Аудандық олимпиада 2014-2015 оқу жылы Географиядан практикалық тур (9 сынып)



жүктеу 26.41 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі26.41 Kb.

Аудандық олимпиада

2014-2015 оқу жылы

Географиядан практикалық тур (9 сынып)
1-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:



  1. 180° азимут ____________ бағытталған

  2. 315° азимут ____________ бағытталған

  3. 135° азимут ____________ бағытталған

  4. Масштаб көлемі 1: 1000, жергілікті жер жоспарындағы (план) ұзындық -10см. Жергілікті жердегі нысанның ұзындығын анықтаңыз:____________________

  5. Жергілікті жер жоспарындағы нысанның ұзындығы -6см, жергілікті жердің өзінде -60м. Масштабтың көлемін анықтаңыз? ____________________


Бағалау өлшемі:

Әрбір дұрыс жауап үшін –2 ұпай. Барлығы – 10 ұпай


2-тапсырма.

Топографиялық картадағы сызықтың ұзындығын өлшеу және бөлу.



  1. Картадағы кесіндінің ұзындығы 7см-ге тең, масштаб 1:10000. Жергілікті жердегі бұл сызықтың ұзындығы неге тең?

  2. Горизонталды проекцияда жергілікті жердегі сызықтың ұзындығы 367м-ге тең, масштаб 1:5000. Пландағы немесе картадағы сызықтың мәнін анықтаңыз.


Бағалау өлшемі:

Әрбір дұрыс жауап үшін –5 ұпай. Барлығы – 10 ұпай


3-тапсырма.

  1. 1 суретте үш континенттің кең жазықты аумақтарына тән ұқсас типті өсімдіктер ареалының кескіні суреттелген. Бұл өсімдіктің түрін, ареалдардың орналасуын және олардағы басым ландшафттардың (табиғи кешендердің) атауын анықтаңыз.



Бағалау өлшемі:

Өсімдік түрін анықтағаны үшін – 2 ұпай, барлығы 6 ұпай

Ареалдардың орналасуын анықтағаны үшін - 2 ұпай, бырлығы 6 ұпай.

Олардағы басым ландшафттың (табиғи кешеннің) атауын анықтағаны үшін – 1 ұпай, барлығы 3 ұпай.



Барлығы - 15 ұпай.

4-тапсырма.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:



  1. Диаграммада Қазақстандағы дәнді-дақылдар жалпы жиынының үлесі облыстар бойынша (2007 ж., мың тонна) пайызбен көрсетілген. Бұл көрсеткіш бойынша 35 және 30 % үлесіне сәйкес келетін жетекші орындағы облыстарды атаңыз ?




  1. Аймақтың жер ресурстары елдің жалпы жер ауданының 26% алады, оның ішінде 19% - ауылшаруашылық жерлері. Көп бөлігін (95%) жайылым және 5% ғана – егістік пен шабындық құрайды. Ауданның солтүстік бөлігінің топырағы жеткілікті дәрежеде құнарлы. Мұнда жаздық бидай, арпа, тары және күнбағыс өсіреді. Қазақстанның қай экономикалық ауданы жөнінде айтылып жатқанын анықтаңыз.

  2. Суретте Қазақстанда өсірілетін техникалық дақыл көрсетілген. Ол айқышгүлділер тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Тыңайтқыш, азық және балды дақыл, сонымен қатар ащы дәмдеуіш ретінде қолданылады. Бұл дақылдың дәні көкөніс, саңырауқұлақ, балықтарды консервілеуде, сонымен қатар көкөністі тамақтарды, етті сорпаларды, тартылған етті даярлауда қолданылады.

Медицинада салқын тиіп ауырғанда қолданады. Дақылды атаңыз.




  1. Францияда әйгілі жүзімді өсіретін және «Шампан» шарабын ойлап тапқан Шампань облысы бар. Ал Қазақстанда «кішігірім Шампань» деп ....... тау алды бөктерін атайды. Осыдан 100 жыл бұрын Франциядан мұнда жүзім алып келіп, жерсіндірілген және ол қазіргі уақытта өзінің Франциялық туысынан кем түспейді. Бұл жүзім қандай таудың тау алды бөктерінде өседі ?

  2. Оңтүстік Қазақстанда, жақсы табиғи-климаттық жағдайларына және ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің көп болуына байланысты, ауылшаруашылық өндірісі жақсы дамыған. Бұл зонаға жалпы ауылшаруашылық өндіретін өнімнің 30% тиесілі. Төменде көрсетілген карта сұлбасы бойынша ауылшаруашылық дақылдарының атауларын анықтаңыздар.


Оңтүстік Қазақстанның негізгі ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабы (мың га, 2008 ж.).

Бағалау өлшемі:

1,5 тармақтарына әрбір дұрыс жауап үшін –3 ұпай (максимум - 6 ұпай);



2,3,4 әрбір дұрыс жауап үшін – 3 ұпай (максимум – 9 ұпай);

Барлығы – 15 ұпай.

ЖАЛПЫ: 50 ұпай

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет