Ауданның 2018 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Бесқарағай ауданы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру тезисі «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



жүктеу 267.49 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі267.49 Kb.


Ауданның 2018 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Бесқарағай ауданы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру тезисі
«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында, сондай-ақ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының аясында 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен 2019 жылға арналған міндеттер туралы мәлімдеймін.

Былтырғы жылы барлық бюджет секторларында іске асыруға арналған бағдарламалар толықтай орындалды, соның нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты деңгейге жетті.


Экономика
2018 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 800 млн. теңгені құрды немесе 2017 жылмен салыстырғанда 82,6% (968,4 млн. теңге). Осы көрсеткіш бойынша "ГРК Электрум" ЖШС (қиыршық тас) және "Гегемон" ЖШС (құм-қиыршық қоспасы) шығарылатын өнімнің көлемдері ескерілген.

2018 жылға ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 18 136,5 млн. теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда 102,3% құрады (17 735,2 млн. теңге).

2018 жылға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12 875 млн. теңгеге күтілуде немесе 2017 жылға қарай 95%, (13 548,1 млн. теңге).

2018 жылға құрылыс жұмыстарының көлемі 8 621,8 млн. теңгені құрады немесе 2017 жылдың көрсеткішіне 85,1% (10 109 млн. теңге).

2018 жылға тұрғын үйді іске қосу 2140 шаршы метрді құрады немесе 2017 жылдың деңгейіне 80,8% (2646 шаршы метр). Тұрғын үй құрылысы жеке құрылыс салушылардың меншікті қаражатына жүргізілуде.

2018 жылға бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 3 888,5 млн. теңгені құрады немесе 100% (3 888,5 млн. теңге).

2018 жылға жұмыс істеп тұрған шағын бизнес кәсіпорындарының саны- 61 бірлікті немесе 2017 жылға қарай 96,8% (63 бірлік) құрады.

2018 жылға өзіндік кірістер 551,9 млн. теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда 133,2% (414,3 млн. теңге) құрады.


Бюджет
Бесқарағай ауданы бойынша 2018 жылғы бюджет жоспары 3 406 872,9 мың теңгемен кассалық орындалуы 3 395 654,1мың теңгені құрады. 2017 жылдың ұқсас кезеңіне игеру 99,7 %-ды құрады.

Бесқарағай ауданының өзіндік кіріс бөлігі 100,2 %-ға орындалды, жоспармен 550 738,4 мың теңге және нақты салық түсімдерімен 551 919,9 мың теңге сомада. 2017 жылдың ұқсас кезеңіне 100 %-ды құрады немесе 440,9 мың теңгеге асыра орындалды.



Ауыл шаруашылығы
Аудан экономикасының негізгі саласы агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі. 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 2018 жылға 18136,5 млн. теңге немесе 102,3% құрады.

Ет 5 мың тоннадан аса өндірілді немесе 100,3%, сүт, 50,4 мың тонна немесе 102,2%, жұмыртқа 3,8 мың дана немесе 103,1% өндірілді.

Ірі қара мал саны 42,2 мың бас құрады, оның ішінде 20,2 мың бас асыл тұқымды мал немесе 99,4%, МРС және 49,2 мың бас немесе 94,8%, жылқы 11,7 мың бас немесе 106,6%, шошқа 801 мың бас, құс 56,7 мың бас немесе 100,0%.

Тұқым жаңалау жұмыстарымен ауданның 59 шаруа қожалығы айналысады, оларда 4 792 бас аналық, тұқым жаңалау жұмысында малдың үлесі 25%.

Ет бағытындағы қазақтың ақ бас асыл тұқымды ІҚМ Республикалық палатаның мүшесі 6 шаруа қожалығы болып табылады, олар «Лана», «Мукинов», «Азамат», «Дулат», «Саттаров», «Бестерек» шаруа қожалықтары.

«Каликанулы» шаруа қожалығы даланың қызыл ала асыл тұқымды мал өсіруші Республикалық палатаның мүшесі болып табылады.

Ауданда 4 СТФ бар ( Балке - 420, Каликанулы - 320, Саят - 250, Бекарыс - 110), олардын ішінде 3-уі ( «Балке» ш/қ, «Бекарыс» ф/қ, «Каликанулы» ш/қ ) СТФ қайта жарақтандыру құрылысы бойынша облыстык бағдарламаға қатысты. Биылғы жылы «Қалиханұлы» шаруа қожалығы «Елочка» сауын құрылғысын сатып алын, орнатылды.

Ферманың сауын құрылғыларын кешендендіру үшін «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ арқылы «Балке» шаруа қожалығының басшысы О.Н. Тоқашев 2019 жылы байланбай ұсталатын «Параллель» сауын құрылғысын сатып алып, орнатуды жоспарлауда.

100 басқа арналған «Бестерек» ф/қ СТФ жаңарту және қайта жөндеу бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді. Бұл қожалықпен 50 бас сименнтал тұқымды тайыншалар сатып алынды.

Биылғы жылы осы қожалық «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 20,0 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 16 млн. теңгеге 52 бас импорттық ірі қара мал сатып алды.

Жетіжар ауылдық округінде «Бесқарағай Агро» ЖШС-імен 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны 2018-2021 жылдарда іске асыру жоспарланған.

Бүгінгі күнде сауын залы мен мал қорасының іргетасы салынып, 2 шұңқыр төселді. Жұмысшылар үшін жатақхана құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жетіспейтін инфрақұрылымды ұлғайту мақсатында «Бесқарағай Агро» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысады.

Осы жобаларды іске асыру сүт өнімдерін және сүт бағытындағы ірі қара малдың басын көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, аграрлық секторға озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Аймақта мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін сүт қабылдау пункттерін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Қарабас, Ерназар және М-Владимировка ауылдық округтерінде 3 сүт қабылдау пункті ашылды. Барлығы ауданда 5 сүт қабылдау пункті бар.

Қазіргі уақытта Ерназар ауылдық округінде «Мукинов» шаруа қожалығында бір бордақылау алаңы бар.

2019 жылы Жетіжар ауылдық округінде «Ас Ай және К» ЖШС 1000 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
Өсімдік шаруашылығы
Аудан бойынша 2018 жылы жалпы егіс көлемі 43 096,5 гектарды құрады, сүрі жер көлемі 4000 га, оның ішінде шаруа қожалықтарымен 24 890,4 га, ЖШС 17 906,6 га және тұрғындармен 299,5 га жерге егін егілді.

Дәнді дақылдар 11,7 мың га құрады, майлы дақылдардың егістік алқабы 15,5 мың га құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 506 га артық, көкөніс – бақша дақылдары мен картоп-2,4 мың га, мал азық дақылдар 13,5 мың га құрады, ол 3,0 мың га артық.

Сонымен қатар, 2018 жылдың күзінде М-Владимировка ауылдық округінің «BA Agrogroup» ЖШС және Канонерка ауылдық округінің «Лана» шаруа қожалығымен 600 га күздік бидай егілді.

2018 жылы ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 365,6 тонна тұқымы сатып алды, оның ішінде дәнді дақылдар – 292,2 тонна, майлы дақылдар – 55,8 тонна, азықтық дақылдар – 7,5 тонна және картоп – 10 тонна, минералды тыңайтқыштар (амиак силитрасы) – 67 тонна.

Арамшөптермен күресу үшін өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдары қолданылады. Осылайша, гербицидтерді қолдана отырып, 2018 жылы 6 520 га егістік алқабы (4760 литр) өңделді.

Өсімдік шаруашылығы саласын қолдауға және дамытуға 2018 жылы облыстық бюджеттен 67 млн. 469 мың теңге субсидия бөлініп, игерілді, оның ішінде тұқым сатып алуға – 12 млн. 452 мың теңге, гербицидтер сатып алуға – 7 млн. 467 мың теңге және инвестициялық субсидиялауға - 47 млн 549 мың теңге.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Бесқарағай ауданына 1820 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, оны ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері толық игерді.

2018 жылдың күзінің ауа райы-климаттық жағдайлары және техникамен 100% қамтамасыз етілуі ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарына жедел және оңтайлы мерзімде ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауды аяқтауға мүмкіндік берді.

13,27 мың тонна дәнді дақылдар, 12,92 мың тонна күнбағыс, 13,06 мың тонна картоп, 33,45 мың тонна көкөніс және 23,87 мың тонна бақша дақылдары жиналды.

2018 жылы дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 11 ц/га құрады, майлы дақылдар 10 ц/га, картоптың 230 ц/га, көкөніспен және бақша дақылдары 335 ц/га.

2019 жылдың өніміне 2,0 мың тонна тұқым салынып, жоспар 100% орындалды.

Ауданда 101 мың тонна ірі мал азығы, 3,6 мың тонна пішендеме, 1 мың тонна сүрлем және 12 мың тонна сабан дайындалды, жоспар 102% орындалды.

Ауданда Глуховка ауылдық округінің «Балке», «Лана-2», «Семей», «Стела», «Фонтан» шаруашылықтарында және Жетіжар ауылдық окургінің «Бесқарағай Агро» ЖШС су үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

2018 жылы суармалы жерлердің көлемі 3 053,2 га құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 530,2 га артық (2523 га), оның ішінде тамшылатып суару алаңы 410,2 га, жаңбырлату алаңы – 200 га ("Бесқарағай Агро" ЖШС (100 га), "Балке" ш/қ (100 га), арық суару алаңы - 2443 га.


Ветеринария
Бесқарағай ауданы бойынша 2018 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу үшін ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтауға, сондай-ақ егу мен серологиялық зерттеу жүргізуге 48 млн. 879 мың теңге бөлінді.

Ауданда 7 ветеринарлық пункт жұмыс істейді, олар қажетті құрал-жабдықтармен, 8 «НИВА» автокөлігімен, 2 ДУК, мал тасымалдайтын автокөлікпен және инсиниратормен (мал өліктерін өртеу) қамтамасыз етілген.

Ауданда 11 мал сою алаңы жұмыс істейді және 22 мал қорымы бар.
Жер ресурстары
Бесқарағай ауданының аумағы 1140,9 мың га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер - 440,7 мың га; елді мекендердің жерлері - 188,3 мың га; ерекше қорғалатын аумақтардың жерлері - 392,4 мың га; босалқы жерлер - 110,7 мың га.

Ауданда тіркелгені:

- шаруа қожалықтары - 518;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – 19.

Шағын кәсіпкерлік субьектілердің иелігіне 1,2 млн. теңге бағалау құнымен көлемі 8,32 га болатын, 5 жер теліміне жалдау құқығы сатылды.

2018 жыл ішінде конкурс бойынша шаруа қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалпы көлемі 3,06 мың га. ауыл шаруашылығы маңызындағы 13 жер телімдері берілді.

2018 жылы тараптардың келісімімен жалпы көлемі 9467,4 га, оның ішінде 640,4 га егістік, 47 жалдау келісімшарттары бұзылды.

Жер телімдері иелері мен жер пайдаланушылардың жер телімдерін сәйкестендіру құжаттарымен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.



Шағын бизнес
Ауданда тіркелген шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 937 бірлікті құрады немесе өткен 2017 жылмен салыстырғанда 100,8% өсті. Соның ішінде кәсіпорындар- 61 бірлік, немесе 95,3% құрады, жеке кәсіпкерлер – 404 бірлік, немесе 110,1%, шаруа қожалықтары – 472 бірлік немесе 94,6%.

Бизнестің дамуына әсер етуші негізгі факторлардың бірі қаржылай қорға қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау болып табылады.

Бесқарағай ауданының аумағында «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қорымен көмекқаржы және кредитке кепілдік беруге жалпы сомасы 28,2 млн.теңгеге 2 жоба мақұлданды, олар:

- «Айналым қаражатын толықтыру» (ірі қара мал сатып алу) Долон ауылдық округінен «Бөдене» шаруа қожалығы иесі Думан Кусманның жобасы, жалпы сомасы 13,2 млн.теңгеге;

- «Айналым қаражатын толықтыру» «Бозталым» ЖШС жобасы- құны 15,0 млн. теңгеге.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант беру конкурсында 2 жоба («Қонақ-үй бөлмелерін ашуға бұрынғы кафе ғимаратын қайта жөндеу» «Касенова» ЖК және «Сноутюбингтік трасса үшін тірексіз көтергішті орнату» «Каверина» ЖК) мақұлданды.

Жетіспейтін инфрақұрылымды келтіру бойынша жұмыстарды жүргізеді:

1. «Бескарагай Агро» ЖШС, «Бос жайылымда ұсталатын 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы» және «Қосалқы станция құрылысы» жобалары. Жобаларды жүзеге асыру 2018-2021 жылдарға жоспарланған.

2. «Саттаров и К» шаруа қожалығы – «Ет өнімін алу үшін басқа да тұқымдарын өсіру»;

3. «Амад» шаруа қожалығы – «Ет өнімін алу үшін малдардың басқа тұқымдарын өсіру».

2018 жылдың ішінде негізгі капиталға инвестицияның көлемі 12875 млн.теңгені құрады. ФИК-96,5%.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 800 млн.теңге немесе өткен 2017 жылмен салыстырғанда 82,6 %, соның ішінде 664,1 млн.теңге тау-кен қазу өнеркәсібі, 5,1 млн.теңге – өңдеуші өнеркәсібі.

Бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі 3888,5 млн.теңгені құрады немесе өткен жылдың деңгейіне 100,0%, оның ішінде 715,0 млн.теңге кәсіпорындар есебінен және 3020,9 млн.теңге жеке кәсіпкерлер есебінен.

Әлеуметтік сала
2019 жылдың 1 қаңтарына қоғамдық ақылы жұмыстарға 210 адам жіберілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 42 адамды немесе экономикалық белсенді халықтан 0,5% құрады. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 2018 жылы 31 жұмыс берушімен келісім жасалды. Қоғамдық жұмыс бойынша жұмыс берушілермен 68 келісім жасалды. Мемлекеттік қолдауға бөлінген барлық қаражаттар толығымен игерілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 53 адам жіберіліп, оқытылды, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 106 адам оқытылды. 16 адам барлығы 59800 мың теңгеге шағын несиелер алды.

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша аз қамтылған отбасыларға барлығы 188 отбасыға, оның ішінде 785 алушыға 40426,6 мың теңге сомасы төленді.

2018 жылы жергілікті және облыстық бюджеттен Жеңіс күніне орай ҰОС мүгедектеріне барлығы 1928,6 мың теңге (әр ардагерге 642,9 мың теңгеден) көлемінде көмек көрсетілді.

Мүгедектерге және қарт адамдар үшін ауданда аумақтық орталық жұмыс атқаруда. 2018 жылы 67,75 бірліктегі жұмысшыларды ұстауға 86802 мың теңге бөлінді. 15 ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 6 сағаттық күндізгі бөлімше жұмыс істейді.

Білім беру
Аудан бойынша 3021 оқушыға білім беретін 21 жалпы білім беру мектебі, 4 балабақша жұмыс істеуде, оның 2 - мемлекеттік және 2 - жеке меншік.

2018 жылы оқушылардың 75% жалпы білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасымен қамтылды. Ауданның 288 мұғалімі жалпы білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы шеңберінде арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2017-2018 оқу жылы 807 оқушы оқу жылын «үздікке», 963 оқушы «жақсыға» аяқтады, білім сапасы 58,1% құрады.



2017-2018 оқу жылы 12 түлек өз білімдерін дәлелдеп «Алтын белгі» иегерлері атанды және 12 түлек үздік аттестаттарын алды (2017 жылы 16 үміткер «Алтын белгі» төс белгісін және 3 үміткер үздік аттестатын дәлелдеп шықты).

Ауданымыздың 86 түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 2018 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша орташа баллы 75,4 құрады, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 2,2 баллға жоғары (2017 жылы – 73,2 балл).

Жалпы білім беру пәндері бойынша өтетін республикалық олимпиаданың аудандық турына 245 оқушы қатысты, оның ішінде 132 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Әртүрлі облыстық және республикалық маңыздағы зияткерлік сайыстарға 1399 оқушы қатысып, 492-сі жеңімпаз атанды.

Жалпы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқулықтармен қамтамасыздандыру үшін 3, 6, 8 сынып оқушылары үшін 48 млн. 865 мың теңге бөлінді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы Бесқарағай ауданы бойынша жалпы білім беру мектептеріндегі мұғалімдер саны 561 адамды құрады.

2018 жылдың мамыр айында Бесқарағай аудан мектептерінің педагогикалық қызметкерлері жаңа форматтағы біліктілік тестілеуінен өтті. Біліктілік тестілеуінің нәтижесінде аттестаттаудан 27 ұстаз өтіп, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап еңбек ақыларына үстеме алуда.

Сонымен қатар, ауданда математика, физика, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің жетіспеушілік мәселесі орын алған.

2018-2019 оқу жылында Бесқарағай ауданы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалар саны - 164, оның ішінде мектепке дейінгі жастағылар – 30, мектеп жасындағылар–134 бала. Арнайы түзету мекемелерінде 32 бала оқиды, басқа да денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерінде – 29 бала, әр түрлі себептермен уақытша оқумен қамтамасыз етілмеген балалар саны – 7. Жалпы білім беру мектептерінің инклюзивтік сыныптарында 55 оқушы дәріс алады. Арнайы үйде оқытумен 21 бала қамтылған, оның ішінде 12-сі мүмкіндігі шектеулі балалар. Бесқарағай ауданында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша ресурстық орталық құрылды: «Борас орта мектеп-бақшасы» КММ.

Аталған білім беру мекемесі жанында психолого-педагогикалық консилиум құрылды.

Ауданда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы түзету дамыту бағдарламаларын іске асыру үшін психолого-педагогикалық түзету кабинеті қызмет жасайды (Үлкен Владимировка орта мектебінің ғимаратында орналасқан жалпы көлемі 102 шаршу метр құрайтын 2 кабинет).

Инклюзивтік оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсынан 10 мектеп директорлары өтті, биылғы жылы қосымша 35 мұғалім мен директорларды оқыту жоспарлануда.

Ауданда жетім балалардың және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалардың саны -45 баланы құрады.

Аудан әкімінің бастамасымен жазғы демалыс кезінде «Елімай» демалыс базасында 300 оқушы демалды.

Бүгінгі күнге ауданның білім беру жүйесінде 2 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Әртүрлі 67 үйірме мен секцияларда барлығы 630 балалар мен жасөспірімдер шұғылдануда, бұл 20,5% құрайды.

Бір жыл ішінде қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық шығармашылық конкурстарында жақсы көрсеткіштер көрсетті.

21 жалпы білім беру мекемеде Ғаламтор желісіне шығуға мүмкіндігі бар, ол 100% құрады. 6 мектеп негізінде ІТ-сыныптары ашылды. ІТ-сыныптардың бағдарламасы бойынша робототехника, 3D үлгілеу, бағдарламалау оқылады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Өскемен қаласында өткен "Digital East Challenge-будущее сегодня" облыстық IT-форумда «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ оқушысы Молдабаев Әділ (жетекшісі Бекеш Максат Кайратулы) "Қоғамдық көлікте дауыстық басқару" жобасын қорғап облыс әкімі Д.К.Ахметовтың қолынан жобасын әрі қарай жылжытуға 720 500 теңге көлемінде грант алды.

Алыс қашықтықта тұратын елді мекендерден оқушыларды мектепке тасымалдау ауданның 10 мектебіне 276 оқушы үшін ұйымдастырылған, бұл тасымалдауда мұқтаждардың 100% құрады.

Ауданның барлық мектептерінде асханалар бар. Жалпы тегін ыстық тамақпен қамту халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 301 оқушыны құрады, бұл жалпы оқушылар контингентінің 10% және белгіленген санаттағы оқушылар санының 100%. Тамақтандыру бағасы күніне бір балаға 150 теңгені құрады.

«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ және «Сосновка орта мектебі» КММ базасында, 33 оқушыны қамтитын, қазақ күресі мен волейболдан мамандырылған сыныптар ашылды.

2018 жылы Нұрлыбек Баймұратов атындағы орта мектебінде күрес залы ашылды. Осындай тәжірибе 2019 жылы да жалғасын табады. Ұқсас сыныпты Башкөл орта мектебінде де ашу жоспарлануда. Күрес залдарын Қоянбай және Семияр орта мектептерінде ашу, сонымен қатар Канонерка орта мектебінде жеңіл атлетика бойынша спорттық клубын ашу мүмкіндіктері қарастырылуда.

2018 жылы нақтыланған білім беру бюджеті 1 миллирд 895 миллион 787 мың теңгені құрады.

4 білім беру мекемелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу өткізуге (5 жоба) 10 млн. 713 мың теңге бөлінді. Оның ішінде:

- «Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жобасын жүзеге асыру арқылы «Березовка орта мектебі» КММ-нің төбе жабындысын ағымдағы жөндеуін өткізуге 3 млн. 780 мың теңге сомасы.

- жергілікті бюджет есебінен 6 млн. 933 мың теңге сомасы

2018 жылы аудан аумағында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру шеңберінде, білім беру бөлімі тарапынан, білім беру саласына қатысты 4 жоба бойынша жұмыстар жүргізілді. 2018 жылдың наурыз айынан бастап Канонерка ауылындағы «Ер-Али» ЖШС-нің 44 орынға арналған 2 жеке меншік балабақшасын, Глуховка ауылындағы «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын «Алтынай» ЖШС-ін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизміне көшіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі және жеке серіктес арасында үш жақты келісімге қол қойылды. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап жоғары аталған екі балалар мекемесі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі бойынша өз жұмыстарын жалғастырады.

2018 жылғы 23 сәуірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту аясында Бесқарағай аудан әкімдігі мен Мукашев Сайлау Кумарович атынан «EurasiaAgroHolding» ЖШС арасында мектепке дейінгі білім беру нысанының құрылысы бойынша ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. «Eлімай» базасында балаларға демалу және сауықтыру лагерін ұйымдастыру» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Дене шынықтыру және спорт
Спортты дамыту, сондай-ақ дене тәрбиесі бойынша оқу сабақтарын өткізу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін ауданда 56 спорт ғимараттары бар, оның ішінде 22 спорт залы, 19 жалпы білім беретін мектептерде және 1 зал спорт мектебінде, 1 зал Бесқарағай колледжінде, 1 зал Бесқарағай ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде орналасқан. Ауданда мектептер мен ауылдық округтерде орналасқан 19-жазық-алаңшалық ғимараттары (жазғы балалар спорт алаңдары) бар. Футболды дамыту үшін 11 футбол алаңдары, аудан орталығында 1 стадион, воркаутқа арналған 2 алаң және 1 ипподром бар.

Ауданда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, бүгінгі таңда спорт мектебінде 390 бала оқиды, оның ішінде 109 балада спорттық разрядтары бар және олармен 17 жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт мектебінде 32 топ бар, оның ішінде: 12 оқу-жаттықтыру топтарында оқытылатындар және 20 бастауыш дайындық топтары. Оқыту 6 спорт түрлері бойынша жүргізіледі: футбол, еркін күрес, волейбол, Қазақ күресі, тхэквондо және жеңіл атлетика.

Ауданда оқушылар жыл сайын әр түрлі туристік жарыстарға, фестивальдерге қатысып, сондай-ақ Шығыс Қазақстан тауларының шыңына шығып жүрген "Белуха" ҮЕҰ тіркелген. Ауданда белсенді, сауықтыру және жағажайлық туризмнің түрлері дамыған, ауданның аумағында ауыл жастары мен жалпы білім беру мектептерінің оқушылары аудандық туристік жорықтарға шығатын бірегей қарағайлы орман орналасқан және де Ертіс өзені ағады. Аудан аумағында өзінің балшық емдік қасиетке бай "Шошқалы" емдеу-сауықтыру тұзды көлі бар. Онда жазғы кезеңде өз денсаулығын күшейту және демалу үшін көптеген адамдар мен туристерді жиналады.

2018 жылы дене шынықтыру және спорт саласында аудандық деңгейде 68, облыстық деңгейде 12 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.


Денсаулық сақтау
Ауданның медициналық қызмет көрсетуі аудандық орталық ауруханасы, 7 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік және 15 медициналық пунктпен іске асырылады. Қызметкерлердің жалпы саны – 260, оның ішінде 36 дәрігер, 131 кіші медициналық қызметкер, 3 әлеуметтік медициналық қызметкер, 1 психолог, 35 кіші медициналық персонал, өзге де 56 медициналық персонал.

Орталық аудандық ауруханаға уролог, кардиолог, эндокринолог дәрігерлері қажет.

Соңғы жылдары ауданда ана өлімі тіркелген жоқ. 2018 жыл ішінде нәрестелер өлімінің деңгейі 1 жағдайды құрады, көрсеткіш 3,6%, өткен 2017 жылмен салыстырғанда 2 жағдайға, көрсеткіш 8,0%.

2018 жыл ішінде туберкулезбен алғашқы аурушаңдық 5 жағдайды құрады, көрсеткіш 25,9%. Өткен 2017 жылмен салыстырғанда 8 жағдай, көрсеткіш 40 %. Туберкулез ауруына шалдыққандар арасында өлімдер тіркелмеген.

Флюрографиялық тексеруді алдын алу мақсатында, барлығы 9637 адам қамтылды немесе 99,8 %-ды құрады, оның ішінде жылжымалы флюрографиядан 2978 адам тексеріліп, 1 жағдай анықталды.

Облыс әкімінің туберкулезбен ауырғандарды әлеуметтік қолдау туралы тапсырмасы бойынша ауданда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен амбулаториялық емдеу кезеңінде аз қамтылған туберкулезбен ауыратын тұлғалардың қосымша тамақтануын қамтамасыз ету үшін қаражаттар төленеді. Қазіргі уақытта 12 науқас адамға 865,8 мың теңге сомада әлеуметтік көмек көрсетілді.

2018 жылы қатерлі ісік ауруларымен алғаш рет ауыру 63 жағдайды құрады немесе 100 мың тұрғынға 333,5. Ауданда қатерлі ісіктен өлім-жітім 27 жағдайды құрап, 142,9% құрады.

Құрылыс
2018 жылы ЖСҚ әзірлеуге келесі жобалар бойынша қаражаттар бөлінді:

1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында 10 екіпәтерлі бір қабатты тұрғын үйлер құрылысы»;

2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында 10 екіпәтерлі бір қабатты тұрғын үйлерді электр жүйесімен қамтамасыз ету»;

3. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында 10 екіпәтерлі бір қабатты тұрғын үйлерді абаттандырумен инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысы»;

4. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында 50 орынға арналған шағын жатақхана құрылысы».

Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оңды қорытындысын алғаннан кейін, жүзеге асыруға бюджеттік өтінімдер берілетін болады.


Сумен қамтамасыз ету
Бесқарағай ауданында 28 елді мекен орналасқан. Бүгінгі күні ауданның 28 елді мекенінің 11-і немесе 39,3% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың жалпы қамтылуы 57,7 % (20 689 адамнан 11 953 адам) құрады. Ауданның ауылдық елді мекендерін 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсатында Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы №99 қаулысымен бекітілген 2022 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленді.

Ауданның елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2022 жылға дейін Бесқарағай ауданының ауылдарында су құбыры желілерінің және су тарту имараттарының құрылысы бағдарламасы бекітілді.

Қазіргі уақытта Глуховка, Долон, Қарабас, Бірлік, Қара-Мырза ауылдарында сумен қамтамасыз ету объектілерінің ЖСҚ әзірленді. Долон, Қарабас ауылдарында екі сумен қамтамасыз ету жобаларының сараптама нәтижесі алынып, бюджеттік өтінімдер қалыптастырылуда. Бірлік және Қара-Мырза ауылдарында екі сумен қамтамасыз ету жобаларына 2019 жылға бюджеттік өтінім берілді.

Іске асыруға жоспарланған нысандар:

1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарағайлы ауылында су құбыры желілерін қайта жаңғырту» (Түзету).

2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылында су құбыры желілерінің және су тарту имараттарының құрылысы» (Түзету).

Қазіргі уақытта сараптама қаралуында:

1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылында су құбыры желілерінің және су тарту имараттарының құрылысы»;

2019 жылы Глуховка, Қарабас, Долон, Бірлік, Қара-Мырза, Ерназар және Қарағайлы ауылдарында сумен қамтамасыз ету бойынша жеті жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жобаларды жүзеге асырғаннан кейін, 2019 жылы ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамтамасыз етудің жалпы қамтылуы 53,6 % (28-дің 15-і) құрайды. Тұрғындардың жалпы 55,6 % (20 689 адамның 16 560-сы) құрайды. Сонымен қатар 2019 жылы Бөдене, Жетіжар және Мостик ауылдарында сумен қамтамасыз ету объектілеріне жалпы сомасы 33,2 млн.теңгеге ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.

2020 жылы Старая Крепость, Черемушка, Беген орман шаруашылығы, Белокаменка және Лесной ауылдарында сумен қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 16,3 млн.теңгеге ұңғыма орындарының құрылысына ЖСҚ әзірлеу және Бөдене, Жетіжар, Старая Крепость, Черемушка, Беген орман шаруашылығы және Лесной ауылдарында сумен қамтамасыз ету бойынша алты жобасын жалпы сомасы 1030,7 млн.теңгеге жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жобаларды жүзеге асырғаннан кейін, 2020 жылы ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамтамасыз етудің жалпы қамтылуы 78,6 % (28-дің 22-і) құрайды. Тұрғындардың жалпы 89,1 % (20 689 адамның 18 448-і) құрайды.

2021 жылы Белокаменка ауылында жалпы сомасы 135,5 млн.теңгеге нысанды сумен қамтамасыз ету жобасының құрылысы жоспарлануда. Осы жобаны жүзеге асырғаннан кейін, 2021 жылы ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамтамасыз етудің жалпы қамтылуы 82,1 % (28-дің 23-і) құрайды. Тұрғындардың жалпы 90,7 % (20 689 адамның 18 769-ы) құрайды. Сонымен қатар 2021 жылы Жыланды, Морозов орман шаруашылығы және Стеклянка ауылдарында жалпы сомасы 36,9 млн.теңгеге сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыма орындарының құрылысы жоспарлануда.

2022 жылы Жыланды, Морозов орман шаруашылығы және Стеклянка ауылдарында үш сумен қамтамасыз ету жобаларының құрылысы жоспарлануда. Осы жобаларды жүзеге асырғаннан кейін, 2022 жылы ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамтамасыз етудің жалпы қамтылуы 100 % (28-дің 28-і) құрайды. Тұрғындардың жалпы 100 % (20 689 адамның 20 689-ы) құрайды.


Тасымал
Аудан аумағында жолаушылар тасымалын Семей қаласының тасымалдаушылары «Семей – Бесқарағай», «Семей- Бозтал», «Семей- Черемушка», «Семей- Старая Крепость» бағыттары бойынша жүзеге асырады. Ауданішілік бағыттарын ашу жұмыстары жоспарлануда. 2018 жылдың 3 қыркүйегінде «Бесқарағай-Кривинка», «Бесқарағай-Глуховка», «Бесқарағай-Қоянбай» 3 ауданішілік маршруттарға конкурс ашу туралы хабарлама берілді. Тасушылардың жоқтығына байланысты конкурс өткізілген жоқ.

2019 жылы жеке кәсіпкерден автобекетті сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарлануда.


Жолдар
Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 234 шақырымды құрады, «Дорожник» ЖШС және Бесқарағай ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК мердігерлік ұйымдары қызмет көрсетті. 2018 жылы жолдарды ұстауға аудандық бюджеттен 41 млн.теңге бөлінді.

2018 жылдың ақпан айында Бесқарағай ауылдық округінің Ж.Жабаев, Сейфуллин, Әуезов, Тәуелсіздік, Партизанская, Рыскулбеков, Елистратов орталық көшелерінде төсеу жұмыстары жүргізілді. Бесқарағай ауылының көшелерін тегістеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

2018 жылдың қазан айында Бесқарағай ауылында жалпы көлемі 200 шаршы метрге шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тұрғын үйді пайдалануға беру
2018 жылға 2050 шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарланған, қазіргі уақытта 2140 шаршы метр пайдалануға берілді немесе орындалу 104% құрады.
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
Ауданда 24 мәдениет мекемесі, оның ішінде 1 аудандық Мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб, 19 кітапхана жұмыс істейді.

Ауданда «Бесқарағай тынысы» аудандық қоғамдық-саяси газеті бар. Басылым мемлекеттік және орыс тілінде аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі) шығады.

Ауданда тұратын 28 ұлт өкілдері арасында бейбітшілік пен өзара келісімді,конфессия аралық және ұлтаралық тұрақтылықты насихаттау, сақтау және нығайтуға бағытталған Достық үйі, ардагерлер үйі, жастар орталығы жұмыс жасайды.

Достық үйі жанында 9 этномәдени ұйымдары қызмет етеді, олар: «Башкуль» аудандық татар мәдени орталығы, Славянское ЭМО, Неміс ЭМО, «Асыл әжелер» қазақ фольклорлық тобы, «Воскресение» славян орталығы, «Деревенька моя» орыс фольклорлық тобы, әзербайжан диаспорасы және «Досstar» жастар ЭМБ, «Тұмар-ай» тобы.

Барлық атқарылып жатқан жұмыстар Елбасының Ассамблея сессияларында берілген тапсырмаларын орындау, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында жүргізілуде.

Аудандағы барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының- 20 жылдығы, Бесқарағай ауданының- 90 жылдығы, Әміре Қашаубаевтың 130-жылдығы, Шәкәрім Құдайбердиевтің 160-жылдығы, «Халық Қаһарманы» болған Қасым Қайсеновтың 100-жылдығы, сонымен қатар «Рухани Жаңғыру», «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» бағдарламаларын, Елбасы Жолдауларын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы мемлекеттік тілді әртүрлі деңгейде меңгергендер үлесі 96,2%-ды құрады, ағылшын тілін меңгергендер – 5,3%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендер – аудан халқының 4 %-ы. Жыл бойы аудандық тілдерді оқыту орталығында және тілдер курстарында мемлекеттік тілді 110 адам оқыса, 36 адам ағылшын тілін оқыды. «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеуінде 25 адам қамтылып, олардың қазақ тілін әртүрлі деңгейлер бойынша меңгергендерін растады.  

2018 жылдың маусым айынан бастап тілдерді оқыту орталығында «English speaking club» атты ағылшын тілін оқу клубы жұмыс істейді. «Болашққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орталықта ересек тұрғындардың шешендік сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Әдемі сөйлеу шешендік шеберлік» атты клубы ашылды.

Жалпыұлттық маңызы бар киелі нысандар қатарына – Бесқарағай ауданында 7 тарихи-мәдени нысан жатады, оның ішінде 3 – археологиялық, 4 – қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Аудандағы ішкі саяси тұрақтылықты, халықтың бірлігін және қоғамның өзара үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ішкі саясат саласы тарапынан жүргізілген іс-шаралар қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталды. Жалпы, аудан бойынша осындай атаулы күндерге арналған қоғамдық маңызы бар 1100-ге жуық іс-шара өткізілді. Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық мәселесіне үлкен мән беріледі. Соғыс және еңбек ардагерлерінің, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің кеңестері Бесқарағай ауданының Кәсіпкерлер қауымдастығы, Қазақстан халқының Ассамблеясы және басқа да қоғамдық институттар өкілдері мемлекеттік саясаттың басым бағыттары талқыланатын кеңестік-жиындық органдардың, тұрақты комиссиялардың жиындарына, дөңгелек үстелдерге үнемі қатысады. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстарды халыққа жеткізу үшін баспасөз мәслихаттары өткізіледі. 2018 жылдың басты жаңалықтарының бірі – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы. Құжат «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын іске асыруға негіз болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін аудандық арнайы жобалық кеңсе, Сараптамалық кеңес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аудандық штаб құрылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғындардың демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Бесқарағай және Старая Крепость ауылдарында «Коворкинг орталықтары» ашылды.

Ауданда «Нұр Отан» партиясы филиалы тіркелген және қызмет атқарады. Филиал 11 бастауыш партия ұйымынан және 106 партиялық топтан құралған. Партияның жалпы мүшелерінің саны 1946 адам. Партия филиалымен 22 жоба жүзеге асырылуда.

2018 жылы аудан әкімінің есептік кездесуінде 3245 адам қатысып, 114 адам сөз сөйледі. Барлығы 14 ұсыныс пен сын-пікір енгізілді. Тұрғындармен кездесу барысында осы 14 сұрақтың барлығына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауаптар беріліп, 100 пайыз орындалды.

Жоғарыда аталып, жүргізілген жұмыстармен қатар, алдағы уақытқа атқаратын жоспарларымыз бар. 2019 жылғы міндеттермен қатар, белгілі бір күш-жігерді талап ететін жұмыстар бар.

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде 2018 жылы ауданда келесі жобалар мен жұмыстардың іске асырылуы жоспарланады:

1. Өсімдік шаруашылығында оңтайлы мерзімдерде көктемгі-егістік жұмыстарын ұйымдастыру;

2. Агротехнологияның сақталуымен егістік алаңдарын 20 пайызға дейін арттыру;

3. Ауыл шарушылығы айналымына пайдаланылмайтын суармалы жерлерді 200 гектарға тарту;

4. Майлы дақылдар: (күнбағыс, соя) 25 пайызға, азықтық сияқты дақылдарды егуге 20 пайызға басымдық беру;

5. 104 пайыздан кем емес өсу қарқынымен мал басының және мал шаруашылығы өнімінің артуы есебінен ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы түсімінің көлемін арттыру;

6. Ірі қара малдардың етті тұқымдарын өсіру бойынша асыл тұқымды репродукторларды 7 шаруашылыққа дейін жеткізу;

7. Қосымша 1 сүтті-тауар фермасын ашу;

8. 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашу.

Мемлекет басшысы Жолдаудағы міндеттерді, «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын жүзеге асыру бойынша үлкен міндеттер қойды.

Күн сайын өзгеріп тұратын өмірде елдің табысты дамуының негізгі факторлары ретінде оның азаматтары, олардың дарындылығы, білімі және патриоттығы болып келеді.

Сол себепті биылғы 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Мен жастардың біздің сенімімізді ақтап, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуіне өз септіктерін тигізеді деген сенімдемін.



Біздің аудан тұрғындары барлық міндеттерді бірлесе отырып, сәтті жүзеге асырып, аймағымызды дамудың жаңа сатысына алып шығатынына кәміл сенемін!


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет