Аудан тұрғындарының назарына



жүктеу 21.9 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі21.9 Kb.

Аудан тұрғындарының назарына
ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылында сібір жарасы ауруының күдігіне байланысты Бородулиха ауданының тұрғындарына хабардар етеміз.

Сібір жарасы – зоонды топтың аса қауіпті жұқпалы аурулар санатына жатады, сібір жарасының споралары топырақта 100 жылға дейін сақталады және өзінің белсенділігін сақтайды. Көбіне сібір жарасы тері ауруы (бөртпе, жара) түрінде байқалады, жеңіл, ішек және септикалық түрде сирек байқалады. Адам тікелей жануармен қатынаста болғанда немесе оның жүні мен терісінен жұғады. Әдетте адамдағы сібір жарасы ұшаны бөлшектеген кезде тікелей жануармен байланыста болғаннан кейін немесе теріні өңдегеннен кейін байқалады, алайда ауруды ауру жұққан өнімнен әзірленген тағамдық тамақты немесе суды қолданғанда да енгізуі мүмкін.

Сібір жарасының белгілері 2 күннен 14 күн аралығында байқалады. Жиі жұқпа адамның терісін зақымдайды, сондықтан сібір жарасының алғашқы белгілерін дененің ашық жерлерінен байқауға болады. Сібір жарасының клиникалық белгілері келесідей: басында теріде жәндіктің шаққанына ұқсас үлкен емес дақ пайда болады және қатты қышиды; 2-3 тәулік ішіне қоздырғыш түскен тері маңының домбыққаны байқалады. Бұл кезеңде қышығаны күшейе түседі және қатты күйдіргенге ұласады. Сондай –ақ дақтардың өзі өзгеріп, қан және сірлі сұйықтық толып сулы бөрпеге айналады, науқас қышыған орынды қасығандықтан терінің бетінде қара жаралар пайда болады. Осы уақттан бастап адамда сібір жарасы дамып жатқанын нақты анықтауға болады, теріде жаралар пайда болғанмен ғана сипатталып қоймай, қызудың көтерілу, тәбеттің бұзылу және бастың ауру белгілері болады; сулы бөртпені жарғаннан кейін жараның шеттері домбығып, ісік пайда болады. Ол дененің сау жерлеріне шығып, қайта көпіршіктердің пайда болуына ықпал ете отырып өте тез таралады. Бұл процесс 5-6 күнге созылады, 8-15 мм көлеміне жетіп сібір жарасы қарасанға тән белгілерге ие болады: ортасы қара, айналасында іріңді сақина, қайта зақымданған жерде қып-қызыл орын.

Егер адамдағы сібір жарасы асқынулармен болса, онда қайталау сепсистің таралуы мүмкін, кенеттен дене қызуы көтеріледі, тахикардия үдей түседі және бас ауруы күшейеді. Ем қабылданбаған жағдайда қайта пайда болған іріңді бөртпе өмірлік маңызды жүйелердің жұмысының бұзылуына әсер етіп, өліммен аяқталатын жағдайға жеткізуі мүмкін.

Сібір жарасын алдын алу жұқпаның таралуын болдырмау және қайғылы жағдайлардың көлемін азайту мәселесінде маңызды рөл атқарады. Барлық ауыл шаруашылығы жануарлары вакцинацияланған болуы керек, егер жануарға вакцина жасалмаған жағдайда мал дәрігерлеріне, жергілікті әкімшілікке немесе Бородулиха ауданының ветеринария бөліміне жүгіну керек.

Сібір жарасы көміндісінің орны қоршалған және көрсеткі белгілері болуы керек. Сонымен қатар, әрқайсымызға малды өз мақсатымызға және сату үшін союуға мал дәрігердің рұқсатымен жүргізу қажет екенін білген жөн. Малтектес өнімді арнайы орындардан (базардан, дүкеннен және т.б.) сатып алу. Ары қарай кез келген ауруды алдын алуда әр адамның жауапкершілігі өзінің өмірін және тұрғындардың өмірін сақтауда үлкен рөл атқарады.


Ветеринария бөлімі

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет