Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға әдебиеттану, тілтану саласының кәсіби мамандары, мектеп мұғалімдері, магистрант-ізденушілер шақырылады. Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер



жүктеу 34.13 Kb.
Дата27.09.2017
өлшемі34.13 Kb.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 25 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2016 жылы қараша айының 24-і күні қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың 60 жылдық мерейтойына орай «Қазіргі әдебиеттану, тілтану мәселелері және жазушы, драматург Рақымжан Отарбаев шығармашылығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға әдебиеттану, тілтану саласының кәсіби мамандары, мектеп мұғалімдері, магистрант-ізденушілер шақырылады.

Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер:

- Қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденциялары (поэзия, проза, драматургия, сын, әдебиеттану);

- Қазіргі тіл білімі мәселелелері және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи инновациялық технологиялары;

- Қазіргі қоғамдағы және білім беру саласындағы сөйлеу мәдениетінің өзекті мәселелері;

- Жазушы, драматург Рақымжан Отарбаевтың шығармашылық шеберханасы, туындылары, тақырыптық, тілдік ерекшеліктері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Мақала мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі 2016 жылдың 19 қарашасына дейін. Ұйымдастыру комитеті көрсетілген мерзімнен кешіккен немесе талапқа сай емес материалдарды жинаққа қоспауға құқылы. Мақала мазмұнына автор жауапты. Автор мақалаларды өзі толық редакциялап, грамматикалық және стилистикалық қателер жібермеуі тиіс. Ұйымдастырушы тарап мақалаларды іріктеу арқылы жинаққа енгізетін болады. Конференцияға жіберілген материалдарды қабылдайтын комиссияның электронды мекен-жайы: Kdirshaev_abat@mail.ru; Aigerim_93_06@mail.ru

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:



      • Материал Times New Roman шрифтімен (12 pt), 1 аралық интервалмен, жол жиегін барлық жағынан 20 мм қалдырып, Word мәтіндік редакторында басылған 5 бет аралығында болу керек;

      • Ең басында ӘОЖ, 1 интервалдан кейін жол ортасына бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың тегі, аты-жөні, жұмыс орны, ұйым атауы жазылады, 1 интервалдан кейін мәтін жалғасады;

      • Сілтеме мәтінде кездесу ретіне сәйкес тік жақшада [1, 15-б.], әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі;

      • Файл автордың фамилиясымен аталады.

Конференцияға қатысушылар үшін ұйымдастыру жарнамасы 3000 (үш мың) теңге. Есеп шот: ҚР Халық банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалы, ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16, ТМК 861.

Өзге қаладан келіп қатысушыларға: іссапар шығыны қатысушы тараптан.

Байланыс телефондары: Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы, (7112) 26-03-68; 8-771 306 11 40; 8-701 618 87 69; Сенғали Әйгерім Максимқызы, (7112) 26-03-68; 8-775 570 36 93; Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы, (7112) 51-30-62; 8-623 07 27; 8-777 797 10 07;
Тіркеу үлгісі


1.

Автордың тегі, аты-жөні




2.

Баяндама тақырыбы




3.

Секция




4.

Жұмыс орны




5.

Лауазымы




6.

Ғылыми дәрежесі




7.

Үй/жұмыс телефондары




8.

Е-mail




9.

Почталық мекен-жайы




10.

Қатысу түрі (іштей/сырттай)




11.

Баяндама жасауға қажетті техникалық құралдар




12.

Қонақ үйге қажеттілік, келу мерзімі



Ұйымдастырушы:



«Махамбет» гуманитарлық зерттеулер институты

Филология факультеті
Каталог: downloads -> materials
materials -> Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
materials -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
materials -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
materials -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
materials -> Iii халықаралық Ғылыми форум «ххі ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы»
materials -> 6D020500 – Филология
materials -> Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет