Ауған соғысының ардагері-Серік Исмурзинмен



жүктеу 10.91 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі10.91 Kb.

«Ауғанстан - жүректегі жара»


Осы тақырыпта Родина ауылында «Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» оқу залы бөлімінде Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 25 жыл толуына байланысты – «Ауғаныстан жүректегі жара» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.Кездесу кеші Ауған соғысының ардагері Серік Сейілханұлы Исмурзинге арналды. Кешке кітапхана оқырмандары және Родина орта мектебінің 10-сынып оқушылары қатысты.Кештің қонағы – Серік Сейілханұлы 1963 жылы 21 майда Ульяновск қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Қостанай облысынан Ауғаныстанға аттанған.Баграм,Кабул қалаларында алты рет соғыс операцияларына қатысқан.Интернационалистік борышын адал өтегені үшін медаль, ордендерімен марапатталған.Жанұлы,екі баласы бар. Серік Сейілханұлы Ауғаныстан туралы мектеп оқушыларының қойған сұрақтарына жауап бере отырып,Ауған соғысында КСРО жауынгерлері ұлтына,нәсіліне және сеніміне қарай Отан алдындағы бұйрықты орындауда рухани бірлік көрсете біліп, жандарын қиғанын оқушыларға айтып берді.Жастық шақтарын соғыс өрті шарпып, өздеріне жат ел үшін қақ кешкен қыршындардың ерлігі болашақ жастарға, бүгінгі ұрпаққа өнеге.Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.Кеш сонында патриоттық әндер орындалып, Ардагерге естелік сыйлық тапсырылды.

Орталық кітапхана оқу залы бөлімінің



кітапханашысы – Дүйсенбаева Қырмызы Шаттық қызы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет