Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы»



жүктеу 30.38 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі30.38 Kb.


БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ

2014 жылғы 19 наурыз №34 Бейнеу селосы




Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 140 бабы 2-тармағына сәйкес және «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №382 Маңғыстау облысының әкімдігінің Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2354 нөмірімен тіркелген қаулысы негізінде аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:          

1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрі-кәсіпорындар) таза табысының бір бөлігін аудару  нормативi бекiтiлсiн.

2. Кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.

3. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне (Ү.Әмірханова) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Аудан әкімінің

міндетін атқарушы Қ.Әбілшеев

Облыстық әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде №2405 санымен тіркелген

Аудандық әкімдіктің

2014 жылғы 19 наурыздағы

№34 қаулысына қосымша

     Мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындардың таза табысының бір
бөлігін аудару нормативі

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:



Таза табыс
500 000 теңгеге дейін

таза табыс сомасынан 3 пайыз

Таза табыс 1 000 000 теңгеге дейін

таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 2 000 000 теңгеге дейін

таза табыс сомасынан 7 пайыз

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін

таза табыс сомасынан 10 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін

300 000 теңге+3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 12 пайыз

Таза табыс 10 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

1 140 000 теңге+10 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

7 140 000+50 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 20 пайыз

Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

47 140 000+250 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет