алып бара жатқан көлікке жиналғандар оған гүл шоқтарын жаудырды.

Фото әлеуметтік желіден

Навальныймен қоштасуға шетелдік дипломаттар да келген. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Кремльдің Навальныйды жерлеу күні оның туыстарына айтары жоқ екенін жеткізді.

Саясаткердің әйелі Юлия Навальная Ресейде болмағандықтан жерлеу рәсіміне келмеді. Ол әлеуметтік желіде күйеуімен қоштасу жазбасын жариялады.

"Леша, бақытты 26 жыл үшін рахмет. Иә, тіпті бақытты соңғы үш жыл үшін де. Махаббатың үшін, мені әрқашан қолдағаның үшін, тіпті түрмеде отырып күлдіруге тырысқаның үшін, әрқашан мені ойлағаның үшін. Мен сенсіз қалай өмір сүретінімді білмеймін, бірақ сен мен үшін қуанып, менімен мақтана алуың үшін тырысамын. Мен сені мәңгі жақсы көремін. Жатқан жерің жайлы болсын", – деп жазды Юлия Навальная.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Юлия Навальная (@yulia_navalnaya)

Еске салсақ, 2024 жылдың 16 ақпанында ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жазасын өтеп жатқан түзеу колониясында көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.