Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 014 жылдың айында атқарылған жұмыстары туралы хабарлама



жүктеу 66.16 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі66.16 Kb.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы хабарлама
Аудан бойынша мәдениет саласында 25 кітапхана, 20 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттық қызмет көрсетіп отыр. Аудан бюджетінен мемлекетік тіл саясатын жүзеге асыруға 2014 жылы 393,0 мың теңге, мәдени-көпшілік шараларға 3 млн 979 мың теңге бөлініп, мақсатты жұмсалуда.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2014 жылдың 6 айында 175 мың теңге бөлініп, оның ішінде 150 мың теңгеге кітап, 25 мың теңгеге электр қондырғысы алынды.

2014 жылдың 6 айында аудан бойынша мәдениет және клуб үйлерінде 971 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 109972 адам қамтылса, кітапханаларға 11660 оқырман 95844 рет қатысып, оларға 193830 кітап беріліп, ақпараттық-танымдық жұмыстар көрсетілді.

Қазақстан Республикасының мәдени саясатын жүргізуге негіз болатын Ұлттық және Мемлекеттік мерекелер бұқаралық, халықтық сипатта өтеді. Аудан тұрғындарының көп бөлігі қызығушылықпен қатысатын Жаңа жыл, 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі, 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні, 6 шілде - Астана күні, 30 тамыз - ҚР Конституциясы күні, 4 маусым – ҚР Рәміздер күні мерекесі де барлық мәдениет ошақтарында бұқаралық сипатта, халықтық мереке ретінде аталып өту дәстүрге айналған.

Қазіргі кезде көрермен тартудың әдіс - тәсілдері жаңартылып жаңа формадағы танымдық кештер, түрлі тәрбиелік бағытты қамтитын дөңгелек үстелдер, концерттер, әдеби отырыстар, көңілді тапқырлар клубтарының кездесулері, жыр мүшәйралары өтті. «Қайран ерлер қаһарман ардагерлер» атты ауылдық көркемөнерпаздар байқауы, «Киелі кимешек» арулар байқауы, ауылдық округ өнерпаздарының қатысумен «Сағындырғын әндер – ай» ретро ән фестивалі, аудан орталығында қаза күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы халықаралық турнирдің, аудан әкімінің жүлдесіне арналған XVIII - ші Халықтық ойындар спартакиадасының ашылу салтанатына арналған мәдени шаралар, ақын, белгілі жыр жүйрігі марқұм Сембай Жансақовты еске алуға арналған облыстық ақындар айтысы өтіп, аудандардан 18 ақын қатысты. Қытай Халық республикасының Шәуешек қаласында Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндерінде аудан көркемөнерпаздары қала халқына өз өнерлерін көрсетіп қайтты.

Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына байланысты «Ұлттық идеямыз – мәңгілік ел» атты кітап көрмесі, Елбасының Жолдауын насихаттауға арналған 14 дөңгелек үстел, 11 пікіралысу,15 әңгіме – сұхбат, М.Мақатаевтың туған күніне арналған « Жырлайды жүрек» атты аудандық мүшәйрасы, С.Жұматовтың «Елім деген Еркінбек» атты бір жаңа кітап беташары, «Тарбағатай тұғыры биік, тағылымы мол, тарихи өлке» атты көп циклды кітап көрмесі, «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші, «Ағылшын тілін үйренеміз» атты оқулықтар, әдебиеттермен толықтырылған кітап көрмесі, «Әйелдер әлемі» атты танымдық кеш, «Салты мықтының – халқы мықты» атты көп циклді иллюстрациялы кітап көрмесі, «Қазағымның дәстүрлері - ай» атты салт - дәстүрді насихаттауға арналған танымдық кеш, «Көркемсөз зергері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«ИРБИС» бағдарламасына 270 жазба енгізілді. Кітапханалар ұжымдары ауданымыздың игілігі үшін инновациялардың енуіне, кітапханалардың сапалы қызмет етуін қамтамасыз етуге барлық күштерін салып жұмыс атқаруда.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылға Кіндікті, Кұмкөл, Жетіарал, Сәтбаев, Қабанбай, Қызыл кесік, Маңырақ мәдениет және клуб үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 66 млн 790 мың теңге бөлінді.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы басшылыққа алынып, жоспарлы жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында бөлімнің 2014-2016 жылдарға арналған жоспары негізінде аудан көлемінде 2014 жылы 25 конкурстар, байқаулар, айлықтар, олимпиадалар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдасырумен өтізілген «Тіл шебері» атты облыстық байқауда I-орын алған М.Тулегенова, «Тіл - барлық білімнің кілті» атты облыстық байқауда II-орын алған Ә.Еділманова, «Тілдарын-2014» облыстық олимпиада да I-орын алған Б.Бекібаева облыстық байқаулардың жеңімпаздары.

2014 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық орталық кітапханада ағылшын тілін оқыту орталығы ашылды.

Аудан көлемінде «Әдемі сөйле, сауатты жаз!» өңірлік сауаттылық акциясы өткізілді. Жаппай диктант түрінде өткен акцияға барлық мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудандық Тарбағатай газетіне 2014 жылы 17 мақала жарияланды.

Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 21 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» № 72 Заңы басшылыққа алынып, 2014 жылдың 6 айында Ақсуат, Екпін, Ырғызбай, Маңырақ ауылдық округтеріндегі ауылдардағы атаусыз көшелерге атау беруге құжаттары жинақталып, аудандық жұмыс тобында қаралып, облыстық ономастикалық комиссияға ұсынылып, қолдау тапты.

Аудан көлеміндегі мемлекеттік тізімге енгізілген 19 жергілікті тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштердің 4-уі археологиялық, 15-і қала құрылысы және сәулет түріне жатады.

Информация о работе районного отдела культуры и развития языков за 6 месяцев 2014 года
По району функционирует 25 библиотек, 20 домов культуры клубов оказывающих культурно-информационное обслуживание  населению  района.
На проведение языковой  политики из районного бюджета в 2014 году выделено  и реализовано  целенаправленно 393,0 тыс тенге, на массовые  мероприятия 3 млн 979 тыс тенге.

С целью укрепления материально - технической базы объектов культуры за 6 месяцев 2014 года  выделено и реализовано  175  тыс тенге, в том числе: 150 тыс тенге на приобретение книги, 25 тыс тенге на приобретение электрической установки.

В 2014 году за 6 месяцев в домах культуры и клубах проведены 971 культурно-массовые мероприятия, в которых было  охвачено  109972 тыс человек, в библиотеках 11660 читателей посещали библиотеку 95844 раз, выдано 193830 книговыдач.
Национальные и государственные праздники являются основой  культурной  политики в Республике Казахстан, проводятся в массовом  всенародном значении. Стало традиционным проводить в очагах культуры в массовом, во всенародном  значений мероприятия  вызывающих особый  интерес жителей района как Новый год, Международный женский день, праздник Наурыз, 1 мая - день единства народов Казахстана, 7 мая день защитников Отечества, 9 мая - день Победы, 6 июля - день Астаны, 30 августа - день Конституции Республики Казахстан, 4 июня - день символов Республики Казахстан

В настоящее время методы привлечения зрителей обновились, проводятся новые формы познавательных вечеров круглые столы по различным воспитательным направлениям, концерты, литературные  посиделки, встречи клуба выносливых и находчивых, жыр мушайры. Были проведены конкурс сельских талантов художественной самодеятельности «Қайран ерлер қаһарман ардагерлер» , конкурс красоты «Киелі кимешек», фестиваль ретро песен художественной самодеятельности сельских округов «Сағындырғын әндер – ай», международный турнир по казахсткой борьбе имени Ыргызбай Досханаулы, областной айтыс акынов памяти покойного Сембай Жансакова с участием 18 акынов из районов, а также таланты художественной самодеятельности района выступили с концертной программой в дни культуры Восточного Казахстана в городе Шауешек Китайской Народной Республики.

В районной библиотеке с целью пропаганды Послания Президента Республикик Казахстан была организована книжная выставка «Ұлттық идеямыз – мәңгілік ел», 14 круглых столов, 11 дискуссии, 15 беседы, ко дню рождения М. Макатаева районный мушайра « Жырлайды журек», презентация новой книги С.Жуматова «Елім деген Еркінбек», многоцикльный книжная выставка «Тарбағатай тұғыры биік, тағылымы мол, тарихи өлке», вечер встреча «Ауғанның асуында от кешкендер», пополненный самыми новыми учебными изданиями книжная выставка «Ағылшын тілін үйренеміз», познавательный вечер «Әйелдер әлемі», многоцикльная иллюстрированная книжная выставка «Салты мықтының – халқы мықты», познавательный вечер по пропаганде народных обычаев «Қазағымның дәстүрлері - ай», книжная выставка «Көркемсөз зергері».

В программу «ИРБИС» внедрена 270 описаний книг. Коллектив библиотеки вкладывают огромную силу на внедрение новых инновационных работ, на качественное обслуживание читателей.

По программе «Дорожная карта занятости 2020» в 2014 году на проведение текущих ремонтов в домах культуры и клубов Киндикты, Кумголь, Жетиарла, Сатбаев, Кабанбай, Кызыл-кесик, Манырак выделена 66 млн 790 тыс тенге.

С целью реализации государственной языковой политики в рамках государственной программы развития и функционирования языков на 2011-2020 годы и закона Республики Казахстан «О языке» были планированы и проведены целевые работы. С целью реализации государственной программы развития и функционирования языков на 2011-2020 годы по программе плана отдела на 2014-2016 годы в районе были проведены конкурсы, месячники, олимпиады, круглые столы. В областном конкурсе «Тіл шебері» организованном управлением языков Восточного Казахстана М.Тулегенова завоевала І место, на областном конкурсе « Тіл- барлық білімнің кілті» ІІ место завоевала А. Едилманова, на областной олимпиаде «Тілдарын 2014» І место завоевала Б.Бекибаева. С января 2014 года в районной библиотеке открыта центр обучения английскому языку.



По району была проведена акция «Красиво говори, грамотно пиши!». Государственные служащие района написали диктант на знание государственного языка. С целью пропаганды языковой политики в районной газете Тарбагатай в 2014 году была опубликована 17 статей. В рамках закона №72 О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ономастики в 2014 году в течение шести месяцев были подготовлены документы на комиссию и одобрена дать имена улицам в селах Аксуат, Екпин, Ыргызбай, Манырак.

Из 19 -ти местных исторических и культурно значимых памятников района вошедших в государственный список 4 относятся к археологическим, 15- относятся к городским и архитектурным строениям.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет