Ауыл шаруашылық Өнімдерін өткізуде стратегиялық маркетингті қалыптастыру



жүктеу 146.07 Kb.
Дата07.02.2019
өлшемі146.07 Kb.

ЖОК 338.439:338.24. 574
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨТКІЗУДЕ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАРКЕТИНГТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
М.А.Калдыгозова
Бұл мақала ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу бойынша стратегиялық маркетингті қалыптастыру тақырыбында жазылған.

Мақалада өндірушілердің кәсіпкерлік қызметіндегі стратегиялық мақсаттары мен агроөнеркәсіптік кәсіпорынның мақсаты жан-жақты ашылған.

Қазіргі заманғы маркетинг әдістері мен қағидаларын қолданбастан, бүгінгі экономикалық шарттарда агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың алдында тұрған сапалы жаңа міндеттерді шешу мүмкін емес. Соңғы уақытта маркетинг АӨК кәсіпорындарында кеңінен жүргізіле бастады, әсіресе, ауқымды нарықтары бар үлкен қалалардағы ірі кәсіпорындардың барлығында дерлік маркетинг бөлімінің құрылғаны анық байқалды. Жалпы, тамақ өнеркәсібінің өнімдері адам үшін бірінші кезектегі қажеттілік деп есептелгендіктен, бұрынғы кездері кейбір басшылар агроөнеркәсіп кешені үшін маркетингтің рөлі мен маңызы аса қажетті деп бағалап, маркетинге жете көңіл бөлмеді. Ал, қазір АӨК кәсіпорындарының мақсаттары мен кәсіпкерлік философиясы әркелкі болғандықтан, олардың маркетингтік және өндірістік - өткізу қызметтерге мұқтаждығы күшейді.

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі жыл санап өсіп келеді. Мәселен, 2003 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім 2007 жылы 506 млрд. теңгеге , яғни182,2 % -ке өсті, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 275 млрд. теңге , 177,3%, ал мал шаруашылығында 231 млрд. теңге, 189,1 % өсті. Ресми деректер бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығы иелігінде 236 мл. га-ға жуық жер бар, оның 29,1 млн. га – дан артығы жайылымдарға арналған /6/. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндіріс құрылымда шаруашылықтар санының да артуы байқалады.

«Казагромаркетинг» АҚ 2003 жылы құрылып, 5 жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінде ақпараттық кеңес беру қызметтерін көрсетумен қарқынды айналысып келеді. Оның негізгі мақсаты аграрлық нарық қатысушыларының ақпараттық қамтамасыз етілу деңгейін көтеру.

Қазіргі таңда «Казагромаркетинг» АҚ – ның Қазақстанның күллі аумағында астанадан бастап аудандық орталықтарға дейін таралған үш деңгейлі вертикальды – жүйесі қызмет көрсетеді.

Алайда, бүгінгі қалыптасқан жағдайда агроөнеркәсіп субъектілері мен ақпараттық – кеңестік жүйесіне қатысушылардың өзара іс – қимыл тетіктерінің жетілдірілмегендігін көре аламыз. Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін ақпараттық қамтамасыз ету, оқытатын және кеңес беретін қызметтер көрсетудің жеткіліксіздігі байқалады.

Аграрлық қатар ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ауылдық маркетинг қызметтерімен және облыстық маркетинг орталықтармен тығыз қарым – қатынастың жабдықтауды ұйымдастырумен айналысатын өнім өткізу жөніндегі арнайы бөлімшелермен байланыстарды құру қажет.

Тиімді аграрлық нарықты қалыптастыру процесінің басты бөлігі мемлекеттік

деңгейінен бастап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дейінгі аралықты қамтитын АӨК–і деңгейінде және барлық сфера шеңберінде маркетингтік жүйесінің болуы қажет. Бірақ өндірістік бөлімге ең жақын орналасқан, АӨК –нің әрбір сферасын өзара байланыстыратын және үйлестіруші аудандық бөлім болып табылады. Аудандық бөлім мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының арасындағы байланысты жақсарту арқылы тиімділікке қол жеткізе аламыз.

Аудан деңгейіндегі маркетингтік қызметтің қажеттілігі арқылы көрініс табады:


  • ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша күштерді бірікіру;

  • ауыл шаруашылығы өнімінің тауар қозғалысының тиімді нарықтық жүйесін құру;

  • тұрғындардың азық – түлік тауарларынна деген қажеттілігін, ал өңдеуші кәсіпорындардың шикізатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру;

  • ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне маркетинг саласы бойынша білікті кеңестер беру;

Аудан деңгейінде маркетинг қызметті ұйымдастыру қалыпты өндіріс, өңдеу және өткізу жүйелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, сол арқылы ауыл шаруашылықтық аудан өзінің экономикалық бет бейнесіне, өзіне тән мамандануына, табиғи климаттық жағдайларға, өндірістік, еңбек ресурстарына және аграрлық нарықтағы коммерциялық белсенділікке ие болады.

Коммерциялық негізде маркетингтік қызметтер көрсетуге маманданған жеке кәсіпорын нысанында, сонымен бірге АӨК кәсіпорындар тобына жататын және олардың сұраныстарын орындайтын бөлім түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Аудандық маркетингтік бөлім әр түрлі деңгейдегі маркетингтік орталықтарымен ынтымақтастыру арқылы тиімді жұмыс жасайды. Сонымен бірге нарық заңы бойынша бөлімдердің, орталықтардың және маркетингтік фирмалардың арасында бәсеке туындайды. Ынтымақтастықты үйлестіруді және қолдауды аудандық маркетингтік орталықтар арқылы мемлекет жүзеге асыра алады. Маркетингтік бөлімдер, орталықтар және аудандық фирмалар өзара бәсекеге түсе отырып аудандық маркетингтік орталықпен байланыста болуы қажет.

Аудандық маркетингтік орталықтардың негізгі міндеттеріне:


  • азық – түлік тауарлары нарығына маркетингтік зерттеу және өнімді сатуды ақпараттық - маркетингтік қамтамасыз ету;

  • ауыл шаруашылығы өндірісі құрылымын және өнімнің тауарлық ассортиментін оптимизациялау;

  • тауар қозғалысы арналарын және өзара есеп айырысу механизмін жетілдіру;

  • аудандағы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу, баға динамика-

сы және т.б туралы ақпаратты жинау, топтау және талдауды ұйымдастыру;

Қазіргі таңда нарықтарда сан қилы тауар түрлерінің көбеюі салдарынан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік – шаруашылық қызметін басқару маркетинг әдістері мен қағидаларын қолдануға қажеттілік артып отыр. Мұндай жағдайда кәсіпорынның нарықта сәттілікке қол жеткізуі, ең алдымен, оның нарықтағы барлық өзгерістер мен жаңа қажеттіліктерге жаңа өнімдер мен технологияларды игеру арқылы қаншалықты жылдам әрі икемді жауап бере алатындығына және тұтыну сұранысындағы белгісіздіктерге тез бейімделу деңгейіне тәуелді болады. Кәсіпорындарда мүлдем жаңа басқару жүйесін қалыптастыру барысында маркетинг – Қазақстандық шаруашылық тәжірибиесі үшін кәсіпорындардың өндірістік - өткізу қызметін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдісі болып табылады. Бұл әдіс әкімшіл - әміршіл жүйеде қалыптасқан пікірлерден мақсаты мен міндеттері тұрғысынан едәуір ерекшеленеді.

Қазақстанда маркетингті енгізу қажеттілігі басқару теориясы мен практикасын дамытудағы жалпы әлемдік тенденциялардан туындап отыр. Сонымен қатар, маркетинг қоғамның даму бағдарын, уақыт пен сыртқы ортаның ерекшеліктерін көрсетеді. Сол себептен, маркетинг саласындағы батыс тәжірибесі маркетингтің экономикасы дамыған елдерге тән емес, беймәлім тұстарын ашып берді.

Біздің шарттарда маркетингтің классикалық сызбасын пайдалану және енгізу процесі өте қиын әрі баяу жүзеге асады. Өйткені, отандық кәсіпорындарда марке-тингті қалыптастыру шарттарының өзіндік ерекшеліктер бірқатар проблемалардың туындауына келу және маркетингтің дамыған үлесінің қолданысына кедергі жасауы мүмкін.

Сонымен, маркетинг туралы шетелдік және отандық әдебиеттерді зертеуге және нақты кәсіпорындарда маркетинг қызметін ұйымдастыру процесінің ерекше-ліктері бойынша мәліметтерді сараптауға негізделген осы тақырып бойынша жұмыс істеу оның нәтижелерін отандық кәсіпорындардың іс – жүзінде әрі қарай пайдалану тұрғысынан өзекті мәселе болып табылады. Өз өнімін өткізумен байланысты қиыншылықтар әртүрлі себептерден туындауына қарамастан, бұл мәселені шешудің бірінші кезеңі әркез маркетинг бөлімі түрінде немесе өткізу қызметін атқаратын маркетинг тобы ретінде маркетинг бөлімін ұйымдастыруға әкеледі.

Маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымына қойылатын негізгі талап – ол берілген кәсіпорындардың өзіндік ерекшеліктеріне, ресурстық мүмкіншіліктеріне және шығарылатын өнім мен қызмет көрсетілетін нарықтардың сипаттарына барынша сәйкес болу керек. Сондықтан, бүкіл кәсіпорын үшін ортақ әрі қолайлы бір ұйымдық құрылымның болуы мүмкін емес. Көптеген варианттардың барлы-ғына қарамастан, маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымы тауарлар немесе функциялар, яки болмаса осы екеуі бойынша қызмет түрлерін біріктіретін ұйымдық құрылымды таңдауға негізделеді.

Бұл құрылымдардың әрқайсысы көптеген факторларға тәуекелі болады. Осыған қарай отырып, мынандай екі тұжырым жасауға болады:


  • функционалдық түрдегі құрылым кәсіпорынның өндірістік - өткізу қызметі бірыңғай әрі қайтарылып келгенде ( мәселен, бір өнім жыл сайын өндіріліп, жыл сайын бірдей нарықтарда өткізілсе) тиімді деп есептеледі.

  • тауарлар бойынша ұйымдық құрылым кәсіпорынның жұмысы жаңа мәселелерді шешуге бағытталғанда қолайлы саналады.

Кәсіпорындардың басым көпшілігі бір мезетте дәстүрлі жұмыстарын орындаумен де, жаңа мәселелерді шешумен де айналысады ( мәселен, бір жағыннан - дәстүрлі өнімдерін сатса, екінші жағынан – жаңа өнім түрлерін әзірлейді) .

Тәжірибеден маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымы мынандай төрт бағытта құралатынынан көруге болады:

- функционалдық; - тауарлық; -аймақтық; - сегменттік.

1) Функционалдық құрылым кәсіпорын өндіретін өнімдердің түрі көп емес және нарық саны мүлдем аз болғанда қолайлы саналады. Мұндай құрылымда маркетинг бөлімінің қызметкерлері функционалдық мамандану саласына қарай топтастырылады және олардың қызметін маркетинг жөніндегі директор үйлестіреді.

2) Тауарлардың көп түрін өндіретін және оларды салыстырмалы түрде азда-ған нарықтарда ( немесе көптеген бірыңғай нарықтарда) өткізетін кәсіпорындар үшін маркетинг бөлімінің жұмысын жекелеген тауарлар немесе тауарлар тобы

бойынша ұйымдастыру аса тиімді деп есептеледі.

3) Маркетинг бөлімінің аймақтық бағыты тұтынушылардың қажеттіліктерін әр аймақтық ерекшеліктеріне әр аймақтың ерекшеліктеріне сай айқын анықтауға мүмкіндік береді. Айырмашылық ұлттық, саяси, демографиялық және өзге де ерек-шеліктерден туындайды және аймақтық ерекшеліктер ескеріле отырып, тауардың түрін, бағасын, жарнамасын және өткізу шараларын нақтылауда қолданылады.

4) Нарықтарды сегменттерге бөлу нәтижесінде нарық үлестері ( барлық нарықтардағы сегмент саны) мен кәсіпорынның өндіріс күшін сәйкестендіруге және нарық үлесіндегі өзгерістерді болжамдау арқылы едәуір сенімді мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік туады /7/.

Әрбір шаруашылықта маркетинг қызметін ұйымдастыру нысаны әртүрлі болуы мүмкін. Көптеген агроөнеркәсіп кәсіпорындары негізінен аз көлемдегі және тар ассортиментті өнім түрін өндірумен айналысады. Сол себептерден маркетинг бөлімін ұйымдастыру немесе маркетолог қызметін ендіру рациональды емес. Жалпы әдістемелік, ұйымдастырушылық және тәжірибиелік жағынан матрицалық түрде құрылған маркетингтік қызметті ұйымдастыру қолайлы да, ыңғайлы болады. мұндай құрылымда қалыптастырудың екі түрі бағыттағы критерийге негізделген, яғни өнім түрі бойынша және маркетинг функциясы бойынша ұйымдастыру тиімді болып табылады. Басқару құрылымына мұндай құрылымды ендіру уақытша шығар-

машылық топтарды құруды жобалайды. Оның құрамына кәсіпорын басшылары мен мамандар, бөлімшелері, жұмысшылары кіруі қажет. Бұл жағдайда маркетингтік қызметпен ауыл шаруашылығы өндірісінің арнайы білімге ие шаруашылықтың бас мамандары айналысады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның кадрларын және олардың іскерлігін икемді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге басқару жүйесінің бейімділігін, тұтастығын және даму диалектикасын қамтамасыз етеді /5/.

Тиімді агробизнесті, басқаруды және агромаркетинг жүйесін құру үшін ең жақсы мүмкіндік басқарудың матрицалық құрылымы арқылы қол жеткізіледі:


  • біріншіден, басқару, агромаркетинг, тиімді бизнес пен кәсіпкерлік жүргізу үшін үлкен мүмкіндіктер береді;

  • екіншіден, тұтынушылар сұранысына, жаңалықтарға, нарық коньюктурасын, бәсекені, озық тәжірибелерді қабылдауы мен бейімделуі өте жоғары;

  • үшіншіден, жедел, үнемді және агромаркетингтік қатынастар арқылы сипатталады;

  • төртіншіден, халықаралық саудада ең икемді, сезімтал және өздігінен ұйымдастырылушы құрылым болып табылады.

Тақырыптың маңыздылығы ҚР Президенті Назарбаевтың " Қазақстан -2030 " стратегиясында баяндалған келесідей тапсырмалар мен мәселелерді ескерумен байланысты " қуатты және акцентривті әлеуметтік саясатпен бірге қысқа мерзімде ауылды қалпына келтіруді аяқтау қажет. Стратегиялық бұл проблемаларды экономикалық өсу көмегімен шешуге болады" . Ұзақ мерзімді бағыттағы Қазақстанның даму стратегиясына көңіл бөлу аса маңызды мәселе болып табылады. Әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясы мақсатты бағдарлар жүйесін кеңейтеді, тұтынушылар сұранысының сапалы өсуін ынталандырады, сонымен қатар үкіметпен тағайындалатын және жүзеге асырылатын макроэкономикалық саясаттың ағымдағы және орта мерзімді бағдарламаларына басты толықтауыш болады /4/.

Стратегия бұл кез-келген қызмет аясындағы стратегиялық мақсаттарға жетудегі бағдарлама, жоспар, басқару субьектісінің бағыты. Стратегияның келесідей түрлері болады: нарықтық қатынастарға өтетін елдердің стратегиясы, экожүйені сақтау стратегиясы, өмір сүру деңгейін жоғарылату стратегиясы, жекелеген салалар, аймақтар, фирмалардың стратегиясы. Сапалы өңделген, кешенді негіз-делген және ресурстармен қамтамасыз етілген стратегия кез-келген жүйенің тұрақты және тиімді қызмет етуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Стратегиялық тұжырымдама ең алдымен фирманың нарықтағы бәсекелік жағ-

дайын анықтау жолымен құрылады. Бұл тұжырымдаманы қалыптастыруда берілген сала аймағындағы кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестік күресінің жағдай ғана емес, сонымен бірге бәсекенің функционалдық түрлері де ескеріледі. Мысалы, ірі қара малының етін өндіретін фирмалар берілген өнімді өндіретін өндіріске қатысты бәсекелік позицияны ғана ескеріп қоймай, сонымен қатар қой, жылқы, түйе өнімдерін өндіретін фирмаларды да ескеруі қажет. Сондай – ақ тұжырымдаманы өңдеу кезінде жекелеген кәсіпорындар немесе бір фирма аясындағы дербес шаруашылық бөлімшелері арасындағы бәсекеге де көңіл бөлінеді.

Экономиканың аграрлы сектор стратегиясындағы стратегиялық маркетингтің ролі агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың сыртқы және ішкі орталарын тұрақты мониторинг негізінде нарықтың дамуын бақылауға бағытталған, сол арқылы қанағаттанарлықсыз қажеттіліктерді айқындау және оларды қанағаттандыру жолдарын іздеп табу жолымен нарықтың перспективалық мақсатты сегменттерін анықтау. Стратегиялық маркетинг негізінде нарықтың потенциялын және өмірлік циклін бағалау әдісімен нарықтың тартымдылығын анықтау, сонымен қатар бәсекенің потенциялды және оның бәсекелік мобильділігінде тәуелді базасындағы фирманың бәсекелік артықшылығын қамтамасыз ету. Стратегиялық маркетинг процесі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжамдардан тұрады, оның міндеті фирманың миссиясын анықтау, мақсаттарды анықтау және стратегияны өңдеу болып табылады. Рентабелділікті қамтамасыз ету үшін операциялық маркетинг стратегиялық ойлауға негізделуі қажет, ол өз кезегінде нарық қажеттілігіне және оның күтілетін эволюциясына сүйенеді.

Мақсаттар






Нәтижеге жету уақыты бойынша:

- стратегилық мақсаттар

- тактикалық мақсаттар

- оперативтік мақсаттар



Орындалуы бойынша:

- корпоративтік мақсаттар

- бөлімшелер мақсаттары

- функционалдық мақсаттар

- нақты тапсырмалар

Өлшеу түрлері бойынша.

- сапалы мақсат- бағдарлар;

-сипатындағы сандық мақсаттар

Сурет1- Өндірушілердің кәсіпкерлік қызметіндегі стратегиялық мақсаттары

Қазіргі кезде маңызды стратегиялық функцияларды негізгі өндірістік – шаруашылық бағыттар деңгейіне беру тенденциялары күшейді. Өз кезегінде бұл қысқа мерзімге негізделген оперативті шаруашылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ақпарат құралдарын пайдаланудың арқасында мүмкін болды. Қазіргі кезде ірі агрофирмалар алдында бөлімшелер және өндірістік – шаруашылық буындар арасындағы өзара қатынас сипаты туралы маңызды сұрақтар тұр.

Тактикалық мақсаттар әдетте мүмкін болатын өзгерістерді есепке ала отырып қолда бар бағыттардың жалғасы болып табылды. Мысалы, алдағы кезеңге арналған жоспарлы көлемдер ауылшаруашылық өнімдеріне деген мерзімдік сұраныс тербелісін есепке ала отырып немесе нарыққа жаңа тауар өндірушінің шығуын есепке ала отырып, өткен кезеңдегі сатылым негізінде құрылуы мүмкін. Оперативтік мақсаттар кәсіпорынның айналыс қаражатына, мерзімдік жұмыс күшіне немесе басқа да ресурс түрлеріне деген қажеттіліктің нақты көрсеткіштерін анықтау үшін қажет болады.

Маркетингтік мақсаттардың келесідей анықтамалары болады:


  • кәсіпорынның маңызды мәселелеріне тікелей қатысты және маркетинг кешенімен (өнім, нарық, тарату каналдары, баға, кадрлар) байланысты мақсаттар;

- өткізу нарығындағы сұраныс және оны қанағаттандыру үшін ауылшаруашы-

лық кәсіпорындарының мүмкіншіліктері арасындағы қарама – қайшылықтар негізінде қалыптасатын мақсаттар.



Агроөнеркәсіптік кәсіпорынның мақсаты:

Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру барысындағы жоғалған позицияны қайтару. Агроөнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта құру және дамыту үшін инвесторларды тарту.




Өндіріс


мақсаты

Маркетинг мақсаты:Өнімді өндіруді

арттыру, нарық сигменттерін өңдеу,

Маркетинг стратегиясы

Сатып алушылардың қажеттілігін зерттеу



Қаржылық

мақсат


Ұйымдастыру-шылық мақсат




Өтім мақсаттары,

өтім стратегиясы



Жарнама мақсаттары,

жарнама стратегиясы



Ақпараттық мақсат, ақпаратық бөлімнің стратегиясы

Сурет 2- Маркетингтік мақсаттардың стратегияны тағайындауы

Маркетингтік мақсаттар маркетингтік стратегияны тағайындаудың негізін қалайды. Стратегия өткізу нарығын, өнімді, агроөнеркәсіптік кәсіпорындар қызмет ететін сыртқы ортаны кешенді зерттеу, сонымен қатар кәсіпорынның ресурстарын сипаттайтын мәліметтер нәтижесінде алынатын ақпараттар негізінде тағайындалады.

Мақсаттар қою – белгілі бір пайда алу үшін ауылшаруашылық кәсіпорын-дарындағы бар ресурстарды іске асыруға талпыныс жасау. Бұл мақсаттарға қол жеткізу әдістері - енді маркетингтік мақсаттар, бұл тым төменгі кезектегі мақсаттарға қатысы бойынша стратегия болып табылады. Сонымен барлық марке-тинг мақсаттар мен стратегиялар агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың мақсаттары-мен үйлесу және ескерілуі қажет.


Әдебиет


  1. Фатхутдинов Р.А. « Стратегический маркетинг». СПБ: Питер, 2002 г – 448 стр.

  2. С.Р. Есімжанова «Маркетинг» А: Экономика 2003 ж. – 446 бет

  3. Есполов Т.И., Куватов Р.Ю., Керимова У.К. Повышение эффективности сельского хозяйства Казахстана в условиях его интеграции с внешними рынками, Алматы, 2004 г., 598 стр.

  4. Сельскохозяйственные рынки /под ред. Шайкина В.В., Ахметова Р.Г./ Москва: Колос, 2001 г. – 260 стр.

  5. Омарова С.К. Маркетинг в агропромышленном производстве: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2000. – 52 стр.

  6. Ш. Шарипов Маркетинговые исследования в сельском хозяйстве региона, Журнал Маркетинг №2, 2005 г., стр 23-28

7. Ю.А. Цыпкин, А.Н. Люкшинов, Н.Д. Эриашвили. Агромаркетинг и консалтинг.- М.: ЮНИТИ, 2000, стр. 563.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекттік университеті, Тараз


ФОРМИРОВАНИЯ СТРАТЕГИЧЕСКОГО МАРКЕТИНГА ПО СБЫТУ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ ПРОДУКЦИИ
М.А.Калдыгозова
Данная статья написана о формировании стратегического маркетинга по сбыту сельскохозяйственной продукции.

В статье раскрываются стратегические цели производителей, занятых пред-принимательской деятельностью, а также раскрыты всесторонне цели агропро-мышленных предприятий.



FORMING OF STRATEGIC MARKETING ON REALIZATION AGRICULTURAL PRODUCTION.
M.A.Kaldygozova
The present article is written about the forming of strategic marketing on realization agricultural production.

The article reveals strategic aims of the produsers, dealt with the entrepreneur activity, and also widely opened goals of agricultural manifactures.



Автор туралы мәлімет
Аты –жөні Калдыгозова Мерует Аширбаевна

Жұмыс орны ТарМУ «Менеджмент »кафедрасы

Ғылыми дәрежесі аға оқытушы

Мекен -жайы Т.қаласы А.Аскарова 278а 2п ү.т.52-14-37, ж.т51-91-57, ұ..т 87024080454.


Каталог: rus -> all.doc -> Vest-10-2 -> 1 2010 -> 1.1
1.1 -> Адамзат дамуының гендерлік аспектілері және гендерлік қатынастар
1.1 -> Азыќ-тїлік ќауіпсіздігі — заман талабына сай
1.1 -> Ќазаќтсан Республикасында шаєын жјне орта кјсіпорындарды дамытудыѕ индустриалды-инновациялыќ негіздері
1.1 -> Облыстаєы мал тўќымын асылдандыру жаєдайы мен перспективалары туралы
1.1 -> Жамбыл облысының индустриялды – инновациялық дамуының Қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары
1.1 -> Методолгиялыќ экономикалыќ єылымныѕ
1.1 -> Табыстар мен тұтынулардағы теңсіздік – кедейшіліктің алғышарты ретінде
1.1 -> Агроґнеркјсіптік кешенніѕ елдіѕ азыќ-тїлік ќауіпсіздігін ќамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешетінін ескере отырып, ќазір ќолымызда бар отандыќ ауылшаруашылыќ ґндірісін ќолдау аса ґзекті мјселеге айналып отыр
1.1 -> Басқару есебінің негізгі теориялық МӘселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет