Атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияға шақырады. Конференция жұмысының негізгі бағыттары



жүктеу 39.02 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі39.02 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Құрметті әріптестер!

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2019 жылдың 18-ші қаңтар күні, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуевтің 80 жылдық мерейтойы және Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де тарих мамандығының қалыптасуына орай ұйымдастырылатын «ОТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТАНУЫ МЕН ТАРИХНАМАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға шақырады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Отан тарихының өзекті мәселелері: тарих пен заманауи көзқарас;

2. Отан тарихының деректануы мен тарихнамасының өзекті мәселелері;

3. Жоғары және орта мектептегі гуманитарлық пәндерді оқытудың

технологиясы мен инновациялық әдістері.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар мен жіберуші ұйымдар тарапы есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетімен хат алмасу тек көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша жүзеге асырылады.



Ұйымдастырушы: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Ақан сері көшесі, 24.

Анықтама телефоны: 87770366770. E-mail: 87162721121@mail.ru
Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге.
Көкшетау қаласы, «Цеснабанк» АҚ,

TSESKZKA,

РНН 361800022370,

БИН 960840000681,

ИИК KZ61998JTB0000118553,

ШЖҚ РМК «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау

мемлекеттік университеті». «Отан тарихының деректануы мен тарихнамасының өзекті мәселелері» конференциясы.
Өтінім нысаны:


А.Ж.Т. (толығымен)




Жұмыс орны




Қызметі




Ғылыми дәрежесі, атағы




Пошта мекен-жайы, индекс




Байланыс телефоны




Электрондық мекен-жай




Бағыт (секция)




Баяндама тақырыбы




Техникалық құралдарға деген мұқтаждық




Қонақ үйге деген мұқтаждық





Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді (pdf түрінде). 2019 жылдың 5 қаңтарына дейін ұйымдастыру комитетінің 87162721121@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы: секция №, мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._Бакенеев_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар); төлем құжатын (электрондық түрде болса – сканерленген) жіберулеріңізді сұраймыз/

Баяндаманы дайындау барысында авторлардың келесі ережелерді басшылыққа алуын сұраймыз. Толық 5 параққа дейінгі баяндама Winword мәтіндік редакторында терілуі тиіс, RTF форматы, Times New Roman шрифті, жоларалық интервал – 1, әріп өлшемі – 14, барлық шеттері – 20 мм. Атауының ресімделуі: МАҚАЛА АТАУЫ (қою сиялы бас әріптермен, жолдың ортасына); бір жолдан соң (ортасы бойынша тегістеу) автордың аты мен әкесінің атының бас әріптері; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) – ЖОО, қала атауы; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) – E-mail байланыс үшін; 1 жолдан соң – мақала мәтіні.

Әдебиеттердің сілтемесі мәтінде келтіріледі: тік бұрышты жақшада әдебиеттер тізіміндегі номері және беті, мысалы: [1: 25]. Әдебиеттер тізімі («Әдебиеттер» атауымен) мақаланың соңында дәйексөз реті бойынша келтіріледі.

Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар мақалаларына ғылым докторының/кандидатының немесе PhD қолы, мөрі қойылған рецензияны (сканерленген түрде; jpg формат) қоса ұсыну міндетті.

Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетімен қарастырылады. Көрсетілген мерзімнен кеш берілген материалдар немесе талаптарға сәйкес толтырылмаған материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды.


Ресімдеу мысалы:
Шоқан Уәлихановтың шығармаларындағы Қазақстан тарихының мәселелері

Ахметов А.Д.



Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қ.,

akhmetov@mail.ru
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін...

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет