Аудандық бата сайысы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды



жүктеу 39.05 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі39.05 Kb.

Аудандық бата сайысы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
1-наурыз Алғыс айту күніне орай аудандық бата сайысы ұйымдастырылды. Бата сайысы үш түрлі негізде берілді.

1-інші Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл, Әскери күштерімізге 25 жыл, Ел астанасының Астанаға көшкеніне 20 жыл. Биыл елімізде ЭКСПО -2017 осы тақырыптар қамтылды.

2-інші Ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстурді дәріптеу

3-інші «Жанында жүр жақсы адам» немесе арамызда «Бүгінгі күннің батырлары» деген айдармен бейбіт заманның ерлеріне қайырымды азаматтарына арналды.

Бірінші орынды Үлкен Қаратал ауылынан келген Балғабаев Мүбәрәк атамыз жеңіп алды.






Аудандық мәдениет үйінде «Алғыс айту-асыл қасиет» атты

дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мәдениет саласына сүбелі үлесін қосып жүрген халықтық «Ақ әжелер» ән-би ансамблінің жетекшісі Бану Құпиева, ансамблдің мүшелері Салима Мамырбаева, Көнбаева Бақыт апайлар. Қалалық ақсақалдар алқасының кеңес мүшесі Шотаева Райса апай, Халықтық «Бәйтерек» ән-би ансамблінің жетекшісі Салиев Совет ата, ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмағалиев Мұратбек аға және Уалиев Ахат ата, Біржан ауылынан алты баланың анасы күміс алқа иегері Мүлікова Батираш апай, Айнабұлақ ауылынан «Әжелер » клубының мүшесі Темешова Гүлсім апай, Дайыр ауылдық Мүкәрәма орта мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Әлімбаева Гүләйім, Қаратал ауылынан мәдениет іс-шараларға демеушілік жасап қоғамдық шараларға үлесін қосып жүрген Үскебаева Алия, Кеңсай ауылдық «Әжелер» клубының төрайымы Қариева Айтбану апай және ҚР мәдениет саласының үздігі зейнеткер Мұратхан Далабаев қонақта болып оқушылармен сырласты.





Аудандық «Аяулы келін» байқауы

Аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, жас аналарға құрмет көрсету, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрлерді, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында аудандық «Аяулы жас келін» байқауы өткізілді.Конкурсқа жасы 29-ға толмаған, отбасының ұйытқысы болып отырған жас келіндер қатысты.

Конкурс екі кезеңнен тұрды. 1-ші кезең ұмытылып бара жатқан ұлттық тағам жасап әкелу, бауырсақ пісіру. 2-ші кезең өзін-өзі таныстыру, интеллектуалдық сайыс, өнер көрсету. 3-ші қазақтың ұлттық киімінің сән үлгісін көрсету.

Сайысқа 9 қатысушы қатысты. Зайсан қаласынан Гагарин орта мектебінің мұғалімі Ғалия Сайранбекқызы, Біржан ауылынан Асылай Сәлімова, Қарабұлақ ауылынан Құндыз Гурумова, Сартерек ауылынан Көркем Құмарбекқызы, Дайыр ауылынан Бақытбек Миірімхан, Кеңсай ауылынан Толқын Нукиева, Айнабұлақ ауылынан Рахметқызы Мөлдір,Шілікті ауылынан Аязбаева Әсем қатысып өз өнерін ортаға салды. Сайыс тартысты өтті.

1-орын Көркем Құмарбекқызы (Сартерек ауылы)

2- ші орын Әсем Аязбаева (Шілікті ауылы)

3-ші орын Асылай Слямова(Біржан ауылы) иеленді.





Аудандық «Шәмші әндері» сайысы

Зайсан аудандық мәдениет үйінде Зайсан ауданының әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен дәстүрлі «Шәмші әндері» атты ән байқауы өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрды. Байқауға қатысушы Шәмшінің 2 әнін орындады. І тур – эстрадалық жанр (жанды дауыс). ІІ тур – аспаптың сүйемелдеуімен орындалды. Байқауға 10 ауылдық округтен 11 қатысушы қатысты. І орын иегері Слямханова Айгерім Көкжыра ауылы, ІІ орын иегері Төстікова Әдия Шілікті ауылдық округі, ІІІ орын иегері Әбдікаримов Мирас Кеңсай ауылы және Ақижанова Гүлнұр Айнабұлақ ауылы дипломмен құнды сыйлықтармен марапатталып, қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталып сыйлықтар ұсынылды. Жеңімпаздар аудан әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.





Аудандық ақындар айтысы

Аудандық мәдениет үйінде «Ұлы дала жырлайды» атты аудандық ақындар айтысы өткізілді. Бас жүлдені Еркебұлан Зағыпаров (Сартерек ауылы), 1-орынды Ардабек Аққаба (Тасбастау ауылы), 2-ші орынды Дәурен Қабдолданов (Шілікті ауылы), Ринат Манасбаев (Зайсан қаласы), 3-ші орынды Ернер Баяқметов(Шілікті ауылы), Нұрлан Ілесі(Кеңсай ауылы) иеленді.




Зайсан аудандық орталық алаңда

Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі тойланды
22 наурыз күні «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынды ажарландыра түскен аудандық

«Ақ әжелер» клубының мүшелерінің бесікке салу, М. Әуезов, М. Ломоносов, Ю.А.Гагарин орта мектептері мен Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің, М. Дауленов атындағы мектеп-интернатының, сондай-ақ аудандық орталық аурухана ұжымының қазақтың әртүрлі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттаған сахналық қойылымдар қойылып әрі қарай наурыз мерекесі

ән-шашумен түрленді.

Наурыз мерекесінің ажары киіз үйдегі сән-салтантымыздың көрнісі әйгіленіп, көпшілікті мерейлендірді.

Орталық алаңда 14 киіз үй бой көтерді. Әділқазылар алқасының ұйғаруымен бас жүлде «Мейірім ауылына» берілсе, 1-орынды «Береке ауылы», 2-ші орынды «Қабанбай батыр ауылы» мен «Сал-серілер ауылы» бөлісті. 3-ші орынды Зайсан қала әкімшілігі, «Нұр жол» мен «Шапағат ауылдары» бөлісті.

Киіз үй тіккен барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін номинациялар беріліп, аудан әкімі мен аудандық маслихаттың «Алғыс хаты» тапсырылды.








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет