Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Бұл тақырып Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында өте маңызды роль атқарады



жүктеу 33.93 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі33.93 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Еуразия» гуманитарлық зерттеулер орталығы

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ



ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
2017 жылдың 25 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін тарихындағы жаңа есімдер мен фактілер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Бұл тақырып Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында өте маңызды роль атқарады. Өйткені, басты бағыты өңірлердің тарихын зерттеуге, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті көлемдегі мәдени объектілерді қалпына келтіруге арналған.

Конференцияда 1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргіннің деректемесі мен тарихнамасының өзекті мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда.

Конференция келесідей бағыттар бойынша өткізіледі:

- КСРО-дағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық қырлары;

- Батыс Сібірдегі қазақ халқы арасындағы саяси қуғын-сүргін;

-еңбекпен түзету лагерлерінің, тұтқындау орындарының, түрмелердің жұмысын және саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу;

- Саяси қуғын –сүргінге ұшыраған тұлғалардың беймәлім есімдерін жарыққа шығару;

- Саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша жаңа деректерді айқындау жәнезерттеу мәселелері;

- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процестері.

Конференция жұмысына ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушылары қатысады деп жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2017 жылдың 25 мамырына дейін conference2018@mail.ru электронды поштасына қатысу үшін толтырылған өтініш (тіркелген үлгі бойынша), Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторының мәтінінде терілген, А4 форматындағы 7 беттен аспайтын мақала жіберілу қажет.

Әрбір мақала жеке хатпен жіберілуі қажет. Хат пен файл мақала авторының тегімен аталынуы тиіс. Ғылыми мақала конференция тақырыбына сәйкес болып, өзекті, ғылыми жаңалығы бар, ғылыми дәйектелген тұжырымдарды ұсынған мазмұнда әрі орфография, пунктуация мен төменде көрсетілген рәсімдеуге қойылатын талаптарға сай болуы қажет.



Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Формулалар Microsoft Equation формула редакторы мәтінінде орындалып, суреттер (ақ-қара), JPEG, JPG 300 dpi кем емес форматта сканерленген болуы тиіс.

  • Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік

жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Сілтемені қолданған жағдайда дерек көз бетін көрсету қажет. Мысалы: [ 1, 12 б.].
Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.
Баяндаманы дайындау үлгісі:
1930 жылдардағы Батыс Сібірдегі қазақ халқы арасындағы саяси қуғын-сүргін



Жакупова А.А.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.
Баяндама мәтіні .................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Конференцияға қатысуға өтініш беру

Тегі ______________________________________________________________________

Аты _______________________________________________________________________

Әкесінің аты_________________________________________________________________

ғылыми дәрежесі / ғылыми атағы _____________________________________________

Мекеме (жұмыс орнының толық атауы), қызметі ________________________________

Мекен-жайы_______________________________________________________________

Байланыс телефоны___________________________________________________________

E-mail________________________________________________________________________

Баяндама тақырыбы ____________________________________________________________



Бағыты__________________________________________________________________

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуларыңызды сұраймыз:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ., Сатбаев көшесі 2, Л.Н: Гумилев атындағы ЕҰУ, 241 каб., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, тел.: 8 (7172) 709-500 (ішкі. 31-213).

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет