Аудандық мәдениет және тілдерді



жүктеу 83.66 Kb.
Дата13.04.2018
өлшемі83.66 Kb.



Егінсу ауылдық округінің әкімі

Д.Қрықбаевтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
2018 жылғы 24 қаңтар 
Егінсу ауылдық округі 2 елді мекеннен тұрады. Егінсу ауылы және Құмтөбе разъезі.

01.12.2017 жылғы Статистикалық мәліметтерге сәйкес ауылымыздағы халық саны 644 адамды құрайды. Белсенді халық саны 328адам 52 пайызды құрайды. Округте 135 отбасы, 141 аула бар. Зейнеткерлер саны 70 адам, 5 адам Тыл еңбеккерлері мен 11 адам II-III топ мүгедектері, 13 Күміс алқа, 6 Алтын алқа иегері аналар тұрады.

Округте ауылдық округі аппараты, Егінсу орта мектебі, «Куншуақ» балабақшасы, ауылдық кітапхана, медициналық пункті, пошта байланыс бөлімшесі, діни орын Егінсу мешіті, ПЧ-44 теміржол мекемесі (22 адам жұмысшы), ВЧД-25 мекемесі (7 жұмысшы), Егінсу станциясы (4 адам),

46 шаруа қожалықтары бар.

2 дүкен халыққа қызмет көрсетеді.

Біздің округтің негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан мал басы жылдан-жылға өсіп келеді.Аудандық кірістер бөлімінде 50шаруа қожалығы тіркелсе, қазіргі кезде нақты жерді игеріп, мал шаруашылығымен айналысып отырған 46 шаруа қожалығы бар.

Жалпы округ бойынша мал басының өсуі:


Малдың түрі

01.01.2017

жыл


01.01.2018 жыл

Айырмасы

Ірі қара

2499

3119

+620

Оның ішінде: аналығы

1237

1574

+337

Қой –ешкі

14483

15918

+1435

Жылқы

1285

1393

+108

Үй құстар

451

453

+2

2017 жылы «Құлан»,«Сыбаға»,» «Алтын асық» бағдарламасы негізінде жоспар орындалмады.

Биылғы жылға 2 шаруа қожалығы құжаттарын рәсімдеуде.

Асылдандыру бағытында 6 шаруа қожалықтары жұмыс істеуде.

«Бірлік» шаруа қожалығында 11 бас ірі қара малдарынан бруцеллез ауруы анықталған. 11 бас малы Талдықорған қаласындағы шұжық цехына өткізілді.

Округте 018 «Эпизоотиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында, ветеринарлық препараттарды қолдану бойынша 1 вет пункт меңгерушісі, 3 ветеринарлық санитар тұрғындардың малына алдын-алу шараларын қан алу, емдеу, егу жұмыстарын уақтылы тегін жүргізуде. Қазіргі уақытта ауылымызда мал өлексесін тастайтын қорым салынған.

Жер ресурстарын игеру

Округтың жалпы жер көлемі-78480га. Оның ішінде: жайылымы – 36901 га, шабындығы-820га.

50 шаруа қожалығының барлық жер көлемі -36901 га, оның ішінде шабындығы-820 га, жайылымы-36081 га. Нақты шаруашылық кітабында тіркелген шаруа қожалығы 33.Округте игерілмей жатқан жер телімдері жоқ.
Округ әкімдігінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері

Округ әкімі аппаратында төмендегі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде:



  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою (24 өтініш);

  • Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру (13 өтініш);

  • Жер учаскелерін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

  • Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

  • Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу;

  • Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

  • Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;


Округтен жиналатын салық түрлері

2017 жылға мүлік салығы, жер салығы болған жоқ. Көлік салығының жоспары бір автокөлікке яғни 16000 теңгеге орындалмады.


Жұмыспен қамту туралы

Елбасымыздың тапсырмасы бойынша Үкімет жұмыспен қамтудың бағдарламасын бекітті. Бағдарламаның бірінші бағыты Бірінші бағыты: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету». Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1 адам жолданды.



Екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мақсатында несие алуға бір азамат құжаттарын өткізіп ала алмады.

Үшінші бағыты: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».

Әлеуметтік жұмыс орындарына қазан айынан желтоқсан айна дейін 1 адам жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 12 адам қатыстырылды.

Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны –30. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 1 отбасы алды.

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматқа өзгеруіне байланысты елді мекендегі аз қамтылған отбасылары жағдайын анықтау үшін сараптама жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы Атаулы әлеуметтік көмек тиісті деген 1 отбасы анықталды. 2017 жылы қайырымдылық акциясы аясында 596 000 мың теңгенің көмегі жасалынды.


Мүгедектер туралы

Округте жұмысқа жарамды 6 адам 3 топ мүгедектері бар. Оның 2 адамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 2 адамы шаруа қожалық жетекшілері. 2 адамы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуде.


Пандустар туралы

Округтің барлық мекемелерінде пандустар орнатылған, бірақ стандартқа сай емес.



Білім саласы

Биылғы жаңа оқу жылында 104 оқушы, 25 мұғалім бар. Білім сапасы 58,41%. Оқу үлгерімі 100% .2016-2017оқу жылында 11 сыныпты 6 оқушы аяқтады. Оның 5 ҰБТ-ға қатысты, қатысу пайызы 83,%.ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 93,4 балл.11 сынып түлектерінен 2 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды, пайыздық көрсеткіші 33,3%. Жоғары оқу орнына ақылы формада түскен оқушы саны 4, пайыздық көрсеткіші 66,7%. 11 сынып түлектерінің жоғары оқу орнына түсу пайызы 100% болды.


Биылға 39592 тн сұйық отын бүгінгі күнге әкеп құйылды.
«Күншуақ» балабақшасы

Округімізде бүгінгі күнге балабақша жұмыс істеп тұр. Балабақша 75 орындық 3 топқа арналған. Ішіндегі күнделікті келіп жатқан бала саны 35-40 бала аралығында. Барлық бала аудандық, қалалық ауруханалардан арнайы медициналық тексерулерден өткізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес жолдамамен қабылданды. Балабақшада 3-жоғары білімді, 7-арнаулы орта, 2 орта білімді мамандар мен 13 шаруашылық қызметкерлері еңбек етеді. Жыл бойына келетін сұйық отын 16,2 тонна, оның барлығы толығымен түсті.


Медицина туралы

2017 жылы Округ бойынша 5 бала дүниеге келді. 0 жастан-14 жасқа дейінгі баллар саны 151, жасөспірімдер15-16-17 жас аралығы-17, ұлдары 5 бала.Жоспар бойынша балалар екпелерін уақытында алды.Санитарлық ақпарат жұмыстары аурудың алдын-алу тұрғындар арасында жүргізілуде. Жылжымалы рентген көлігі келіп, ауыл тұрғындарын толық қамтыды. Тубуркулез аурумен тіркелген адамдар жоқ.Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ауыл тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қатты отын 16 тонна түсірілді. Телефон жүйесі орнатылған.


Мәдениет және спорт

Округте барлық мәдени іс-шаралар өз деңгейінде аталып өткізілуде. Наурыз мейрамы, Қарттар мен мүгедектер күні, Тәуелсіздік күні, Тұңғыш Президент күні, Жаңа жыл мейрамдары өз деңгейінде аталып өтті. Домбыра үйірмесі жұмыс істейді.

Ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетіп келеді. Кітапханадағы кітап қоры 6299 кітапты құрайды.Оқырман саны -548 адам. Бес тонна қатты отын мен қамтамасыз етілді.
Спорт туралы

Округте волейбол, баскетбол, күрес секциялары жұмыс істейді. Ауыл аралық жарыстарда мектеп, теміржол және ауыл тұрғындары арасында жарыстар өткізіледі.


Қылмыс туралы

2017 жылы 8 қылымыс оның төртеуі мал ұрлығы.Үш мал ұрлығы ашылды. Біреуі ашылмады


Байланыс, ауыз су, жолдарды жөндеу

Пошта байланыс бөлімшесінде баспасөзге жазылу жоспары зейнеткерлер, ш/қ, тұрғындардың жазылуымен жылдық жоспар 100 пайызға орындалды. Газет-журналдар уақытылы келіп, таратылады. Пошта қызметкері жоқ


Ауыз су мәселесі

Су есептегіш құралы арқылы 1 кубқа 106 теңгеден жиналып, аудандық су құбыры мекемесіне ай сайын өткізіліп тұрады. Көше жарықтары барлық көшеде кешкі сағат 18-дан түнгі 24-ке дейін жанып тұрады.


Жол

Егінсу ауылының ішіндегі тас жолдардың жағдайы-жақсы. . Биылғы жылға ауылға кіре беріс жол жоспарға енгізіліп, күрделі жөндеуден толық өтті.


Азық түлікпен қамтамасыз ету

Округте 2 дүкен халыққа қызмет көрсетуде. Халыққа бірінші қажетті азық-түліктің 18 түрі сатылады. Бағаларының тұрақтылығын айына 1 рет тексеріп отырамыз. Ауылымыз Талдықорған қаласына жақын орналасқандықтан және аптасына екі рет қаланың кәсіпкерлері келіп азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидектерін қала бағасымен әкеліп сатады.



Жергілікті қоғамдастық

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3 бабына 3 тармағына сәйкес Жергілікті өзін өзі басқарудың мынадай түсімдері қалыптастырылады.1.Ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.2. Жеке және Заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары 3. Сыртқы көрнекті жарнамалар.

Осыған байланысты біздің округте  ауыл тұрғындары жалпы жиналысында ауыл тұрғындарының арасынан 9 адамнан қоғамдастық комиссиясы сайланған. Бұл қоғамдастық  комиссиясы жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша  талқылау оны шешу жолдары бойынша қоғамдастық жиынын өткізеді. 

Ағымды мәселелерді талқылайды:  1. бюджеттік бағдарламаларды талқылау; 2. Өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелерін талқылау;


«Қазақстан Теміржолы» ҰК» АҚ арқылы салынған тұрғын үйлер

2010 жылы «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мы ауылымызға апатқа байланысты 32 азаматқа тұрғын үйді жаңадан салып берген болатын. Бүгінгі күнге 32 тұрғын үйдің құжаттары толығымен жасалынып бітіп, аудандық Әділет басқармасына тіркеуге қойылып, теміржол мекемелерінің өз баланстарына алынған. Осыған орай «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның президентінің атына ауыл тұрғындарына жекеменшікке беру туралықызметтік хаттар талай рет жолданып, жолдары қарастырылуда.

Биылғы жылға құжаттары ауыл тұрғындарының атына ауыстырылып, жасалады деп үміттенеміз.

Шешілмей таппай тұрған мәселелер:

Теміржолшылардың үйінің құажаты жекеменшікке беру туралы.

Үш үйге ауыз жүйесін ауыстыру туралы.

Құмтөбе разьезінің ауыз суымен жол мәселесі.

Сөзімінің аяғында - Жаңа жыл Мемлекет басшысы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымен басталып отыр. Елбасымыздың «Төртінші өнеркісіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты Жолдауында алдамызға10 негізгі міндетті айқындап берді. Осы қойған мінддеттердің әрқайсысы халықтың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсартуға еліміздің дамыған елдер қатарына жеделдетіп ену үшін негіз болып табылады және биылғы жұмысымыздың басты бағыты болмақ. Елбасы Жолдауы ауыл тұрғындары тарабынан толықтай қолдау тауып сол бағытта ары қарай жұмыстар жасала беретінін жеткізгім келеді.

Округ әкімі Д.Крыкбаев

 Н.Нурболаткызы



 8 (72 832) 28176


Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет